Бронхо-Мунал® П
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бронхо-Мунал® П
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
3,5 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 20.00 мг OM 85 бактерияларының лиофилизацияланған лизаты:
- 3.50 мг бактериялар лиофилизацияланған лизатына сәйкес:
Haemophilus influenzae
Streptococcus (Diplococcus) pneumoniae
Klebsiella pneumoniae and ozaenae
Staphylococcus aureus
Streptococcus pyogenes and viridans
Moraxella (Branhamella / Neisseria) catarrhalis
- 0.042 мг сусыз пропилгаллат
- 1.515 мг сусыз натрий глутаматы
- 20.00 мг дейін маннитол
қосымша заттар: маннитол, желатинделген крахмал, магний стеараты.
капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Сипаттамасы
Өлшемі №3, ақ түсті корпусы және қақпағы бар қатты желатинді капсулалар.
Капсуланың ішіндегісі – ақ түстен сәл ақшыл-сары түске дейінгі ұсақтап түйіршіктелген ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар.
AТХ коды L03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін препарат стандартты жолмен сіңбейді. Капсуланы қабылдағаннан кейін бактериялар лизаты АІЖ шырышты қабығының Пейер түйіндақтарына жинақталады.
Пейер түйіндақтарының қуысы антигенді сіңіреді және оны субэпителиальді лимфалық жасушаларына бағыттайды, сонысымен гуморальді иммундық жауабын туындатады, бұл шырышты қабықтың IgA анағұрлым қарқынды өніміне алып келеді, содан соң шырышты қабықтың жарғақшасы арқылы енеді және микроорганизмдер өтуінің алдын алады.
Пейер түйіндақтары арқылы бұл антиген лимфалық жасушаларды көтермелейді, содан соң кеуде лимфалық түтігінде, сосын қан ағымында, ал одан қорғаныш функциясы бар АІЖ шырышты қабығына және респираторлық жолы мен басқа шырышты қабығына регионарлық лимфа түйіндерінің көмегімен жылжиды. Осылайша, препарат қабылдайтын емделушілерде бактериялар мен вирустардан қорғану артады.
Фармакодинамикасы
Бронхо-Мунал® П құрамында тыныс жолдарының жұқпаларын өте жиі тудыратын мына бактериялардың лиофилизацияланған лизаты бар: Streptococcus (Diplococcus) pneumoniae, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae and ozaenae, Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes and viridans, Moraxella (Branhamella/ Neisseria) catarrhalis.
Бронхо-Мунал® П организмнің тыныс жолдарының жұқпаларына қарсы күресте иммундық жауабын модуляциялайды. Препарат аурушаңдық жиілігін, аурудың ұзақтығын және ауырлығын азайтады, осылайша антибиотиктердің және басқа да дәрілердің дозасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Препарат жасушалық (тыныс жолдарының шырышты қабығында жергілікті), гуморальді (жүйелік) иммунитетті, және cпецификалық емес төзімділікті стимуляциялайды.
Бронхо-Мунал® П препаратының қорғаныш механизмдерге келесі әсерлері анықталды:
-
альвеолярлы макрофагтарды стимуляциялау, қабынуға қарсы цитокиндерді шығарылуын белсенділендіру
-
айналымдағы Т-лимфоциттер санын арттыру
-
шеткергі моноциттердің белсенділендіру
-
тыныс жолдарының және ас қорыту жолдарының шырышты қабықтарында секреторлы IgA концентрацияларын арттыру
-
қорғаныш адгезивті молекулалар өнімінің стимуляциясы
-
айналымдағы қанда IgE класына жататын антидене концентрациясының – аса жоғары сезімталдық реакциясы триггерлерінің төмендеуі.
Қолданылуы
- тыныс жолдарының жұқпаларын емдеген кезде басқа препараттармен бірге қолдануда
- жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жұқпалары қайталанғанда профилактикалық дәрі ретінде (созылмалы бронхит, тонзиллит, фарингит, ларингит, ринит, синусит, отит).
Қолдану тәсілі және дозалары
Бронхо-Мунал® П ішке қабылдауға арналған, таңертең аш қарынға қабылданады.
Егер емделуші Бронхо-Мунал® П қабылдауды ұмытып кетсе, оны келесі күні таңертең қабылдағаны жөн.
6 айлықтан 12 жасқа дейінгі балалар.
Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының алдын алу үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 1 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі.
Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының жедел фазасында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 1 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 1 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал® П препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн.
Тұтас капсуланы жұта алмайтын кішкентай балалар үшін капсуланы ашу ұсынылады, содан кейін капсуланың ішіндегісін сусынмен араластыру керек (су, шай, сүт немесе шырын) және дайын қоспаны таңертең аш қарынға ішке қабылдау керек.
12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.
Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының алдын алу үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 2 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді келесі әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі.
Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының жедел сатысында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 2 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 2 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал® П препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- диарея
- бас ауыру
- эритема
Жиі емес
- құрсақ қуысының ауыруы, жүрек айнуы, құсу
- әлсіздік сезімі
- есекжем
- экзантема
- ентігу, жөтел, демікпе
Сирек
- қызба, қалтырау
- аллергиялық реакциялар
Өте сирек
- тромбоцитопения
Жекелеген жағдайларда
- тромбоцитопениямен байланысты немесе байланысты емес пурпура
- бөртпесі бар диспноэ
- іштің түйілуі
- аллергиялық васкулиттің асқынуы
- идиопатиялық тромбоцитопения
- Квинке ісінуі, ангионевроздық ісіну
- денеге жайылған экзантема
- ауыр артралгия
- Чердж-Штраус синдромының асқынуы
- тахикардия
- аса жоғары сезімталдықтың бөлігі ретінде әлсіздік сезімі
- Лайелл синдромы
- уытты эпидермальді некролиз
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 айға дейінгі нәрестелік кез - жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталған жоқ
Айрықша нұсқаулар
Тірі вакцина мен Бронхо-Мунал® П препаратын ішке қабылдау арасындағы 4 апталық үзілісті сақтау керек.
Жүктілік және лактация
Оны жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Лактация кезеңінде қолданғанда емшек емізуді тоқтатқан жөн.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бронхо-Мунал®П автомобильді және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Артық дозалануы
Анықталған жоқ
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан поливинилхлоридті /поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінші ұяшықты қаптамада.
Пішінді 1 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
ОМ Фарма, Швейцария
22, rue du Bois-du-Lan, 1217 Meyrin 2, Geneva
Қаптаушы/Тіркеу куәлігінің иесі
Лек Фармасьютикалс д.д., Словения
Verovskova 57, Ljubljana
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Алматы қ., Луганский к-сі 96,
Телефон нөмірі: +7 727 258 10 48, факс: +7 727 258 10 47
e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com
8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша телефон шалу тегін