Вагил

МНН: Левоментол, Натрия гидрокарбонат, Натрия тетраборат (Бура), Натрия хлорид
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний (исключая комбинации с кортикостероидами)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006211
Информация о регистрации в РК: 16.01.2019 - 16.01.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Вагил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10г ұнтақ

Құрамы

Бір пакеттің ішінде

белсенді заттар: натрий хлориді 0,8г

натрий гидрокарбонаты 7,7г

медициналық бура 1,375г

L-ментол 0,125г

қосымша зат: натрий бензоаты 0,2г

Сипаттамасы

Суда еритін бөгде қосылыстарсыз ментолға тән иісі бар ақ ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілуін қоспағанда)

АТХ коды G01А

Фармакологиялық қасиеттері

Вагил ұнтағы сыртқы несеп-жыныс мүшелерін және қынапты өңдеуге арналған сулы сілтілі ерітіндіні дайындау үшін пайдаланылатын тиімді препарат болып табылады. Препарат бактерияға, қышынуға қарсы, жұмсартқыш және тұтқыр қасиеттерге ие.

Қолданылуы

- несеп-жыныс жүйесі мүшелеріндегі күйдіру, тітіркену, қышуды симптоматикалық емдеуге арналған

- босанғаннан кейінгі кезеңде жергілікті контрацептивтік дәрілерді және қынаптық препараттарды пайдаланғаннан кейін етеккір кезінде гигиеналық зат ретінде,

- медициналық аборт алдында, оперативтік араласулар алдында қынапты санациялауға арналған,

- ішектің және қуықтың әрбір босауынан кейін үй жағдайларында және стационарда төсектегі науқастар мен операциядан кейінгі кезеңдегі науқастарды гигиеналық өңдеуге арналған

Қолдану тәсілі және дозалары

Пакет ішіндегісі 1 литр жылы суда ерітіледі және мұқият араластырылады. Алынған ерітінді сыртқы несеп-жыныс мүшелерін және қынапты күніне 1-2 рет шайып жууға пайдаланылады.

Препарат өз бетінше де, басқа препараттармен біріктіріліп те пайдаланылады (зеңге қарсы, трихомонацидті, антибиотиктермен, қабынуға қарсы және т.б.).

Жағымсыз әсерлері

- препаратты қолданғаннан кейін тікелей жеңіл, жылдам өтетін күйдіру болуы мүмкін

- өте сирек – препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық болуымен негізделген тітіркену

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ.

Артық дозалануы

Анықталған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10,2 г-нан алюминий фольгадан және тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тұмшаланып жабылған пакеттерге салынған. 10 пакеттен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль көшесі, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471,

А/ж 7010. Факс/тел: 2(02) 2270-93-15; 2(02) 2271-94-60.; export@mupeg.com.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ., 050040, Шашкин к-сі, 36-а,  1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

 

 

Прикрепленные файлы

425589531477976944_ru.doc 41.5 кб
021016651477978112_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники