Гидрокортизон-АКОС (мазь 1%, 10г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ГИДРОКОРТИЗОН-АКОС
Халықаралық патенттелмеген атауы
Гидрокортизон
Дәрілік түрі
Жақпамай, 1 %
Құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – гидрокортизон ацетаты 1,0 г,
қосымша заттар: медициналық вазелин, ланолин, пентол, стеарин қышқылы, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су
СитпаттамасыАқ сарғыш реңді немесе ашық-сары түсті жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Глюкокортикоидтар. Белсенділігі әлсіз глюкокортикостероидтар (I топ). Гидрокортизон.
АТХ коды D07АА02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Аппликациядан кейін эпидермисте (негізінен түйіршіктік қабатта) жинақталады. Тікелей эпидермисте, ал ары қарай бауырда метаболизденеді. Бүйрекпен және ішекпен бөлініп шығарылады.
Фармакодинамикасы
Гидрокортизон сыртқа қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикостероидты препарат болып табылады. Қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, қышынуға қарсы әсер көрсетеді. Лимфоциттер мен макрофагтардан цитокиндердің (интерлейкиндер мен интерферондардың) босап шығуын тежейді, эозинофилдермен қабыну медиаторларының босап шығуын бәсеңдетеді, арахидон қышқылының метаболизмін және простагландиндер синтезін бұзады. Глюкостероидты рецепторларды көтермелей отырып, липокортин түзілуін индукциялайды. Жасушалық қабыну инфильтраттарын азайтады, лейкоциттер мен лимфоциттер, соның ішінде қабыну аймағындағы лимфоциттер көшуін төмендетеді. Ұсынылған дозада тағайындаған кезде жүйелі жағымсыз әсерлер туғызбайды.
Қолданылуы
- экземада
- аллергиялық және жанаспалы дерматитте
- нейродермитте
- псориазда
- эритродермияда
- қасынуда
- жәндіктер шаққанда
- себореяда
Қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа. Жақпамайды жұқа қабатпен терінің зақымдалған аумағына күніне 2-3 рет жағады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және емнің тиімділігіне байланысты, әдетте 6-14 күнді құрайды; аурудың қарқынды ағымында емі 20 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Шектеулі ошақтарда әсерін күшейту үшін окклюзиялық таңғыштарды пайдалануға болады. Жақпамайды 2 жастан бастап және одан асқан балаларда қолданғанда емнің жалпы ұзақтығын екі аптадан асырмай шектеу және стероид сіңірілуінің күшеюіне апаратын шараларды (қыздыратын, бекітетін және окклюзиялық таңғыштар) болдырмау керек.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- гиперемия, жақпамай жаққан жерлердегі ісіну және қышыну
Өте сирек
- ұзақ уақыт қолданғанда терінің екіншілік жұқпалы зақымданулары, ондағы атрофиялық өзгерістер, гипертрихоз дамуы мүмкін
- жақпамайды ұзақ уақыт қолданғанда немесе окклюзиялық таңғышты, әсіресе ауқымды зақымдалу бөліктеріне пайдаланғанда гидрокортизонның резорбтивтік әсерінің көрінісі сияқты гиперкортицизм (гипергликемия, глюкозурия, бүйрекүсті безі қыртысы функциясының қайтымды бәсеңдеуі, Кушинг синдромының көрініс беруі) симптомдары дамуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- гидрокортизонға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- терінің жаралы, ойық жаралы зақымданулары
- терінің бактериялық, вирустық және зеңдік аурулары
- тері туберкулезі және терінің мерездік зақымданулары
- розацеа
- өрескел безеу
- периоральді дерматит
- тері ісіктері
- балалар (2 жасқа дейінгі)
- жүктілік
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Сақтықпен: лактация кезеңі, қант диабеті, туберкулез (жүйелі зақымдану).
Препаратты бет аумағына немесе окклюзиялық таңғыштың астына балаларда қолданған жағдайда емдеу курсының ұзақтығын екі аптаға дейін азайту қажет. Балаларда бүйрекүсті безі қыртысының функциясын басу тез дамуы мүмкін. Бұдан бөлек, өсу гормоны секрециясының төмендеуі байқалуы мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт бойы қолданғанда дене салмағын, бойды, плазма кортизолы концентрациясын бақылау қажет. 12 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек дәрігердің бақылауымен тағайындайды.
Жақпамайдың көзге және шырышты қабыққа түсуін болдырмау керек.
Егер 7 күн қолданғаннан кейін жақсару байқалмаса немесе жағдайдың нашарлауы байқалса, препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен кейін симптомдар жаңғырған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.
Ұзақ уақыт емделгенде және/немесе ауқымды беткейлерге жаққанда натрийді шектеумен және калий мөлшерінің жоғарылауымен емдәм тағайындау; организмге жеткілікті мөлшерде ақуыз енгізу ұсынылады.
Артериялық қысымды, қандағы глюкоза мөлшерін, қанның ұюын, диурезді, науқастың дене салмағын, плазмадағы кортизол деңгейін бақылап отыру қажет. Терінің жұқпалы зақымдануларын болырмас үшін препаратты бактерияға қарсы және зеңге қарсы дәрілермен бірге тағайындау ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған.
Артық дозалануы
Жедел артық дозалану ықтималдығы аз, алайда, препаратты шамадан тыс немесе ұзақ қолданғанда гиперкортицизм белгілерімен қатар жүретін созылмалы артық дозалану болуы мүмкін: гипергликемия, глюкозурия, бүйрекүсті безі қыртысы функциясының қайтымды бәсеңдеуі, Кушинг синдромының көрініс беруі.
Емі: тиісті симптоматикалық ем көрсетілген. Созылмалы уытты әсер ету жағдайында препаратты біртіндеп тоқтату ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий сықпаларда 10 г-ден.
Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
8 С-ден 15 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтай мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Синтез» ААҚ.
Ресей, 640008, Қорған қ., Конституция д-лы, 7
Тел./факс (3522) 48-16-89
E-mail: real@kurgansintez.ru
Интернет-сайт: www.kurgansintez.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,
Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14
тел. 714 228 01 79