Биолектра магнезиум форте

МНН: Магния оксид
Производитель: Гермес Арцнаймиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Magnesium oxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020180
Информация о регистрации в РК: 07.02.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Биолектра магнезиум форте

BIOLECTRA® magnesium fortе

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көпіршитін таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар: 403,0-435,2 мг жеңіл магний оксиді, баламалы: 243 мг Mg2+ / таблетка ± 5, (230,85 – 255,15 мг Mg2+ / таблетка)

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, калий гидрокарбонаты, алма қышқылы, маннитол, күріш крахмалы, лимон хош иістендіргіші «МН» (Е 143), натрий цикламаты, натрий хлориді, натрий сахарині, симетикон.

Сипаттамасы

Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, беті кедір-бұдырсыз тегіс, биіктігі 6.2-7.0 мм және диаметрі 25.0 мм, бір жағында HERMES бедері бар, лимон иісті ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Магний препараттары. Магний оксиді.

АТХ коды А12СС30

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылданғанда магний организмдегі магнийдің бастапқы құрамына байланысты сіңеді. Организмдегі магний жеткіліксіздігі кезінде көбірек, ал магниймен қаныққан болса - азырақ сіңеді. Резорбциясының арақатынасы гемостатикалық реттелетін резорбция кинетикасына сәйкес келеді. Магний теңгерімі тепе-тең және бүйрек қызметі бұзылмаған жағдайда магнийдің жоғары дозаларына қарамастан, магнийдің стандартты мәндер шегінен асатын жинақталуы орын алмайды. Ішекте сіңуінен кейін магнийдің бөлініп шығуы негізінен бүйрек арқылы жүзеге асады. Сіңірілмеген магний нәжіспен бірге шығып кетеді.

Фармакодинамикасы

Магний зат алмасу реакцияларының көпшілігіне қатысатын, организм үшін маңызды элемент болып табылады.

Көптеген генерациялау немесе энергия жұмсау қызметтері (мысалы, тотықтырғыш фосфорлану немесе иондық сорғы, бұлшықеттердің жиырылуы) магнийге тәуелді және организмнің магниймен қамтылуы бұзылған жағдайда жеткіліксіз дәрежеде жүзеге асады немесе толығымен бұзылады. Магний тапшылығы артериялық гипертензия, тамырлардың түйілуі және несептас ауруы дамуындағы патогенетикалық механизмдердің бірі болып табылады. Стресс жағдайларында иондалған бос магнийдің көп мөлшері шығарылады, соған байланысты магнийдің қосымша мөлшері стреске резистенттіліктің артуына ықпал етеді. Магний кальций иондарының антагонисі бола отырып, жүйке-бұлшықеттің қозу үдерістерінде жетекші рөл атқарады. Дені сау адамдар үшін тамақпен түсетін магнийдің тәуліктік қажеттілігі: ересек ерлерде 350 мг; әйелдерде 300 мг; 10-13 жастағы балаларда - 230-250 мг; 13-15 балаларда - 310 мг құрайды; 15-19 жастағы жасөспірімдерде – 350-400 мг; жүкті әйелдерде-310 мг; бала емізетін әйелдерде 390 мг құрайды. Ересек адамның организміндегі магнийдің жалпы мөлшері 20-30г жуықты құрайды. Осы мөлшерінің шамамен 50 %-ы сүйекте, 45 %-ы жасушаларда болады және жалпы мөлшерінің тек 5 %-ын ғана қан плазмасынан анықтауға болады. Магнийдің жасушаішілік концентрациясы 10-нан 60 ммоль/литрге дейін ауытқып тұрады, магнийдің қан плазмасындағы концентрациясының қалыпты мәндері 0,7-ден 1,1 ммоль/литрге дейінгі шекте болады. Қан плазмасында магний иондарының шамамен 2/3-сі еріген күйде болады және 1/3-іне жуығы протеиндермен байланысады.

Қоланылуы

- бұлшықет қызметі тарапынан болатын бұзылулардың (нейробұлшықеттік бұзылулар, балтыр бұлшықеттерінің құрысулары) себебі болып табылатын магний тапшылығында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Биолектра магнезиум фортенің дозасы магний тапшылығының дәрежесіне байланысты болып келеді. Биолектра магнезиум форте үшін дозалары жөнінде төмендегідей ұсынымдар бар:

- 10 жастан асқан жасөспірімдерге және ересектерге: күніне 1рет көпіршитін 1 таблеткадан.

Ауыр магний тапшылығында Биолектра магнезиум фортенің көпіршитін 2 таблеткасына дейінгі жоғарырақ дозалары дәрігердің бақылауымен, емделушідегі электролиттер құрамын бақылаумен тағайындалуы мүмкін. Көпіршитін 1 таблетка бір стақан суда ерітіледі, алынған ерітіндіні ішу қажет. Емдеу ұзақтығы магний тапшылығы негізіндегі себептеріне байланысты. Магнийді жоғары дозаларда ұзақ уақыт қабылдау дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- жоғарырақ дозаларында нәжістің жұмсаруы сияқты құбылыс туындауы мүмкін, ол қауіпті болып табылмайды және дозасын төмендеткеннен кейін басылады. Жоғары дозаларында іш жүргізгіш әсері, диарея болуы мүмкін.

- Биолектра магнезиум форте препаратының жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдағанда шаршау сезімі дамуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер клиникалық және химиялық талдау әдістерінің көмегімен, магнийді ары қарай қабылдаудың талапқа сай екендігі жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйрек қызметінің бұзылулары

- жүректе қозғыштықтың өткізілуінің бұзылулары (жоғары дәрежелі AV–блокада), брадикардияға алып келуі мүмкін

- гипермагниемия, гиперкалиемия

- гравис миастениясы

- эксикоз (сусыздану)

- метаболикалық алкалоз

- несеп шығару жолдарының созылмалы жұқпалары (струвиттік тастардың түзілу қаупі бар)

- кальций-магний-фосфат-аммонийлік диатез

- 10 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Темір фторидін, натрий фторидін бір мезгілде қабылдағанда немесе тетрациклинді қолданғанда темірдің, натрий фторидінің, тетрациклин мен магнийдің сіңірілуі бұзылуы мүмкін.

Бұл жағдайларда Биолектра магнезиум форте препараты мен темір препараттарын, натрий фторидін, тетрациклинді қабылдаулар арасында 3-4 сағаттық аралықты сақтау қажет. Құрамында алюминий бар препараттарды (мысалы, антацидтік дәрілерді) бір мезгілде қабылдағанда алюминийдің сіңуі артуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Көпіршитін 1 таблетканың құрамында 7,35 ммоль (169 мг) натрий бар. Мұны натрий (ас тұзы) құрамы төмен емдәм ұстанып жүрген адамдар ескеруі керек.

Көпіршитін 1 таблетканың құрамында 3,48 ммоль (136 мг) калий бар. Мұны бүйрек қызметі бұзылған емделушілер, сондай-ақ калий құрамы төмен емдәм ұстанып жүрген емделушілер ескеруі қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Магний қосылыстарын жүктілік және бала емізу кезінде қолдану қауіпті емес.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Биолектра магнезиум форте автокөлік басқару және басқа механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Үйлесімсіздігі

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Магний тұздарын ішке қабылдағанда гипермагниемия тек бүйрек жеткіліксіздігінде ғана туындайды. Мұндай емделушілерге магний тұздарын қабылдау қарсы көрсетілімді.

Симптомдары: магнийдің жоғары концентрациялары қаңқа бұлшықеттерінің әлсіз салдануын туғызады (қан плазмасындағы магний концентрациясы 5,5 ммоль/литрден жоғары). Магний иондарының одан да жоғары концентрациялары (10-20 ммоль/литр) жүректе өткізгіштік кезеңін ұзартады, бұл диастолада жүректің тоқтап қалуына алып келеді.

Емі: аталған иондар арасында антагонизм болғандықтан, дәрігердің тағайындауымен кальцийді көктамыр ішіне енгізу сипатталған симптомдардың бәсеңдеуіне алып келеді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

4 таблеткадан ламинацияланған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада (вакуумдық қаптама Сирлин). 5 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Немесе 10 таблеткадан полипропиленнен жасалған тубада, десиканты бар полиэтилен тығынмен жабылады. Әр тубаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Гермес Арцнаймиттель ГмбХ

Георг-Кальб-Штрассе, 5-8

82049 Мюнхен,

Германия

Тіркеу куәлігінің иесі/ Эксклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ., Жетісу-2 ықш. ауд., 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com

Фармакологической экспертизы Мирманова Р.К.

Эксперт

Заявитель

Директор ТОО «

Прикрепленные файлы

310113311477976839_ru.doc 66.5 кб
613956751477977998_kz.doc 76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники