Димексид (50 мл) (Dimethyl sulfoxide)

МНН: Диметилсульфоксид
Производитель: Галичфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dimethyl sulfoxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012654
Информация о регистрации в РК: 25.05.2018 - 25.05.2023
Номер регистрации в РБ: 7809/06/11/17
Информация о регистрации в РБ: 30.10.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Димексид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диметилсульфоксид

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 50 мл сұйықтық

Құрамы

Бір қаптаманың ішінде

белсенді зат: 50 мл диметилсульфоксид

Сипаттамасы

Түссіз сұйықтық немесе түссіз кристалдар. Гигроскопиялы.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Диметилсульфоксид.

АТХ коды М02А Х03.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Димексид (90%) ерітіндісін теріге жаққан кезде ол 5 минуттан кейін қаннан табылып, ең жоғары концентрациясына 4-6 сағаттан соң жетеді де, 1,5-3 тәулік бойы өзгермеген күйінде дерлік сақталады.

Димексид несеппен және нәжіспен бірге өзгермеген күйінде де, диметилсульфон түрінде де бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Димексид биологиялық жарғақшалар арқылы, тері бөгеттерін қоса есептегенде, өтетін қасиеттері бар, осылайша, өзінің спецификалы әсерлерін жүзеге асырады, бұларға қабынуға қарсы, антипиретикалық, анальгетикалық, антисептикалық, орташа фибринолитикалық әсерлері жатады. Препарат зақымданбаған тері және шырышты қабықтар арқылы дәрілік заттардың енуін күшейтеді (тасымалдағыш қабілеті).

Қолданылуы

Тірек-қимыл аппаратының қабыну ауруларының кешенді емінің құрамында:

- ревматоидты артрит, Бехтерев ауруы, деформацияланатын остеоартроз, артропатиялар, байламдардың созылуы

- соғылу, жарақаттық инфильтраттар, қабыну ісінулері

- іріңді жаралар, абсцестер, жедел және созылмалы остеомиелит

- түйіндік эритема, стрептодермия

- тері-пластикалық хирургияда тері гомотрансплантаттарын консервациялау үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Димексидті көбіне тампондарға, компрестерге арналған сулы (30-50%) ерітінділер түрінде қолданады.

Диффузды стрептодермияларда 40-90% димексид ерітіндісімен компресс ұсынылады. Терінің іріңді ауруларында 40% ерітіндіні қолданады.

Тері-пластикалық хирургияда операцияны жасап болу бойына және келесі күндері трансплантат тұрақты бітісіп кеткенге дейін ауто-және гомотрансплантаттарға препараттың 10-20% ерітіндісі бар таңғыштарды пайдаланады. Емдеу ұзақтығы – 10-15 күн.

Тері гомотрансплантаттарын сақтау үшін консервациялаушы зат ретінде Рингер ерітіндісіндегі 5% димексид ерітіндісін қолданады.

Препараттың көрсетілген концентрациялардағы сулы ерітіндісін дайындау жөнінде нұсқаулар:

Ерітіндінің концентрациясы, %

Препараттың көлемдік мөлшері

Судың көлемдік мөлшері

20

25

30

40

50

90

2

2,5

3

4

1

9

8

7,5

7

6

1

1

Жағымсыз әсерлері

Диметилсульфоксидтің жағымдылығы әдетте жақсы, бірақ кейбір науқастарда мыналар болуы мүмкін:

- аллергиялық реакциялар (дерматиттер, тері бөртпесі, ангионевротикалық ісіну, қышыну, күйдіру, тері гиперемиясы, эритема)

- бронхтың түйілуі

- бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық, адинамия

- жүректің айнуы, құсу, диарея.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жүрек-қантамыр қызметінің айқын жеткіліксіздігі, атеросклероз, стенокардия

- миокард инфарктісі

- бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылулары

- инсульт, коматозды жағдайлар

- жүктілік, лактация кезеңі

- глаукома, катаракта

- 7 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диметилсульфоксид этанолдың (алкоголь препараттың шығарылуын тежейді) және инсулиннің, ацетилсалицил қышқылының, бутадионның; дигиталис, хинидин, нитроглицерин препараттарының, антибиотиктердің (стрептомициннің, мономициннің және т.б.), хлорамфениколдың, рифампициннің, гризеофульвиннің әсерлерін күшейтеді, организмді наркозға арналған дәрілерге сенсибилизациялайды. Дәрілік заттардың өзіне тән белсенділігін де, уыттылығын да препараттың күшейтетіндігін ескерген жөн. Деформациялайтын остеоартроздың және ревматоидты артриттің кешенді емінде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бірге; стрептодермияны емдеу үшін микробтарға қарсы жергілікті әсер ететін дәрілермен біріктіріп (синтомицин линименті) қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Зақымданған теріге және аллергия біліністері бар теріге жағуға болмайды. Беттің терісіне жақпау керек.

Димексидті қолданар алдында сезімталдығына сынама жасау қажет. Ол үшін димексидті теріге Димексидке малынған мақта тампонының жәрдемімен жағады. Димексидті жаққаннан кейін терінің бірден қызаруы және қышуы препаратқа жекелей жоғары сезімталдықтың бар екендігін айғақтайды.

Егде жастағы емделушілер препаратты алдын ала дәрігерден кеңес алғаннан кейін қолданғаны жөн.

Препаратты шырышты қабықтарға және көзге тигізіп алмау керек. Препаратты байқамай көзге тигізіп алған жағдайда оны ағын сумен дереу шайған жөн.

18°С және одан төмен температурада сақтағанда диметилсульфоксид кристалдануы мүмкін, ол препараттың сапасына ықпалын тигізбейді. Кристалдарды балқыту үшін ішінде препараты бар құтыны су моншасында (су температурасы60°С-ге жуық) абайлап қыздыру керек.

Денсаулыққа нұқсан келтіретін болғандықтан, дәрілік затты қолдану тәртібін бұзбаған жөн!

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесіне ықпалын, атап айтқанда бас айналудың болуы мүмкін екендігін ескеріп, абайлап қолданған жөн.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы аллергиялық реакцияларды (есекжем, ісіну) туындатуы және жағымсыз әсерлердің білінуін күшейтуі мүмкін.

Емі. Препаратты тоқтату. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі

Тығынмен және бұралатын пластмасса қақпақпен тығындалған құтыда препарат 50 мл-ден. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Галичфарм» АҚ, Украина, 79024, Львов қ-сы, Опрышковская к-сі, 6/8.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Галичфарм» АҚ, Украина.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050060, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы 97, 3 подъезд, 54 кеңсе.

Телефон/ факс 8(727)315-82-09, 8(727)315-82-10.

Электронды поштасы: office@arterium.kz.

Прикрепленные файлы

522195111477976785_ru.doc 52 кб
782672371477977941_kz.doc 60.5 кб
7809_06_11_17_p.pdf 0.17 кб
7809_06_11_17_s.pdf 0.17 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ