Бриллиантовый зеленый (10 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бриллиантты көк
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
1 % спиртті ерітінді
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 1.0 г бриллиантты көк
қосымша зат – этил спирті 60 % 100 мл-ге дейін.
Сипаттамасы
Спирт иісі бар қанық жасыл түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Антисептиктер және залалсыздандыратын басқа да препараттар.
АТХ коды D08AХ
Фармакологиялық қасиеттері
Бриллиантты көк антисептикалық және залалсыздандыратын қасиеттерге ие. Йод ерітіндісінен айырмашылығы тінішілік қысымды жоғарылатпай, микробқа қарсы әсер етеді. Теріні тітіркендірмейді.
Қолданылуы
Сыртқа қолдануға арналған:
- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі тыртықтарда
- сыдырылулар және тілінулерде
- пиодермияда, фолликулитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты маңайындағы сау тіндерді қоса ала отырып, тікелей зақымданған беткейге жағады.
Жағымсыз әсерлері
- жараны өңдеген сәтте күйдіру сезімі болуы мүмкін
- аллергиялық реакциялар
- тері тітіркенуі
- көздің шырышты қабығына тигенде – күйдіру, жас ағуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа өте жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Егер жара немесе сыдырылулар қанап тұрса, препараттың белсенділігі елеулі төмендетеді.
Балалар тәжірибесінде қолданылуы
Препарат қолданылуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлікті немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 және 20 мл-ден бұрандалы қақпағымен полиэтилен тығындармен тығындалған мойны бұралатын шыны массадан жасалған құтыларда немесе дәрілік заттарға арналған бұрандалы қақпағы бар полиэтилен құтыларда.
Құтыларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге орау қағазынан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшікке салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Тіркеу куәлігінің иесі
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34,е - mail: farmaciyakrg@mail.ru