Золид (15 мг)

МНН: Пиоглитазон
Производитель: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pioglitazone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014175
Информация о регистрации в РК: 25.12.2019 - 25.12.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 102.6 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Золид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пиоглитазон

Дәрілік түрі

15 мг, 30 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында,

белсенді зат - 16,535мг 33,070мг пиоглитазон гидрохлориді

15 мг 30 мг, пиоглитазонға баламалы

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (авицел PH-102), лактоза моногидраты, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты, гидроксипропилметилцеллюлоза, Instacoat жасыл бояғышы: темірдің сары тотығы (Е172), индигокармин (Е 132) (15мг таблеткалар үшін) және Instacoat көгілдір - жасыл бояғышы: темірдің сары тотығы (Е172), индигокармин (Е 132) (30мг таблеткалар үшін).

Сипаттамасы

15 мг Золид таблеткалары: Ашық - жасыл түсті, сопақша пішінді, бір жақ бетінде «GETZ» жазуы бедерленген және екінші жақ бетінде сызығы бар, қалыңдығы 3.0-ден 4.0 мм-ге дейінгі таблеткалар.

30 мг Золид таблеткалары : Ашық - көк түсті, сопақша пішінді, бір жақ бетінде «GETZ» жазуы бедерленген және екінші жақ бетінде сызығы бар, қалыңдығы 3.0-ден 4.0 мм-ге дейінгі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қант деңгейін төмендететін ішке қабылдауға арналған препараттар. Тиазолидиндиондар. Пиоглитазон.

АТХ коды A10BG03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін, пиоглитазон 30 минуттан соң қанда анықталады және қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациясына 2 сағатта жетеді. Ас қабылдау препараттың сіңуін тежейді (ең жоғарғы концентрациясына 3-4 сағаттан соң жетеді), бірақ сіңу дәрежесі өзгермейді. Қан плазмасы ақуызымен (негізінен альбуминмен) байланысуы 99%-ды құрайды. Бауырда Р450 цитохромы қатысуымен белсенді метаболиттердің түзілуімен метаболизденеді, олар  ішінара глюкурон немесе күкірт қышқылдарымен коньюгаттарды құрайды.

Өзгермеген пиоглитазонның жартылай шығарылу кезеңі 3–7 сағатты, жалпы пиоглитазон және оның метаболиттері қосылып - 16–24 сағатты құрайды. Пиоглитазонның клиренсі 5–7 л/сағатты құрайды. Ішке қабылдағаннан кейін, пиоглитазонның көп бөлігі өзгермеген қалпында және метаболит түрінде өтпен шығарылып, организмнен несеппен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Золид – ішке қабылданатын гипогликемиялық дәрі, инсулинге тәуелсіз қан диабетін емдеуде қолданылады. Тиазолидиндиондар класына жатады. Пероксисомды пролифератор (γ‑PPAR)-ды белсендіретін γ‑рецепторларды селективті күшейтеді. γ‑PPAR белсенділендірілуі инсулинге сезімтал және глюкоза деңгейі мен липидтер метаболизмін қадағалауға қатысатын гендердің транскрипциясын түрлендіреді.

Шеткергі тіндер мен бауырдың инсулинге төзімділігі төмендеп, соның нәтижесінде бауырда глюкоза шығындалуы жоғарылайды. Сульфанилмочевина туындыларына қарағанда, пиоглитазон ұйқы безінің β‑жасушаларымен инсулиннің бөлінуін көтермелемейді. Инсулинге тәуелді емес қант диабетінде пиоглитазонның әсерінен инсулин төзімділігінің төмендеуі, қандағы глюкозаның концентрациясының төмендеуіне, қан плазмасындағы инсулиннің және гликозилденген гемоглобиннің (HbА1С) деңгейлерінің төмендеуіне алып келеді. Липидтік алмасуы бұзылған науқастарда пиоглитазонды қолдану аясында триглицеридтердің деңгейі төмендейді және тығыздығы жоғары липопротеиндердердің (ТЖЛП) деңгейі жоғарылайды, бұл кезде тығыздығы төмен липопротеиндердердің (ТТЛП) және жалпы холестириннің деңгейі өзгермейді.

Қолданылуы

Золид препараты емнің екінші немесе үшінші желісі ретінде 2 типті қант диабетін емдеуге арналған:

  • көтере алмаушылық немесе қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты метформинді қолдану мүмкіндігі жоқ, емдәм және физикалық жаттығулардың көмегімен талапқа сай бақылауға қол жетпеген, ересек емделушілерде монотерапия түрінде (атап айтқанда артық салмақты емделушілерде),

  • метформинмен монотерапияда ең жоғары көтерімді дозасына қарамастан, гликемиялық бақылау жеткіліксіздігі болған ересек емделушілерде метформинмен біріктірілген ем түрінде (атап айтқанда артық салмақты емделушілерде),

  • сульфонилмочевинамен монотерапияда ең жоғары көтерімді дозасына қарамастан, метформинмен емдеуге қарсы көрсетілімдері немесе оны көтере алмаушылығы бар, гликемиялық бақылау жеткіліксіздігі болған ересек емделушілерде сульфонилмочевинамен біріктірілген ем түрінде

  • екі препаратпен пероральді емге қарамастан гликемиялық бақылау жеткіліксіздігі болған ересек емделушілерде (атап айтқанда артық салмақты емделушілерде) сульфонилмочевинамен және метформинмен біріктірілген ем түрінде

  • көтере алмаушылықтың немесе қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты метформинді қолдану мүмкіндігі жоқ, инсулинмен емдеуде гликемиялық бақылау жеткіліксіздігі болған ересек емделушілерде инсулинмен біріктірілген ем түрінде

Золид препараты емдәм және физикалық жаттығуларға қосымша ретінде

2 типті қант диабетімен ересек емделушілерде гликемиялық бақылауды жақсарту үшін арналған.

Золид эндогенді инсулин болғанда ғана өзінің гипогликемиялық әсерін көрсетеді. Золид 1 типті дибетті емдеуде немесе диабеттік кетоацидозда, аталған жағдайларда препараттың тиімділігінің болмауына байланысты қолданылмауы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Монотерапияда 2 типті қант диабетін емдеу үшін Золидті тәулігіне бір рет 15 мг немесе 30 мг-нан тағайындайды. Керек жағдайда, яғни тәулігіне 45 мг құрайтын ең жоғарғы дозаға дейін ақырындап жоғарылатуға болады. Монотерапия тиімсіз болғанда, біріктірілген ем жүргізу мүмкіншілігін қарастыру керек.

Сульфанилмочевина туындыларымен біріктірілген терапия кезінде Золидті тәулігіне бір рет 15 мг немесе 30 мг дозада тағайындайды. Золид препаратымен емдеуді бастағанда сульфанилмочевина туындыларының дозасын өзгертпеуге болады, гипогликемия дамыған кезде соңғысының дозасын төмендету қажет. Метформинмен біріктірген кезде Золидті тәулігіне бір рет 15 мг немесе 30 мг дозада тағайындайды. Золид препаратымен емдеуді бастағанда метформин дозасын өзгертпеуге болады. Бұл біріктірілімде гипогликемияның даму қаупі аз, сондықтан метформиннің дозасын түзету қажеттілігі де аз.

Инсулинмен біріктірілімде Золидті тәулігіне бір рет 15 мг немесе 30 мг дозада тағайындайды. Золид препаратымен емдеудің басында инсулиннің дозасын өзгертпеуге болады. Гипогликемияның дамуында және қан плазмасындағы глюкозаның концентрациясы 100мг/дл дейін төмендегенде инсулиннің дозасын 10-25%.-ға дейін азайтуға болады. Ары қарай инсулин дозасын жекелей гликемияның деңгейін ескере отырып түзетеді. Біріктірілген емде Золид препаратының ең жоғары дозасы тәулігіне 30 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда Золид препаратының дозасын түзету қажет етілмейді.

Пиоглитазон таблеткаларын ішке белгілі бір уақытта қабылдау керек, ас қабылдауға байланыссыз қабылдауға болады. Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерімен қабылдау керек.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерге дозасын реттеудің қажеті жоқ. Дегенмен, егер Золид препараты егде жастағы емделушілерге тағайындалса, әсіресе инсулинмен біріктіріп пайдаланған кезде, емді қол жетімді ең аз дозадан бастап және біртіндеп дозасын жоғарылату керек.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде қолданылуы

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге Пиоглитазонның дозасын іріктеу қажет емес. Алайда, Золидті бүйрек қызметінің бұзылуы ауыр емделушілерге тағайындауға болмайды ( креатинин клиренсі >4мл/мин).

Бауыр қызметі бұзылған емделушілерде қолданылуы

Бауыр қызметінің бұзылуы жеңіл және орташа дәрежедегі емделушілер үшін дозасын түзету талап етілмейді.

Клиникалық мәліметтердің болмауына байланысты, бауыр қызметінің бұзылуы ауыр дәрежедегі емделушілерге препаратты қолдану ұсынылмайды.

Балалар және жасөспірімдер: Пиоглитазон препаратын 18 жасқа дейінгі емделушілерге қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректердің болмауына байланысты қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Препаратпен монотерапия кезінде

Жиі

- респираторлы жолдың жоғарғы бөлігінің жұқпасы

- гипестезия

- көрудің бұзылуы

- сүйектің сынуы

- салмақтың артуы

Жиі емес

- синусит

- ұйқысыздық

- қуық обыры

Белгісіз жиілікпен

-анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем

- макулярлық ісіну

- аланинаминотрансферазаның (АЛТ) жоғарылауы

Метформинмен біріктіріп емдеу кезінде :

Жиі

- респираторлы жолдың жоғарғы бөлігінің жұқпасы

-анемия

-гипестезия

-бас ауыру

- көрудің бұзылуы

- сүйектің сынуы

- артралгия

-гематурия

-эректильді функцияның бұзылуы

- салмақтың артуы

Жиі емес

-синусит

- ұйқысыздық

- қуық обыры

-метеоризм (асқазанда немесе ішекте газдың жиналуы)

Белгісіз жиілікпен

- анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем

- макулярлық ісіну

- аланинаминотрансферазаның (АЛТ) жоғарылауы

Сульфонилмочевинамен біріктіріп емдеу кезінде :

Жиі

- респираторлы жолдың жоғарғы бөлігінің жұқпасы

-гипестезия

-метеоризм (асқазанда немесе ішекте газдың жиналуы)

- сүйектің сынуы

- салмақтың артуы

Жиі емес

-синусит

-гипогликемия

-тәбеттің артуы

-бас ауыру

-ұйқысыздық

-көрудің бұзылуы

-бас айналуы/вертиго

- қуық обыры

-тершеңдік

-глюкозурия

-протеинурия

-қажығыштық

- лактатдегидрогеназаның (ЛДГ) жоғарылауы

Белгісіз жиілікпен

-анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем

-макулярлық ісіну

- аланинаминотрансферазаның (АЛТ) жоғарылауы

Метформинмен және сульфонилмочевинамен біріктіріп емдеу кезінде:

Өте жиі

-гипогликемия

Жиі

- респираторлы жолдың жоғарғы бөлігінің жұқпасы

-гипестезия

- сүйектің сынуы

-артралгия

- салмақтың артуы

- креатинфосфокиназаның (КФК) жоғарылауы

Жиі емес

-синусит

-ұйқысыздық

- қуық обыры

Белгісіз жиілікпен

-анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем

-макулярлық ісіну

- аланинаминотрансферазаның (АЛТ) жоғарылауы

Инсулинмен біріктіріп емдеу кезінде::

Өте жиі

-ісінулер

Жиі

- респираторлы жолдың жоғарғы бөлігінің жұқпасы

-бронхит

-гипогликемия

-гипестезия

-жүрек жеткіліксіздігі

-диспноэ

- сүйектің сынуы

-артралгия

-арқаның ауруы

- салмақтың артуы

Жиі емес

-синусит

- ұйқысыздық

- қуық обыры

Белгісіз жиілікпен

-анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем

-макулярлық ісіну

- аланинаминотрансферазаның (АЛТ) жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қандай да болмасын қосымша затына белгілі жоғары сезімталдық

- жүрек жеткіліксіздігі немесе сыртартқысындағы (I – IV NYHA класты) жүрек жеткіліксіздігі

- бауыр жеткіліксіздігі

- 1 типті қант диабеті

- диабеттік кетоацидоз

- бауыр жеткіліксіздігі

-лактозаны көтере алмаушылықтың тұқым қуалаған ауруы, лактазаның жеткіліксіздігі, глюкозо-галактоза мальабсорбциясы

- қуық обыры (ағымдағы немесе сыртартқысында)

- этиологиясы анықталмаған макрогематурия

- жүктілік және лактация

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішілетін контрацептивтер

Золидті (күніне бір рет 45 мг) және пероральді контрацептивті (күніне бір рет 1 мг норэтиндрон плюсті 0,035 мг этинилэстрадиолды) 21 күн ішінде біруақытта қабылдау этинилэстрадиолдың AUC0-24ч және Cmax- ның сәйкесінше 11% және 11-14%- ға төмендеуіне әкелді. Норэтиндрон AUC0-24ч және Cmax- ның қандай да болмасын айтарлықтай өзгеруі болған жоқ. Этинилэстрадиол фармакокинетикасының жоғары өзгергіштігіне байланысты бұл нәтиженің клиникалық мәні белгісіз.

Фексофенадин HCL

Пиоглитазон және 60 мг фексафенадинді пероральді күніне 2 рет 7 күн бойы қабылдау пиоглитазон фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді. Пиоглитазон фексофенадиннің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді.

Глипизид

Пиоглитазон және 5 мг глипизидті пероральді күніне бір рет 7 күн бойы бір уақытта қабылдау стационарлы жағдайда глипизидтің фармакокинетикасын өзгертпеді. Пиоглитазон сондай- ақ глипизидтің фармакокинетикасына әсер етпеді.

Дигоксин

Пиоглитазон және 0,25 мг дигоксинді пероральді күніне бір рет 7 күн бойы бір уақытта қабылдау стационар жағдайында дигоксиннің фармакокинетикасын өзгертпеді. Пиоглитазон сондай- ақ дигоксиннің фармакокинетикасына әсер етпеді.

Варфарин

Пиоглитазон және варфаринді 7 күн бойы бір уақытта қабылдау стационарлы жағдайда варфариннің фармакокинетикасын өзгертпеді. Пиоглитазонды ұдайы варфаринді қабылдайтын емделушілерге тағайындағанда протромбинді уақытқа клиникалық маңызды әсер етпеді.

Метформин

Метформиннің (1000 мг) және Пиоглитазонның бір реттік дозасын бір уақытта қолдану 7 күн қабылдағаннан кейін метформин фармакокинетикасын

өзгерткен жоқ.

Мидазолам

Мидазолам шәрбатының 7,5 мг бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін Пиоглитазонды 15 күн ішінде қабылдау мидазоламның Cmax және AUC 26%-ға төмендеуіне әкелді.

Ранитидин

Пиоглитазонды 7 күн бойы және ранитидинді 4 - 7 күн бойы бір уақытта пероральді күніне екі рет қабылдау Пиоглитазонның фармакокинетикасына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Пиоглитазон ранитидин фармакокинетикасына айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Нифедипин

7 күн бойы Пиоглитазонды және 4 күн бойы 30 мг нифедипинді пероральді күніне бір рет бір уақытта қабылдау, Cmax үшін 0,83 (0,73-0,95) және AUC үшін 0,88 (0,80-0,96) тең өзгермеген нифедипиннің өте аз орташа ауытқуына (90% CI) алып келді. Нифедипин фармакокинетикасының жоғары өзгергіштігіне байланысты бұл нәтиженің клиникалық мәні белгісіз.

Кетоконазол

7 күн ішінде пиоглитазонды күніне екі рет қабылданатын 200 мг кетоконазолмен бір уақытта қабылдау, Cmax үшін 1,14 (1,06 -1,23), AUC үшін 1,87 (1,71 - 2,04) және Сmin үшін 1,87 (1,71 - 2,04) тең өзгермеген пиоглитазонның өте аз орташа ауытқуына (90% CI) алып келді.

Кальций аторвастатині

7 күн ішінде Пиоглитазонды 80 мг аторвастатинмен күніне бір рет бір уақытта қабылдау Cmax үшін 0,69 (0,57 0,85) тең, AUC үшін 0,76 (0,65 - 0,88) тең және Сmin үшін 0,96 (0,87 - 1,05) тең өзгермеген пиоглитазонның өте аз орташа ауытқуы (90% CI) мәніне алып келді.

Өзгермеген аторвастатин үшін өте аз орташа ауытқуы мәні (90% CI) Cmax үшін 0,77 (0,66 – 0,90), AUC үшін 0,86 (0,78 -0,94) және Сmin үшін 0,92 (0,82 – 1,02) құрады.

Теофиллин

7 күн ішінде пиоглитазонды және күніне екі рет қабылданатын 400 мг теофиллинді бір уақытта қабылдау екі препараттың фармакокинетикасында қандай да бір өзгерістерге әкелмеді.

P450 цитохромы

Дәрілік препараттардың in vivo өзара әрекеттесуі болжағандай, Пиоглитазон CYP 450 цитохромы 3A4 изоформасы субстратының әлсіз индукторы болуы мүмкін.

Гемфиброзил

Алдын ала 2 күн бойы гемфиброзилді (пероральді 600 мг күніне екі рет) қабылдаған емделушілермен гемфиброзилді (пероральді 600 мг күніне 2 рет), CYP2C8 тежегішін және Пиоглитазонды (пероральді 30 мг) бір уақытта қабылдау пиоглитазонның гемфиброзил болмағандағы әсерімен салыстырғанда, пиоглитазонның (AUC0 -24) әсерінің, 226% ға артуына әкелді.

Рифампин

Алдын ала 5 күн бойы рифампин (пероральді 600 мг күніне бір рет) қабылдаған емделушілерге рифампинді (пероральді 600 мг күніне бір рет), CYP2C8 индукторын, және Пиоглитазонды (пероральді 30 мг) қатарластыра қолдану Пиоглитазонның AUC мәнінің 54%-ға төмендеуіне әкелді.

Айрықша нұсқаулар

Золид препараты өзінің гипогликемиялық әсерін тек эндогенді инсулин болғанда ғана көрсетеді. Золид аталған жағдайларда препараттың тиімді болмауына байланысты, 1 типті диабетті емдеуде немесе диабеттік кетоацидозды емдеуде қолданылмауы керек.

II типті қант диабетін емдеу үшін, кешенді емшаралар Золид препаратын қабылдаудан басқа ұсынылған емдәммен емдеу және физикалық жаттығуларды қамтуы керек. Бұл II типті қант диабетін емдеудің басында ғана емес, дәрілік емдеудің тиімділігін демеу үшін де маңызды.

Золид препаратымен емдеуді бастағаннан кейін, емделушілердің емге

(мысалы, HbA1c деңгейінің төмендеуі) реакцияның талапқа сай екендігін бағалау үшін 3-6 айдан кейін тексеру керек. Сақталатын артықшылығы келесі дағдылы шолуларда дәлелденуі керек. Емге талапқа сай реакциясы байқалмаған емделушілер Золидті қабылдауды тоқтатуы керек. Ұзақ емдеуге байланысты, потенциальді қауіпті ескеріп, емдеуші дәрігерлер Золид препаратының басымдылығының сақталуының дәлелдерін келесі дағдылы шолуларға енгізуі керек.

Іркілген жүрек жеткіліксіздігі

Басқа да тиазолидиндиондар секілді, Золид препараты, монотерапияда немесе басқа диабетке қарсы препараттармен біріктірілген емде және инсулинмен біріктірілген емде жиірек, сұйықтықтың дозаға байланысты іркілуін туындатуы мүмкін.

Сұйықтықтың іркілуі іркілген жүрек жеткіліксіздігінің (ІЖЖ) дамуына әкелуі немесе оны ауырлатуы мүмкін. Сұйықтықтың іркілуі іркілген жүрек жеткіліксіздігінің (ІЖЖ) дамуына немесе оны асқынуына әкелуі мүмкін.

ІЖЖ симптомдарының және белгілерінің барын анықтау үшін емделушілердің жағдайын бақылау керек.

Іркілген жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупінің кем дегенде бір факторы бар (мысалы, миокард инфарктісін немесе симптоматикалық ЖИА өткерген) емделушілерді емдеу кезінде ем ең төмен қол жетімді дозадан басталып, бірте-бірте ұлғайтылады. Әсіресе жүрек резерві төмен емделушілер жүрек жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдарына, дене массасының ұлғаюына немесе ісінудің болуына тексерілуі керек. Инсулинмен қосып Золидті қолдану кезінде немесе сыртартқысында жүрек жеткіліксіздігі болған емделушілерде жүрек жеткіліксіздігінің пайда болу оқиғалары туралы хабарланған. Емделушілер инсулинмен қосып Золид препаратын қолдану кезінде жүрек жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдарына, дене массасының ұлғаюына немесе ісінудің болуына тексерілуі керек. Инсулин мен Золидті қолдану сұйықтықтың іркілуімен байланысты болғандықтан, оларды бірмезгілде қолдану ісінудің пайда болу қаупін ұлғайтуы мүмкін. Золидті қолдану жүрек қызметінің кез келген нашарлауында тоқтатылуы керек.

ІЖЖ дамыған жағдайда медициналық көмектің ағымдағы стандартына сәйкес емді жүргізу қажет, және Золид препаратының дозасын төмендету немесе тоқтату мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Клиникалық зерттеулерде осы топтағы емделушілердегі шектеулі тәжірибесіне байланысты 75 жастан асқан емделушілерде Золидті қолдану кезінде сақтық шараларын сақтау керек.

Ісінулер

Клиникалық зерттеулер барысында плацебо тобымен салыстырғанда, пиоглитазон препаратын қабылдаған емделушілерде дозаға байланысты ісінулердің пайда болуы туралы жиі хабарланған. Постмаркетингтік кезеңде де ісінулердің пайда болуы немесе нашарлауы туралы хабарланды.

Золид препаратын ісінулермен емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Тиазолидиндиондар, оның ішінде Золид сұйықтың іркілуіне әкелуі мүмкін болғандықтан, өз кезегінде ІЖЖ- не әкелуі немесе оны нашарлатуы мүмкін, сондықтан Золид препаратын ІЖЖ пайда болуы қаупімен емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Золидті қабылдаған емделушілерге іркілген жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары және белгілерінің барына мониторинг жүргізілуі керек.

Бауырға әсері

2 типті қант диабетімен емделушілерде бауыр тесттерінің патологиялық көрсеткіштеріне әкелуі мүмкін бауырдың майлы аурулары немесе эпизодты іркілген жүрек жеткіліксіздігімен жүрек ауруларының болуы байқалған; емделушілерде олардың біразын емдеуге немесе мониторингтеуге болатын бауыр ауруларының басқа түрлері де болуы мүмкін.

Барлық науқастардан Золид препаратымен емдеуді бастамас бұрын, бауыр ферменттерінің (сарысулық аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ), сілтілі фосфатаза және жалпы билирубин) белсенділігін зерттеудің зертханалық нәтижелерін алу және емделуші жағдайын бағалауды жүргізу ұсынылады. Патологиялық бауыр тесттерімен емделушілерді Золид препаратымен емдеуді сақтықпен бастау керек.

Сондай - ақ егер науқаста бауыр қызметінің бұзылуын болжауға мүмкіндік беретін, мысалы жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, шаршағыштық, тәбеттің болмауы, қоңыр түсті несеп, іштің оң жақ жоғары бөлігіндегі жайсыздық немесе сарғаю секілді симптомдар дамыған жағдайда, дереу бауыр қызметіне тестілеу жүргізу керек.

Бауыр қызметінің патологиясы анықталған жағдайда (рұқсат етілген мәндерінің диапазонынан АЛТ деңгейі 3 есе жоғары), Золидпен емдеуді тоқтату керек, және осы ферменттер деңгейінің жоғарылауының мүмкін себебін анықтау керек. Золид препаратымен емдеуді жалғастыру жөніндегі сұрақтардың шешімі зертханалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, клиникалық деректерге негізделеді.

Сарғаю пайда болған жағдайда препаратпен емделуді тоқтату керек. Патологиялық өзгерістердің себебін анықтағанша Золидпен емдеуді жаңғыртуға болмайды.

Бауыр ферменттерінің деңгейінің орташа жоғарылауымен науқастарды Золид препаратымен емдеуді бастау немесе жалғастыруды сақтықпен жүргізу керек.

Осындай жағдайларда клиникалық көріністі жиі бақылау және бауыр ферменттері деңгейіне тексеру жүргізу ұсынылады.

Бауырдың дәрімен-индукцияланған ауыр зақымдануының даму қаупіне байланысты науқаста бауыр ауыруларының белсенді ағымдағы клиникалық белгілері анықталған жағдайда немесе баламалы этиологиясын көрсетпей рұқсат етілген мәндегі диапазондардан АЛТ деңгейі 3 есе және жалпы билирубин 2 есе жоғары болғанда Золид препаратымен емдеуді бастауға болмайды.

АЛТ немесе билирубин деңгейінің аздап жоғарылауымен емделушілер үшін, болжанған баламалы себебі болған жағдайда Золидпен емдеуді сақтықпен жүргізу керек.

Бауыр қызметінің мониторингі

Пиоглитазонды постмаркетингтік қолдану кезеңінде гепатоцеллюлярлық дисфункция дамуының сирек жағдайларына байланысты Золидпен ем басталарға дейін және емделушінің клиникалық жағдайын бағалаудың негізінде мезгіл-мезгіл бауыр ферменттеріне талдау жүргізуге кеңес беріледі. Егер науқаста бауыр ауруының белсенді ағымының клиникалық белгілері анықталған немесе АЛТ деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 2,5 есе асқан жағдайда, Золид препаратымен емдеуді бастауға болмайды. Бауыр ферменттерінің бірқалыпты жоғары деңгейімен (АЛТ деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 1-2,5 есе жоғары) науқастар ем басталарға дейін немесе Золид препаратымен емдеу уақытында бұл ферменттер деңгейінің жоғарылау себебін анықтау үшін тексерілуі керек.

Бауыр ферменттері деңгейінің орташа ұлғаюымен науқастарда Золид препаратымен емдеуді бастау немесе жалғастыруды абайлап жүргізу керек. Бұл жағдайда клиникалық көріністі жиірек бақылауға және бауыр ферменттерінің деңгейіне зерттеу жүргізуге кеңес беріледі.

Қан сарысуында трансаминазалар деңгейінің ұлғаюы жағдайында (АЛТ деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 2,5 есе жоғары) деңгейі емдеу жүргізгенге дейінгі көрсеткіштерге немесе қалпына келмейінше, бауыр қызметін бақылауды жиі жүргізу керек. Егер АЛТ деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе жоғары болған жағдайда, АЛТ деңгейін анықтау бойынша қайталама тестіні тездетіп өткізу керек. Егер АЛТ деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асатын мәнде тұрақтап тұрса, онда Золид препаратымен емдеуді тоқтату керек. Сондай-ақ, егер науқаста бауыр қызметінің бұзылуын болжауға әкелетін симптомдар дамыған, мысалы, жүрек айну, құсу, іш ауыруы, шаршау, тәбеттің болмауы, қошқыл несеп болған жағдайда бауыр қызметін анықтау бойынша тест өткізу керек.

Золид препаратымен емді жалғастыру туралы мәселені шешу зертханалық көрсеткіштердің есебінен клиникалық деректерге негізделуі керек. Сарғаю пайда болған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату керек.

Сынулар

Клиникалық зерттеулер деректері бойынша пиоглитазон қабылдаған әйел жыныстағы емделушілерде плацебо тобындағылардағы 2.5% сынулар жиілігімен салыстырғанда, сынулардың пайда болу жиілігі (негізінен омыртқа емес, аяқтардың сынықтары мен қолдың дистальді бөлігінің сынықтарын қоса) 5.5% құрады.

Аталған айырмашылық емдеудің бірінші жылынан кейін байқалып және зерттеудің барлық кезеңі бойы сақталған.

Пиоглитазон қабылдаған ер адамдарда, салыстыру тобымен салыстырғанда сынулар жиілігінің артуы байқалған жоқ.

Сынулардың пайда болу қаупін Золид қабылдаған әйелдерді ұзақ емдеуде қарастыруға болады. Золид, препаратымен ем алудағы емделушілерді, әсіресе әйелдерді күтуде сынудың пайда болу қаупін ескеру керек, және медициналық көмектің ағымдағы стандартына сәйкес сүйектің саулығын демеу және бағалауға назар аудару керек.

Қуықтың ісігі

Популяциялық зерттеулерден соңғы деректер (KPNC, француздық зерттеу және жағдай-бақылау әдісімен GPRD2 зерттеуі ) әсіресе пиоглитазонмен өте жоғары дозада және ұзақ уақыт бойы ем алған емделушілерде қуық обырының даму қаупін көрсетті.

Тағайындар алдында емделушілерді мұқият іріктеп және емге реакциясын бақылау ұсынылады.

Канцерогенділігін екі жылдық зерттеу нәтижесінде, еркек егеуқұйрықтардың қуығында ісіктердің пайда болуы анықталған. Сонымен қатар кейбір клиникаға дейінгі зерттеулер еркек егеуқұйрықтарда қуық обыры жағдайларын анықтаған, бірақ дәлелдер адамдардағы қаупін көрсетпейді.

Пиоглитазон плацебомен немесе глибенкламидпен салыстырылған екі зерттеуде препаратты қабылдамаған 0,14% емделушілермен салыстырғанда, пиоглитазонды қабылдаған емделушілерде 0,44% қуық обырының даму жағдайы хабарланды.

Зерттелетін препараттардың әсер етуі бір жылдан аз емделушілерді қоспағанда, қуық обыры диагнозының анықталуы пиоглитазонды қабылдаған жағдайда 0,16%, және плацебо тобында 0,05% жағдай тіркелді.

Ағымдағы обсервациялық зерттеудің бесжылдықтық аралық докладында аталған препаратты ешқашан қабылдамаған тұлғалармен салыстырғанда,

қашан да болмасын пиоглитазонды қабылдаған емделушілерде қуық обырының пайда болу қаупінің аздап жоғарылауы туралы хабарланды.

Пиоглитазонды ешқашан қабылдамаған емделушілермен салыстырғанда, препаратпен 12 айдан аса ем алу пиоглитазон препаратын 24 ай қабылдағаннан кейін статистикалық мәніне жететін қуық обырының пайда болу қаупінің жоғарылауымен байланысты.

Зерттеудің аралық нәтижелері болжағандай, пиоглитазон препаратын 12 айдан ұзақ қабылдау кез келген жылдық кезеңде қуық обырының дамуының салыстырмалы қаупін 40%- ға жоғарылатады, ол 10,000- нан 3 жағдайға абсолютті жоғарылауына сәйкес келеді.

Золид препаратының қуық ісігінің пайда болуына инициирлеуші әсерін анықтау үшін, жеткілікті ақпараттың болмауына байланысты, Золидті қуықтың белсенді обырымен емделушілерде қолдануға болмайды.

Золидті сыртартқысында қуық обырымен емделушілерде қолданғанда ісік ауруларының қайталануының белгісіз қаупімен салыстырғанда гликемияны бақылаудың артықшылын ескеру керек.

Емдеуші дәрігерлер Золид препаратын тағайындамас бұрын, қуықтың қатерлі ісігінің даму қаупі факторын бағалауы керек (мысалы, жасы, шылым шегуі және кейбір химиялық заттардың немесе емдеу әдістерінің әсері). Макроскопиялық гематурияның кез келген түсіндірілмейтін белгілері пиоглитазонмен емдеу басталар алдында зерттелуі керек. Емдеуші дәрігерлер емделушілерге емдеу уақытында макроскопиялық гематурияның немесе басқа симптомдардың даму жағдайларында дереу емдеуші дәрігерге қаралуына кеңес беруі керек (мысалы, несеп шығару кезіндегі ауыру немесе жиі несеп шығару).

Гипогликемия

Инсулинмен немесе басқа диабетке қарсы препараттармен (әсіресе инсулиннің сөл бөліп шығаруын күшейтетін дәрілермен, мысалы, сульфонилмочевина туындыларымен) біріктіріп, Золидті қабылдайтын емделушілер гипогликемияның даму қаупіне ұшырауы мүмкін. Тиісті диабетке қарсы препараттардың дозасын азайту гипогликемияның даму қаупін төмендету үшін қажет болуы мүмкін.

Макулярлық ісіну

Қант диабетімен емделушілерде пиоглитазон препаратын немесе басқа тиазолидиндиондарды қолданудың постмаркетингтік тәжірибесі макулярлық ісінудің пайда болуын көрсетеді. Кейбір емделушілерде көздерінің бұлыңғырлауы немесе көру жітілігінің төмендеуі байқалған, сол уақытта басқаларына дағдылы офтальмологиялық тексеру уақытында диагноз қойылған. Емделушілердің көпшілігінде макула ісінуі диагнозын қою кезеңінде шеткергі ісінулер байқалған. Кейбір емделушілерде тиазолидиндиондарды тоқтатқаннан кейін жағдайлары жақсарған. Қант диабетімен емделушілер медициналық көмектің қолданыстағы стандарттарына сәйкес офтальмологқа көздерін үнемі тексертіп тұруы керек. Золид препаратын қолдану және макула ісінуінің дамуы арасында тікелей байланыс анықталмаған, егер емделушілер көру жітілігінің бұзылуы туралы хабарласа, емдеуші дәрігер макулярлық ісінудің даму мүмкіндігі туралы ескертілуі керек. Қант диабетімен емделушілер қандай да болсын көру симптомдары туралы хабарласа, емделушінің қолданған препараттарына немесе басқа алынған деректерге қарамастан, оны дереу офтальмологқа жіберу керек.

Салмақтың ұлғаюы

Пиоглитазон препаратының клиникалық зерттеулері барысында салмақтың дозаға тәуелді ұлғаюы туралы хабарланған, бұл май жиналу немесе сұйықтықтың іркілуі салдарынан туындауы мүмкін. Кейбір жағдайларда салмақтың ұлғаюы жүрек жетіспеушілігінің симптомы болуы мүмкін, сондықтан емделушінің салмағы емдеуші дәрігердің көз жазбайтын назарының нысаны болуы керек. Қант диабетімен емделушілерге бақыланатын диета калорияларын қатаң ұстауларына кеңес беріледі.

Гематология

Емдік гемодилюцияға сәйкес пиоглитазонмен емдеу аясында гемоглобин мен гематокриттің орташа деңгейінің болмашы төмендеуі анықталған. Клиникалық зерттеулер барысында осыған ұқсас өзгерістер метформинмен және аз дәрежеде сульфонилмочевина туындыларымен және инсулинмен ем алған емделушілерде байқалған.

Гипогликемия

Инсулинге сезімталдықтың ұлғаюы салдарынан, сульфонилмочевина туындыларымен немесе инсулинмен біріктіріп емдеу кезінде Золидті қабылдайтын емделушілер дозаға тәуелді гипогликемияның даму қаупіне душар болуы мүмкін және сульфонилмочевина туындыларының немесе инсулиннің дозаларын азайту талап етілуі мүмкін.

Овуляция

Етеккірдің үзілісі алдындағы кезеңде ановуляторлы циклдегі әйелдерде Золид препаратын қоса, тиазолидиндиондармен емдеу овуляцияның пайда болуын туғызуы мүмкін. Аталған емделушілер Золидті қабылдау уақытында жүктілік туындауының жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін. Золидті қабылдайтын емделушілерге контрацепцияның баламалы құралдарын қолдануға кеңес берілген.

Инсулиннің әсері күшеюінің нәтижесінде, поликистозды аналық бездердің синдромымен науқастарды емдеу овуляцияның қайта басталуына әкелуі мүмкін. Бұл емделушілер жүктіліктің туындау қаупіне ұшырауы мүмкін. Емделушілерге жүктіліктің туындау қаупі туралы ескерту керек, емделуші жүкті болуды қалаған немесе жүкті болған кезде Золидпен емдеуді тоқтату қажет.

Макроқантамырлық асқынулар

Золид препаратын немесе басқа диабетке қарсы препараттарды қолдану кезінде макроқантамырлық асқынулар қаупін азайтудың сенімді дәлелдемелерін ұсынатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеді.

18 жасқа дейінгі емделушілерде Золид препаратын қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан балаларға және жасөспірімдерге, қант диабетімен науқастарға Золид препаратын қолдануға болмайды.

Клиникалық зерттеулердің деректері бойынша 65 ≥ жастағы емделушілер мен одан жастау емделушілердің арасында фармакокинетитикалық параметрлерінің, тиімділігінің және қауіпсіздігінің елеулі ерекшеліктері байқалмаған. Егде жастағы емделушілерді емдеуді бастар алдында жасына байланысты қауіпті (әсіресе қуықтың қатерлі ісігін, сынықты және жүрек жеткіліксіздігін) ескеріп, басымдылығы мен қаупінің арақатынасын мұқият талдау керек. Егер Золид препараты егде жастағы емделушілерге тағайындалса, емдеуші дәрігер әсіресе оны инсулинмен біріктіріп қолданған кезде емдеуді ең төмен қол жетімді дозадан бастап, бірте-бірте ұлғайтуы қажет.

Пиоглитазонды P450 2C8 цитохромы тежегіштерімен (мысалы, гемфиброзилмен) немесе индукторларымен (мысалы, рифампицинмен) бір уақытта тағайындау кезінде сақтықпен қолдану керек. Гликемиялық бақылауға мұқият мониторинг жүргізілуі керек. Золидтің дозасын түзету немесе диабетті емдеуді өзгерту мүмкіндігін қарастыру қажет.

Золид препаратының құрамында лактоза моногидраты бар, және оны сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылықтың, Lapp-лактаза тапшылығының немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының мәселелерімен емделушілерге тағайындауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Емдеу кезеңінде емделушілер автокөлік жүргізуге және зейінді жоғары жұмылдыруды қажет ететін басқа да қызметтермен айналысуға болмайды, себебі Золидті қолдану аясында бас ауруы немесе гипогликемиялық симптомдар болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Сульфанилмочевина препараты немесе инсулинмен біріктірілімдегі Золид препаратымен артық дозалану гипогликемия симптомдары дамуымен қатар жүруі мүмкін.

Симптомдары: гипогликемия (аштық сезімі, жүрек айнуы, құсу, қатты терлеу, үрейлену, тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, жүректің қағуы, жүрек тұсының ауыруы, аритмия, бас ауруы, бас айналу, апатия, ұйқышылдық, мазасыздық, озбырлық, зейін шоғырландырудың бұзылуы, депрессия, сананың шатасуы, діріл, парез, сезімталдықтың бұзылуы, орталықтық генезді құрысулар). Клиникалық сурет инсультті еске түсіруі мүмкін, команың дамуы мүмкін.

Емі: Егер емделуші есінен танбаса – глюкозаны ішке немесе көктамыр ішіне тағайындайды. Ауыр жағдайларда емделушіні емханаға жатқызу керек. Гипогликемиялық кома болған жағдайда 50% глюкоза ерітіндісімен инфузиялық ем жүргізеді, кейіннен глюкозаның (10%) көбірек сұйылтылған ерітіндісін қандағы глюкоза деңгейін 100 мг% (5.5 ммоль/л) дәрежесінде ұстап тұру мақсатында енгізеді; 1-2 мг глюкогонды немесе эпинефринді енгізуге болады. Кемінде 24-48 сағат қандағы глюкоза концентрациясын, өмірлік маңызды қызметтерді демеу және әрдайым мониторинг жүргізу керек (гипогликемияның қайталанатын жағдайлары болуы мүмкін). Есі кіргеннен кейін науқасқа жеңіл қорытылатын көмірсуларға бай тамақ беру қажет (гипогликемияның қайта дамуынан сақ болу үшін). Мидың ісінуі кезінде маннит және дексаметазон тағайындайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 15°C -ден 30°C- ге дейінгі температурада сақтау керек .

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан,

29-30/27, К.И.А. , Карачи – 74900.

Тел: +(92-21) 111 111 511

Факс: +(92-21) 350 5792

www.getzpharma.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед Компаниясының ҚР өкілдігі.

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 148үй

тел: +7(727)378-51-89, 378-54-78

www.getzpharma.com

Прикрепленные файлы

862904021477976690_ru.doc 121 кб
173917611477977846_kz.doc 170.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники