Зикадия™

МНН: Церитиниб
Производитель: Новартис Фарма Штейн АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ингибиторы протеинкиназы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022282
Информация о регистрации в РК: 25.02.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 14 695.52 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Зикадиятм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Церитиниб

Дәрілік түрі, дозалануы

Капсулалар 150 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Басқа антинеопластикалық препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Церитиниб

АТХ коды L01XE28

Қолданылуы

- Зикадиятм препараты монотерапия ретінде өкпенің жергілікті кең таралған ұсақ жасушалы емес обыры бар, анапластикалық лимфома (ALK) киназасы бойынша оң ересек пациенттерге бірінші желілі емдеу үшін көрсетілген

- Зикадиятм препараты монотерапия ретінде бұрын кризотинибпен ем қабылдаған анапластикалық лимфома (ALK) киназасы бойынша оң, өкпенің жергілікті кең таралған ұсақ жасушалы емес обыры бар ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • церитинибке немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Гепатоуыттылығы

Емді бастағанға дейін алғашқы үш ай ішінде әр 2 апта сайын және ем уақытында әр ай сайын бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерін (АСТ, АЛТ белсенділігін, жалпы билирубин концентрациясын қоса) бақылау ұсынылады. «Бауыр» трансаминазаларының белсенділігі жоғарылағанда клиникалық көрсеткіштер бойынша бұл көрсеткіштердің бақылауын жиірек жүргізу керек.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерді емдегенде ерекше сақтық таныту қажет және дозаны түзету керек. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін препарат дозасын түзету қажет емес.

Өкпенің интерстициальді ауруы / пневмонит

ӨИА/пневмониттің дамуын нұсқайтын симптомдарды анықтау мақсатында пациенттердің жай-күйін бақылау керек. Пациентте препаратпен емдеу аясында кез келген дәрежедегі ӨИА/пневмонит анықталған кезде Зикадиятм препаратын қолдануды тоқтату және оның дамуының басқа да ықтимал себептерін болдырмау керек.

QT аралығының ұзаруы

Зикадиятм препаратын туа біткен QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттерде қолданудан аулақ болу керек. Алдыңғы брадикардиясы бар пациенттерде (жүрек жиырылу жиілігі минутына 60 соққыдан кем [уд/мин]), анамнезінде QTc аралығының ұзаруы бар немесе QTc аралығының ұзаруына бейімділігі бар пациенттерде, антиаритмиялық препараттарды немесе QT аралығының ұзаруын туындатуға қабілетті басқа да дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ жүрек ауруы бұрын болған немесе су-электролиттік теңгерімі бұзылған пациенттерде ем басталғанға дейін күтілетін пайда мен ықтимал тәуекелдердің арақатынасын бағалау қажет. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, брадиаритмиясы, немесе су-электролиттік теңгерімі бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ QT аралығының ұзаруын туындатуға ықпалы бар препараттар қабылдайтын пациенттерде ЭКГ және электролиттер құрамын (мысалы, калий) мезгіл-мезгіл бақылау жүргізу ұсынылады. Пациенттерде құсу, диарея, дегидратация немесе бүйрек функциясы бұзылуы туындағандағы клиникалық көрсеткіштер бойынша су-электролиттік теңгерімді түзету жүргізу керек.

Брадикардия

ЖЖЖ және артериялық қысымды (АҚ) ұдайы бақылау керек. Брадикардия симптомдары туындағанда (өмірге қауіпті емес), олар жойылғанға дейін немесе ЖЖЖ 60 соғу/мин және одан астамға жеткенге дейін Зикадиятм препаратын қолдануды уақытша тоқтау керек, бір мезгілде қолданылатын брадикардия туындатуға ықпалды препараттардың әсерін бағалау және қажет болғанда Зикадиятм препаратының дозасын азайту керек. Өмірге қауіпті брадикардия туындаған жағдайда, егер басқа препараттардың брадикардия дамуына әсері анықталмаса, Зикадиятм препаратын қолдануды тоқтау керек; алайда егер басқа бір мезгілде қолданылатын препараттардың брадикардия дамуына әсері анықталса брадикардия симптомдары жойылғанға дейін немесе ЖЖЖ 60 соғу/мин және одан астамға жеткенге дейін Зикадиятм препаратын қолдануды уақытша тоқтату керек және бір мезгілде қолданылатын препараттардың дозасын түзетуден кейін немесе оларды тоқтатудан кейін жай-күйін жиірек бақылаумен Зикадиятм препаратының 150 мг дозада емді жаңғырту керек.

Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлер

Диареяның, жүрек айнуының немесе құсудың дамуына байланысты Зикадиятм препаратының дозасын төмендету немесе тоқтату талап етілмейді. Пациенттердің жай-күйін бақылау және қажет болған жағдайда, диареяға қарсы, құсуға қарсы дәрілерді, сондай-ақ инфузиялық емді қоса, стандартты емдік іс-шараларды қолдану қажет. Қажет болғанда Зикадиятм препаратын қолдануды уақытша тоқтату немесе дозасын азайту керек. Егер құсу препараттың кезекті дозасын қабылдау кезінде пайда болса, препараттың қосымша дозасын қабылдауға болмайды, ал келесі дозаны нұсқамаға сәйкес қабылдау керек.

Липаза және/немесе амилаза жоғарылауы

Зикадиятм препаратын қабылдайтын пациенттерде липазаның және/немесе амилазаның жоғарылауы байқалады.

Зикадиятм препаратымен ем бастағанға дейін және кейін клиникалық көрсеткіштері бойынша мезгіл-мезгіл липаза және амилаза деңгейін бақылау керек. Церитинибпен ем қабылдаған пациенттерде панкреатит жағдайлары туралы хабарлау қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Қан плазмасындағы церитиниб концентрациясын арттыруы мүмкін дәрілік заттар

CYP3A изоферментінің күшті тежегіштері

Церитинибті кетоконазолмен (14 күн бойы күніне 2 рет 200 мг), CYP3A/P-ГП изоферментінің қуатты тежегіші, монотерапияда церитинибті қолданумен салыстырғанда, тиісінше, AUCinfжәне Cmax церитинибтің 2,9 және 1,2 есе жоғарылауына әкеледі. Кетоконазолмен 14 күн бойы күніне екі рет бір мезгілде 200 мг қолданғанда церитинибтің тепе-тең AUC анағұрлым төмен дозаларда церитинибтің монотерапияда церитинибті қолданғандағыдан айырмашылығы жоқ. Зикадиятм препаратын тағайындағанда CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерін бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Ритонавир, саквинавир, телитромицин, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, позаконазол және нефазодон сияқты дәрілік заттарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерімен бір мезгілде қолдануды болдырмау мүмкін болмаған кезде церитиниб дозасын шамамен үштен біріне төмендету керек, оны 150 мг еселі ең жақын дозаға дейін дөңгелектеу керек. CYP3A изоферментінің қуатты тежегішін қолдануды тоқтатқан кезде церитиниб дозасын CYP3A изоферментінің қуатты тежегішін қолдану басталғанға дейін тағайындалған бастапқы дозасына қайтару керек.

P-sp тежегіштері

In vitro деректеріне сүйене отырып, церитиниб Р-ГП эффлюкс тасымалдаушысының субстраты болып табылады. Церитинибті P-ГП тежейтін дәрілік заттармен қолданған жағдайда церитинибтің концентрациясы жоғарылауы мүмкін. P-ГП тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту және ҰЖЕӨО дамуын мұқият қадағалау қажет.

Қан плазмасындағы церитиниб концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік заттар

CYP3A және P-sp изоферменттерінің қуатты индукторлары

Дені сау еріктілерде 450 мг церитинибті CYP3A/P-ГП изоферментінің қуатты индукторы рифампицинмен (14 күн бойына күніне 600 мг) бір мезгілде бір рет қолдану церитинибті монотерапияда қолданғандағымен салыстырғанда церитинибтің AUCinf және Cmax тиісінше 70% және 44% төмендеуіне әкелді. Церитинибті CYP3A/P-ГП изоферментінің қуатты индукторымен бір мезгілде қолданғанда церитинибтің плазмадағы концентрациясын азайтады. Карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, рифабутин, рифампицин, шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) сияқты дәрілік заттарды қоса, бірақ олармен шектелмей, CYP3A изоферментінің қуатты индукторымен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. P-ГП индукторларымен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Асқазанның рН-на әсер ететін препараттар

Церитиниб рН-қа тәуелді ерігіштігін көрсетеді және рН in vitro жоғарылаған кезде нашар еритін болады. Қышқылдықты өзгертетін препараттар (мысалы, протонды помпа тежегіштері, H2-рецепторлардың антагонистері, антацидтер) церитинибтің ерігіштігін өзгертіп, оның биожетімділігін төмендетуі мүмкін. 450 мг церитинибтің бір реттік дозасын протонды помпасының тежегішімен (эзомепразолмен) 6 күн бойы тәулігіне 40 мг бірге қолдану пациенттерде ашқарынға церитинибтің AUC 76% — ға, ал Cmax 79% - ға төмендеді. Дәріаралық өзара әрекеттесуді зерттеу ең нашар жағдай нұсқасында протонды сорғы тежегішінің әсерін зерттеу үшін жасалды, бірақ клиникалық қолдану аясында протонды сорғы тежегішінің церитиниб экспозициясының мәндеріне әсері анағұрлым аз болды. Асқазандағы қышқылдықты төмендететін препараттардың тепе-тең жағдайларда церитинибтің биожетімділігіне әсерін бағалау бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Протонды помпасының тежегіштерін бірге қолданғанда сақтық таныту ұсынылады, себебі церитинибтің әсері төмендеуі мүмкін. H2-блокаторларды немесе антацидтерді бірге қолдану туралы деректер жоқ. Дегенмен, егер олар церитиниб дозасын қабылдаудан 10 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң енгізілсе, ал антацидтер жағдайында - оларды церитиниб дозасын қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе одан кейін енгізсе, H2- блокаторлармен бірге қолданғанда церитиниб биожетімділігінің клиникалық мәнді төмендеу қаупі төмен болуы ықтимал.

Концентрациясын церитиниб өзгертуі мүмкін дәрілік заттар

CYP3A және CYP2C9 изоферменттерінің субстраттары

Церитиниб мидазоламның, CYP3A изоферменті субстратының және диклофенактың, CYP2C9 изоферменті субстратының метаболизмін тежейді. Сондай-ақ, CYP3A изоферментінің уақытқа байланысты тежелуі байқалады.

Церитиниб in vivo CYP3A4 күшті тежегіш ретінде жіктеледі және CYP3A метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесу қабілетіне ие, бұл басқа препараттың сарысуындағы концентрацияның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Церитинибті 3 апталық қабылдаудан кейін мидазоламның бір реттік дозасын (CYP3A субстраттарына сезімтал) бірлесе енгізу пациенттерде (күн сайын ашқарынға 750 мг) мидазолам монотерапиясымен салыстырғанда AUCinf мидазоламды (90% СА) 5,4 есе (4,6; 6,3) арттырды. Церитинибті негізінен емдік көрсеткіштері тар, метаболизденетін CYP2C9 немесе CYP2C9 субстраттарымен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек (мысалы, алфузозин, амиодарон, цизаприд, циклоспорин, дигидроэрготамин, эрготамин, фентанил, пимозид, кветиапин, хинидин, ловастатин, симвастатин, силденафил, мидазолам, триазолам, такролимус, альфентанил және сиролимус) және мүмкіндігінше CYP3A4 тежелуіне сезімталдығы төмен, баламалы дәрілік заттарды пайдалану керек. Егер бұл мүмкін болмаса, емдік көрсеткіштері тар CYP3A субстраттары болып табылатын, бірлесіп қолданылатын дәрілік препараттар үшін дозаны төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Церитиниб in vivo әлсіз CYP2C9 тежегіші ретінде жіктеледі. Церитинибті 3 апта қабылдағаннан кейін варфариннің бір дозасын (CYP2C9 субстраты) бірге қолдану (күн сайын ашқарынға 750 мг) пациенттерде варфарин монотерапиясымен салыстырғанда 54% (36%, 75%) S-варфариннің (90% СА) AUCinf ұлғайтқан. Церитинибті негізінен емдік көрсеткіштері тар, CYP2C9 немесе CYP2C9 метаболизденетін субстраттармен (мысалы, фенитоин және варфарин) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, емдік көрсеткіштері тар CYP2C9 субстраттары болып табылатын, бірлесіп қолданылатын дәрілік препараттар үшін дозаны төмендету мүмкіндігін қарастыру керек. Егер варфаринмен бірге қолдану шарасыз болса, онда халықаралық қалыпты индекс (ХҚИ) жиілігінің артуы байқалуы мүмкін.

CYP2A6 және CYP2E1 изоферменттерінің субстраттары

Церитиниб сонымен қатар клиникалық маңызды концентрацияларда CYP2A6 және CYP2E1 изоферменттерін тежейді, сондықтан церитиниб негізінен осы изоферменттермен метаболизденетін бір мезгілде қолданылатын дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясын арттырады. CYP2A6 және CYP2E1 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту қажет және ЖДР туындауын мұқият бақылау қажет.

CYP3A4-тен басқа реттелетін ферменттердің өзге PXR (pregnane X receptor) индукция қаупін толығымен жоққа шығаруға болмайды. Оральді контрацептивтерді бірге енгізу тиімділікті төмендеуі мүмкін.

Тасымалдау субстраттары болып табылатын дәрілік заттар

Церитиниб апикальді эффлюксты тасымалдаушы MRP2, бауырдағы OATP1B1 немесе OATP1B3 трансжарғақшалы тасымалдаушыларды, бүйректегі органикалық аниондардың OAT1 және OAT3 трансжарғақшалы тасымалдаушыларын, немесе OCT1 немесе OCT2 органикалық катиондардың трансжарғақшалы тасымалдаушыларын клиникалық елеулі концентрацияларында тежемейді, сондықтан дәрілік өзара әрекеттесулер нәтижесінде церитиниб аталған тасымалдаушылар субстраттарын клиникалық маңызды тежеуінің ықтималдығы аз. Церитиниб клиникалық маңызды концентрацияларда интестинальді P-gp мен СБАРО изоферменттерін тежейді. Сондықтан церитиниб осы ақуыздармен тасымалданатын бір мезгілде қолданылатын дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясын арттырады. СБАРО субстраттарымен (мысалы, розувастатинмен, топотеканмен, сульфасалазинмен) және P-gp субстраттарымен (дигоксинмен, дабигатранмен, колхицинмен, правастатинмен) бірге қолданғанда сақтық таныту қажет және ЖДР туындауын мұқият бақылау қажет.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Церитинибті қолданғанда QT аралығының ұзаруы байқалады. Сондықтан антиаритмиялық препараттарды, мысалы, I класты (хинидин, прокаинамид, дизопирамид сияқты) немесе III класты (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид сияқты) антиаритмиктерді немесе QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін басқа дәрілік препараттар, мысалы астемизол, домперидон, дроперидол, хлорохин, галофантрин, кларитромицин, галоперидол, метадон, цисаприд және моксифлоксацин қабылдайтын пациенттерді қоса, QT аралығының ұзаруы бар немесе дамуы мүмкін пациенттерде церитинибті сақтықпен қолдану керек. Осы препараттармен біріктірілген ем жағдайында QT аралығының мониторингін жасау қажет.

Мүмкіндігінше, Зикадиятм препаратын және брадикардияны туындатуы мүмкін басқа да препараттарды (оның ішінде бета-адреноблокаторлар, «баяу» кальций өзекшелерінің дигидропиридиндік емес блокаторлары, клонидин, дигоксин) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Тамақпен/сусындармен өзара әрекеттесулері

Зикадиятм препаратын тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Церитинибтің биожетімділігі пайдаланылатын өнімнің майлылығына қарай препаратты тамақпен бір мезгілде қабылдағанда жоғарылайды. Қатарлас ауруы дамыған және Зикадиятм препаратын тамақпен бірге қабылдауға қабілетсіз пациенттер емнің баламалы әдісі ретінде препаратты аш қарынға қабылдауы мүмкін; бұл ретте 2 сағат бұрын және қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде тамақ ішуден тартына тұру керек. Пациенттер аш қарынға және тамақпен бірге препаратты қабылдау режимдері арасында ауыспауы тиіс. ЖДР анықталған кезде Зикадиятм препаратының дозасын кейіннен түзету жөніндегі ұсынымдар. Аш қарынға қабылдағанда ең жоғары рұқсат етілген доза 450 мг құрайды.

Пациенттерді грейпфрутты немесе грейпфрут шырынын пайдаланудан аулақ болу қажеттігі туралы ескерту керек, өйткені ішек қабырғасында CYP3A изофермент белсенділігінің тежелуі салдарынан церитинибтің биожетімділігі жоғарылауы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Гипергликемия

Зикадиятм препаратымен ем бастағанға дейін, сондай-ақ клиникалық көрсеткіштері бойынша ем барысында аш қарындағы қан сарысуындағы глюкоза концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылау керек.

Қажет болғанда, гипогликемиялық емді бастау немесе түзету керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Зикадиятм препаратын жүкті әйелдерде қолдану бойынша деректер жоқ. Жануарларда репродуктивті уыттылығын зерттеу (оның ішінде эмбриофетальді дамуға әсерін зерттеу) жеткіліксіз. Зикадиятм препаратын жүктілік кезінде ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы шаранаға төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Церитинибтің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз.

Жаңа туған нәрестелер/нәрестелер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала үшін емізудің және препаратты ана үшін қолдану пайдасының маңыздылығын назарға ала отырып, бала емізуден бас тарту немесе Зикадиятм препаратымен емдеуден бас тарту туралы шешім қабылдау қажет

Бала туатын жастағы әйелдерге Зикадиятм препаратын қабылдау уақытында және емді тоқтатқаннан кейін 3 айға дейін контрацепцияның өте тиімді әдісін пайдалану ұсынылу керек.

Фертильділігі

Зикадиятм препаратының ерлер мен әйелдердің фертильділігіне ықтимал әсері белгісіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зикадиятм препараты көлік құралын басқару және әртүрлі механизмдерді пайдалану қабілетіне мейлінше аз әсер етеді. Көлік құралын басқару және әртүрлі механизмдерді пайдалану кезінде сақтық таныту қажет, себебі пациенттерде қатты қажығыштық немесе көру қабілетінің бұзылуы байқалуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Зикадиятм препаратымен емдеуді әртүрлі обырға қарсы дәрілік препараттарды қолдануда тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы және бақылауы тиіс.

Зикадиятм препаратының ұсынылатын дозасы 450 мг құрайды.

Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза 450 мг құрайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Зикадиятм препаратын ішке күн сайын күніне бір рет бір ғана уақытта қолдану керек. Оларды сумен ішіп, бүтіндей жұту қажет; оларды шайнауға немесе ұсақтауға болмайды. Қажетті әсерге қол жеткізу үшін Зикадиятм препаратын тамақтану кезінде қабылдау маңызды. Бұл тіскебасар немесе толық тамақтану болуы мүмкін.

Қатарлас ауруы дамыған және Зикадиятм препаратын тамақпен бірге қабылдай алмайтын пациенттерге арналған нұсқауларды «Дәрілермен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз.

Емдеу ұзақтығы

Препаратпен емдеуді пациентке жүргізілген емнен клиникалық әсер байқалғанға дейін жалғастыру керек.

Егер құсу препараттың кезекті дозасын қабылдау кезінде пайда болса, препараттың қосымша дозасын қабылдауға болмайды, ал келесі дозаны нұсқамаға сәйкес қабылдау керек.

Зикадиятм препаратын қолдануды 150 мг тәуліктік доза жағымсыздығында тоқтату қажет.

ALK анықтау үшін талдау

ALK бойынша оң ҰЖЕӨО-ға шалдыққан пациенттерді таңдау үшін ALK анықтау үшін нақты және бекітілген талдау әдісі қажет.

Зикадиятм дәрілік препаратымен емдеуді бастар алдында ALK бойынша оң ҰЖЕӨО статусы белгіленуі тиіс. ALK бойынша оң ҰЖЕӨО-ні бағалауды нақты қолданылатын технологияны қолдану үшін білікті зертханалар жүргізуі керек.

Жағымсыз құбылыстарға байланысты дозаны түзету

Жүргізілген емнің қауіпсіздігі мен жағымдылығының жеке көрсеткіштері негізінде Зикадиятм препаратын қабылдауды уақытша тоқтату және/немесе дозасын азайту талап етілуі мүмкін. Егер дозасын азайту қандай да бір жағымсыз дәрілік реакция (ЖДР) дамуына байланысты талап етілсе, Зикадиятм препаратының дозасын сатылап тәулігіне 150 мг-ға төмендету керек. Болжамды ЖДР мүмкіндігінше ертерек анықтау және басу үшін диагностика мен емнің стандартты әдістерін қолдану керек.

Зикадиятм препаратын тамақтану кезінде 450 мг дозада қабылдайтын пациенттер арасында пациенттердің 10% — ында кем дегенде бір дозаны төмендетуді талап ететін жағымсыз құбылыс, ал пациенттердің 42% - ында кем дегенде бір дозаны тоқтатуды талап ететін жағымсыз құбылыс байқалды. Қандай да бір себеппен дозаны алғашқы төмендетуге дейінгі орташа уақыт 8 аптаны құрады.

1 кестеде ЖДР анықталғанда Зикадиятм препаратын уақытша тоқтату, дозасын төмендету немесе қолдануды тоқтату бойынша ұсынымдар жинақталған.

1-кесте . ЖДР анықталғанда Зикадиятм препаратының дозасын түзету бойынша ұсынымдар

Критерий

Зикадиятм препаратын дозалау режимі

Оңтайлы құсуға қарсы немесе диареяға қарсы еммен тоқтатылмайтын ауыр дәрежедегі жүрек айнуы, құсу немесе диарея.

Зикадиятм препаратын ЖДР жойылғанға дейін қолдануды уақытша тоқтату, содан кейін Зикадиятм қолдануды 150 мг-ға төмендетілген дозада жаңарту.

Жалпы билирубин концентрациясының қалыпты жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 2 еседен аспайтын артуы бар аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе АСТ белсенділігінің ҚЖШ 5 еседен астам қатар жоғарылауы

АЛТ/АСТ бастапқы көрсеткіштері қалпына келгенге дейін немесе ҚЖШ 3 еседен аспайтын мәнге дейін артуы Зикадиятм препаратын қолдануды уақытша тоқтату, одан кейін 150 мг дейін төмендеген дозада Зикадиятм препаратымен емді жаңғырту.

Бір мезгілде жалпы билирубин концентрациясының ҚЖШ 2 еседен аспайтын артуы бар АЛТ және АСТ белсенділігінің ҚЖШ 3 еседен астам жоғарылауы (холестаз немесе гемолиз болмағанда).

Зикадиятм препаратын қолдануды тоқтату.

Препаратпен ем аясында ауырлығы кез келген дәрежедегі пневмониттің дамуы.

Зикадиятм препаратын қолдануды тоқтату.

QTc >500 мсек аралығының ең кемі электрокардиограмманың (ЭКГ) екі жеке жазбасында ұзаруы.

Зикадиятм препаратын қолдануды бастапқы көрсеткіштері немесе QTc <481 мсек аралығының ұзақтығы қалпына келгенге дейін уақытша тоқтату, одан кейін 150 мг дейін төмендеген дозада Зикадиятм препаратымен емді жаңғырту.

QTc аралығының бастапқы мәнінен >500 мсек астамға немесе 60 мсек астамға ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия немесе полиморфты қарыншалық тахикардия, немесе айқын аритмияның белгілері /симптомдары.

Зикадиятм препаратын қолдануды тоқтату.

Брадикардия* (симптоматикалық, медициналық араласымдарды талап ететін клиникалық айқын ауыр дәреже).

Брадикардия симптомдары жойылғанға дейін немесе жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) 60 соғу/мин және одан астамға жеткенге дейін Зикадиятм препаратын қолдануды уақытша тоқтату керек.

Брадикардия туындатуы мүмкін бір мезгілде қолданылатын препараттарды, сондай-ақ антигипертензиялық препараттардың бағалауын жүргізу.

Бір мезгілде қолданылатын басқа препараттың әсері және оны қолдану тоқтатылғаны немесе доза түзету жүргізілгені анықталса, онда брадикардия симптомдары жойылғаннан кейін немесе ЖЖЖ 60 соғу/мин және одан астамға жетсе Зикадиятм препаратымен емді бұрынғы дозада жаңғырту керек.

Егер бір мезгілде қолданылатын басқа препараттың брадикардия дамуына әсері анықталмаса, және оны қолдану тоқтатылмаса немесе доза түзету жүргізілмесе, онда брадикардия симптомдары жойылғаннан кейін немесе ЖЖЖ 60 соғу/мин және одан жоғары болса Зикадиятм препаратымен емді 150 мг азайтылған дозада жаңғырту керек.

Брадикардия* (өмірге қауіп төндіретін, шұғыл медициналық араласуларды талап ететін).

Егер бір мезгілде қолданылатын басқа дәрілік препараттың брадикардия дамуына әсері анықталмаса Зикадиятм препаратын қолдануды тоқтату керек.

Егер бір мезгілде қолданылатын басқа препараттың әсері және оны қолдану тоқтатылғаны немесе доза түзету жүргізілгені анықталса, онда брадикардия симптомдары жойылғаннан кейін немесе ЖЖЖ 60 соғу/мин дейін және одан жоғары болса, Зикадиятм препаратымен емді жай-күйін жиірек бақылай отырып, 300 мг азайтылған дозада жаңғырту керек**.

Оңтайлы гипогликемиялық емнің түзетілуіне келмейтін тұрақты гипергликемия > 250 мг/дл (13,9 ммоль/л).

Зикадиятм препаратын қолдануды гликемияның адекватты бақылауына қол жеткенге дейін уақытша тоқтату, содан кейін Зикадиятм препаратын 150 мг төмендеген дозада қолдануды жаңғырту.

Егер адекватты гликемия бақылауына қол жету мүмкін болмаса, Зикадиятм препаратын қолдануды тоқтату керек.

Липаза немесе амилаза деңгейлерінің 3 және одан жоғары дәрежеге дейін артуы

Көрсеткіштердің 1 немесе одан төмен дәрежесіне қайта оралуына дейін Зикадиятм препаратын қолдануды уақытша тоқтату, содан кейін Зикадиятм препаратын 150 мг төмендеген дозада қолдануды жаңғырту.

* Жүрек жиырылу жиілігі минутына 60 соққыдан кем (уд / мин) ** Қайталану туындаған кезде препарат қабылдауды тоқтату

CYP3A изоферментінің субстраттары

Зикадиятм препаратын негізінен емдік көрсеткіштері тар, метаболизденетін CYP3A немесе CYP3A субстраттарымен бір мезгілде қолданудан аулақ болу қажет (мысалы, альфузозин, амиодарон, цизаприд, циклоспорин, дигидроэрготамин, эрготамин, фентанил, пимозид, кветиапин, хинидин, ловастатин, симвастатин, силденафил, мидазолам, триазолам, такролимус, алфетанил және сиролимус) және мүмкіндігінше CYP3A4 тежелуіне сезімталдығы төмен, баламалы дәрілік заттарды пайдалану керек. Егер бұл мүмкін болмаса, емдік көрсеткіштері тар CYP3A субстраттары болып табылатын, бірлесіп қолданылатын дәрілік препараттар үшін дозаны төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

CYP3A изоферментінің күшті тежегіштері

Зикадиятм препаратын тағайындағанда CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерін бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Егер CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерін бір мезгілде қолдану қажет болса, Зикадиятм препаратының дозасын шамамен үштен біріне төмендетіп, оны 150 мг еселі ең жақын дозаға дейін дөңгелектеу керек. Пациенттерде қауіпсіздікті мұқият бақылау керек.

Егер CYP3A қуатты тежегішімен ұзақ уақыт бірге емдеу қажет болса және пациент төмендетілген дозаны жақсы көтерсе, онда емнің мүмкін болатын жеткіліксіздігін жою үшін қауіпсіздікті мұқият мониторингтеу кезінде дозаны қайтадан арттыруға болады.

CYP3A изоферментінің қуатты тежегішін қолдануды тоқтатқан кезде Зикадиятм препаратының дозасын CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегішін қолдану басталғанға дейін қолданылған бастапқы дозасына қайтару керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолданғанда дозаны түзету қажет емес.

Препаратты бүйрек функциясы ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерде қолдану тәжірибесінің болмауы салдарынан Зикадиятм препаратын осы санаттағы пациенттерде қолданғанда сақ болу қажет.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы

Қолда бар деректердің негізінде Зикадиятм препараты негізінен бауыр арқылы шығарылады. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерді емдегенде аса сақтық таныту қажет және дозаны шамамен үштен бір бөлігіне төмендету, оны жақын арадағы 150 мг дозаға дейін дөңгелектеу керек. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін препарат дозасын түзету қажет емес.

65 және одан жоғары жастағы пациенттерде қолданылуы

Зикадиятм препаратын 65 және одан жоғары жастағы пациенттерде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі шектеулі деректер осы санаттағы пациенттерде дозаны түзету қажеттілігінің жоқтығын болжауға мүмкіндік береді. Препаратты 85 жастан асқан пациенттерде қолдану туралы деректер жоқ.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Адамда препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Артық дозалану жағдайында пациенттің жай-күйіне негізделе отырып, тиісті симптоматикалық емді бастау және оны симптомдар басылғанға дейін жүргізу керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғандағы қажетті шаралар

Дозаны өткізіп алған жағдайда, егер келесі дозаны қабылдағанға дейін 12 сағаттан артық уақыт қалса, пациент оны қабылдауы тиіс.

Тоқтату симптомдары қатерінің бар-жоғын көрсету

Қолданылмайды

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Пациенттер дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгінуі тиіс.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Өте жиі

  • анемия

  • тәбеттің төмендеуі

  • салмақ жоғалту

  • диарея5, жүрек айну5, құсу5, іштің ауыруы6, іш қатуы, эзофагеальді бұзылулар7

  • бөртпе 10

  • қатты қажығыштық 13

  • бауыр функциясы зертханалық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы14, креатининнің жоғарылауы

Жиі

  • гипергликемия, гипофосфатемия

  • көрудің бұзылуы1

  • перикардит2, брадикардия3

  • пневмонит4

  • бауыр функциясы биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы8

  • бүйрек жеткіліксіздігі11, бүйрек функциясының бұзылуы12

  • ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы

  • липаза және амилаза белсенділігінің жоғарылауы

  • гепатоуыттылығы9

Жиі емес

  • панкреатит

Топтық терминдер шегіндегі жағдайларды қоса:

1 – Көрудің бұзылуы (көрудің нашарлауы, анық көрмеу, фотопсия, шыны тәрізді денеде қарауытып бұлыңғырлануы, көру өткірлігінің төмендеуі, аккомодация бұзылуы, пресбиопия)

2-Перикардит (перикард аумағындағы жалқық, перикардит)

3-Брадикардия( брадикардия, синустық брадикардия)

4-Пневмонит (өкпенің интерстициальді ауруы, пневмонит)

5 – АІЖ тарапынан осы жекелеген ЖДР туындау жиілігі (диарея, жүрек айну, құсу) тамақтану кезінде 450 мг церитинибтің ұсынылған дозасын қабылдайтын пациенттер негізінде есептелген.

6 - Іштің ауыруы (іштің ауыруы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іштегі жайсыздық сезімі, эпигастрий аймағындағы жағымсыз сезімдер)

7-Эзофагеальді бұзылулар (диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, дисфагия)

8-Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің нормадан ауытқуы (бауыр функциясының бұзылуы, гипербилирубинемия)

9-Гепатоуыттылық (дәрілік заттың әсерінен бауырдың зақымдануы, холестаздық гепатит, бауырдың гепатоцеллюлярлық зақымдануы, гепатоуыттылық)

10-Бөртпе (бөртпе, акне пішінді дерматит, макулопапулезді бөртпе)

11-Бүйрек жеткіліксіздігі (бүйректің жедел зақымдануы, бүйрек жеткіліксіздігі)

12-Бүйрек функциясының бұзылуы (азотемия, бүйрек функциясының бұзылуы)

13 - Қатты қажығыштық (қатты қажығыштық, астения)

14-Бауыр функциясы зертханалық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы (АЛТ, АСТ, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің, қандағы билирубин концентрациясының жоғарылауы, «бауыр» трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, бауыр функциясы биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы)

65 жас және одан үлкен пациенттер

65 жастағы және одан үлкен жастағы пациенттердегі препараттың қауіпсіздік бейіні 65 жастан кіші пациенттердегі осындайға ұқсас болды. 85 жастан асқан пациенттерде қауіпсіздік жөніндегі деректер жоқ.

Гепатоуыттылығы

Пациенттердің 1 % азында сілтілік фосфатазаның қалыпты деңгейінде АЛТ немесе АСТ қалыптың жоғарғы шегінен үш еседен астам және жалпы билирубин қалыптың жоғарғы шегінен екі еседен астам қатарлас жоғарылағаны бақыланды. АЛТ еселігінің қалыптан артуы церитиниб қабылдаған пациенттердің 25% - ында байқалады. Пациенттердің 40,6% - ында гепатоуыттылық құбылыстары емді тоқтату немесе препарат дозасын төмендету жолымен басқарылды. Емдеу басталғанға дейін, алғашқы үш ай бойы әр 2 апта сайын және ай сайын ем кезінде 2-ші, 3-ші және 4-ші дәрежелі көрсеткіштер ұлғайған кезде неғұрлым жиі талдаулары бар, АСТ, АЛТ белсенділігін, жалпы билирубин концентрациясын қоса, бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерін бақылау ұсынылады. Пациенттерде бауыр функциясының ауытқыған зертханалық көрсеткіштерін бақылау және ұсынымдарға сәйкес басқару қажет.

Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлер

Көбінесе асқазан-ішек құбылыстарының ішінде диарея, жүрек айнуы және құсу пайда болды. Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз дәрілік реакциялардың жиілігі мен ауырлығы Зикадиятм препаратын тамақ ішу кезінде 450 мг дозада қабылдайтын пациенттерде препаратты аш қарынға 450 мг дозада қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда төмен болды.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар

QT аралығының ұзаруы

Церитиниб қабылдаған пациенттерде QTc аралығының ұзару жағдайлары байқалды. Бұл құбылыстар пациенттерде дозаны төмендетуді немесе емдеуді тоқтатуды талап етті және пациенттердің емін тоқтатуға әкеп соқты.

Туа біткен QT аралығының ұзарту синдромы бар пациенттерде немесе QT аралығының ұзаруын туындататын препараттар қабылдайтын пациенттерде церитиниб қолдану ұсынылмайды. QT аралығының ұзаруын туындататын препаратпен емдеу кезінде «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның даму қаупі жоғары пациенттерде церитиниб енгізген кезде ерекше сақ болу қажет.

Пациенттерде QT аралығының ұзаруын бақылау және ұсынымдарға сәйкес ем жүргізу қажет.

Брадикардия

Брадикардиямен байланысты қатарлас дәрілік препараттарды қолдануды мұқият бағалау қажет. Брадикардия дамыған пациенттерді емдеуді «Қолдану тәсілі және дозалар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдеріне сәйкес жүргізу қажет.

Өкпенің интерстициальді ауруы / пневмонит

Церитиниб қабылдаған пациенттерде өкпенің интерстициальді ауруының (ӨИА)/пневмониттің ауыр, өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкелетін даму жағдайлары байқалды. Бұл құбылыстар пациенттерде дозаны төмендетуді немесе емдеуді тоқтатуды талап етті немесе пациенттерде емін тоқтатуға әкеп соқты. Өкпенің интерстициальді ауруын / пневмонитті көрсететін өкпе симптомдары бар пациенттерге мониторинг жүргізу керек. Өкпенің интерстициальді ауруының/пневмониттің басқа мүмкін себептерін жоққа шығару керек.

Гипергликемия

Церитиниб қабылдайтын пациенттерде гипергликемия (кез келген ауырлық дәрежесі) даму жағдайлары байқалады. Бұл құбылыстар пациенттерде дозаны төмендетуді немесе емдеуді тоқтатуды талап етеді. Қант диабеті бар және/немесе глюкокортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде гипергликемияның даму қаупі жоғары. Церитинибпен ем бастағанға дейін, сондай-ақ клиникалық көрсеткіштері бойынша ем барысында аш қарындағы қан сарысуындағы глюкоза концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылау керек. Гипогликемиялық емді бастау немесе түзету керек.

Күтілетін дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 150 мг церитиниб,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, натрий крахмал гликоляты (А типі), магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,

капсула корпусы: желатин, титанның қостотығы, (Е 171), қара сия,

капсула қабығы: желатин, титанның қостотығы, (Е 171), көк индиготин 2 (Е 132), қара сия,

қара сия құрамы: шеллак глазурі 45 %, темірдің қара тотығы (Е 172), пропиленгликоль, аммоний гидроксиді 28 %.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өлшемі 00 мөлдір емес ақ корпусты радиальді қара «NVR» жазуы және мөлдір емес көк қақпақшасымен радиальді қара «LDK 150MG» жазуы бар қатты желатин капсулалар.

Капсула ішіндегісі – ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полихлортрифторэтилен/поливинилхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан салынған.

5 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. 3 қорапшадан кішкене шағын қаптамада.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Новартис Фарма Штейн АГ, Швейцария

Шаффхаузерштрассе, 4332 Штейн

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Новартис Фарма АГ

Лихтштрассе 35, 4056 Базель, Швейцария

Тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы «Новартис Фарма Сервисэз АГ» компаниясының филиалы

050022 Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 95

Тел.: +7 (727) 258-24-47

факс: +7 (727) 244-26-51

электронды пошта: drugsafety.cis@novartis.com

Прикрепленные файлы

Зикадия_ЛВ_каз.docx 0.07 кб
Зикадия_ЛВ_рус.docx 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники