Кандид (крем)

МНН: Клотримазол
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clotrimazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014435
Информация о регистрации в РК: 02.03.2020 - 02.03.2025
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 355.68 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кандид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клотримазол

Дәрілік түрі

1 % крем, 20 г

Құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат: клотримазол – 1.0 г,

қосымша заттар: пропиленгликоль, ақ вазелин, сұйық парафин, эмульгацияланған цетомакрогол, бензилді спирт, метилпарабен, пропилпарабен, бутилогидрокситолуол, натрий фосфаты сусыз, натрий дигидрофосфаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ біртекті жартылай қатты крем.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Имидазол туындылары. Клотримазол.

АТХ коды D01AС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда клотримазол тері арқылы нашар сіңеді (эпидермистің мүйізгекті қабатында жинақталады). Биожетімділігі 0,5%-дан аз құрайды. Эпидермистің мүйізгекті қабатында көптеген патогенді зеңдер үшін ең төмен басатын концентрациясынан (ТБК) жоғары (50 – 100 мкг/мл) концентрацияда жинақталады. Эпидермистің базальді қабатындағы концентрациясы 1,53 – 3 мкг/мл құрайды. Тырнақтың кератиніне өтеді. Бауырда белсенді емес метаболиттерге дейін биоөзгеріске ұшырайды және ішек арқылы шығарылады. Бүйрек экскрециясының үлесі 0,05% - 0,5% құрайды. Бастапқы заттың жартылай шығарылу кезеңі 3,5 – 5 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Кандид сыртқа қолдануға арналған зеңге қарсы әсері кең ауқымды дәрі болып табылады. Белсенді әсер етуші заты клотримазолдың антимикотикалық әсері (имидазол туындылары) зеңнің жасушалық жарғақша құрамына кіретін эргостерин синтезін бұзуына байланысты, бұл жарғақшаның өткізгіштігін өзгертеді және соңынан жасушалар лизисін туындатады. Төмен концентрацияларында фунгистатикалық, ал жоғары концентрацияларында – фунгицидті әсер етеді, және тек қана пролиферациялайтын жасушаларға ғана әсер етіп қоймайды. Фунгицидті концентрацияларында митохондриялық және пероксидтік ферменттермен өзара әрекеттеседі, осының нәтижесінде сутегі асқын тотығының концентрациясының уытты деңгейге дейін артуы жүреді, бұл да зеңдік жасушалардың ыдырауына түрткі болады.

Дерматофиттерге, ашытқы тәрізді және өңездік зеңдерге қатысты тиімді, сондай-ақ түрлі-түсті теміреткі қоздырғышына Pityriasis versicolor (Malassezia furfur) және эритразма қоздырғышына қатысты тиімді. Грамоң (стафилококктар, стрептококктар) және грамтеріс бактерияларға қатысты (Васteroides, Gаrdnerella vaginalis), сондай-ақ Trichomonus vaginalis қатысты да антимикробтық әсер етеді.

Қолданылуы

- дененің әртүрлі бөлігінің дерматомикоздарында

- тері қатпарларының, табанның микоздарында

- кебек тәрізді теміреткіде

- эритразмада

- дерматофиттерден, ашытқы сияқтылардан (Candida тектестерді қоса), өңезді және басқа да клотримазолға сезімтал зеңдерден туындаған беткейлік кандидоздарда

- салдарлы пиодермиядан асқынған микоздарда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Сыртқа. Кремді зақымданған терінің алдын ала тазартылған (рН мәні бейтарап сабын қолдану арқылы) және құрғаған бөліктеріне күніне 2-3 рет жұқа қабатпен жағады және абайлап ысқылайды. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, патологиялық өзгерістердің орналасуына және емнің тиімділігіне байланысты болады. Дерматомикоздарды емдеуді 4 аптадан кем емес, кебек тәрізді теміреткіні - 1-3 апта жүргізу керек.

Аяқ терісінің зеңдік ауруларында емдеуді ауру симптомдарын жойғаннан кейін 2 аптадан кем емес уақыт бойы жалғастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Кандид кремнің әдетте жағымдылығы жақсы.

Сирек:

- препаратты жаққан жерде терінің қызаруы, күйдіріп және шаншу сезімі, ісіну, тітіркенуі, ауыруы, бөртпе, күлдіреуіктер болуы.

Тітіркену туындаған жағдайда препаратты тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- клотримазолға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - жүктіліктің I триместрі.

Сақтықпен –лактация кезеңінде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клотримазол В амфотерициннің және басқа да полиенді антибиотиктердің белсенділігін төмендетеді. Натамицинмен және нистатинмен бір мезгілде қолданғанда клотримазолдың белсенділігі төмендеуі мүмкін. Дексаметазон жоғары концентрацияларында клотримазолдың зеңге қарсы тиімділігін төмендетеді. Пара-бензойн қышқылының пропилді эфирі жоғары концентрацияларында клотримазолдың зеңге қарсы әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек дерматологиялық практикада ғана пайдалануға арналған. Көзге түсуінен аулақ болу керек.Жүктілік пен лактация кезеңі

Клиникалық және эксперименттік зерттеулерде препаратты жүктілік кезеңінде немесе бала емізу кезеңінде қолдану әйелдің немесе ұрықтың (баланың) денсаулығына кері әсер ететіні анықталмаған. Алайда препаратты II немесе III триместрде тағайындау ұтымдылығы туралы мәселе дәрігермен кеңескеннен кейін жекелей шешілуі тиіс. Препаратты жүктіліктің II немесе III триместрінде тағайындағанда ана үшін болжанатын пайдасы мен ұрық үшін болуы мүмкін қаупінің арақатынасын ескеру керек.

Клотримазолдың емшек сүтіне өту-өтпеуі белгісіз. Клотримазолды бала емізетін әйелдерге тағайындағанда абай болу керек. Препаратты тікелей сүт бөлінетін емшек тұсына жағуға болмайды. Ем уақытында бала емізуге болмайды.

Педиатрияда қолдану

Балаларға Кандид кремді тек педиатрмен кеңескеннен кейін тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кандид крем автокөлікті басқаруға немесе күрделі техникалық құрылғылармен жұмыс істеуге әсер етпейді.

Артық дозалануы

Кандид кремімен артық дозалану жағдайы байқалмаған.

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: зақымданған аймақты жуып шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 г препараттан алюминий сықпаға салынады.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД ҚР өкілдігі, 050005, Алматы қ., Әл- Фараби даңғ.,7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блогы, 7 кеңсе.

тел: + 7(727) 311 04 41.

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

054972341477976523_ru.doc 54 кб
790972071477977673_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники