Джентадуэто® (2,5 мг/850 мг)

МНН: Линаглиптин, Метформин
Производитель: Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ и Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Метформин и линаглиптин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019899
Информация о регистрации в РК: 10.08.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 302.25 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ДЖЕНТАДУЭТО®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 2,5 мг/850 мг; 2,5 мг/1000 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар 2,5 мг линаглиптин,

850 мг немесе 1000 мг метформин гидрохлориді,

қосымша заттар: аргинин, жүгері крахмалы, коповидон,

сусыз кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты;

үлбірлі қабық: титанның қостотығы (E171), темірдің (III) сары тотығы (E172) (2.5 мг/850 мг доза үшін), темірдің (III) қызыл тотығы (E172),

пропиленгликоль, гипромеллоза 2910, тальк.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында компанияның ВІ логотип

өрнегі және екінші жағында «D2/850» өрнегі бар ашық қызғылт-сары түсті

үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (2.5 мг/850 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында компанияның ВІ логотип

өрнегі және екінші жағында «D2/1000» өрнегі бар ашық қызғылт түсті

үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (2.5 мг/1000 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Ішу арқылы қабылданатын қант төмендететін препараттар. Бигуанидтер мен дипептидилпетидаза

тежегіштерінің (ДПП4) біріктірілімі.

Метформин және линаглиптин.

ATХ коды A10BD11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дені сау еріктілерде жүргізілген биобаламалылық зерттеулері ДЖЕНТАДУЭТО препаратының бөлек қолданылатын линаглиптинге және біріктірілген емде метформин гидрохлоридіне биобаламалы екенін көрсетті.

ДЖЕНТАДУЭТО 2,5 /1000 мг препаратын ас ішумен қолдану линаглиптин фармакокинетикалық көрсеткіштері өзгерісіне әкелмеген. Метформиннің «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) өзгермейді, алайда сарысудағы метформиннің ең жоғары концентрациясының (Сmax) орташа мәні препарат тамақпен қолданылған жағдайда 18% төмендеді. Препаратты аш қарынға қолдану сарысудағы метформиннің ең жоғары концентрациясына жету уақытын 2 сағатқа кідіртеді. Бұл өзгерістер клиникалық маңызды емес.

Төменде ДЖЕНТАДУЭТО препаратының жекелеген белсенді компоненттерінің фармакокинетикалық қасиеттерін көріністейтін деректер берілген.

Линаглиптин

Линаглиптин фармакокинетикасы дені сау еріктілер мен 2 типті қант диабеті (2 типті ҚД) бар пациенттерде жақсы зерттелген. Линаглиптинді 5 мг дозада ішке қабылдаудан кейін препарат тез сіңеді, плазмадағы жоғары шекті концентрацияларына (Tmax медианасы) 1,5 сағаттан соң жетеді. Плазмада линаглиптин концентрациялары үш фазалы төмендейді. Терминалдық жартылай шығарылу кезеңі ұзақ (100 сағаттан аса құрайды), бұл линаглиптиннің ДПП-4-пен қарқынды, орнықты байланысуынан болады және препараттың жиналуына әкелмейді. Линаглиптинді 5 мг дозада бірнеше рет қабылдаудан кейін анықталатын линаглиптиннің жиналуына тиімді жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағат құрайды. Линаглиптинді 5 мг дозада бір рет қабылдаудан кейін препарат плазмадағы динамикалық тепе-теңдік сатысындағы концентрацияларына үшінші дозасын қабылдаудан кейін жетеді, бұл орайда плазмада линаглиптин AUC шамасы, алғашқы дозасымен салыстырғанда, шамамен 33% артады. Линаглиптин AUC үшін ауытқу коэффициенттері көп емес: 12,6% және 28,5%. Линаглиптин фармакокинетикасы линаглиптиннің ДПП-4-пен байланысуының концентрацияға тәуелділігі есебінен дозаға байланыссыз. Плазмадағы линаглиптин AUC жалпы мәні, дозаға тәуелдірек ұлғаятын байланыспаған AUC мәніне қарағанда, дозаға аз тәуелділікпен артады. Дені сау және 2 типті қант диабеті бар пациенттердегі линаглиптин фармакокинетикасы ұқсас.

Сіңуі: линаглиптин абсолютті биожетімділігі шамамен 30% құрайды. Май мөлшері жоғары тамақпен линаглиптин қабылдау плазмадағы ең жоғары концентрацияға жету уақытын (Сmax) 2 сағатқа ұзартады және Сmax 15% төмендетеді, бірақ AUC0-72сағ. мәніне әсер етпейді. Клиникалық мәнді Сmax пен Тmax өзгерістері жоқ, демек линаглиптинді ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.

Таралуы: тіндік байланысу нәтижесінде динамикалық тепе-теңдік сатысында орташа таралу көлемі бір реттік 5 мг дозадан соң шамамен 1110 литр құрайды, бұл тіндерде бұрынғы қарқынмен таралуын көрсетеді. Плазма ақуыздарымен линаглиптин байланысуы препарат концентрациясына тәуелді және 1 нмоль/л кезінде 99%, ≥30 нмоль/л кезінде 75-89% дейін төмендейді, бұл препараттың ДПП-4-пен байланысының линаглиптин концентрациясының артуына қарай қанығуын көріністейді. Линаглиптин ДПП-4-пен байланысуы толық қанығатын жоғары концентрацияларында 70-80% линаглиптин плазманың басқа ақуыздарымен (ДПП-4 емес) байланысады, ал 30-20% препарат бос күйде болады.

Метаболизмі және шығарылуы: Линаглиптинді 10 мг дозада қабылдаудан кейін 5% шамасы несеппен шығарылады. Метаболизм линаглиптин шығарылуында қосалқы рөл атқарады. Динамикалық тепе-теңдік сатысында линаглиптиннің фармакологиялық белсенділігі жоқ және 13,3% салыстырмалы әсері бар негізгі бір метаболиті анықталды, демек, ол плазмада линаглиптиннің ДПП-4 тежеу әсерін көрсетпейді. Қабылдаудан кейін 4 күн ішінде 85% шамасы шығарылады (нәжіспен 80% және несеппен 5%). Динамикалық тепе-теңдік сатысында бүйрек клиренсі шамамен 70 мл/мин құрайды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: динамикалық тепе-теңдік сатысында бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесіндегі пациенттерде линаглиптиннің әсер ету бейіні дені сау еріктілердегі әсер ету бейінімен ұқсас. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесіндегі пациенттерде, бақылау тобымен салыстырғанда, әсер ету бейінінің шамамен 1,7 есе орташа артуы байқалады. 2 типті қант диабеті және ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде әсер ету бейіні, бүйрек функциясы қалыпты 2 типті ҚД бар пациенттермен салыстырғанда, шамамен 1,4 есе ұлғайған. Бүйрек функциясы бұзылуының терминалдық сатысындағы пациенттерде динамикалық тепе-теңдік сатысында болжанатын линаглиптин АUC мәндері бүйрек функциясының бұзылуы орташа немесе ауыр пациенттерде препараттың әсер ету деңгейлерінің салыстырмалы екенін көрсетеді. Бұдан бөлек, линаглиптин гемодиализ немесе перитонеальді диализ кезінде емдік тұрғыдан елеулі дәрежеге дейін шығарылмайды. Бүйрек функциясы бұзылуының кез келген дәрежесіндегі пациенттерде линаглиптин дозасын түзету қажет емес, сондықтан егер ДЖЕНТАДУЭТО препараты бүйрек функциясы бұзылуының болуына байланысты тоқтатылса, 5 мг тәуліктік дозасында бір таблетка түрінде линаглиптин қабылдауды жалғастыруға болады.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер: бауыр функциясының кез келген дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А, В және С кластары) линаглиптин AUC және Cmax орташа мәндері 5 мг линаглиптиннің бірнеше реттік дозаларын қабылдаудан кейінгі бақылау тобымен ұқсас болды.

Дозаны пациенттердің жынысына, дене салмағы индексіне (ДСИ), нәсіліне, жасына қарай түзету қажет емес.

Метформин

Сіңуі: ішке метформин қабылдаудан кейін Тmax мәніне 2,5 сағаттан соң жетеді. Дені сау еріктілерде 500 мг немесе 850 мг дозада ішке қабылдаудан кейін метформин гидрохлоридінің абсолютті биожетімділігі шамамен 50-60% құрайды. Препаратты ішке қабылдаудан кейін препараттың 20-30% жуығы сіңбейді және өзгеріссіз күйде нәжіспен шығарылады.

Метморфин гидрохлоридінің сіңуі қаныққан және толық емес, сіңу фармакокинетикасы дозаға байланыссыз. Ұсынылатын дозаларын қабылдағанда метформин гидрохлориді плазмадағы тұрақты концентрацияларына 24-48 сағат ішінде жетіп, әдетте, 1 мкг/мл аз құрайды. Клиникалық зерттеулерде метформин гидрохлоридінің плазмадағы Cmax деңгейлері тіпті ең жоғары дозаларында да 5 мкг/мл-ден аспаған. Ас ішу метформин гидрохлоридінің сіңірілу дәрежесін төмендетіп, оны біршама баяулатады. Препаратты 850 мг дозада тамақпен бірге қолданудан кейін көрсетілімдер Cmax 40% аз, AUC 25% төмен, Тmax 35 минутқа ұзарады. Бұл көрсеткіштер төмендеуінің клиникалық мәні белгісіз.

Таралуы: метформиннің плазма ақуыздарымен байланысуы болымсыз. Метформин гидрохлориді эритроциттермен таралады. Препараттың қандағы ең жоғары концентрациясы плазмадағыдан төмен және шамамен бір мезгілде жетеді. Эритроциттердің препарат таралуының қосымша компартменті екені жорамалданады. Орташа таралу көлемі (Vd) 63-тен 276 л дейін ауытқиды.

Метаболизмі және шығарылуы: метформин гидрохлориді бүйрекпен өзгеріссіз күйде шығарылады. Адамда препарат метаболиттері сәйкестендірілмеген. Метформин гидрохлоридінің бүйректік клиренсі 400 мл/минуттан асады, бұл препараттың шумақтық сүзілу және өзекшелік секреция жолымен шығарылуын көрсетеді. Препаратты ішке қабылдаудан кейін терминалдық жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6,5 сағат құрайды.

Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда препараттың бүйректік клиренсі креатинин клиренсіне пропорционал төмендейді, сондықтан жартылай шығарылу кезеңі ұзарады, бұл плазмада метформин гидрохлориді деңгейінің артуына әкеледі.

Фармакодинамикасы

ДЖЕНТАДУЭТО препараты 2 типті ҚД бар пациенттерде қандағы гипогликомиялық бақылауды жақсартуға арналған комплементарлық әсер ету механизмі бар қантты төмендететін екі қосылыс – линаглиптин мен метформин гидрохлоридінің бекітілген біріктірілімі түрінде болады.

Линаглиптин глюкагон тәрізді пептид-1 (GLP-1) мен глюкозаға тәуелді инсулинтропты полипептид (GIP) – инкретиндер гормондарының белсенділігін жоюға қатысатын ДПП-4 (дипептидил пептидаза 4) ферментінің тежегіші болып табылады. Бұл гормондарды ДПП-4 ферменті тез ыдыратады. Екі инкретин де глюкоза гомеостазын физиологиялық реттеуге қатысады. Инкретиндер секрециясының базальді деңгейі тәулік бойы төмен, ол ас ішуден соң жылдам жоғарылайды. Қандағы глюкозаның қалыпты және жоғары көрсеткіштерінде GLP-1 және GIP инсулиннің панкреатиндік бета-жасушалармен биосинтезделуі мен секрециялануын күшейтеді. Бұдан бөлек, GLP-1 глюкагон секрециясын панкреатиндік альфа-жасушалармен төмендетеді, бұл бауырда глюкозаның аз өндірілуіне әкеледі.

Линаглиптин ДПП-4-пен тиімді және қайтымды байланысады, бұл инкретиндер деңгейін тұрақты арттырады және олардың белсенділігін ұзақ сақтайды. Линаглиптин глюкоза гомеостазын жақсартумен глюкозаға тәуелді инсулин секрециясын арттырады және глюкагон секрециясын төмендетеді. Линаглиптин ДПП-4-пен іріктеліп байланысады, оның in vitro селективтілігі ДПП-8-ге қатысты селективтілігінен немесе ДПП-9-ға қатысты белсенділігінен 10000 еседен көп асады.

Метформин гидрохлориді бигуанид болып табылады және плазмада глюкозаның базальді және постпрандиальді деңгейін төмендетумен гипогликемиялық әсер иеленеді. Метформин инсулин секрециясын көтермелемейді, сондықтан да гипогликемияға әкелмейді.

Метформинге 3 әсер ету механизмі тән:

  • бұлшықеттерде глюконеогенез және гликогенолизді тежеу арқылы бауырда глюкоза түзілуін төмендету

  • инсулинге сезімталдықты арттыру арқылы қаңқа бұлшықеттерінің глюкозаны тұтынуын және шеткері жиналуын арттыру

  • глюкозаның ішекте сіңуін баяулату

Метформин гидрохлориді гликогенсинтетазаға әсер ете отырып, жасуша-

ішілік гликоген синтезін көтермелейді.

Метформин гидрохлориді глюкозаның жарғақша тасымалдағыштарының барлық белгілі типтерінің тасымалдау қабілетін арттырады.

Метформин гидрохлориді гликемияға әсеріне байланыссыз липидтер метаболизміне жағымды ықпалын тигізеді: жалпы холестериннің, ТТЛП құрамындағы холестерин мен триглицеридтердің деңгейін азайтады.

Клиникалық зерттеулер

Линаглиптинді метформинмен емдеуге қосу: метформин монотерапиясымен жеткіліксіз бақыланатын гликемиясы бар пациенттерде метформинмен біріктірілген линаглиптин тиімділігі мен қауіпсіздігі 24 аптаға созылған бірқатар салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде зерттелді. Линаглиптин мен метформин біріктірілімі, компоненттерінің әрқайсысын бөлек қабылдауға қарағанда, дене салмағының өзгеруінсіз гликемиялық параметрлердің елеулі жақсаруын қамтамасыз етеді. Гликозилденген гемоглобин А (HbA1c) деңгейі плацебомен салыстырғанда, сондай-ақ аш қарын плазмадағы глюкоза деңгейі (АПГ), тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң плазмадағы глюкоза деңгейі (ТПГ) плацебомен салыстырғанда орташа бастапқы деңгейінен едәуір төмендейді және HbA1c мақсатты деңгейлеріне жеткен пациенттердің көп бөлігін құрайды.

Күніне екі рет 2,5 мг дозадағы линаглиптин тиімділігі мен қауіпсіздігі, метформинмен біріктірілімдегі күніне бір рет 5 мг-мен салыстырғанда, метформинмен монотерапияда жеткіліксіз бақыланған гликемиясы бар пациенттерде 12 аптаға созылған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде бағаланды. Линаглиптинді 5 мг дозада күніне бір рет және 2,5 мг-ден күніне екі рет қабылдау HbA1 деңгейінің, плацебомен салыстырғанда, бастапқы деңгейінен клиникалық мәнді салыстырмалы төмендеуін қамтамасыз етті. Линаглиптин алған пациенттерде байқалған гипогликемия жиілігі плацебо тобындағы осындаймен ұқсас болды. Топтар арасында дене салмағының елеулі айырмашылықтары жоқ.

Линаглиптин метформин мен сульфонилмочевина туындыларының біріктірілімі қолданылатын емге қосымша ретінде: линаглиптиннің (5 мг) плацебомен салыстырылатын тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін, метформинмен және сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп емдеу оң нәтиже бермеген пациенттердің қатысуымен 24 аптаға созылған плацебо-бақыланатын зерттеу жүргізілді. Линаглиптин HbA1c деңгейінің, плацебомен салыстырғанда, елеулі жақсаруын қамтамасыз етті. Линаглиптин қабылдау HbA1c нысаналы деңгейіне жеткен пациенттердің жағдайын, сондай-ақ, плацебомен салыстырғанда, аш қарындағы глюкоза (АПГ) деңгейлерін едәуір жақсартты. Топтар арасында дене салмағының елеулі айырмашылықтары болмаған.

Линаглиптин метформинмен және эмпаглифлозинмен емге қосымша дәрі ретінде: Метформин және эмпаглифлозин (10 мг немесе 25 мг) қабылдау кезінде гликемия бақылануы жеткіліксіз пациенттерде қосымша дәрі ретіндегі 5 мг линаглиптинмен 24-апталық емдеу, қосымша плацебо емімен салыстырғанда, тиісінше, орташа түзетілген HbA1 көрсеткішінің, бастапқысымен салыстырғанда, едәуір төмендеуіне әкелді. Линаглиптин 5 мг қабылдау кезінде HbA1 бастапқы деңгейі > 7,0% пациенттердің статистикалық мәнді көп саны, плацебомен салыстырғанда, HbA1c көрсеткішінің < 7 % мақсатты деңгейіне жетті.

Метформинмен және инсулинмен біріктірілген линаглиптин: метформинмен немесе метформинсіз инсулинге қосымша күніне бір рет 5 мг линаглиптин тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін 24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеу жүргізілді. Метформинмен және инсулинмен біріктірілген линаглиптин, метформинмен және инсулинмен біріктірілген плацебомен салыстырғанда, HbA1 көрсеткішінің едәуір жақсаруын қамтамасыз етті. Топтардың бір де бірінде дене салмағының, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, елеулі өзгерісі байқалмаған.

24 ай ішінде глимепиридпен салыстырылатын метформинге қосымша ретіндегі линаглиптин: метформин қолданылатын монотерапияда гликемиялық бақылануы жеткіліксіз пациенттерде 5 мг линаглиптин немесе глимепиридті 3 мг орташа дозада қосудың тиімділігі мен қауіпсіздігін салыстырмалы зерттегенде линаглиптин мен глимепиридтің HbA1c деңгейінің орташа төмендеуі білінді. Линаглиптин қабылдаған топтағы гипогликемия жиілігі глимепирид қабылдаған топтағыдан едәуір төмен болды. Линаглиптин қабылдаған пациенттерде, глимепирид қабылдаған пациенттердегі дене салмағының айтарлықтай артуынан ерекшелігі, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, дене салмағының елеулі орташа төмендеуі байқалды.

Линаглиптин 2-ші типті қант диабеті бар егде жастағы (≥ 70 жастағы) адамдарда қосымша ем ретінде: 2-ші типті ҚД бар егде жастағы (≥ 70 жастағы) адамдарда линаглиптин тиімділігі мен қауіпсіздігі 24 аптаға созылатын салыстырмалы жасырын зерттеу барысында бағаланды. Пациенттер негізгі ем ретінде метформин және/немесе сульфонилмочевина туындыларын және/немесе инсулин қабылдады. Диабетке қарсы негізгі препараттардың дозалары алғашқы 12 апта бойы тұрақты күйде қалды, сонан соң оларды түзетуге болады. Линаглиптин HbA1c орташа бастапқы деңгейімен салыстырғанда 24 аптадан соң, плацебомен салыстырғанда,  HbA1c деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз етті. Линаглиптин, плацебомен салыстырғанда, елеулі АПГ жақсаруын да көрсетті. Топтар арасында дене салмағының елеулі айырмашылықтары болмаған.

Метформинді де, базальді инсулинді де базальді ем ретінде алған 2 типті ҚД бар егде жастағы (≥ 70 жастағы) пациенттерде біріктірілген деректерді талдау нәтижелері бойынша, метформинмен және инсулинмен біріктірілген линаглиптин, метформинмен және инсулинмен біріктірілген плацебомен салыстырғанда, HbA1c параметрлерінің бастапқы деңгейден едәуір жақсаруын қамтамасыз еткен.

Айқын гипергликемиясы бар пациенттерде (бұрын ем қабылдамаған) линаглиптинді және линаглиптиннің метморфинмен бастапқы біріктірілімін қолдану: бір реттік 5 мг линаглиптин мен күніне екі рет метформиннің бастапқы біріктірілімінің (алғашқы 6 аптада 1500 мг немесе 2000 мг) тиімділігі мен қауіпсіздігі, бір реттік 5 мг линаглиптинмен салыстырғанда, бұрын ем қабылдамаған және айқын гипергликемиямен 2 типті ҚД бар пациенттерде 24-апталық зерттеуде зерттелді. Линаглиптинмен монотерапияның және линаглиптиннің метформинмен бастапқы біріктірілімімен емдеудің 24 аптасынан кейін HbA1c деңгейінің едәуір төмендеуі білінді. Бастапқы біріктірілімінде емдеу монотерапиядан артықшылығын көрсетті (p<0.0001).

Жүрек-қантамырлық қауіп: клиникалық зерттеулерге қатысқан 2 типті ҚД бар пациенттердегі проспективті мета-талдау линаглиптинмен емдеудің жүрек-қантамырлық қауіптің (жүрек-қантамырлық өлім қаупі, фатальді емес миокард инфарктісі, фатальді емес инсульт немесе тұрақсыз стенокардиямен байланысты ауруханаға жату) артуына әкелмейтінін көрсетті.

Метформин

Проспективті, рандомизацияланған (UKPDS) зерттеуде 2 типті ҚД кезінде қандағы глюкоза деңгейін қарқынды бақылауға қатысты препараттың ұзаққа созылатын тиімділігі анықталды.

Диета тиімсіздігінен кейін метформин қабылдаған артық дене салмағы бар пациенттердегі нәтижелер талдауы мынаны көрсетті:

  • тек диетамен салыстырғанда және сульфонилмочевина туындыларымен біріктірілімде және инсулинмен монотерапияда қолданатын топтармен салыстырғанда, метформин қабылдаған топта диабеттің кез келген асқынуының абсолютті даму қаупінің елеулі төмендеуі;

  • ҚД-мен байланысты кез келген себеп бойынша абсолютті өлім қаупінің елеулі төмендеуі;

  • бөлек диетамен салыстырғанда және сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп және инсулинмен монотерапияны қолданған топтармен салыстырғанда, метформин қабылдаған топта жалпы өлімге ұшыраудың абсолютті қаупінің елеулі төмендеуі;

  • бөлек диета кезінде метформин қабылдау тобында миокард инфарктісінің абсолютті даму қаупінің елеулі төмендеуі.

Қолданылуы

2 типті қант диабеті бар ересек пациенттер:

  • монотерапия түріндегі метформиннің ең жоғары жағымды дозасының бақылануы жеткіліксіз болған пациенттерге, сондай-ақ линаглиптин мен метформин біріктірілімін алып жүрген пациенттерге диета және дене жаттығуларына қосымша ретінде гликемияны бақылауды жақсарту мақсатында.

  • метформин мен сульфонилмочевина туындыларының ең жоғары жағымды дозасының бақылануы жеткіліксіз болған пациенттерге диета және дене жаттығуларына қосымша ретінде сульфонилмочевина туындыларымен біріктірілімде (біріктірілген үштік ем) гликемияны бақылауды жақсарту мақсатында.

  • метформин және SGLT2 тежегішінің ең жоғары жағымды дозасымен жеткіліксіз бақыланатын пациенттерге диета және дене жаттығуларына қосымша ретінде 2 типті глюкозаның (SGLT2) (біріктірілген үштік ем) натрийге тәуелді тасымалдағышының тежегішімен біріктірілімде гликемияны бақылауды жақсарту мақсатында.

  • инсулинмен және метформинмен қамтамасыз етілетін гликемия бақылануы жеткіліксіз пациенттерге диета және дене жаттығуларына қосымша ретінде инсулинмен біріктірілімде (біріктірілген үштік ем) гликемияны бақылауды жақсарту мақсатында.

Қолдану тәсілі және дозалары

ДЖЕНТАДУЭТО препаратының дозасын пациентті емдеудің ағымдағы режимінің, оның тиімділігі мен жағымдылығының негізінде әркімге жеке таңдау керек.

Ұсынылатын дозасы күніне екі рет 2,5 мг/850 мг немесе 2,5 мг/1000 мг құрайды. Ең жоғары ұсынылатын тәуліктік ДЖЕНТАДУЭТО дозасы 5 мг линаглиптин және 2000 мг метформин құрайды.

Қолдану тәсілі: ДЖЕНТАДУЭТО препаратын метформиннен туындайтын асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз құбылыстардың пайда болу қаупін төмендету мақсатында тамақтану кезінде күніне екі рет қабылдау керек.

Пациенттер күні бойына көмірсулардың орташа тұтынылуымен тағайындалған диетаны ұстануы тиіс. Артық салмақты пациенттер төмен калориялы диета ұстануы тиіс.

Өткізіліп алған доза: препарат қабылдауды өткізіп алған жағдайда, оны пациент бұл жөнінде еске түсірген бойда қабылдау керек. Бір күнде екі есе дозасын бір мезгілде қабылдауға болмайды, ондай жағдайда қабылдауды өткізіп жіберген жөн.

Метформин алмайтын пациенттер үшін

Метформин алмайтын пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза күніне екі рет 2,5 мг линаглиптин/ 500 мг метформин гидрохлоридін құрайды.

Рұқсат етілетін ең жоғары дозада метформин монотерапиясымен жеткіліксіз бақыланатын 2 типті ҚД бар пациенттерге ДЖЕНТАДУЭТО препаратының бастапқы дозасы күніне екі рет 2,5 мг линаглиптин (тәуліктік дозасы 5 мг) құрауы тиіс, ал метформин дозасы бұрын қабылданған мөлшерде қалады.

Линаглиптин мен метформиннің біріктірілген емінен көшірілетін пациенттерге ДЖЕНТАДУЭТО препараты линаглиптин мен метформин дозалары бұрын қабылданған мөлшердегідей тағайындалуы тиіс.

Метформин мен сульфонилмочевина туындыларының ең жоғары рұқсатты дозалары қолданылатын қосарлы біріктірілген еммен жеткіліксіз бақыланатын 2 типті ҚД бар пациенттерге ДЖЕНТАДУЭТО препараты линаглиптин дозасы күніне екі рет 2,5 мг (тәуліктік дозасы 5 мг) құрап, ал метформин дозасы бұрын қабылданған мөлшердегідей тағайындалады.

ДЖЕНТАДУЭТО препаратын сульфонилмочевина туындыларымен біріктірілімде қолданғанда, гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина туындыларының төменірек дозасы қажет болуы мүмкін.

Инсулин мен метформиннің ең жоғары рұқсатты дозасы қолданылатын қосарлы біріктірілген ем жеткілікті гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпейтін пациенттерде ДЖЕНТАДУЭТО препараты, әдетте, линаглиптин дозасы тәулігіне екі рет 2,5 мг (тәуліктік дозасы 5 мг) құрайтындай, ал метформин дозасы бұрын қабылдануына тең болатындай тағайындалады.

Линаглиптин мен метформин біріктірілімін инсулинмен бірге қолданғанда гипогликемияның туындау қаупін төмендету үшін инсулиннің төменірек дозасы қажет болуы мүмкін.

Метформиннің түрлі дозаларын қолдану мақсатында ДЖЕНТАДУЭТО препараты келесі дозалар біріктірілімдерінде шығарылады: 2,5 мг линаглиптин + 850 мг метформин немесе 1000 мг метформин.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы: препаратты бүйрек функциясы бұзылуының орташа дәрежесіндегі (3a сатысы, креатинин клиренсі 45-59 мл/мин немесе шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) 45-59 мл/мин/1,73м2 болғанда) пациенттерге қабылдауға болады, тек лактоацидоз қаупін арттыруы мүмкін басқа жағдайлар болмаған жағдайда және дозасының келесі таңдауында: метформиннің ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне екі рет 500 мг құрайды. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Егер креатинин клиренсі <45 мл/мин немесе ШСЖ <45 мл/мин/1,73м2 болса, ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек.

Бауыр функциясының бұзылуы: құрамында метформин болуына байланысты, ДЖЕНТАДУЭТО препараты бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Егде жастағы пациенттерде: метформин бүйрекпен бөлініп шығатындықтан, ал егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеу үрдісі тән екендіктен, бүйрек функциясын жүйелі бақылау қажет.

Жағымсыз әсерлері

▼О сы дәрілік препарат препараттың қауіпсіздігі туралы жаңа ақпаратты анықтауға арналған қосымша мониторинг нысаны болып табылады.

Медицина мамандарынан кез келген болжанатын жағымсыз реакциялар туралы хабарлауды өтінеміз.

Препараттың қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

Линаглиптин мен метформин дозаларының бекітілген біріктірілімін қолданғанда ең көп жиі тіркелген жағымсыз реакция диарея болды.

Линаглиптин мен метформинді сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп қабылдағанда ең көп жиі тіркелген жағымсыз реакция гипогликемия болды.

Линаглиптин мен метформинді инсулинмен біріктіріп қолданғанда гипогликемия ең көп жиі тіркелген жағымсыз реакция болды, бірақ оның туындау жиілігі плацебоны және инсулинмен біріктірілген метформинді қолдану кезіндегі жиілікпен салыстырмалы болды.

Жағымсыз реакциялардың жиынтық кестесі

Жағымсыз реакциялар абсолютті жиілігінің кему тәртібінде тізбеленген. Жиіліктері «өте жиі» (1/10); «жиі» (1/100-ден < 1/10 дейін); «жиі емес» (1/1000-нан < 1/100 дейін); «сирек» (1/10 000-нан < 1/1000 дейін); «өте сирек» (< 1/10 000), «белгісіз» (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) болып берілген.

1 кесте Клиникалық зерттеулерде және тіркеуден кейінгі кезеңде ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдаған пациенттерде тіркелген жағымсыз реакциялар (плацебо-бақыланатын зерттеулердің біріктірілген деректерін талдау негізінде туындау жиілігі)

Емдеу сызбасына қарай жағымсыз реакциялары

Ағзалар жүйесі класы

Жағымсыз реакция

Линаглиптин + метформин

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Назофарингит

жиі емес

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронхтар гиперреактивтілігі)

сирек

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Жөтел

жиі емес

АІЖ тарапынан бұзылулар

Тәбет төмендеуі

жиі емес

Диарея

жиі емес

Жүрек айну

жиі емес

Панкреатит

белгісіз

Құсу

жиі емес

Ойық жаралы стоматит*

белгісіз

Тері жабындары тарапынан бұзылулар

Ангионевроздық ісіну*

сирек

Есекжем*

сирек

Бөртпе*

жиі емес

Қышыну

жиі емес

Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі

Амилаза жоғарылауы

жиі емес

* Тіркеуден кейін қолдану тәжірибесінің негізінде.

2 кесте Пациенттерде линаглиптин мен метформинді сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп қабылдау кезінде қосымша тіркелген жағымсыз реакциялар*

Емдеу сызбасына қарай жағымсыз реакциялары

Ағзалар жүйесі класы

Жағымсыз реакция

Линаглиптин + метформин +

сульфонилмочевина туындылары

Метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар

Гипогликемия1

өте жиі

* Сульфонилмочевина туындылары тобының нақты препараттарының ДЗ қысқаша сипаттамаларында қосымша ақпарат берілген.

1Гипогликемия жағдайларының бірде-бірі ауыр санатқа жатқызылмаған.

Линаглиптин мен метформинді инсулинмен біріктірілімде қолданғанда қосымша жағымсыз реакция – іш қату тіркелді, сондай-ақ гепатобилиарлық жүйе тарапынан реакциялардың жоғары туындау қаупі болуы мүмкін.

3 кесте Пациенттерде линаглиптин мен метформинді инсулинмен біріктіріп қолдану кезінде қосымша тіркелген жағымсыз реакциялар*

Емдеу сызбасына қарай жағымсыз реакциялары

Ағзалар жүйесі класы

Жағымсыз реакция

Линаглиптин + метформин + инсулин

АІЖ тарапынан бұзылулар

Іш қату

жиі емес

Гепатобилиарлық жүйе тарапынан бұзылулар

Бауыр функциясы көрсеткіштерінің

өзгеруі *

жиі

* Инсулин мен метформин ДЗ қысқаша сипаттамаларында қосымша ақпарат берілген.

Жеке компоненттері туралы қосымша ақпарат

ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдағанда, тіпті егер олар ДЖЕНТАДУЭТО препаратының клиникалық зерттеулерінде тіркелмесе де, әсер етуші заттарының бірін қолданғанда бұрын тіркелген жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін.

Линаглиптин

Линаглиптинмен монотерапия кезіндегі барлық жағымсыз реакциялар 1 кестеде ДЖЕНТАДУЭТО препараты үшін де сипатталған.

Метформин

Метформинге белгілі, бірақ ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдаған пациенттерде тіркелмеген жағымсыз реакциялар 4 кестеде тізбеленген.

4 кесте Монотерапия ретінде метформин* қабылдаған пациенттерде тіркелген және

ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдаған пациенттерде байқалмаған жағымсыз реакциялар

Емдеу сызбасына қарай жағымсыз реакциялары

Ағзалар жүйесі класы

Жағымсыз реакция

Метформин (монотерапия)

Метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар

Лактоацидоз

өте сирек

В12 дәруменінің тапшылығы

өте сирек

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылу

Дәм сезудің бұрмалануы

жиі

АІЖ тарапынан бұзылулар

Іштің ауыруы

өте жиі

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан бұзылулар

Бауыр функциясы көрсеткіштерінің

өзгеруі*

жиілігі белгісіз

Гепатит

өте сирек

Тері жабындары тарапынан бұзылулар

Эритема, есекжем сияқты тері тарапынан болатын реакциялар

өте сирек

* Метформин дәрілік затының қысқаша сипаттамасында қосымша ақпарат берілген.

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жүрек айну, құсу, диарея, тәбеттің төмендеуі (1 кесте) және іштің ауыруы (3 кесте) сияқты бұзылулар ДЖЕНТАДУЭТО препаратымен немесе метформинмен емдеудің басында жиірек туындаған және көптеген жағдайларда өздігінен басылған.

Профилактикалық мақсаттарда ДЖЕНТАДУЭТО препаратын күніне екі рет тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау ұсынылады. Дозаны баяу арттыру да препараттың асқазан-ішек жолындағы жағымдылығын жақсартуы мүмкін.

Метформинмен ұзақ емдеу В12 дәрумені сіңуінің төмендеуімен қатар жүреді (3 кесте), бұл өте сирек жағдайларда В12 дәруменінің клиникалық мәнді тапшылығының (мысалы, мегалобластты анемия) дамуына әкелуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • 1 типті қант диабеті

  • диабеттік кетоацидоз

  • диабеттік прекома

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • бүйрек функциясының орташа (3b сатысы) немесе ауыр (креатинин клиренсі <45 мл/мин немесе ШСЖ <45 мл/мин/1,73м2) дәрежеде

бұзылуы

  • бүйрек функциясын бұзатын жедел аурулар (сусыздану, ауыр

инфекциялар, шок, құрамында йод бар заттарды тамыр ішіне

қолдану сияқты)

  • тіндік гипоксияны туындататын аурулар (атап айтқанда, аурудың жедел түрі немесе созылмалы аурудың өршуі, мысалы

декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу

жеткіліксіздігі, таяуда өткерген миокард инфарктісі, шок)

  • бауыр функциясының бұзылуы

  • жедел алкогольдік уыттану, маскүнемдік

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі

Жалпы нұсқаулар. Линаглиптин (тәулігіне бір рет 10 мг) және метформиннің (тәулігіне екі рет 850 мг) бірнеше реттік дозаларын бірге енгізу дені сау еріктілерде линаглиптин немесе метформин фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбеген.

ДЖЕНТАДУЭТО препаратының басқа препараттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген, алайда осы тұрғыда ДЖЕНТАДУЭТО препаратының жекелеген әсер етуші заттары – линаглиптин және метформин зерттелген.

Линаглиптин

In vitro. Линаглиптин CYP3A4 (CYP изоферменті) әлсіз бәсекелес тежегіші болып табылады, өзінің әсер ету механизмі есебінен CYP3A4 қайтымсыз тежейтін әлсіз немесе орташа қабілетке ие, бірақ басқа CYP изоферменттерін тежемейді. Линаглиптин CYP изоферменттерінің индукторы емес.

Линаглиптин гликопротеин-P (P-gp) үшін субстрат болып табылады және P-gp арқылы дигоксин тасымалын тежейді (аздаған дәрежеде). Осы нәтижелер мен дәрілік өзара әрекеттесуінің in vivo зерттеулерінен алынған деректер негізінде, линаглиптиннің P-gp үшін басқа субстраттармен дәрілік өзара әрекеттесуге түсу қабілетінің ықтималдығы аз деп саналады.

In vivo. Төменде берілген клиникалық деректер дәрілік препараттарды бірге қабылдағанда клиникалық мәнді дәрілік өзара әрекеттесулердің аздаған қаупі барын айғақтайды. Дозаны түзетуді талап ететін ешқандай клиникалық мәнді өзара әрекеттесулер байқалмаған.

Линаглиптин метформин, глибенкламид, симвастатин, пиоглитазон, варфарин, дигоксин немесе ішуге арналған контрацептивтер фармакокинетикасына клиникалық мәнді ықпалын тигізбеген, бұл CYP3A4, CYP2C9, CYP2C8, Р-гликопротеин субстраттарымен және органикалық катиондар тасымалдағышымен in vivo дәрілер арасындағы өзара әрекеттесулерді туындату қабілеті төмен екенін көрсетеді.

Метформин. Метформин (күніне 3 рет 850 мг дозасын күнделікті бірнеше рет қабылдау) мен линаглиптинді күніне 1 рет 10 мг дозада біріктіріп емдеу линаглиптин немесе метформин фармакокинетикасының клиникалық мәнді өзгерістеріне әкелмейді. Осылайша, линаглиптин органикалық катиондардың тасымалдаушы молекулаларының тежегіші емес.

Сульфонилмочевина туындылары. Динамикалық тепе-теңдік сатысында 5 мг линаглиптин фармакокинетикасы бір реттік 1,75 мг глибенкламид (глибурид) дозасын қабылдағанда өзгермейді. Алайда, глибенкламид AUC және Cmax мәндерінің клиникалық маңызсыз 14% төмендеуі білінген. Глибенкламид негізінен CYP2C9 арқылы метаболизденетіндіктен, сәйкесінше, линаглиптин CYP2C9 тежегіші болып табылмайды. Глибенкламид сияқты, негізінен CYP2C9 қатысуымен метаболизденетін басқа сульфонилмочевина туындыларымен де (мысалы, глипизид, толбутамидн және глимепиридпен) клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Тиазолидиндиондар. Линаглиптин қолданып, күніне 10 мг ең жоғары емдік дозада бірнеше рет қабылдау және CYP2C8 және CYP3A4 үшін субстрат болып табылатын пиоглитазонның күніне 45 мг дозасын бірнеше рет қабылдау линаглиптин мен пиоглитазонның немесе пиоглитазонның белсенді метаболиттерінің фармакокинетикасына клиникалық мәнді ықпалын тигізбейді.

Ритонавир. Линаглиптинді бір реттік 5 мг дозада және ритонавирдің 200 мг дозасын бірнеше рет қабылдауды бірге қолдану линаглиптин AUC және Cmax мәндерін, тиісінше, шамамен екі және үш есе арттырады. P-gp және CYP3A4 басқа тежегіштерімен клиникалық мәнді өзара әрекеттесулері күтілмейді және дозаларын өзгерту қажет емес.

Рифампицин. Линаглиптин мен рифампицинді бірнеше рет қолдану AUC, Cmax төмендеуіне және ДПП-4 базальді белсенділігі тежелісінің төмендеуіне әкеледі. P-gp белсенді индукторларымен біріктіріліп қолданылған линаглиптиннің клиникалық тиімділігі, толығымен білінбеуі мүмкін болса да, сақталады. Басқа P-gp және CYP3A4 күшті индукторларымен, мысалы, карбамазепин, фенобарбитал және фенитоинмен бірге енгізілуі зерттелмеген.

Дигоксин. Линаглиптинді тәулігіне 5 мг дозада және дигоксинді тәулігіне 0,25 мг дозада бірнеше рет қолдану дигоксин фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Варфарин. Линаглиптинді тәулігіне 5 мг дозада бірнеше рет қолдану CYP2C9 үшін субстрат болып табылатын S(-) немесе R(+) варфарин фармакокинетикасын өзгертпейді, демек, линаглиптиннің CYP2C9 тежеу қабілеті жоқ.

Симвастатин. Линаглиптинді күніне 10 мг ең жоғары емдік дозасында бірнеше рет қолдану симвастатин фармакокинетикасына елеусіз ықпал етеді және дозаны түзетуді талап етпейді. Линаглиптинді 10 мг ең жоғары емдік дозасында және 40 мг симвастатинді 6 күн бойы күнделікті қабылдаудан кейін симвастатин AUC 34%, ал плазмадағы Cmax 10% артады. Осылайша, линаглиптин CYP3A4 арқылы жүретін метаболизмнің әлсіз тежегіші болып саналады және CYP3A4 арқылы метаболизденіп бірге қабылданатын препараттар дозасын түзету қажет емес.

Ішуге арналған контрацептивтік препараттар. Линаглиптинді 5 мг дозада левоноргестрелмен немесе этинилэстрадиолмен қолдану бұл препараттар фармакокинетикасының тұрақты жағдайын өзгертпейді.

Метформин

Алдын ала сақтану шараларын қадағалауды талап ететін біріктірілімдер: глюкокортикоидтар (жүйелі және жергілікті қолданылатын), бета-2-агонистер және диуретиктердің өзіндік гипергликемиялық әсері болады. Осындай дәрілік заттармен емдеу кезінде, әсіресе, оларды қолданудың басында пациенттерге бұл жөнінде хабар беріп, қандағы глюкоза деңгейіне жиірек мониторинг өткізу керек.

Ұсынылмайтын біріктірілімдері: жедел алкогольдік уыттану кезінде метформин қолдану, әсіресе, ашығу, тойып тамақтанбау немесе бауыр жеткіліксіздігі жағдайында лактоацидоздың даму қаупін арттырады. Алкоголь мен құрамында этил спирті бар препараттарды қолданудан аулақ болу керек.

Өзекшелік секреция жолымен шығарылатын катион-белсенді препараттар, мысалы, циметидин бүйректің ортақ өзекшелік тасымалдау жүйелері үшін бәсекелесіп, метформинмен өзара әрекеттесуі мүмкін. Сондықтан катион-белсенді препараттарды бір мезгілде қолданғанда гликемияны мұқият бақылау, метформин дозаларын ұсынылатын дозалау режимі шегінде өзгерту және, қажет болса, қант диабетін емдеуді түзету қажет.

Рентгенологиялық зерттеулер кезінде йод негізіндегі контрастылы заттарды тамыр ішіне енгізу метформин жинақталуымен және лактоацидоздың туындау қаупімен бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін. Пациенттерге ШСЖ >60 мл/мин/1,73 м2 болғанда тексеруге дейін немесе тексеру кезінде препарат қабылдауды тоқтатып, оны келесі 48 сағат ішінде жаңғыртпау қажет. Бүйрек функциясы орташа дәрежеде бұзылған пациенттер үшін (ШСЖ 45 және 60 мл/мин /1,73м2 арасында) метформин қолдануды құрамында йод бар рентгенконтрастылы заттарды енгізуге дейін 48 сағат бұрын тоқтатып, оны рентгенологиялық зерттеуден және бүйрек функциясын бағалаудан кейін 48 сағат өтпей тұрып жаңғыртпаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

ДЖЕНТАДУЭТО препараты 1 типті қант диабетін емдеуге немесе диабеттік кетоацидозды емдеуге қолданылмауы тиіс.

Гипогликемия. Метформин аясында линаглиптинді сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп тағайындағанда, плацебомен салыстырғанда, гипогликемияның даму жиілігі жоғары болды. Линаглиптинді сульфонилмочевина туындыларымен және (немесе) инсулинмен біріктіріп қолданғанда сақ болу ұсынылады. Сульфонилмочевина туындыларының немесе инсулиннің дозаларын азайтуға болады.

Линаглиптин, метморфин немесе линаглиптин + метморфинді қолдану гипогликемияны туындатпайды. Клиникалық зерттеулерде линаглиптинді метформинмен біріктірілімде немесе тек метформинді қабылдайтын пациенттердегі гипогликемия жиілігі салыстырмалы түрде төмен болған, бірақ, егер жоғары дене жүктемелері калориялармен толықтырылмаса немесе глюкоза деңгейін төмендететін басқа препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина туындыларымен немесе инсулинмен) немесе этил спиртімен бірге қабылдағанда қабылданатын калориялар мөлшері жеткіліксіз болғанда гипогликемия дамуы мүмкін.

Лактоацидоз – метформин гидрохлоридінің жиналуы салдарынан туындауы мүмкін, шұғыл емдеу болмағанда өліммен аяқталу деңгейі жоғары өте сирек, бірақ күрделі метаболизмдік асқыну. Бүйрек функциясының бұзылуымен немесе бүйрек функциясы нашарлауының жедел белгілерімен жүретін қант диабетінен зардап шегетін метформин алған пациенттерде лактоацидоз жағдайлары тіркелген. Бүйрек функциясы бұзылуы мүмкін жағдайларда, мысалы, сусыздану кезінде (диареяның ауыр түрі немесе құсу) немесе гипотензиялық дәрілермен, диуретиктермен емдеудің басында, сондай-ақ қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) емнің басында сақтық болу керек. Атап көрсетілген жедел жағдайларда метформин қабылдауды уақытша тоқтату керек.

Нашар бақыланатын диабет, кетоз, ұзақ уақыт ашығу, шамадан тыс алкоголь тұтыну, бауыр жеткіліксіздігі және айқын гипоксиямен байланысты кез келген жағдай, мысалы, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі сияқты басқа да астасқан қауіп факторларын ескеру керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін де қараңыз).

Бұлшықет құрысулары, іштің ауыруымен және қатты дімкәстанумен, ауыр астениямен жүретін диспепсиялық бұзылыстар сияқты спецификалық емес белгілер білінгенде лактатацидоздың даму қаупін ескеру керек. Пациенттерге бұл белгілер туралы олар білінген жағдайда, әсіресе, егер осыған дейін пациентте метформиннің жағымдылығы жақсы болса, дәрігерге дереу мәлімдеу қажеттілігі жөнінде нұсқау беру керек. Атап көрсетілген жедел жағдайларда метформин қабылдауды уақытша тоқтату керек. Метформинді пайда-қауіп арақатынасының жекеше негізде бағалануын ескеріп, сондай-ақ бүйрек функциясын талдаудан кейін қайта тағайындауға болады.

Диагностика: Лактоацидоз ацидоздық ентігумен, іштің ауыруымен және гипотермиямен сипатталады, әріқарай кома дамуы мүмкін. Диагностикалық зертханалық көрсеткіштері: қандағы төмен РH деңгейі, плазмадағы 5 ммоль/л-ден жоғары лактат концентрациясы, жоғары анион аралығы және лактат/пируват арақатынасы. Лактоацидозға күдіктенгенде пациентті дереу ауруханаға жатқызған жөн («Артық дозалануы» бөлімін қараңыз).

Дәрігер пациентке лактоацидоз қаупі мен симптомдары туралы ескертуі тиіс.

Бүйрек функциясы. ДЖЕНТАДУЭТО препараты құрамында бүйрекпен шығарылатын метформин бар болғандықтан, емдеуді бастар алдында және кейіннен жүйелі түрде қан сарысуы креатининінің деңгейін анықтап отыру ұсынылады:

  • бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде, кемінде, жылына 1 рет;

  • сарысудағы креатинин деңгейі жоғарғы қалып шегіне сәйкес келетін пациенттерде және егде жастағы пациенттерде, кемінде, жылына 2-4 рет;

  • егер креатинин клиренсі <45 мл/мин болса (ШСЖ <45 мл/мин/1,73м2) ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз);

Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының симптомсыз төмендеуі жиі байқалады. Бүйрек функциясының төмендеуіне әкелетін жағдайларда, мысалы, гипертензияға қарсы, диуретиктік емдеу басталған немесе ҚҚСП қолданылған жағдайда ерекше сақ болу қажет. 80 жастан бастап және одан үлкен пациенттерді емдеуде сақтық шарасын қадағалау керек. Бұл жағдайларда да бүйрек функциясын метформинмен емдеу басталғанша тексеру ұсынылады.

Жүрек функциясы. Жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипоксия мен бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі едәуір жоғары. Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ДЖЕНТАДУЭТО препаратын тек жүрек және бүйрек функциясына жүйелі бақылау жүргізумен қабылдауға болады.

Препарат құрамында метформин болуына орай, жедел және тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Құрамында йод бар рентгенконтрастылы дәрілер қабылдау. Радиологиялық зерттеулер жүргізу кезінде құрамында йод бар рентгенконтрастылы дәрілерді тамыр ішіне енгізу бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі және лактоацидоз қаупін арттырып, метформин жиналуын туғызуы мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Хирургиялық араласу. ДЖЕНТАДУЭТО препараты құрамында метформин бар болғандықтан, ол жалпы, жұлындық немесе перидуральді анестезиямен жасалатын жоспарлы хирургиялық араласудан 48 сағат бұрын тоқтатылуы тиіс. Препаратты қолдануды хирургиялық араласудан кейін 48 сағат өткен соң барып және өзгеріс болмағанын айғақтайтын бүйрек функциясын қайта бағалау нәтижелерін алу шартымен ғана жаңғыртуға болады.

Жедел панкреатит. Тіркеуден кейінгі кезеңде линаглиптин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатиттің даму хабарламалары тіркелген. Панкретит дамыған жағдайда ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдауды тоқтату керек.

Бұрын бақыланатын 2 типті ҚД бар пациент жағдайының өзгеруі. ДЖЕНТАДУЭТО препараты құрамында метформин бар болғандықтан, зертханалық көрсеткіштер қалып шегінен ауытқыған немесе шығу тегі анық емес клиникалық ауру дамыған жағдайда ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қабылдайтын, 2 типті ҚД бұрын бақыланған түріне шалдыққан пациенттерді диабеттік кетоацидоздың немесе лактоацидоздың бар-жоғына тексеруден өткізу қажет. Тексеруде электролиттер, кетондар, глюкоза деңгейінің және, егер көрсетілсе, қан сарысуындағы pH, лактат, пируват және метформин деңгейінің талдауы қамтылуы тиіс. Ацидоздың қандай да бір түрі болғанда препарат қабылдауды бірден тоқтатып, басқа тиісті түзету шараларын қабылдау қажет.

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілікті жоспарлау немесе оның басталу кезінде ДЖЕНТАДУЭТО препаратымен емдеуді тоқтатып, қандағы глюкозаның аномальді деңгейлерімен байланысты шарананың даму ақауларының қаупін төмендету мақсатында инсулинмен емдеуге мүмкіндігінше тезірек көшу керек.

Линаглиптин/метаболиттерінің және метформиннің емшек сүтімен аздаған мөлшердегі экскрециясы туралы клиникаға дейінгі деректер бар. Емшекпен қоректендірілетін сәби үшін қаупі жоққа шығарылмайды. Бала емізуді тоқтату немесе ДЖЕНТАДУЭТО препаратын қолданылатын емді тоқтату/бас тарту шешімін, сәби үшін емшек емудің артықшылығы мен емнің әйелге пайдасын ескерумен қабылдау керек.

Препараттың адам фертильділігіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Дәрілік заттың автокөлік немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді

басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік жүргізу және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал етпейді немесе мардымсыз әсер етеді. Пациенттерге, әсіресе, сульфонилмочевина туындыларымен және/немесе инсулинмен біріктіріп қабылдағанда гипогликемияның даму қаупі ескертілу керек. Препаратты қабылдау кезіндегі бас айналу жағдайларын ескеріп, сақтық шарасын қадағалау керек. Егер пациенттер бас айналуын сезінсе, олар аса қауіпті қызмет түрлерінен, соның ішінде автокөлік жүргізу және механизмдерді басқарудан аулақ болуы тиіс.

Артық дозалануы

ДЖЕНТАДУЭТО препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы деректер жоқ. Бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілгенде линаглиптиннің 600 мг-ге жеткізілген (ұсынылатын дозасынан 120 есе асатын) бір реттік дозалары дені сау еріктілердегі жағымдылығы жақсы болған. 600 мг-ден асатын дозаларын қолдану деректері болмаған.

Метформин гидрохлоридін 850 мг-ге жеткізілген дозаларда пайдаланғанда, лактоацидоз жағдайлары білінсе де, гипогликемия байқалмаған. Метформинмен едәуір артық дозалану лактоацидозға әкелуі мүмкін. Лактоацидоз шұғыл медициналық жағдайлар санатына жатады, ондай жағдайларда емдеу стационарда жүргізілуі тиіс.

Болуы мүмкін симптомдары: гипогликемия, жүрек айну, бас айналу.

Емі: симптоматикалық (асқазанды шаю, адсорбенттер қабылдау, көктамыр ішіне сұйықтықтар енгізу, гликемиялық бейінін бақылау және қалыпқа түсіру). Лактат пен метформин гидрохлоридін шығарудың ең тиімді әдісі

гемодиализ болып табылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/полихлортрифторэтиленді (ПВХ/ПХТФЭ) үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.

Пішінді ұяшықты 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін

пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ және Ко.КГ,

Бингер Штрассе 173

55216 Ингельхайм, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Ингельхайм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы

«Берингер Ингельхайм Фарма Геселлшафт м.б.Х» филиалы

Заңды және пошта мекенжайы:

050008, Алматы қ., Абай д-лы 52

«Innova Tower» БО, 7 қабат

Тел.: +7- 727-250-00-77

Факс: +7-727-244-51-77

PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com

Прикрепленные файлы

413104271477976947_ru.doc 225.5 кб
028066941477978116_kz.doc 303 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники