Ацикловир Санто

МНН: Ацикловир
Производитель: "Акрихин" АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aciclovir
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023082
Информация о регистрации в РК: 30.06.2017 - 30.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Ацикловир Санто

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацикловир

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай 5 %

Құрамы

100 г препараттың құрамында:

белсенді зат - ацикловир – 5,00 г,

қосымша заттар: пропиленгликоль, вазелин, вазелин майы, эмульсиялық балауыз, макрогол (полиэтиленоксид 1500), тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті жақпамай. Өзіне тән иісі болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы препараттар. Ацикловир.

АТХ коды: D06BB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ұсынылған дозада қолданғанда жүйелік сіңірілуі өте аз.

Фармакодинамикасы

Ацикловир вирусқа қарсы дәрі болып табылады. Эксперименттік in vitro зерттеулерде 1 және 2 типті қарапайым герпес (herpes simplex) вирусына қарсы белсенділігін көрсетеді. Герпес вирусын жұқтырған жасушалар түскенде ацикловир фосфорланады және белсенді түрі – ацикловир трифосфатына өзгереді. Осы үрдістің бірінші сатысы HSV-кодталған тимидинкиназа болуына байланысты болады. Ацикловир трифосфаты тежегіш және герпес-спецификалық ДНҚ полимеразаға арналған субстрат ретінде одан әрі вирустық ДНҚ синтезін болдырмай, әдеттегі жасушалық үдерістерге ықпалын тигізбестен, әсер етеді.

Қолданылуы

- қарапайым (оның ішінде еріннің) және қайталанатын генитальді герпесті қоса, 1 және 2 типті Herpes simplex вирусы туындатқан тері инфекцияларында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Препаратты таза қолмен немесе мақта тампонмен күніне 5 рет (әрбір 4 сағат сайын) зақымданған және онымен таяу жатқан тері бөліктеріне жұқалап жағады.

Ең жоғары емдік әсеріне қол жеткізу үшін препаратты аурудың бірінші белгілерінде-ақ (күйдіру, қышыну, шаншу, ширығуды сезіну және қызару) қолдану қажет. Алайда, емдеуді кешеуілдеген сатысында да бастауға болады (папула немесе везикуланың болуы). Сулы бөртпеде қабық түзілгенге дейін, не олар толық жазылғанша емді жалғастыру керек. Емдеу ұзақтығы орташа алғанда 5 күнді құрайды. Дұрыс жазылмаған жағдайда емдеуді 10 күнге дейін жалғастыруға болады

Әсері болмағанда дәрігерге қаралу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша қолайсыз әсерлерді төмендегідей жіктеу жүйесін пайдаланып көрсетілді: өте жиі >1/10, жиі ≥1/100 және ˂1/10, жиі емес ≥1/1000 және ˂1/100, сирек ≥1/10 000 және ˂1/1000, өте сирек ˂1/10 000.

Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар:

Жиі емес:

- препаратты қолданудан кейінгі өтпелі ашыту немесе шаншу

- терінің құрғауы немесе қабыршықтануы

- қышыну

Сирек:

- эритема

- жаққан жердегі жанаспалы дерматит

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар:

Өте сирек:

- Квинке ісінуі және есекжемді қоса, шұғыл типті аса жоғары сезімталдық реакциялары

Жағымсыз реакциялар, оның ішінде қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмегендерінің туындауы жағдайында діәрілік затты қолдануды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ацикловирге, валацикловирге, пропиленгликольге және препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін жергілікті қолданған кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар болмаған.

Айрықша нұсқаулар

Айқын жергілікті қабынудың дамуы мүмкін болғандықтан, препаратты ауыз қуысы және көз шырышты қабығына жағу ұсынылмайды. Генитальді герпесті емдегенде жыныстық қатынасты болдырмаған немесе мүшеқаптарды пайдаланған жөн, өйткені ацикловир вирустың жұптасына жұқтырылмауынан сақтандырмайды.

Көзге кездейсоқ тигізіп алудан сақтану керек.

Иммунитеті төмен пациенттерде (мысалы, АИТВ-жұқтырған пациенттерде немесе сүйек кемігі реципиенттерінде) ацикловирдің ішке қабылдайтын түрлерін қолдану ұсынылады. Мұндай пациенттерде кез келген инфекцияны емдеу қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек. Препарат құрамында пропиленгликоль бар, ол терінің тітіркенуін туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты ана үшін болжамды пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолданған дұрыс. Ацикловирді жүйелік қолдануға арналған түрлерінде тағайындаған кезде дәрілік зат емшек сүтіне өтеді. Алайда, емшектегі баланың алатын дозасы көп емес деп күтіледі.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қолданылмайды.

Артық дозалануы

Кездейсоқ жұтып қойғанда немесе құрамында 10 г жақпамай 500 мг ацикловир бар барлық қаптаманы жергілікті қолданғанда жағымсыз әсерлері айқындалмаған. Алайда асқазан-ішек (жүрек айну және құсу) және неврологиялық әсерлерінің (бас ауыру және сананың шатасуы) ацикловирді бірнеше күн бойы ішке кездейсоқ қайталап артық дозалану нәтижелесінде туындауы сипатталған. Ацикловир гемодиализ кезінде шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай 5 %.

5 г препараттан алюминий сықпаға салынған.

Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

"АКРИХИН" АҚ, Ресей

142450, Мәскеу облысы, Ногинский ауданы, Старая Купавна қ.,

Киров к-сі, 29 үй.

Телефон/факс: +7 (495) 702-95-03.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Химфарм" АҚ, Қазақстан Республикасы

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

"АКРИХИН" АҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

Ацикл_Санто_КАЗ.doc 0.07 кб
Ацикл_Санто_рус.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту