Боярышника настойка (100 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Долана тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Тұндырма
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек қантамырлар жүйесі. Кардиологиялық препараттар. Басқа кардиологиялық препараттар
АТХ коды С01ЕВ
Қолданылуы
Жүрек қызметінің функционалдық бұзылуын, кардиалгияны, климактериялық синдромда, астено-незроздық жағдайды кешенді емдеуде.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің кез келгенін жекелей көтере алмаушылық
- 18 жасқа дейінгі балаларға
- артериялық қысымның төмендеуі
- жүрек ырғағының бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- алкоголизммен зардап шегетін адамдар үшін, эпилепсия
- бауыр аурулары бар науқастарға
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Ересектер үшін препараттың ең жоғарғы бір реттік дозасындағы абсолютті спирттің құрамы 0.45 г, ересектер үшін препараттың ең жоғарғы тәуліктік дозасында 1.8 г абсолютті спирт бар.
Тұнбаның құрамында этанолдың болуына байланысты ұзақ уақыт қабылдау ұсынылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді. Алкалоид тұздарымен қабылдау олардың жағымсыз кешендер түзу мүмкіндігіне байланысты ұсынылмайды. Препарат қолданғанда орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерін күшейтетінін ескере отырып, алкоголь қолдану ұсынылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты тамақтану кезінде, оның компоненттерімен өзара байланысты болдырмау үшін қолдану ұсынылмайды.
Маскүнемдікпен зардап шегетін адамдарға препаратты қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың құрамында этил спирті болуына байланысты, препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Ересектерге тұрақты емдік әсерге (артериялық қысымның қалыпқа келуі, жүрек қағуының азаюы) қол жеткізгенге дейін күніне 3 рет тұндырманың 20 тамшысын қабылдау ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Долана тұндырмасын тамақтануға дейін ішке қабылдайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультация алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- ұйқышылдық
- жүрек ырғағының айтарлықтай баяулауы
- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы және бөртпесі, қышыну)
- гипотония, бас айналу
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат: долана жемістері 10 г
қосымша зат: этанол 70% 100 мл-ге дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарыдан кызыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл, 100 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақ немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен немесе әмбебап (алюминий) қақпақпен тығындалған мойны бұрандалы шынымассадан жасалған құтыда.
Құтыларға өзі желімделетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орауышқағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
50 мл - рецептісіз
100 мл – рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru