Инсуман® Базал ГТ (3 мл)

МНН: Инсулин человеческий короткого действия
Производитель: Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Insulin (human)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018748
Информация о регистрации в РК: 02.03.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 748.27 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Инсуман® Базал ГТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Адам инсулині

Дәрілік түрі

Теріастына енгізуге арналған 100 ХБ/мл суспензия

Құрамы

1 мл суспензияның құрамында

белсенді зат: 100 ХБ (3,571 мг) адам инсулині

қосымша заттар: глицерин 85%, протамин сульфаты, метакрезол, фенол, мырыш хлориді, натрий гидрофосфатының дигидраты, натрий гидроксиді, концентрацияланған хлорлысутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті жылдам ұсақталатын суспензия. Шөгінді үстіндегі түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Әсер етуі орташа ұзақтықтағы инсулиндер және олардың аналогтары.

АТЖ коды А10АС01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инсуман® Базал ГТ (изофан-инсулин суспензиясы) біртіндеп дамитын және ұзақ әсер ететін инсулин болып табылады. Тері астына енгізгеннен кейін әсер етуі 60 минут ішінде басталады, ең жоғары әсер ету фазасы инъекциядан кейін 3-4 сағатта байқалады, әсері 11-20 сағат созылады.

Сарысудан инсулиннің жартылай шығарылу кезеңі 4-6 минутқа жуық құрайды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде ол ұзаққа созылады. Инсулиннің фармакокинетикасы оның метаболикалық әсерін көрсетпейтінін атап өту керек.

Фармакодинамикасы

Инсуман® Базал ГТ құрамында Escherichia coli пайдаланылатын рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша алынған өзінің құрылымы жағынан адам инсулинімен сәйкес инсулин бар.

Инсуман® Базал ГТ

- қанда глюкоза деңгейін төмендетеді және анаболиялық әсерлерге ықпал етеді, сондай-ақ катаболиялық әсерлерді азайтады

- глюкозаның жасушаларға тасымалдануын, сондай-ақ бұлшықеттер мен бауырда гликогеннің түзілуін күшейтеді, пируваттың жойылуын жақсартады. Ол гликогенолиз бен гликонеогенезді бәсеңдетеді

- бауырда және майлы тінде липогенезді күшейтеді және липолизді басады

- жасушалардың амин қышқылдарын тұтынуына атсалысады және ақуыздар синтезін белсенділендіреді

- жасушалардың калийді тұтынуын арттырады.

Қолданылуы

- инсулинмен емдеу қажет болатын қант диабетінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Глюкозаның қандағы қалаулы деңгейлері, қолдануға болатын инсулин препараттары және дозалау режимі (дозалар, уақыты бойынша бөлу) емдәмге, емделушінің өмір салтына және дене жүктемесінің деңгейіне қарай жеке таңдалады.

Тәуліктік дозалары және енгізу уақыты

Инсулинді дозалау үшін бұлжымас ережелер жоқ. Инсулиннің орташа тәуліктік қажеттілігі емделушінің кг дене салмағына 0,5-1,0 ХБ құрайды. Инсулиннің базалық метаболикалық қажеттілігі жалпы тәуліктік қажеттіліктің 40-60%-ын құрайды. Инсуман® Базал ГТ ас ішуге дейін 45-60 минут бұрын тері астына енгізіледі.

Дозаны қайта реттеу

Метаболизмді бақылаудың жақсаруы, инсулин қажеттілігін төмендетуге әкеліп, соңынан инсулинге сезімталдықтың жоғарылауына апаруы мүмкін. Дозаны реттеу науқастың салмағы, өмір салты өзгергенде және гипогликемияға немесе гипергликемияға жоғары бейімділікке ықпал етуі мүмкін басқа жағдайларда қажет болуы мүмкін («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

Емделушілердің ерекше топтары

Бауыр немесе бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде және егде жаста инсулин қажеттілігі төмен болуы мүмкін.

Енгізу

Көктамыр ішіне енгізуге мүлде болмайды.

Инсуман® Базал ГТ тері астына енгізіледі.

Инсулиннің сіңуі және, соған сәйкес, инъекцияның қантты төмендететін әсері енгізу орнына (мысалы, сан аймағымен салыстырғанда, іш қабырғасы) байланысты өзгеруі мүмкін. Инъекция орынын әр кез сайын бір аймақ шегінде ауыстырып отыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Төменде келтірілген препаратты қолданумен байланысты және клиникалық зерттеулерде байқалған жағымсыз әсерлер олардың жиілігінің төмендеу тәртібімен тізбеленген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, < 1/10), жиі емес (≥ 1/1.000, < 1/100), сирек (≥ 1/10.000, < 1/1.000), өте сирек (< 1/10.000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректердің негізінде анықталмайды).

Өте жиі

- гипогликемия

Жиі

- ісінулер (метаболикалық бұзылулар нәтижесі)

- инъекция салған жердегі реакциялар

Жиі емес

- шок (иммундық генездегі)

- инъекция орнындағы есекжем

Сирек

- гипергликемия мен гипогликемияға бейімділікті жою үшін соңынан инсулин дозасын реттеу қажеттілігін туындататын инсулинге антиденелердің болуы

Жиілігі белгісіз

- инсулинге немесе қосымша заттарға болатын шұғыл типті аллергиялық реакциялар (гипотензия, ангионевротикалық ісіну, бронх түйілуі, жайылған тері реакциялары) өмірге қауіп төндіруі мүмкін

- инсулинге антиденелердің түзілуі

- ағзада натрийдің іркілуі

- пролиферацияланған ретинопатия, диабеттік ретинопатия, көрудің нашарлауы

- инъекцияны енгізген жерде инсулиннің баяу сіңуіне әкелетін липодистрофия. Инъекциялаудың осы аймақ шегіндегі инъекция орнын үнемі ауыстыру осындай реакцияларды азайтуға немесе болдырмауға көмектеседі.

- бірнеше күннен немесе аптадан соң жазылып кететін инъекция орнындағы қабыну, ісіну, ауыру, қышыну, гиперемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың қандай да біріне жоғары сезімталдық

- Инсуман® Базал ГТ-ны көктамыр ішіне енгізу

- инфузиялық сорғыда, сыртқы немесе имплантацияланған инсулин сорғысында пайдалану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бірқатар дәрілік заттар глюкозаның метаболизміне ықпалын тигізіп, ол адам инсулинінің дозасын реттеу қажеттілігін туындатуы мүмкін.

Инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтетін және гипогликемияның дамуына бейімділігін жоғарылататын препараттарға ішу арқылы қабылдайтын диабетке қарсы дәрілер, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ), дизопирамид, фибраттар, флуоксетин, моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері, пентоксифиллин, пропоксифен, салицилаттар мен сульфаниламидтер жатады.

Инсулиннің гипогликемиялық әсерін әлсірететін препараттарға глюкокортикостероидты гормондар, даназол, диазоксид, диуретиктер, глюкагон, изониазид, эстрогендер мен прогестагендер (мысалы, ішу арқылы қолданылатын контрацептивтерде), фенотиазин туындылары, соматропин, симпатомиметиктер [мысалы, эпинефрин (адреналин), сальбутамол, тербуталин], қалқанша без гормондары, протеаза тежегіштері және атиптік антипсихотикалық дәрілік препараттар (мысалы, оланзапин және клозапин) жатады.

Бета-бөгегіштер, клонидин, литий тұздары және алкоголь инсулиннің гипогликемиялық әсерін қалай күшейтсе, солай төмендете алады.

Пентамидин кейде гипергликемиямен ауысатын гипогликемияны туындатуы мүмкін.

Бұдан басқа, β-бөгегіштер, клонидин, гуанетидин және резерпин сияқты симпатолитикалық дәрілік препараттардың әсер етуімен адренергиялық реттеуге қарсы нышандары әлсіз көрініс беруі немесе мүлде болмауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Инсуман® Базал ГТ-ге асқын сезімталдығы бар емделушілерге, қазіргі сәтте емделу үшін олар жақсы көтере алатын инсулиннің басқа препараттары қолжетімсіз болса, оны енгізуді тек қатаң медициналық бақылау жағдайларында, қажет болса, аллергияға қарсы шаралармен қоса жалғастыру керек.

Жануар инсулиніне аллергиясы болған жағдайда науқасты Инсуман® Базал ГТ-ге ауыстырар алдында тері ішіне сынама жүргізу ұсынылады, өйткені оларда айқаспалы иммундық реакциялар болуы мүмкін.

Инсулин, әсіресе, егер сол кезге дейін нашар болған метаболикалық бақылау инсулин емін күшейту нәтижесінде жақсарса, ағзадағы натрий іркілісі мен ісінуді туындатуы мүмкін.

Бүйрек қызметі бұзылған кезде инсулиннің төмендеген метаболизміне орай инсулин қажеттілігі де азаюы мүмкін. Егде жаста бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі инсулин қажеттілігінің ұдайы төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бауырының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде глюконеогенездің және инсулин метабо­лизмінің қысқаруына орай инсулин қажеттілігі азаюы мүмкін.

Егер емдеу нәтижесінде глюкозаның қалаулы деңгейіне жетудің сәті түспесе, және гипо- немесе гипергликемия көріністеріне бейімділік байқалса, онда дозаны реттеуді жүзеге асырмас бұрын, емделушінің препаратты дозалау және енгізу режимі, инъекция техникасы, енгізу орындары жөніндегі нұсқауларды қаншалықты дұрыс сақтайтынын және емдеудің тиімділігіне ықпал ететін басқа факторлардың болуын тексеру қажет.

Инсуман® Базал ГТ-ге көшу

Емделушінің инсулиннің басқа типіне немесе маркасына ауысуын дәрігердің қатаң қадағалауымен жүргізген жөн. Концентрациясын, сұрыпын (өндіруші), типін (әдеттегі, NPH, лентадағы, ұзақ әсер ететін және т.б.), шығу тегін (жануарлар текті, адам тектес, адам инсулинінің аналогы) және/немесе өндіру тәсілін өзгертуге орай, дозалануын да өзгерту қажеттілігі туындауы мүмкін.

Дозаны реттеу қажеттігі (мысалы, төмендету) препаратты ауыстырғаннан кейін бірден айқын болады, әлде керісінше бірнеше апта ішінде біртіндеп дамиды.

Жануарлар текті инсулиннен адам инсулиніне көшуден кейін емделушілердің келесі топтарында:

- емдеу кезінде бұрын қандағы глюкозаның едәуір төмен деңгейлеріне жеткендерге

- гипогликемияның дамуына бейімділігі барларға

- инсулин антиденелерінің болуына орай, бұрын инсулиннің едәуір жоғары дозалары қажет болғандарға дозалануын азайту талап етілуі мүмкін.

Ауысу кезінде және одан кейінгі алғашқы апталарда метабо­лизмге мұқият мониторинг жасау ұсынылады. Антиденелердің болуына орай, инсулиннің едәуір жоғары дозаларын қажет ететін емделушілерге инсулиннің бір препаратынан басқасына ауысқан кезде стационарлық немесе олармен ұқсас жағдайларда медициналық қадағалау талап етілуі мүмкін.

Гипогликемия

Егер инсулин дозасы инсулинді қажетсінумен салыстырғанда тым жоғары болса, инсулин емінің ең жиі кездесетін ұнамсыз әсері - гипогликемияның дамуы мүмкін. Жиілігі популяциямен және дозалық режиммен бірге өзгереді, сондықтан жиілігінің айрықша белгісін атап көрсету мүмкін емес.

Гипогликемияның ауыр, әсіресе қайталанған ұстамалары неврологиялық бұзылыстар туғызуы ықтимал. Гипогликемияның ұзаққа созылатын және ауыр ұстамалары науқас өміріне қатер төндіруі мүмкін.

Көптеген науқастарда нейрогликопенияның нышандары мен белгілеріне адренергиялық қарсы реттелу нышандары жол ашады. Қандағы глюкоза деңгейі қанша көп және жылдам төмендесе, қарсы реттеліс феномені және оның белгілері сонша айқын болады.

Гипогликемия ұстамаларының ерекше клиникалық мәні бар науқастарда, мысалы коронарлық артерияларының немесе ми артерияларының айқын стенозы бар науқастарда (гипогликемияның кардиальді немесе церебральді асқынуларының даму қаупі), сондай-ақ пролиферацияланған ретинопатиясы бар науқастарда, әсіресе егер фотокоагуляциямен емдеу оларға жүргізілмесе (гипогликемиядан кейін өтпелі амавроздың даму қаупі) қандағы глюкоза деңгейінің күшейтілген мониторингі ұсынылады, ерекше сақтық таныту керек. Гликемиялық бақылаудағы айқын өзгеріс көрудің уақытша нашарлауын (көз бұршағы домбығуының және оның сыну индексінің уақытша өзгеруінен болатын) туғызуы мүмкін. Жақсартылған гликемиялық бақылаудың ұзақ уақыт болуы диабеттік ретинопатияның үдеу қаупін төмендетеді. Алайда, гликемиялық бақылаудың күрт жақсаруымен күшейтілетін инсулин емі диабеттік ретинопатияның уақытша нашарлауымен қосылуы мүмкін.

Науқастар гипогликемияның хабаршы-нышандары әлсіз көрініс беретін жағдайлармен таныс болуы керек. Жекелеген қауіп топтарында гипогликемияны хабаршы-белгілерінің өзгеруі, аз көрініс беруі немесе болмауы мүмкін.

Мұндай науқастарға жататындар:

- гликемиялық бақылауы едәуір жақсарған науқастар

- гипогликемиясы біртіндеп дамыған науқастар

- егде жастағы науқастар

- жануар инсулинінен адам инсулиніне ауысқаннан кейін

- автономдық невропатия болғанда

- қант диабетінің ұзақ уақыт болуында

- психиатриялық аурулары болғанда

- кейбір басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде емдеу жүргізілгенде («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз).

Мұндай жағдайларда науқас өзінде гипогликемия барын түсінгенге дейін-ақ гипогликемия ауыр түрге (болжамды естен танумен) айналуы мүмкін.

Гликозданған гемоглобиннің қалыпты немесе төмендеген көрсеткіштері болған кезде, гипогликемияның қайталанған, танылмаған (әсіресе, түнгі) көріністерінің ықтималдығы шамаланады.

Науқастардың дозалау режимін және емдәмді қатаң қадағалауы, инсулинді дұрыс енгізуі және гипогликемия нышандарынан хабардар болуы гипогликемия қаупін төмендету үшін қажет. Гипогликемияға шалдығуды жоғарылататын факторлар аса мұқият мониторинг талап етеді және дозаны түзету қажеттілігін туындатуы мүмкін.

Оларға мыналар жатады:

- инъекция орнын өзгерту

- инсулинге сезімталдықтың жоғарылауы (мысалы, стресс факторларының жоғалуы нәтижесінде)

- әдеттенбеген, шамадан жоғары немесе едәуір ұзақ дене жүктемесі

- интеркуррентті ауру (мысалы, құсу, диарея)

- талапқа сай тамақтанбау

- ас ішудің өткізіп алу

- спиртті ішімдіктерді тұтыну

- кейбір қалпына келмейтін эндокриндік бұзылулар (мысалы, гипотиреоидизмде және гипофиздің алдыңғы бөлігінің немесе бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігінде)

- кейбір басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде емдеу

Интеркуррентті аурулар

Интеркуррентті ауруларда метаболизмді қарқынды қадағалау талап етіледі. Көптеген жағдайларда кетондарға несеп талдауын жасау көрсетілген, инсулин дозасын реттеу де жиі қажет болады. Инсулин қажеттілігі жиі артып отырады. 1 типті қант диабетімен науқастар, тіпті егер олар ауқатты аз мөлшерде тұтынуға ғана қабілетті немесе тамақ ішпеуі де мүмкін немесе оларда құсу және т.с.с. болса да, ең болмаса, аздаған мөлшерлерде көмірсуларды ұдайы тұтынуды жалғастырған жөн. Мұндай емделушілер инсулин инъекциясын ешқашан түгел өткізіп алмауы тиіс.

Инсулиндерді араластыру

Инсуман® Базал ГТ-ны жануар тектес инсулиндермен және инсулин аналогтарымен араластыруға болмайды.

Инсуман® Базал ГТ-ны, инсулиндік сорғыларда пайдалануға арналған инсулиндерді қоспағанда, Санофи-Авентис фирмасы шығарған адам инсулинінің барлық препараттарымен араластыруға болады.

Егер инъекцияға арналған бір еккішке екі түрлі инсулин жинау керек болса, ұзағырақ әсер ететін препаратпен құтының ластануын болдырмау үшін бірінші қысқалау әсер ететін инсулинді жинау ұсынылады. Араластырғаннан кейін бірден енгізген дұрыс. Концентрациялары әртүрлі инсулиндерді араластыруға (мысалы, 100 ХБ/мл және 40 ХБ/мл) болмайды.

Кез келген пайдаланылмаған препараттармен немесе қалдықтармен жергілікті талаптарға сай жұмыс істеген жөн.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Инсуман® Базал ГТ (картридж) ОптиПен сияқты инсулиндік қаламдармен және Инсуман картридждеріне жарамды басқа қаламдармен бірге пайдалануға арналған. Картриджді толтыруға, инъекциялық инені қондыруға және инсулин инъекциясын енгізуге қатысты қаламдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң қадағалау керек.

Инсуман® Базал ГТ қаламға орнатылғанша 1-2 сағат бойы бөлме температурасында ұстау керек, сосын ішіндегісін тексеру үшін суспензияны қайтадан жақсылап араластыру керек. Мұны, ең дұрысы, картриджді алға-артқа (он реттен кем емес) жеңіл тербеу арқылы жасаған жөн. Әр картриджде картридж ішіндегісінің жылдам және мұқият араласуына жағдай тудыратын үш кішкентай метал шариктен болады.

Картриджді еккіш-қаламға орнатқаннан кейін, әр инъекция алдында инсулинді тағы да қайта суспензиялау керек болады. Мұны еккіш-қаламды алға-артқа (кем дегенде он рет) жеңіл тербеу көмегімен жасаған жөн.

Араластырғаннан кейін суспензия біртекті қоюлықта және түсі сүттей ақ болуы тиіс. Егер дәл осындай болып шықпаса (суспензия мөлдір болып қала берсе, инсулинде, әлде картридждің қабырғасында немесе түбінде түйіршіктер, жүзінді бөлшектер немесе үлпектер болса (осындай өзгерістер, кейде, картридждге тоңазыған түр береді) Инсуман® Базал ГТ-ны пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайларда жоғарыда тізбеленген шарттарға сай келетіндей басқа картридж пайдалану керек. Егер инсулинге қажеттілік едәуір өзгерсе, онда картриджді жаңасымен ауыстыру қажет.

Егер инсулиндік қалам зақымданса немесе дұрыс жұмыс істемесе (механикалық ақауына байланысты), оны лақтырып тастап, жаңа инсулиндік қалам қолдану керек.

Егер қалам нашар жұмыс істесе (қаламды қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз), картриджден суспензияны инъекцияға арналған еккішке (100 ХБ/мл инсулинге жарамды) жинап алып, енгізуге болады.

Инъекция алдында картриджден ауа көпіршіктерін шығарған жөн. Бос картридждер қайта толтыруға жатпайды.

Инсуман® Базал ГТ картридждері қандай да бір басқа инсулинмен араласуына жол берілмейтіндей етіп жасалған.

Инсуман® Базал ГТ (құтылар)

1 мл суспензия құрамында 100 ХБ/ инсулин барын есте сақтау қажет, сондықтан инсулиннің осы концентрациясына есептелген инъекциялық еккіштерді ғана пайдалану қажет. Еккіштің ішінде қандай да бір басқа препарат немесе оның қалдық мөлшерлері (мысалы, гепарин қалдықтары) болмауы тиіс.

Құтыдан инсулинді алғаш сорып алу алдында қорғағыш пластик қалпақшасын шешу қажет.

Тікелей құтыдан сорып алу алдында суспензияны жақсылап араластыру керек. Бәрінен дұрысы, мұны құтыны алақандар арасында бұрыштап домалата отырып атқару. Құтыны қатты сілкімеңіздер, өйткені бұл суспензияның өзгеруіне әкеліп (құтыға мұздап-қатқан түр береді), көбік түзілуін туғызады. Көбік дозаны дәл өлшеуге кедергі келтіреді.

Суспензияны араластырғаннан кейін ол біртекті қоюлықта және түсі сүт тәрізді ақ болуы тиіс. Егер дәл осындай болып шықпаса (суспензия мөлдір күйде қала берсе, инсулинде, немесе құтының қабырғасында немесе түбінде түйіршіктер, жүзінді бөлшектер немесе үлпектер пайда болса (мұндай өзгерістер, кейде, құтыны мұздап-қатқан түрде көрсетеді) Инсуман® Базал ГТ-ны пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайларда жоғарыда тізбеленген шарттарға сай келетін басқа құтыны пайдалану керек. Инсулин қажеттілігі едәуір өзгеретін жағдайда да, құтыны жаңасымен ауыстыру қажет.

Барлық инсулин препараттары сияқты, Инсуман® Базал ГТ-ны құрамында тиолдар мен сульфиттер сияқты қалпына келтіретін заттар бар ерітінділермен араластыруға болмайды. Протамин инсулині кристалдарының қышқыл рН кезінде еритінін есте ұстау қажет.

Инсулин суспензиясына спирттің және басқа зарарсыздандырғыш дәрілердің түсіп кетуіне жол беруге болмайды.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезеңінде адам инсулинінің әсер етуі жөнінде деректер жоқ. Инсулин плаценталық бөгет арқылы өтпейді. Жүкті әйелдерге препаратты тағайындағанда сақ болу керек.

Алдын ала болған немесе гестациялық қант диабеті бар науқастар үшін бүкіл жүктілік кезеңінде метаболизмнің жақсы деңгейін ұстап тұру маңызды. Инсулин қажеттілігі жүктіліктің бірінші триместрінде төмендеп, әдетте екінші және үшінші триместрлерде артады. Босанудан соң бірден инсулинді қажетсіну жылдам құлдырайды (гипогликемияның жоғары қаупі). Қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг қажет.

Емшек еметін балаларға әсер етуі күтілмейді. Инсуман® Базал ГТ-ны емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдануға болады. Алайда, бала емізетін аналарға инсулин дозасын және емдәмді реттеу қажет болуы мүмкін.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Науқастың зейін шоғырландыру және реакция беру қабілеті гипогликемия немесе гипергликемия нәтижесінде, немесе, көрудің нашарлауы нәтижесінде төмендеуі мүмкін. Бұл жоғарыда аталған қабілеттер ерекше мән иеленетін жағдайларда (мысалы, автокөлікті немесе жұмыс механизмдерін басқару кезінде) қауіпті.

Көлік жүргізу кезінде гипогликемияның дамуын болдырмау үшін науқастарға сақтану шараларын қабылдау туралы ескерту керек. Бұл гипогликемияның алғашқы хабаршы-белгілері әлсіз білінетін немесе болмайтын, әлде гипогликемия көріністері жиі болатындар үшін айрықша маңызды. Мұндай жағдайларда автокөлікті жүргізу және жұмыс механизмдерін басқарудың мақсатқа сай екені жөніндегі мәселені қою керек.

Артық дозаланғанда

Белгілері: ауыр және кейде ұзақ та болатын өмірге қауіпті гипогликемия

Емдеу: жеңіл гипогликемия көріністері кезінде көмірсуларды ішу арқылы қабылдау. Препараттың дозалау сызбасы, тамақтану режимі немесе дене жүктемесі түзетілуі мүмкін. Комамен, құрысулармен немесе неврологиялық бұзылулармен өтетін едәуір ауыр жағдайларда глюкагонды бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізуге немесе концентрацияланған глюкозаны көктамыр ішіне енгізуге болады. Анық клиникалық жазылудан кейін гипогликемияның қайталануы мүмкін екеніне орай, науқасты ұзақ уақыт қадағалау және көмірсуларды ұзақ уақыт енгізу қажет болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Картридж

3 мл суспензиядан резеңке поршені (эластомерлі каучук) тығыны (эластомерлі каучук) және фланц қалпақшасы (алюминий) бар картриджде (І типті түссіз шыны). 5 картриджден пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Құты

5 мл суспензиядан тығыны және жұлып алынатын қалпақшасы (ашылуы бақыланатын алюминий фланцты тығындаушы құрал,эластомерлі каучук) бар құтыда (І типті түссіз шыны). 5 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Алғашқы қаптамасын ашуға дейін

2°-ден 8°С дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды! Тоңазытқыштың қабырғаларымен жанасуын болдырмау керек.

Алғашқы қаптамасын ашудан кейін

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Картридждер мен құтыларды жарықтың әсерінен қорғау үшін сыртқы картон қаптамасында сақтау керек.

Қартриджі бар қаламдарды тоңазытқышта сақтауға болмайды.

Әр инъекциядан кейін жарықтан қорғау үшін қалам қалпақшасын қаламға қайта орнату керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

Алғашқы қаптамасын ашуға дейін

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Алғашқы қаптамасын ашудан кейін

Картридж

Еккіш-қаламға енгізілген картриджді алғаш қолданғаннан кейін өнімді 4 апта бойы пайдалануға болады.

Құтылар

Суспензияны құтыдан алғаш сорып алғаннан кейін өнімді 4 апта бойы қолдануға болады. Заттаңбасында инсулинді алғаш пайдаланған күнді көрсету ұсынылады.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Тіркеу куәлігінің иесі

Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ, Германия

Орналасқан мекенжайы: Industriepark Hoechst, Brüningstrasse, 50, D-65926 Frankfurt am Main, Germany

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 21Б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-26-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

 

Прикрепленные файлы

678120631477977084_ru.doc 117.5 кб
631825891477978252_kz.doc 114.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники