Афала

МНН: Антитела к простатоспецифическому антигену аффинно очищенные
Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения доброкачественной гиперплазии предстательной железы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020783
Информация о регистрации в РК: 17.07.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Афала

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: Аффинді тазартылған простатоспецификалық антигенге антиденелер – 0,003 г*.

қосымша заттар: 0,267 г лактоза моногидраты, 0,030 г микрокристалды целлюлоза, 0,003 г магний стеараты.

* лактоза моногидратына құрамы 10-15 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар тегіс бетіне MATERIA MEDICA таңбасы, екінші тегіс бетіне AFALA таңбасы жазылған.

Фармакотерапиялық тобы

Простата қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04CX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Талдаудың осы заманғы физика-химиялық әдістерінің сезімталдығы (газсұйықтық хроматографиясы, тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясы, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндерде антиденелердің тым аз дозалары мөлшерін бағалауға мүмкіндік бермейді, сондықтан Афала препараты фармакокинетикасын техникалық зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Қуық асты безінің қабыну және ісіну құбылыстарын азайтады, оның қызметтік жағдайын қалпына келтіреді. Уродинамиканы жақсартады, несеп қалдығының көлемін төмендетеді, несеп шығару жолының төменгі бөлігінің тонусын қалпына келтіреді, дизуриялық бұзылыстардың азаюына ықпал етеді.

Қолданылуы

Қуық асты безінің I және II дәрежелі қатерсіз гиперплазиясы.

Жедел және созылмалы простатит кешенді емінің құрамында – қабынуға қарсы және ауырғанды басатын дәрі ретінде.

Дизуриялық бұзылыстар (несеп шығаруға қысылудың жиілеуі, түндегісін қоса, несеп шығарудың қиындауы, шат аймағының ауыруы мен жайсыздығы), оның ішінде қуық асты безінің I және II дәрежелі қатерсіз гиперплазиясымен қатар жүретін; жедел және созылмалы простатит.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Бір қабылдауға 2 таблетка (ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек –

тамақтану кезінде емес). Препаратты күніне екі рет, таңертең және кешке қабылдау керек (ұйықтар алдында және одан кейін). Препаратты қабылдаудың ұсынылатын ұзақтығы - 16 апта.

Айқын ауыру синдромында және дизуриялық бұзылуларда емдеудің алғашқы 2 – 3 аптасында препаратты тәулігіне 4 ретке дейін қабылдау көрсетілген.

Қажет болғанда дәрігердің ұсынымы бойынша 1 – 4 айдан соң емнің қайталау курсын жүргізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Көрсетілімдері бойынша және көрсетілген дозада препаратты пайдаланған кезде жағымсыз әсерлері байқалмаған.

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары осы уақытқа дейін тіркелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамына лактоза моногидраты кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы, немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар емделушілерге тағайындауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат әйелдерге қолдануға арналмаған.

Балалар

Препарат балаларға тағайындалмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Афала көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Кездейсоқ артық дозаланған кезде дәрілік түрдің құрамына толтырғыш кіруіне байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Соруға арналған таблеткалар. 20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада .

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей, 127473, Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа к-сі., 9 үй. Тел./факс: (495) 684-43-33.

Тіркеу куәлігінің иесі

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Алматы қ., Жібек жолы 64, 1 кеңсе.

Тел./факс: 2734713

E-mail: materiamedica.kz@mail.ru

Прикрепленные файлы

252167161477976656_ru.doc 48.5 кб
166778391477977799_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники