Гидрохлортиазид
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Гидрохлортиазид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Гидрохлоротиазид
Дәрілік түрі
Таблеткалар 25 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – гидрохлортиазид (100 % затқа шаққанда) – 25 мг;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, тальк, желатин, кальций стеараты, картоп крахмалы.
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті ойығымен, жайпақ циллиндр пішінді таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Диуретиктер. Тиазидтер. Гидрохлоротиазид.
АТХ коды C03AA03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді, несеп айдайтын және натрийуретикалық әсері қабылдағаннан кейін 2 сағаттың ішінде байқалады, шамамен 4 сағаттан кейін өзінің шыңына жетеді және өзінің әсерін 6-12 сағат бойы сақтайды. Абсорбциясы – 80 %, жылдам жүреді. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 60 – 80 %. Биожетімділігі – 70 %, TCmax – 2 – 5 сағат. Дозаның емдік диапазонында AUC орташа өлшемі дозаның жоғарылауына қарай тікелей пропорциональді артады, тәулігіне 1 рет тағайындағанда кумуляциясы мардымсыз. Бауырмен метаболизденбейді. Бүйректермен: 95 % өзгермеген түрінде және 4 % жуығы гидролизат-2-амин-4-хлор-m-бензенедисульфонамид түрінді (сілтілі несепте азаяды) – нефронның проксимальді бөлігінде шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелік сөлініс жолымен шығарылады. Бүйректің қалыпты функциясында жартылай шығару кезеңі 6,4 сағат, бүйрек функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылуында - 11,5 сағат, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы жағдайында (креатинин клиренсі <30 мл/мин) - 20,7 сағат құрайды. Плацента арқылы өтеді және аздаған мөлшерде емшек сүтіне бөлінеді.
Фармакодинамикасы
Орташа күшті тиазидтік диуретик. Генле ілмегінің кортикальді сегменті деңгейінде фуросемидпен салыстырғанда әлсіз диуретикалық әсер білдіретін, бүйректің ми қабатында өтетін бөлігіне әсер етіп, натрий иондарының реабсорбциясын төмендетеді. Иректі өзекшелердің проксимальді бөлігінде карбоангидразаны бөгейді, несеппен калий иондарының (дистальді өзекшелерде натрий ионы калий ионына алмасады), гидрокарбонаттар мен фосфаттардың шығарылуын күшейтеді. Іс жүзінде қышқылды-негізді жағдайға (натрий хлор ионымен немесе гидрокарбонатпен бірге шығарылады, сондықтан алкалозда гидрокарбонаттардың, ацидозда – хлоридтердің шығарылуы күшейеді) әсер етпейді. Магний иондарының шығарылуын жоғарылатады; организмде кальций иондары және ураттардың шығарылуы іркіледі. Диурездік әсері 1 - 2 сағаттан кейін дамиды, ең жоғары шегіне 4 сағатта жетеді, 10 - 12 сағатқа созылады. Әсері шумақтық сүзіліс жылдамдығы төмендегенде азаяды және оның 30 мл/мин төмен көлемінде тоқтайды. Қанттық емес диабетпен науқастарда антидиурездік әсер білдіреді (несептің көлемін азайтады және оның концентрациясын арттырады). Артериялық қысымды айналымдағы қан көлемін азайту, қантамырлары кенересінің реактивтілігін өзгерту, қантамырларын тарылтатын дәрілік заттардың прессорлық әсерін төмендету (эпинефрин, норэпинефрин) және ганглийлерге депрессорлық әсерінің күшеюі арқылы төмендетеді. Кейбір жағдайларда глаукомада көзішілік қысымды төмендетеді.
Қолданылуы
– артериялық гипертензияда (монотерапияда немесе басқа да гипотензиялық препараттармен біріктірілімде)
– шығу тегі әртүрлі ісіну синдромдарында (жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, портальді гипертензия, нефротикалық синдром, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, семіруде сұйықтың іркілуі)
– қанттық емес диабет
Қолдану тәсілі және дозалары
Артериялық қысымды төмендету үшін: ішке, тәулігіне 25-50 мг, бұл кезде аздаған диурез және натрийурез қабылдаудың бірінші күні-ақ байқалады (басқа да гипотензивті дәрілік заттармен кешенде ұзақ уақытқа тағайындалады: вазодилататорлармен, ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштерімен, симпатолитиктермен, бета-адреноблокаторлармен). Дозаны 25-тен 100 мг дейін жоғарылатқанда диурездің, натрийурездің пропорциональді жоғарылауы және артериялық қысымның төмендеуі байқалады. Кейбір емделушілер үшін 12,5 мг бастапқы доза жеткілікті болуы мүмкін (монотерапия түрінде немесе антигипертензиялық препараттармен бірге). Қажетті емдік әсері үшін тәулігіне 100 мг аспайтын, ең төмен тиімді дозасын қолдану керек.
Біріктірілген ем жағдайында –артериялық қысымның кенеттен төмендеуінің алдын алу үшін, препараттардың біреуінің дозасын азайту керек.
Антигипертензиялық әсері препаратты қабылдаудың 3-4 күнінен кейін басталады. Оңтайлы әсерге қол жеткізу үшін 3-4 апта қажет. Антигипертензиялық әсері ем аяқталғаннан кейін 1 аптаға созылады.
Ісіну синдромында – әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 25-100 мг препарат немесе әсеріне байланысты 25-50 мг демеуші дозаға дейін төмендетілуі мүмкін препаратты болюсті енгізу түрі (мысалы, екі күнде бір рет) болып табылады.
Кейбір ауыр жағдайларда 200 мг бастапқы дозасы қажет болуы мүмкін.
Егде жастағы тұлғаларға – 12,5 мг күніне 1 - 2 рет.
Қанттық емес диабетте - полиурияны төмендету үшін, әдеттегі тәуліктік доза 50-150 мг құрайды (бірнеше қабылдауға).
Балалар үшін орташа тәуліктік доза дене салмағына 1-2 мг/кг немесе бір реттік доза ретінде 30-60 мг/м² құрайды. 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларда жалпы тәуліктік доза күніне – 37,5-100 мг.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес
- респираторлық дистресс-синдром, оның ішінде пневмония және өкпенің ісінуі
Өте сирек
- лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия
Жиілігі белгісіз
- гипокалиемия, гипонатриемия, гипомагниемия, гиперкальциемия, гипергликемия, глюкозурия, гиперурикемия - жоғарырақ доза жағдайында, қан липидтері жеңгейі жоғарылауы мүмкін
- аритмия, ортостатикалық гипотензия - бас айналуы, бас ауыруы, құрысулар, парестезия, сананың шатасуы, летаргиялық ұйқы, ашушаңдық, көңіл күйдің өзгеруі - көрудің транзиторлы бұзылуы, ксантопсия - ауыздың құрғауы, шөлдеу сезімі, жүректің айнуы, құсу, сілекей бездерінің қабынуы, іш қатулар
- сарғаю (бауырішілік холестатикалық сарғаю), панкреатит, холецистит - бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит - бұлшықет түйілуі және ауырулар - бауыр энцефалопатиясын немесе бауыр комасын туындатуы мүмкін, гипохлоремиялық алкалоз - гиперурикемия симптомсыз емделушілерде подаграның ұстамасына түрткі болуы мүмкін - глюкоза көтерімділігінің бұзылуы, ол латентті қан диабетінің білінуін туындатуы мүмкін - анорексия, жүдеу - васкулит, некроздық васкулит
- анафилактикалық реакция, шок - фотосенсибилизация, есекжем, пурпура, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы - сексуальді бұзылыстар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне және басқа сульфониламидтерге жоғары сезімталдық
- анурия
- ауыр бүйрек (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе бауыр жеткіліксіздігі
- емге резистентті гипокалиемия немесе гиперкальциемия
- рефрактерлі гипонатриемия
- симптоматикалық гиперурикемия (подагра)
- туа біткен галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы
- лактация кезеңі
- 3-жасқа дейінгі балаларға (қатты дәрілік түрі)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Оларды бір мезгілде қолданғанда тиазидті диуретиктер мен төменде көрсетілген дәрілік заттар арасында дәрілік өзара әрекеттесу байқалады.
Алкоголь, барбитураттар, есірткілік дәрілер немесе антидепрессанттар:
ортостатикалық гипотензия күшеюі мүмкін
Диабетке қарсы препараттар (пероральді дәрілік заттар және инсулин): тиазидтермен емдеу глюкозаға төзімділікті бұзуы мүмкін. Дозалануын өзгерту қажет болуы мүмкін. Метформинді гидрохлоротиазидті функциональдік бүйрек жеткіліксіздігі мүмкіндігі салдарынан, лактоацидоз қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек.
Басқа да антигипертензивті заттар: аддитивті әсер.
Холестирамин мен колестипол шайыры: анион алмастыратын шайыр болған жағдайда, гидрохлоротиазидтің асқазан-ішек жолдарынан сіңу қабілеті нашарлайды. Холестирамин немесе колестипол шайырының тіпті бір реттік дозасы гидрохлоротиазидті байланыстырады және оның асқазан-ішек жолдарынан сіңуін сәйкесінше 85 және 43% төмендетеді.
Прессорлық аминдер (мысалы,адреналин): прессорлық аминдердің әсері төмендеуі мүмкін, бірақ оларды қолдануды тоқтататын жағдайдағыдай емес.
Деполяризацияламайтын миорелаксанттар (мысалы, тубокурарин): миорелаксантты әсерін күшейтуі мүмкін.
Литий: диуретиктер литийдің бүйректік клиренсін төмендетеді және айтарлықтай дәрежеде литий тұздарымен уыттану қаупін жоғарылатады. Оларды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Подаграға қарсы дәрілік заттар (пробенецид, сульфинпиразон мен аллопуринол): несеп қышқылының шығарылуына ықпал ететін дәрілердің дозасын түзету қажет етілуі мүмкін, өйткені гидрохлоротиазид сарысудағы несеп қышқылының деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Пробенецид немесе сульфинпиразон дозаларын жоғарылату қажет болуы мүмкін. Тиазидтерді бір мезгілде тағайындау аллопуринолға жоғары сезімталдық реакциясының жиілігін жоғарылатуы мүмкін.
Антихолинергиялық дәрілер (мысалы, атропин, бипериден):
асқазан-ішек жолының жиырылу қабілетінің және асқазанның босау интервалының төмендеуіне байланысты тиазидті типтегі диуретиктердің биожетімділігі жоғарылайды.
Цитоуытты дәрілер (мысалы, циклофосфамид, метотрексат):
тиазидтер цитотоуытты препараттардың бүйрек арқылы шығарылуын төмендетуі және олардың миелосупрессивті әсерін күшейтуі мүмкін.
Салицилаттар: салицилаттардың жоғары дозасы жағдайында, гидрохлоротиазид салицилаттардың орталық жүйке жүйесіне уытты әсерін күшейтуі мүмкін.
Метилдопа: гидрохлоротиазид пен метилдопаны бір мезгілде тағайындаған жағдайда жекелеген жағдайларда гемолитикалық анемия дамуы мүмкін.
Циклоспорин: циклоспоринмен бір мезгілде қабылдау гиперурикемияны және подагра түрінде асқынудың даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.
Тырнақгүл гликозидтері: тырнақгүл гликозидтері Гидрохлортиазидті қабылдау нәтижесінде дамыған, гипокалиемия мен гипомагниемия аясында аритмияның дамуына түрткі болу мүмкін.
Қандағы калий деңгейінің төмендеуін туындататын дәрілік препараттарды: егер гидрохлортиазидті сарысулық калий деңгейін төмендететін препараттармен (мысалы, тырнақгүл гликозидтері, антиаритмиялық дәрілер) және пируэтті қарыншалық тахикардияның (оның ішінде кейбір антиаритмиялық дәрілер) дамуын туындататын келесі препараттармен бір мезгілде тағайындағанда қан сарысуында калий деңгейін және ЭКГ мезгіл мезгіл тексеру ұсынылады, өйткені гипокалиемия пируэтті қарыншалық тахикардияның дамуына ықпал ететін фактор болып табылады:
- Ia класты антиаритмиялық дәрілер (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)
- III класты антиаритмиялық дәрілер (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)
- кейбір нейролептикалық препараттар (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, левомепромазин, трифлуоперазин, циамемазин, сульпирид, амисульпирид, тиаприд, пимозид, галоперидол, дроперидол)
- басқа дәрілік препараттар (мысалы, бепридил, цизаприд моногидраты, дифеманил, эритроцимин көктамыр ішіне енгізуге арналған, галофантрин, мизоластин, пентамидин, терфенадин, винкамин көктамыр ішіне енгізуге арналған).
Кальций тұздары: тиазидті диуретиктер қан сарысуында кальцийдің деңгейін оның экскрециясын төмендету есебінен жоғарылатады. Егер құрамында кальций бар қосымша компоненттерді тағайындау қажет болса, бұндай жағдайда қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылау керек және осыған сәйкес тағайындалған дозаны түзету керек.
Дәрілік препараттың зертханалық зерттеулер нәтижесіне әсері: кальций метаболизміне әсер ету нәтижесінде, Гидрохлортиазид қалқанша без функциясын зерттеу нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
Карбамазепин: симптоматикалық гипонатриемия қаупіне байланысты клиникалық және зертханалық бақылау керек.
Құрамында йод бар контрастылы заттар: диуретиктермен туындаған сусыздану нәтижесінде, негізінен, құрамында йод бар препараттардың жоғары дозаларын қолданғанда, жедел бүйрек жеткіліксіздігі қаупі жоғарылайды. Осы жағдайларда йод препараттарын тағайындар алдында емделушілерге регидратация жүргізу көрсетілімде.
Амфотерицин В (парентеральді), кортикостероидтар, бүйрекүсті безі қыртысы гормондары және іш жүргізетін дәрілер: гидрохлоротиазид электролиттік теңгерімнің бұзылуын, негізінен, гипокалиемияны күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ уақыт емдегенде су-электролиттік теңгерімнің бұзылуының клиникалық симптомдарын мұқият бақылау керек, алдымен, жоғары қауіп тобындағы емделушілерде: жүрек-қантамыры жүйесі ауруларымен және бауыр функциясының бұзылуымен науқастарда.
Гипокалиемиядан құрамында K+ бар препараттарды немесе K+ бай тағамды (жемістерді, көкөністерді) қабылдаумен сақтануға болады, әсіресе K+ күшті жоғалту жағдайында (айқын диурез, ұзақ уақыт емделу) немесе жүрек гликозидтерімен немесе глюкокортикостероидтармен бір мезгілде емдеуде.
Ауыр церебральді және коронарлық склероз жағдайында препаратты тағайындау айрықша сақтықты талап етеді.
Глюкозаға толеранттылықты бұзуы мүмкін. Манифестті және латентті қант диабетінің ұзақ емделу курсы кезінде көмірсулар метаболизмін жүйелі бақылау керек; гипогликемиялық ДЗ дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Ұзақ уақыт емдегенде сирек жағдайларда гиперкальциемиямен және гипофосфатемиямен қатар жүретін қалқанша без маңы бездері функциясының патологиялық өзгерістері байқалды. Препарат қалқанша без маңы бездері функциясының зертханалық зерттеулерінің нәтижесіне әсер етуі мүмкін, сондықтан қалқанша без маңы бездері функциясын тексермес бұрын препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Гидрохлортиазид қалқанша без функциясының бұзылуы белгілерінсіз сарысу ақуыздарымен байланысқан йодтың мөлшерін төмендетуі мүмкін.
Гидрохлортиазид кальцийдің ренальді экскрециясын төмендетуі мүмкін, сондай-ақ қан сарысуында кальций деңгейінің уақытша және аздаған жоғарылауына әкеледі.
Холестерин мен триглицеридтердің жоғарылауы Гидрохлортиазидпен диуретикалық еммен байланысты болуы мүмкін.
Гидрохлортиазидпен емдеу кейбір емделушілерде гиперурикемияны және/немесе подаграны туындатуы мүмкін. Емдеу кезінде, несеп қышқылының концентрациясын мезгіл мезгіл бақылау керек.
Бауыр аурулары
Гидрохлортиазидті бауыр ауруларында немесе бауырдың үдемелі ауруларымен науқастарда сақтықпен қолдану керек, өйткені ол бауырішілік холестазды туындатуы мүмкін, ал су-тұз теңгерімінің аз ғана өзгеруінің өзі бауыр комасының дамуына түрткі болуы мүмкін. Гидрохлортиазидті бауыр функциясының ауыр бұзылуымен емделушілерге қолдануға болмайды.
Басқалары
Гидрохлортиазидпен ем алудағы емделушілерде жоғары сезімталдық реакциясы сыртартқысында аллергия немесе бронх демікпесі болған жағдайда, сондай-ақ осы аурулар болмаған жағдайда да пайда болуы мүмкін. Тиазидтерді қабылдаған жағдайда жүйелі қызыл жегінің ағымының нашарлауы немесе белсенділенуі байқалды.
Препарат келесі зертханалық зерттеулер нәтижесіне әсер етуі мүмкін:
- плазмада ПБЙ (протеинмен байланысқан йод) деңгейін төмендету
- қан сарысуында бос билирубин концентрациясы жоғарылауы мүмкін
Жүктілік Гидрохлоротиазидтерді жүктілік кезінде, әсіресе жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, препаратты тағайындауға болмайды.
Гидрохлортиазид плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде қолданғанда, гидрохлоротиазид, өзінің фармакологиялық әсері арқылы, фетоплацентарлық қанағымын бұзуы мүмкін және эмбриональді немесе неонатальді сарғаю, электролитті теңгерім пен тромбоцитопенияны туындатуы мүмкін. Гидрохлортиазидті жүктілік кезіндегі ісінулерді, гипертонияны немесе преэклампсияны емдеу үшін қолдануға болмайды, өйткені аурудың ағымына жағымды әсерінің орнына плазма көлемінің азаю және жатырлық-плацентарлық қанайналымының бұзылу қаупі артады.
Гидрохлортиазид жүкті әйелдерде алғашқы артериялық гипертензияны емдеу үшін, басқа емді қолдану болмайтын сирек жағдайларды қоспағанда қолдануға болмайды.
Жүктілік кезінде Гидрохлортиазидті тағайындауға болмайды, препарат тек препаратты қолданудың пайдасы анасы мен ұрыққа болуы мүмкін жағымсыз әсерлерінен жоғары болған сирек жағдайларда ғана тағайындалады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелері
Таблетка түріндігі гидрохлортиазидтің көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері үлкен. Оны қолданудың алғашқы кезеңінде көлік құралдарын басқару немесе қауіпті жұмыстарды атқаруға рұқсат етілмейді. Кейіннен шектеудің дәрежесі препаратқа жекелей реакциясын ескере отырып анықталады.
Артық дозалануы
Симптомдары: симптомдарының дамуы сұйықтық пен электролиттердің айтарлықтай жоғалуымен байланысты және жүрек-қантамырлық симптоматикамен (тахикардия, артериялық гипотензия, шок), неврологиялық симптомдармен (әлсіздік, сананың шатасуы, бас айналуы, бұлшықет түйілуі, парестезия, жүдеп-ару, сананың бұзылуы), асқазан-ішектік симптомдармен (жүрек айнуы, құсу, шөлдеу), несеп шығару жолдары тарапынан симптомдармен (полиурия, олигурия немесе анурия), зертханалық талдаулардың ауытқуымен, жиі бүйрек жеткіліксіздігінде (гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия, алкалоз, қан мочевинасы азотының реакциясының жоғарылауы (негізінен бүйрек жеткіліксіздігінде)) байқалады.
Емі: құсуды индукциялау, асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау, электролиттік ерітінділердің инфузиясы; калий иондарының тапшылығын компенсациялау (калий, натрий, магний, калий сақтайтын диуретиктер препараттарын тағайындау), су-электролиттік теңгерімді және бүйрек функциясын жағдайы қалпына келгенше бақылау. Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге хром – эрзац картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,
(«БМПЗ»ААҚ), Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27, тел/факс 8-(10375177)744280.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы («БМПЗ» ААҚ), Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,
Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,
тел/факс 8-(10375177) 744280, электронды поштасы market@borimed.com