Бом-Бенге (мазь)

МНН: Метилсалицилат, Рацементол
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие производные салициловой кислоты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010450
Информация о регистрации в РК: 12.08.2020 - 12.08.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Бом – Бенге

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамы

белсенді заттар: рацемиялық ментол – 3,9 г

метилсалицилат – 20,20 г

қосымша заттар: вазелин, қатты парафин

Cипаттамасы

Ментол мен метилсалицилаттың иісі бар, ақтан ақшыл-сары түске дейінгі жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар

Cалицил қышқылының туындысы бар препараттар.

АТХ коды М02АС

Фармакологиялық қасиеттері

Ментолдың тітіркендіргіш әсері ауыру сезімінің азаюына ықпал етеді. Жергілікті әсері тамырлардың тарылуы, суықты сезінумен қатарласа отырып, жеңіл күйдіру мен шаншу сезіміне ауысады. Ментолдың жергілікті ауыруды басатын жеңіл әсері, әлсіз антисептикалық әсері бар.

Метилсалицилатты теріге жаққанда анальгетикалық әсер береді және бұлшықеттің ширығуын төмендетеді. Метилсалицилат циклооксигеназаны бәсеңдетуінің нәтижесінде простагландиндер синтезін тежейді, бұл қабынған тіндердің ісінуі мен инфильтрациясын азайтады. Метилсалицилаттың жергілікті тітіркендіргіш әсері бар.

Қолданылуы

-артритте, миозитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Жақпамайды теріге күніне 2 – 3 рет жағады. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері қышынуы, гиперемия)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- ашық жаралар (тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы)

- 12 жасқа дейінгі балалар

Жүктілік және лактация кезеңінде сақ болу керек

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г-ден нығыздағыш элементтері бар бұралатын полиэтилен қақпағымен мойны бұрандалы шынымассадан жасалған банкіде немесе нығыздағыш элементі бар тартылатын полиэтилен қақпағымен медициналық шыныдан жасалған банкіде. 25 г-ден медициналық мақсатқа арналған полимер немесе алюминий сықпада. Әр сықпа қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Банкілер қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес мөлшерде орама қағаз бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы,100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ФАРМАЦИЯ 2010 ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34, E-mail – farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

305985951477976333_ru.doc 41 кб
754575051477977593_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники