Валерианы экстракт №50 (20 мг, Биосинтез ОАО)

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Valerian
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013185
Информация о регистрации в РК: 15.11.2019 - 15.11.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Шүйгіншөп сығындысы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат:

шүйгіншөп қою сығындысы (валерен қышқылы этил эфиріне шаққандағы сесквитерпен қышқылдары күрделі эфирлерінің қосындысы құрамымен - 1,8 %) - 20 мг

қосымша заттар:

сахароза (ақ қант), кальций стеараты моногидраты, магний гидроксикарбонаты (негізгі магний карбонаты), лактоза моногидраты (сүтті қант), полисорбат-80 (твин-80), картоп крахмалы

қабық қосымша заттары:

сахароза (ақ қант), титанның қостотығы Е171, повидон (төмен молекулалық медициналық поливинилпирролидон), магний гидроксикарбонаты (негізгі магний карбонаты), полисорбат-80 (твин-80), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), хинолинді сары Е 104, магний гидросиликаты (тальк), күнбағыс майы, ара балауызы, қатты парафин (парафин)

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, сары түсті немесе жасылдау реңді сары түсті таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаты көрінеді: сыртқыcы – сары түсті, ішкіcі – ашық-қоңыр түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын препараттар. Валериан.АТХ коды N05CM09

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың әсер етуінің басы борнеол мен изовалериан қышқылы күрделі эфирі болып табылады. Баяу басталатын, бірақ айтарлықтай тұрақты орташа тыныштандыратын әсері бар. Табиғи ұйқының басталуын жеңілдетеді. Сонымен қатар, препарат асқазан-ішек жолы тегіс бұлшықеттеріне және несеп шығару жүйесіне түйілуді басатын әсер етеді.

Қолданылуы

  • жоғары жүйке қозғыштығында

  • ұйқысыздықта (ұйықтап кетудің бұзылуы)

  • кешенді ем құрамында - жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық бұзылыстарында, асқазан-ішек жолы ағзалары түйілулерінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке.

Ересектерге 1-2 таблеткадан күніне 3 рет тамақтанудан кейін.

Емдеу ұзақтығы 2-4 аптаны құрайды. Тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана емдеудің қайталау курстарын жүргізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Кейде:

- мәңгіру

- бұлшықет әлсіздігі, енжарлық

- ұйқышылдық

- еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі

- іш қату (ұзақ қолданғанда)

Сирек:

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық (оның ішінде омарташылық өнімдеріне)

- сахараза/изомальтаза тапшылығы, лактаза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, лактозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік (I триместр)

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Сақтықпен

- жүктілік кезеңі (II және III триместр)

Басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препарат ұйықтататын дәрілер мен орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін өзге де дәрілік препараттардың, сондай-ақ спазмолитиктердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Құрамындағы нан бірліктері (НБ):

- препараттың бір реттік дозасында (1 таблетка) - 0,01 НБ,

- препараттың ең жоғары тәуліктік дозасында (6 таблетка) - 0,06 НБ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды. Егер анасы үшін күтілетін пайдасы ұрық пен нәрестеге төнетін қауіптен асып түсетін болса, жүктіліктің II және III триместрінде және бала емізу кезеңінде препараттың қолданылуы мүмкін. Дәрігермен кеңесу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Үлкен дозада ұзақ қолданғанда психомоторлық реакциялардың төмендеуі мүмкін.

Емдеу кезеңінде көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор басқа да қызмет түрлерімен айналысқанда сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: мәңгіру, ұйқышылдық, бұлшықет әлсіздігі, еңбек қабілеттілігінің төмендеуі сияқты жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе полиэтилен жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Тығыздағыш элементі бар тартылатын қақпақпен тығындалған қызыл-сары шыны банкіде немесе полимер банкіде 50 таблеткадан.

Әрбір банкі немесе 5 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 15 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

Прикрепленные файлы

965014731477976719_ru.doc 72.5 кб
427807251477977868_kz.doc 77 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники