Бензилпенициллин (1000000 ЕД)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бензилпенициллин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бензилпенициллин
Дәрілік түрі
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1 000 000 ӘБ
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - бензилпенициллин натрий тұзы (бензилпенициллинге шаққанда) 1000000 ӘБ
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік кристалл ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Бета-лактамды бактерияға қарсы препараттар. Пенициллиназа сезімтал пенициллиндер. Бензилпенициллин
АТХ коды J01СЕ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бензилпенициллин парентеральді енгізгенде жақсы сіңеді, жинақтаушы әсер етпейді, организмнен несеппен жылдам шығарылады.
Бұлшықет ішіне енгізгенде препараттың қандағы ең жоғары концентрациясы 30-60 минуттан кейін түзіледі, 3-4 сағаттан кейін қанда антибиотиктердің іздері анықталады.
Бензилпенициллиннің қандағы концентрация деңгейі мен айналымының ұзақтығы енгізілетін доза көлеміне байланысты. Антибиотик организмнің тіндері мен сұйықтықтарына жақсы өтеді: қалыптағы жұлын сұйықтығында елеусіз мөлшерде байқалады, менингеалдық қабықтар қабынғанда оның ликвордағы концентрациясы жоғарылайды.
Фармакодинамикасы
Бензилпенициллин биосинтетикалық пенициллиндер тобының антибиотигі, грамоң микроорганизмдерге (Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Corynebacterium diphtheriae, анаэробты спора түзетін таяқшаларға, сібір жарасы таяқшаларына) қатысты, сондай-ақ Spirochaetaceae, грамтеріс кокктарға (Neisseria gonorrhoeae, N.meningitidis), Actinomycetaceae қатысты белсенді. Бензилпенициллиннің әсеріне пенициллиназа түзетін стафилококк штаммдары төзімді, өйткені бұл фермент бензилпенициллиннің молекуласын бұзады.
Препарат көптеген грамтеріс бактериялар, риккетсиялар (Rickettsia spp.), вирустар, қарапайымдарға қатысты белсенді емес.
Қолданылуы
- крупозды және ошақты пневмонияда, плевра эмпиемасында, бронхитте
- сепсисте, септикалық эндокардитте (жедел және жеделге жуық), перитонитте
- менингитте
- остеомиелитте
- пиелонефритте, пиелитте, циститте, уретритте, созда, бленнореяда,
мерезде, цервицитте
- холангитте, холециститте
- жаралық жұқпаларда
- тілмеде, импетигода, қайта жұқпаланған дерматоздарда
- дифтерияда
- скарлатинада
- сібір ойық жарасында
- актиномикозда
- ЛОР-мүшелерінің жұқпаларында
- көз алмасының жұқпаларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты бұлшықет ішіне, қуыстарға немесе тері астына қолданады.
Қуыстарға препаратты тек стационар жағдайында ғана енгізеді.
Бұлшықет ішіне ересектер үшін бір реттік енгізу дозасы 250000 -500000 ӘБ; тәуліктік - 1000000-2000000 ӘБ; айрықша жағдайларда ең жоғары тәуліктік доза 40000000-60000000 ӘБ-ге дейін құрауы мүмкін. Балаларға препаратты тәуліктік дозада тағайындайды: 1 жасқа дейін – 1 кг дене салмағына 50000-100000 ӘБ, 1 жастан асқандарға - 50000 ӘБ/кг; ауыр жұқпалар кезінде тәуліктік доза 200000-300000 ӘБ/кг дейін, өмірлік көрсетілімдеріне байланысты – 500000 ӘБ/кг дейін жоғарылатуға болады. Тәуліктік дозаны 4-6 енгізуге бөледі.
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған препарат ерітіндісін тікелей қолданар алдында құтыға 1-3 мл инъекцияға арналған су немесе 0,9 % изотониялық натрий хлоридінің ерітіндісін немесе 0,5 % новакаин ерітіндісін қосу арқылы дайындайды.
Препаратты инфильтраттарды тесу үшін 0,25-0,5 % новокаин ерітіндісінің 1 мл-на 100000-200000 ӘБ концентрациясында тері астына қолданады. Емдеу ұзақтығы мен енгізулердің аралығын дәрігер белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
- аритмия, жүрек тоқтауы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (үлкен дозаларды енгізуде гипернатриемия туындау мүмкіндігіне байланысты)
- жүрек айнуы, құсу, стоматит, глоссит, бауыр қызметінің бұзылуы
- бүйрек қызметі бұзылуы
- анемия, лейкопения, тромбоцитопения
- рефлекторлық қозғыштықтың жоғарылауы, менингеалдық симптомдар, құрысулар, кома
- аллергиялық реакциялар: гипертермия, есекжем, тері бөртпелері, қызба, қалтырау, тершеңдік, шырышты қабықтардың бөртуі, артралгия, эозинофилия, ангионевротикалық ісіну, интерстициалды нефрит, бронх түйілуі, Квинке ісінуі
Сирек
- анафилактикалық шок
- препаратқа төзімді микрофлора туғызған асқынжұқпа (ашытқы тәріздес зеңдер, грамтеріс микроорганизмдер)
- жергілікті реакциялар: бұлшықет ішіне енгізу орнындағы тығыздану мен ауырулар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа (оның ішінде басқа да β-лактамды антибиотиктерге) жоғары
сезімталдылық
- есекжем
- бронх демікпесі
- эпилепсия кезінде эндолюмбалдық енгізу .
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Пробенецид бензилпенициллиннің өзекшелік секрециясын төмендетеді, сол арқылы соңғысының қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылап, жартылай шығару кезеңі ұзарады.
Бактериостатикалық әсер беретін (тетрациклин) антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда бензилпенициллиннің бактерицидтік әсері азаяды. Тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін жоғарлатады (ішектік микрофлораны тежей отырып, протромбин индексін төмендетеді); пероральді контрацептивтердің, метаболизм үдерісі кезінде парааминобензой қышқылын түзетін дәрілік заттардың тиімділігін, этинилэстрадиолда – қан кетудің даму қатерін төмендетеді.
Диуретиктер, аллопуринол, өзекшелік секреция блокаторлары, фенилбутазон, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, өзекшелік секрецияны төмендете отырып, бензилпенициллиннің концентрациясын жоғарылатады.
Аллопуринол аллергиялық реакциялардың (тері бөртпелері) даму қаупін жоғарылатады.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік кезінде, бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде, жүректің және бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде, аллергиялық реакцияларға бейім емделушілерге (әсіресе дәрілік аллергияларда), цефалоспориндерге жоғары сезімталдықта (айқаспалы аллергияның даму мүмкіндігіне байланысты) сақтықпен қолданылады. Бронх демікпесі, пішен қызбасы және басқа да аллергиялық ауруларда бензилпенициллин препараттарын антигистаминді дәрілер бір мезгілде тағайындалғанда сақтықпен қолдану керек.
Егер қолдануды бастағаннан 3-5 күннен кейін әсері байқалмаса, басқа антибиотиктерді қолдану немесе біріктірілген емге көшу керек. Зеңдік асқын жұқпаның даму мүмкіндігіне байланысты бензилпенициллинмен емдеу кезінде зеңге қарсы препараттарды тағайындаған дұрыс. Бензилпенициллиннің жеткілікті емес дозасын қолдану немесе емді тым ерте тоқтату қоздырғыштардың төзімді штаммдары пайда болуына әкелетінін ескеру қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде ана үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін қатерінен артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады. Лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда емшекпен емізуді тоқтату мәселесін шешіп алу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі
Емі: айқын аллергиялық реакциялар жағдайында адреналин, глюкокортикоидтар, гистаминге қарсы препараттар (димедрол немесе басқалар), кальций хлориді тағайындалады. Сондай-ақ ферментті препарат пенициллиназаны қолданады. Ауыр аллергиялық реакциялар кезінде преднизолон немесе басқа да глюкокортикостероидтар тағайындалады. Анафилактикалық шоктың алғашқы белгілерінде науқасты осы жағдайдан шығару үшін шаралар қолданылуы тиіс (адреналин, димедрол, кальций хлоридін енгізу, жүректің дәрілерін қолдану, оттегімен тыныс алу, жылыту және т.б.; науқасты асфиксия және шок жағдайынан шығарғаннан кейін бірден пенициллиназаның 1 000 000 ӘБ енгізеді).
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 000 000 ӘБ белсенді заттан резеңке тығындармен тығыз тұмшаланған, алюминий қалпақшалармен қаусырылған құтыларда.
50 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен картоннан жасалған қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Норс Чайна Фармасьютикал Ко., Лтд, Шицзячжуань қ-сы, Вост.Хэпинг к-сі, 388, Хэбэй провинциясы, Қытай
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
НСПС Интернэшнл Корп., Қытай
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасындағы NCPC International Corp. өкілдігі
Тел/факс: (727) 298-9792
Электр.поштасы:info@ncpcbiz.cn