Вазонат® (VAZONAT®) (250 мг)

МНН: Мельдоний
Производитель: ОЛАЙНФАРМ АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014380
Информация о регистрации в РК: 22.10.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ВАЗОНАТ® (VAZONAT®)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мельдоний

Дәрілік түрі

250 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат – 250.000 мельдоний дигидраты,

қосымша заттар: картоп крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы,

кальций стеараты,

капсула құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.

Сипаттамасы

Ішінде ақ немесе ақ түсті дерлік ұнтағы бар, №1 (ақ/ақ түсті) қатты желатинді капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да кардиотониялық препараттар

АТХ коды C01EB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін препарат жақсы сіңеді. Биожетімділігі – 78 %-ға жуық. Бір реттік ішілетін дозасынан кейін қан плазмасындағы әсер етуші заттың ең жоғары концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді және дозаға тәуелді болып табылады.

Организмде биоөзгеріске ұшырап, екі негізгі метаболит түзеді, олардың шығарылуы бүйрек арқылы жүзеге асады. Жартылай шығарылу кезеңі бір реттік дозадан кейін 4 сағатқа жуықты, 8 күндік қабылдаудан кейін 10 сағатты кұрайды.

Фармакодинамикасы

Вазонат® (Vazonat®) карнитиннің ізашары – гамма-бутиробетаиннің құрылымдық аналогы болып табылады. Вазонат® (Vazonat®), гамма-бутиробетаингидроксидазаның белсенділігін тежей отырып, карнитиннің биосинтезін және осымен байланысты ұзын тізбекті май қышқылының жасуша жарғақшасы арқылы тасымалдануын төмендетеді, жасушаларда ацилкарнитиннің және А-ацилкоэнзимнің тотықпаған май қышқылдарының белсендірілген түрлерінің жиналуына кедергі жасайды, осылайша, олардың жағымсыз әсерлеріне жол бермейді.

Ишемия жағдайында Вазонат® (Vazonat®) жасушаларда оттегінің жеткізілуі мен қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіреді, бір мезгілде оттегіні қосымша қажетсінбейтін гликолизді белсенді ете отырып, аденозинтрифосфат тасымалының бұзылуын жояды, ол жасушаның қуаттық тепе-теңдігінің қалпына келуіне мүмкіндік береді.

Вазонат® (Vazonat®) ишемияға қарсы және цитопротекторлы әсер білдіреді.

Вазонаттың® (Vazonat®) емдік әсері оның фармакологиялық әсерлерінің көп түрлілігімен жүзеге асады. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде миокардтың жиырылғыштығын күшейтеді, дене жүктемесіне төзімділікті арттырады, стенокардия ұстамасының жиілігін төмендетеді. Ми қан айналымының жедел ағымды және созылмалы ишемиялық бұзылуларында ишемия ошағында қанның айналымын жақсартады, ишемияланған жердің пайдасына қарай қанның қайта таралуына мүмкіндік жасайды.

Вазонат® (Vazonat®) орталық жүйке жүйесіне сергітетін әсер етеді, дене және ақыл-ой жұмысына қабілетін арттырады, соматикалық және вегетативтік жүйке жүйесі қызметінің, оның ішінде созылмалы алкоголизммен науқастарда абстиненция кезеңінде, бұзылуын жояды. Вазонат® (Vazonat®) сонымен қатар көздің торқабығының қантамырларының дистрофиялық өзгерулеріне жағымды әсер етеді.

Қолданылуы

- стенокардияда, жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде, дисгормональді кардиомиопатияда (кешенді ем құрамында)

- ми қан айналымының созылмалы бұзылуларында: цереброваскулярлы жеткіліксіздікте, инсульттан кейінгі қалпына келу кезеңінде (кешенді ем құрамында)

- ақыл-ой және дене жүктемесіне қабілеті төмендегенде, денеге шамадан тыс жүктемеде оның ішінде спортшыларда

- алкоголизмде абстиненция синдромында (кешенді ем құрамында)

Қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек.

Қолдану тәсілдері және дозалары

Ішке. Ересектерге доза күніне 500 мг – 1000 мг (2-4 капсула) құрайды. Бүкіл тәуліктік дозаны таңертеңгісін қабылдайды немесе екі қабылдауға бөледі. Қоздырушы әсердің дамуы мүмкін болғандықтан, препаратты күннің алғашқы жартысында қабылдау керек. Емделу курсы 10-14 күннен 4-6 аптаға дейін. Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне байланысты және дәрігер әр адамға жекелей белгілейді. Емдеу курсын дәрігердің кеңесінен кейін (әдетте жылына 2-3 рет) қайталауға болады.

Егер кезекті қабылдауды өткізіп алса, мұны еске түсіру бойына препаратты қабылдау керек, бірақ егер келесі қабылдайтын уақыт жақын болса, онда қабылдамайды. Ешқашан қос дозаны қабылдауға болмайды!

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, тері бөртпесі, қышу, ісіну)

- қозу

- тахикардия

- артериялық қысымның төмендеуі

- диспепсиялық құбылыстар

- эозинофилия

- бас ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (көктамырмық қан ағымы бұзылғанда, бассүйекішілік ісіктерде)

- жүктілікте және бала емізу кезеңінде

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөсірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында мельдоний бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдамау керек (жағымсыз әсердің даму қаупі бар).

Препаратты антиангинальды дәрілермен, антикоагулянттармен, антиагреганттармен, аритмияға қарсы дәрілермен, жүрек гликозидтерімен, диуретиктермен біріктіруге болады.

Препарат нитроглицериннің, нифедипиннің, бета-адреноблокаторлардың, шектергі вазодилататорлардың және гипертензияға қарсы басқа дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Айрықша нұсқаулар

Сақтық шаралары

Бауырдың және бүйректің созылмалы ауруларына шалдыққан, сондай-ақ сыртартқысында осы ауруы бар емделушілерге сақтық таныту, бауыр және бүйрек функциясының көрсеткіштерін кезеңімен бақылап отыру керек, өйткені қолдану қауіпсіздігі жөнінде жеткілікті деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлер пайда болғанда емделуші дәрігерге жүгіну керек.

Педиатрияда қолдану

Балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін препаратты қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ.

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз. Дәрілік заттың уыттылығы аз және ауыр жағымсыз әсер тудырмайды.

Симптомдары: артериялық қысым жедел өзгеруі

Емі: симптоматикалық ем. Артық дозалану ауыр болған кезде бүйрек және бауыр қызметтерін бақылаған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

250 мг капсулалар. Пішінді ұяшықты қаптамада (PVC/Aclar/PVC мөлдір үлбір/ алюминий фольга) 10 капсуладан.

Пішінді ұяшықты 2 немесе 4 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және тіркеу куәлігінің иесі

“ОЛАЙНФАРМ” АҚ.

Мекенжайы: Рупницу көшесі 5, Олайне, LV-2114, Латвия.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050009 Алматы қаласы, Абай даңғылы, 151/115, кеңсе 807,

телефон /факс 007 727 333 46 52,

E-mail olainfarm.instr@mail.ru

Прикрепленные файлы

656866861477976632_ru.doc 62.5 кб
340642401477977779_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники