Винпотропил
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Винпотропил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: 5 мг винпоцетин, 400 мг пирацетам,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, тальк,
желатинді капсула құрамы: корпусы - титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары (Е104), күн батар түстес сары (Е110), желатин,
қақпақшасы - титанның қостотығы (Е171), азорубин (Е122), желатин.
Сипаттамасы
Сары түсті корпусы және қызыл түсті қақпақшасы бар өлшемі №0 қатты желатинді капсулалар,. Капсулалар ішінде - ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ. Бөлек кристалдар мен түйірлер бола береді.
Фармакотерапиялық тобы
Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Басқа да психостимуляторлар және ноотроптар.
АТХ коды N06BX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Винпоцетин ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңеді (ең алдымен, аш ішектің проксимальді бөліктерінде). Аш қарынға қабылдау кезіндегі биожетімділігі – 7%-ға жуық, ас ішкен соң – 60%-ға жуық. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясына жету уақыты – 1 сағат. Ішек қабырғасы арқылы өту кезінде метаболизмге ұшырамайды. Тіндердегі ең жоғары концентрациясы ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң білінеді. Плазма ақуыздарымен байланысы – 66 %. Клиренсі бауырдың плазмалық көлемінен (50 л/сағ.) сағатына 66,7 л асып кетеді, бұл бауырдан тыс метаболизмін айғақтайды. Қайталап қабылдаулар кезінде кинетикасы дозаға байланысты сипатта болады. Жартылай шығарылу кезеңі – 4,83±1,29 сағат. Бүйрекпен және ішек арқылы 3:2 арақатынасында шығарылады. Несеппен винпоцетиннің бірнеше пайызы өзгеріссіз күйде, қалған бөлігі метаболиттер түрінде шығарылады.
Пирацетам ішке қабылданғаннан кейін жақсы сіңеді және түрлі ағзалар мен тіндерге өтеді. Биожетімділігі 95%-ға жуық құрайды. Қандағы ең жоғары концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін 0,5-1,0 сағаттан соң жетеді. Гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы өтіп, ішке қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан соң ми тінінде жиналады. Жұлын сұйықтығынан басқа тіндердегіден едәуір баяу шығарылады. Іс жүзінде биоөзгеріске ұшырамайды және 2/3 бөлігі өзгеріссіз күйде бүйрекпен 30 сағат ішінде шығарылады. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі – 4-5 сағат, мидан – 7,7 сағат.
Фармакодинамикасы
Винпотропил – біріктірілген препарат. Церебровазодилатациялық (винпоцетин) және ноотроптық (приацетам) дәрілерге тән қасиеттері бар.
Винпоцетин ми метаболизмін жақсартып, ми тінінің глюкозаны және оттегі тұтынуын арттырады. Нейрондардың гипоксияға төзімділігін арттырады; ГЭБ арқылы глюкозаның миға тасымалдануын күшейтеді; глюкозаның ыдырау үдерісін энергетикалық тұрғыда едәуір үнемді, аэробты жолға көшіреді; Са2+-тәуелді фосфодиэстеразаны селективті бөгейді; ми аденозинмонофосфаты (АМФ), циклды гуанозинмонофосфаты (цГМФ) және аденозинтрифосфаты (АТФ) деңгейлерін жоғарылатады. Мидағы норадреналин мен серотонин алмасуын күшейтеді; норадренергиялық жүйенің өрлеу тармағын көтермелейді, антиоксидантты әсер көрсетеді. Тромбоциттер агрегациясын және қанның жоғары тұтқырлығын төмендетеді; эритроциттер созылғыштығын арттырады және эритроциттер арқылы аденозиннің жойылуын бөгейді; эритроциттердің оттегіні көп беруіне ықпал етеді. Церебральді қан ағымын молайтады; жүйелі қан айналым көрсеткіштерінің елеулі өзгеруінсіз ми тамырларының төзімділігін төмендетеді. «Ұрлану» әсерін көрсетпейді әрі, бәрінен бұрын, ишемияланған ми бөліктерінің қанмен қамтылуын күшейтеді. Плаценталық бөгет арқылы өтеді.
Пирацетам мидың алмасу үрдістеріне оң ықпалын тигізеді, мидағы АТФ концентрациясын мардымсыз ұлғайтады, рибонуклеин қышқылы мен фосфолипидтер синтезін күшейтеді, гликолиз үрдістерін көтермелейді, глюкозаның жұмсалуын күшейтеді. Мидың интегративтік қызметін жақсартады, есте сақтау консолидациясына ықпал етеді, оқып-үйрену үдерісін жеңілдетеді, мидағы қозудың таралу жылдамдығын өзгертеді, осы тұста тамыр кеңейтуші әсер көрсетпестен микроциркуляцияны жақсартады, белсенділендірілген тромбоциттер агрегациясын тежейді. Гипоксиядан, уыттанудан, электрлі шоктан болатын ми зақымдануларында қорғағыш әсер көрсетеді; электроэнцефалограммада альфа және бета-белсенділікті күшейтеді, дельта-белсенділікті төмендетеді, вестибулярлық нистагм айқындылығын азайтады, мидың жарты шарлары арасындағы байланысты және неокортикальді құрылымдардағы синапстық өткізгіштікті жақсартады, ақыл-ой белсенділігін арттырады, ми қан ағымын күшейтеді. Тыныштандыратын, психиканы көтермелейтін ықпалы жоқ. Әсері біртіндеп дамиды.
Егде және кәрілік жастағы науқастарда ми-тамырлық шығу тегіндегі когнитивті бұзылулардың бастапқы көріністерінің белгілеріне қатысты әсер иеленген. Психогериатриялық тәжірибеде ұсынылған.
Қолданылуы
Емдік мақсаттарда:
- ми қан айналымының бұзылуы (ишемиялық және геморрагиялық инсульттің қалпына келу кезеңі, түрлі текті энцефалопатиялар, соның ішінде алкоголизмде)
- ми тамырларының атеросклерозы
- уыттанулар, ми жарақаттары және интеллектуалдық-мнестикалық қызметінің бұзылуымен қатар жүретін орталық жүйке жүйесінің басқа да аурулары
- психоорганикалық синдром
- шығу тегі әртүрлі лабиринтопатиялар
- Меньер синдромы
Қолдану тәсілі және дозалары
18 жастан бастап және одан асқан емделушілер үшін: ішке, тамақтанар алдында 1-2 капсуладан күніне 2-3 рет. Соңғы қабылдау – ұйқыға дейін 4 сағат бұрын. Ұсынылатын демеуші дозасы – 1 капсула күніне 3 рет. Демеуші ем ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді. Емдеу курсының жалпы ұзақтығы 2,3 аптадан 2-6 айға дейін құрайды. Тоқтатар алдында препарат дозасын біртіндеп азайту керек.
Жағымсыз әсерлері
- электрокардиограмманың (ЭКГ) өзгерісі (ST сегменті депрессиясы, QT аралығының ұзаруы), тахикардия, экстрасистолия, артериялық қысымның ауытқымалы болуы, «ысынып кетуді» сезіну
- ұйқының бұзылуы, бас ауыру, бас айналу, психикалық қозу, қимыл-қозғалыстың тежелуі, ашушаңдық, мінез-құлықтағы ауытқушылық, зейін шоғырландыру қабілетінің төмендеуі, үрейлену, депрессия, атаксия, экстрапирамидалық бұзылыстар (соның ішінде гиперкинез), құрысулар, тремор
- гастралгия, жүрек айну, құсу, ауыздың кеберсуі, қыжыл, іш қату, диарея
- аллергиялық реакциялар, сексуалдық белсенділіктің жоғарылауы, стенокардия ағымының нашарлауы, денеге салмақ қосу, астения, жалпы әлсіздік, қатты терлеу
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- лактаза тапшылығы, лактоза көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза
мальабсорбциясы
- жүрек ырғағының айқын бұзылулары
- ишемиялық жүрек ауруы (ауыр ағымдағы)
- геморрагиялық инсульттің жедел сатысы
- бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гепарин емі аясындағы геморрагиялық асқынулар қаупін, қалқанша без гормондарының, психозға қарсы дәрілердің (нейролептиктердің), тікелей емес антикоагулянттардың, психокөтермелегіштердің әсерлерін арттырады.
Құрысуға қарсы препараттардың әсерін әлсіретеді (құрысу шегін төмендетеді).
Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын деректердің болмауына қарамастан, аритмияға қарсы әсер ететін, орталықтан әсер ететін препараттармен бір мезгілде тағайындағанда сақтық танытуға кеңес беріледі.
Айрықша нұсқаулар
QT аралығының ұзару синдромының болуы және QT аралығының ұзаруын туындататын препараттар қабылдау мерзім сайын ЭКГ бақылауын талап етеді.
Лактозаны көтере алмаған жағдайда бір капсуланың құрамында 110 мг-ге жуық лактоза болатынын ескеру керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Болуы мүмкін жағымсыз әсерлерін ескеріп, автокөлік басқару және жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакция жеделдігін талап ететін қауіптілігі зор басқа да қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлер айқындылығының күшеюі.
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау, белгісіне қарай емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей Федерациясы,
141100, Мәскеу облысы, Щелково қ-cы, Заречная к-сі, 105 үй
Тел.: +7 (495) 797-99-54, факс: +7 (495) 797-96-63
Е-mail: www.canonpharma.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушыдан препарат сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, тел.: +7 727 2796659,
e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru