Барбовал®

МНН: Левоментола раствор в ментил изовалерате, Фенобарбитал, Этилбромизовалерианат
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013847
Информация о регистрации в РК: 20.05.2019 - 20.05.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Барбовал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар 25 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар - 100% затқа шаққанда α-бромизовалериан қышқылының этил эфирі - 18,0 мг, ментол ерітіндісі изовалериан қышқылының ментил эфирінде (валидол) - 80 мг, фенобарбитал 17,0 мг,

қосымша заттар: натрий ацетаты тригидраты, 96% этанол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Арнайы хош иісі бар, мөлдір, түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар

АТХ коды N05СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде валидол тіл астында-ақ сіңе бастайды, сондықтан да препараттың әсер етуі қабылдаған сәттен басталады.

Әсіресе тез әсер етуі қант түйіріне сіңіріп тіл астына (сублингвальді) салып сорғанда тез басталады.

Фармакодинамикасы

Барбовал® - біріктірілген дәрілік зат, емдік әсері құрамына кіретін компоненттердің фармакологиялық қасиеттеріне байланысты.

Альфа-бромизовалериан қышқылы этил эфирінің (шүйгіншөп сығындысы тәрізді) тыныштандыратын және түйілуді басатын әсері бар.

Фенобарбитал тыныштандыратын және тамыр кеңітетін жеңіл әсер береді.

Валидол орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер етеді, сондай-ақ рефлекторлы түрде аздаған тамыр кеңітетін әсері бар.

Қолданылуы

  • ашушаңдықпен, истериямен, ұйқысыздықпен, вегетативті-тамырлық дистониямен қатар жүретін неврозда

  • коронарлық тамырлардың бірден көрінбейтін түйілуінде, тахикардияда, стенокардияның жеңіл ұстамаларында, артериялық гипертензияның кешенді емінде

  • асқазан мен ішектің түйілуінде, метеоризмде

Қолдану тәсілі және дозалары

Барбовалды® ішке, сұйықтықтың шамалы мөлшерімен немесе тіл астына салынатын қант түйірімен толық сорылғанша қабылдайды.

Ересектер үшін ұсынылатын доза – тамақтануға дейін 20-30 минут бұрын күніне 2-3 рет 10-15 тамшыдан, 10-15 күн бойы. 10-15 күнгі үзілістен кейін емдеу курсын қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- эпигастрий аймағындағы жайсыздық, жүрек айнуы

- ұйқышылдық, бас айналуы, зейін шоғырландырудың төмендеуі

- жүрек ырғағының баяулауы

- аллергиялық реакциялар

Бұл құбылыстар доза азайтылғанда қайтады.

Ұзақ қолданған кезде препаратқа тәуелділіктің, «тоқтату» синдромы мен бромизм құбылыстарының (орталық жүйке жүесінің бәсеңдеуі, депрессия, апатия, ринит, конъюнктивит, акне, геморрагиялық диатез, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, сананың шатасуы) пайда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, бромға жоғары сезімталдық

- бүйрек және/немесе бауыр функциясының айқын бұзылулары

  • бауыр порфириясы

  • жүректің ауыр жеткіліксіздігі

  • маскүнемдік

  • бассүйек-ми жарақаттары немесе ми аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нейролептиктермен және транквилизаторлармен бір мезгілде қолдану препарат компоненттерінің әрқайсысының әсерін күшейтеді, ал орталық жүйке жүйесі стимуляторларымен - бәсеңдетеді.

Барбовалдың® құрамында фенобарбиталдың болуы бауыр ферменттерін күшейтуі мүмкін және бұл оның бауырда метаболизденетін дәрілермен бір мезгілде қолданылуын жағымсыз етеді, өйткені метаболизм деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде олардың тиімділігі де төмендейді (тікелей емес антикоагулянттар, антибиотиктер, сульфаниламидтер және т.б.).

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Барбовал® қимыл үйлесімі және психомоторлық реакциялар жылдамдығы бұзылуын тудыруы мүмкін, сондықтан механизмдермен жұмыс істейтін адамдар, автокөлік жүргізушілер және т.б. препаратты қабылдау кезінде сақ болуы керек.

Спиртті ішімдіктерді бір мезгілде қолдануға болмайды. дук продуктами).каким-либо компонентам препарата. действием.альтику желудка и кишечника, уменьшает метеризм, обл

Артық дозалануы

Симптомдары - орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, ұйқышылдық, кейде жүрек айнуы және құсу.

Емі - орталық жүйке жүйесінің стимуляторларын енгізу ұсынылады (кофеин, бемегрид, этимизол және т.б.).

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден тамшылатқыш-тығынмен және бұрандалы қақпақпен немесе алғашқы ашылуы бақыланатын тығындық-бұрандалы қақпақпен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыда.

Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі, 050009 Алматы қ., Абай к-сі 157, 5 кеңсе

Тел/факс :+7 (727)250 66-23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

Прикрепленные файлы

583503671477976726_ru.doc 53.5 кб
219970441477977882_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники