Броксинак

МНН: Бромфенак
Производитель: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Indometacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020982
Информация о регистрации в РК: 11.02.2020 - 11.02.2025
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 2 522.86 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Броксинак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бромфенак

Дәрілік түрі

Көз тамшысы 0,09 % 1,7 мл

Құрамы

1 мл құрамында

белсенді зат - 1,035 мг бромфенак натрий гидраты,

0,9 мг (бромфенакқа баламалы),

қосымша заттар: бензалконий хлориді, бор қышқылы, динатрий эдетаты, полисорбат 80, повидон К-30, натрий бораты, натрий сульфиті, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Жасылдау-сары түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Бромфенак.

АТХ коды S01ВС11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат концентрациясы қан плазмасында өлшеу шегінен едәуір төмен және клиникалық мәні жоқ.

Фармакодинамикасы

Броксинак – қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП), қабынуға қарсы және ауыруда басатын әсері бар, 1 және 2 циклооксигеназаны тежеу арқылы арахидон қышқылының простагландиндері синтезін бөгейді, бұл қабынудың азаюына және ауыру реакциясының төмендеуіне әкеледі.

Іn vivo зерттеулері простогландиндердің кейбір көз қабынуы түрлерінің медиаторлары болып табылатындығын көрсеткен. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде простагландиндер гематоофтальмиялық бөгеттің бұзылуына ықпал еткен, қантамырлар өткізгіштігін жоғарылатқан, вазодилатация, лейкоцитоз туындатқан, көзішілік қысымды арттырған.

Қолданылуы

- операциядан кейінгі қабынуды емдеуде және катаракта экстракциясынан кейін емделушілерде ауырғанды азайтуда.

Қолдану тәсілі және дозалау режимі

Көздің конъюнктивальді қалтасына бір тамшыдан күніне 1 рет. Емдеуді хирургиялық араласуға дейін 1 күн бұрын бастайды және операциядан кейінгі кезеңнің алғашқы 14 күні (операция күнін қоса) ішінде жалғастырады.

65 жастан асқан емделушілерде қолданылуы

Препаратты қабылдау режимінің анағұрлым жас емделушілердікінен айырмашылығы жоқ.

Тамшылатқыштың ұшын және құтының ішіндегісін ластамас үшін, құты тамшылатқышының ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеген жөн.

Қолданғаннан кейін құтыны қақпақпен нығыздап жабу керек.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (2-7% емделуші)

- жайсыздық сезімі және көздегі өзгеше сезім

- көздің тітіркенуі, ауыруы, қышынуы және ашуы

- көздің қызаруы

- конъюнктива гиперемиясы

- бас ауыру

- көз нұрлы қабығының қабынуы

Сирек (˂2% емделушіде)

- эрозия, тесілу, мөлдір қабықтың жұқаруы

- эпителийдің бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, сондай-ақ басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылы мен басқа да ҚҚСП қабылдағанда бронх демікпесі ұстамалары, есекжем және жедел ринит симптоматикасы күшейетін емделушілерде

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа да офтальмологиялық препараттармен: α-адреномиметиктермен, β-адреноблокаторлармен, карбоангидраза тежегіштерімен, мидриатиктермен бір мезгілде қолдануға болады. Бұл ретте препараттар кем дегенде бес минут үзіліспен қолданулары тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Көзге операциялық араласуға дейін 24 сағат бұрын және офтальмологиялық операциядан кейінгі 14 күн ішінде жергілікті ҚҚСП қолдану мөлдір қабық тарапынан жағымсыз реакциялар туындау қаупі мен ауырлық дәрежесін арттыруы мүмкін.

Жергілікті ҚҚСП пайдалану кератит дамуына әкелуі мүмкін. Кейбір қабылдампаз емделушілерде жергілікті ҚҚСП ұзақ қолдану эпителий ажырауын, мөлдір қабықтың жұқаруын, мөлдір қабық эрозиясын, мөлдір қабықта ойық жараның пайда болуы немесе мөлдір қабықтың тесілуін туғызуы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыстар көру қабілетін жоғалту қаупін туындатуы ықтимал. Мөлдір қабық эпителийі ажырауының белгілері бар емделушілер препаратты пайдалануын дереу тоқтатуы және мөлдір қабықтың жағдайы қалпына түскенге дейін дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

ҚҚСП пайдалану, әсіресе жергілікті кортикостероидтарды бірге қолданғанда, жазылу үдерісін баяулатады.

ҚҚСП пайдаланғанда жазылу үдерісінің баяулайтыны жайында емделушілерге ескертілуі тиіс. Броксинак препаратын қолданғанда емделушілер жанаспалы линза пайдаланбауы тиіс.

Тамшылатқыштың ұшына тиіспеуді және оны кез келген беткейге тигізбеу керек екендігін, мұның құты ішіндегісін ластауға әкелетінін емделушілерге ескерткен жөн.

Сақтықпен

Препарат құрамындағы натрий сульфиті қабылдампаз адамдардағы анафилактикалық шок, демікпе ұстамасын қоса, аллергиялық реакцияны туындатуы мүмкін. Сыртартқысында бронх демікпесі мен аллергиялық реакциялары бар адамдарда сульфиттерге сезімталдық жоғары болады.

Броксинак препаратын қолданғанда ацетилсалицил қышқылына, фенилацетил қышқылы туындыларына, сондай-ақ басқа да ҚҚСП-ға айқаспалы төзімділіктің даму мүмкіндігі бар. Бұрын осы препараттарға сезімталдығы айқындалған адамдарды емдегенде сақтық таныту қажет.

ҚҚСП тромбоциттер агрегациясының бұзылуы нәтижесінде қан кету уақытын ұзартуы мүмкін. Жергілікті ҚҚСП офтальмологиялық операциялармен үйлестіріп қолданғанда көз тінінің қанауын (оның ішінде көздің алдыңғы камерасында) арттыруы мүмкін. Сыртартқысында қан кетуге бейімділігі тіркелген емделушілерге немесе емделушілер қан ұю уақытын ұзартуы ықтимал басқа дәрілік препараттар қабылдап жүргенде, Броксинак сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Жергілікті ҚҚСП тәжірибесі хирургиялық офтальмологиялық араласудан кейінгі асқынулары, мөлдір қабық денервациясы, мөлдір қабық эпителийі ақаулары, қант диабеті, көздің беткейлік аурулары (мысалы, «көздің құрғауы» синдромы), ревматоидты артриті бар немесе қысқа уақыт аралығы ішінде қайталап жасалған хирургиялық араласу болған емделушілерде мөлдір қабық тарапынан жағымсыз реакциялар дамуының жоғары қаупі болуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Жүктілік және бала емізу

Бромфенак 0,09% көз тамшысын жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген. Егер ана үшін күтілетін әсері ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болса, препараттың қолданылуы мүмкін.

Препаратты жүктіліктің соңғы мерзімдерінде тағайындаудан тартына тұру керек.

Әйелдерде лактация кезеңінде қолданғанда сақ болған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне аз ғана әсер етеді. Препаратты енгізгеннен кейін көрудің қысқа мерзімдік бұлдырауы мүмкін, сондықтан автокөлік жүргізуге және механизмдерді басқаруға кіріспес бұрын, көрудің толық қалпына келуін тоса тұру ұсынылады.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.

Препаратты кездейсоқ ішке қабылдап қойғанда, асқазанда препарат концентрациясын төмендету үшін дереу мол мөлшерде сұйықтық ішу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,7 мл алғашқы ашылуы бақыланатын сұр түсті бұрандалы қалпақшасы бар пластик құтыда.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

15 - 250С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 16 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

СЕНТИСС ФАРМА ПВТ. ЛТД.

212/Д-1, Грин Парк, Нью Дели, Үндістан

Зауытта: Виллидж Кхера Нихла, Техсил Налагарх, Солан ауд., Химачал Прадеш 174 101, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

СЕНТИСС ФАРМА ПВТ. ЛТД., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 132, 309 кеңсе

Тел./факс: +7 (7272) 96-45-99

Email: sentiss_kz@land.ru

 

Прикрепленные файлы

439393161477976637_ru.doc 58 кб
879770821477977788_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники