Бефунгин

МНН: Гриб березовый
Производитель: Татхимфармпрепараты ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010977
Информация о регистрации в РК: 19.09.2018 - 19.09.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Бефунгин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл сығынды

Құрамы

1 л препараттың құрамында:

белсенді зат - ағашқұлақ 1000.00 г

қосымша заттар: гексагидрат хлоридінің кобальты (6-сулы хлорлы кобальт), этанол (этил спирті), тазартылған су

Сипаттамасы

Қара-қоңыр түсті сұйықтық. Сақтау барысында шөгіндінің түзілуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолы ауруларын және зат алмасуының бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар. Асқазан-ішек жолы және зат алмасуы ауруларын емдеуге арналған әртүрлі басқа да препараттар.

АТХ коды А16АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат кешенді өсімдік препараттары болып табылғандықтан деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Препарат әсері оның құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың (полисахаридтер, гуминге ұқсас ағашқұлақ қышқылы, органикалық қышқыл, микроэлементтер, оның ішінде марганец және кобальт, және басқа бірігулер) әсерімен анықталады. Препарат метаболикалық үдерістерді реттейді, организмнің жалпы төзімділігінің жоғарылауына ықпал етеді, тер бөлінісін азайтады, ішек қызметін қалыпқа түсіреді, диспепсиялық құбылыстарды жояды, жалпы сергіткіш әсері бар.

Қолданылуы

Кешенді емдеу құрамында:

- созылмалы гастриттерде

- гипотониялық типті асқазан-ішек жолының дискинезиясында

- асқынусыз асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы кезінде

- асқазан-ішек жолының онкологиялық аурулары кезінде (ас қорыту үдерісін жақсарту үшін)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тамақтануға дейін 30 минут бұрын қабылдау керек. Пайдаланар алдында құты ішіндегісін шайқап, препараттың үш шай қасығын 150 мл жылы қайнаған суда сұйылтады. 1 ас қасықтан күніне 3 рет 3-5 ай бойы қолданады. Қажет болған кезде 7-10 күндік үзіліспен қайталау курсын жүргізеді.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Препаратты ұзақ қабылдаған кезде диспепсиялық құбылыс болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: бауыр аурулары, алкоголизм, бассүйек-ми жарақаты, ми аурулары, эпилепсия.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат құрамында кем дегенде 9 % этанол бар. Көлікті басқару және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жасау қажет кезде препараттың ең жоғарғы тәуліктік дозасында этанолдың мөлшері 0,4 г-ге дейін, препараттың ең жоғарғы бір реттік дозасында 0,13 г-ге дейін болатынын ескеру керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайы байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралып жабылатын пластмасса қақпағымен және полиэтиленді тығынмен тығындалған, тығыздалған төсегіші және тесігі бар алюминий қалпақшамен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған қызыл-сары шыны құтыға, немесе импортты бұралып жабылатын қақпағы бар бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыға препарат 100 мл-ден құйылған. Әрбір құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац қосалқы тобының тұтынушылар ыдысына арналған картоннан жасалған пәшкеге салынған. Пәшкені топтамалық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Татхимфармпрепараты" ААҚ, Ресей

420091, Қазан қ., Беломорская к-сі, 260

(843) тел. 571-85-58; факс: 571-85-38

E-mail: marketing@tatpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Татхимфармпрепараты" ААҚ, Ресей

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

"Татхимфармпрепараты" ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Мега Фарм Плюс» ЖШС, ОҚО, Шымкент қ-сы, Пограничная к-сі, №2/А

Тел./факс: (725) 240 92 85, e-mail: Megafarmplus@yandex.kz

Прикрепленные файлы

216649121477976941_ru.doc 44.5 кб
895303061477978118_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники