Аспаркам-Здоровье

МНН: Калия, магния аспарагинат
Производитель: Здоровье ФК ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты прочих минеральных веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014079
Информация о регистрации в РК: 13.05.2019 - 13.05.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Аспаркам-Здоровье

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: магний аспарагинаты тетрагидраты (D,L- аминоянтарь қышқылы магний тұзы тетрагидраты) 175.00 мг, калий аспарагинаты ½ гидраты (D,L-аминоянтарь қышқылы калий тұзы ½ гидраты) 175.00 мг

қосымша заттар: картоп крахмалы немесе жүгері крахмалы, кальций стеараты, тальк

немесе

белсенді зат: «Аспаркам» таблетка массасы 495.00 мг

қосымша зат: кальций стеараты

Сипаттамасы

Тегіс беткейлі, сызығы және ойығы бар, ақ түсті таблеткалар. Таблетканың беті мәрмәрлі болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар.

АТХ коды А12СХ

Фармакологиялық қасиеттері

Организмде магний мен калий тапшылығын болдырмайтын аритмияға қарсы дәрі. Препарат организмде электролиттік теңгерімді қалпына келтіреді, миокардтағы зат алмасуын және коронарлық қан айналымын жақсартады, атриовентрикулярлық өткізгіштігін біршама бәсеңдетеді, жүрек гликозидтеріне жоғары сезімталдықты төмендетеді және олардың уыттылығының білінуін азайтады. Гипоксияға қарсы әсері бар.

Қолданылуы

- организмде магний және калийдің тапшылығында

- электролиттік бұзылумен байланысты аритмияда

- қарыншалық экстрасистолияда, оның ішінде миокард инфарктісі, жүрек гликозидтерінің артық дозалануы кезінде

- жүректің ишемиялық ауруында (кешенді ем құрамында)

- жүрек гликозидтерімен уыттанудың алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтанудан кейін, 1-2 таблеткадан күніне 3 рет қолданады. Алдын алу мақсатында 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды.

Дозасы және емдеу ұзақтығын әр адамға жекелей дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жүрек айну, құсу, диарея, ауыздың құрғауы, шөлдеу, эпигастрий аумағында жағымсыздықты немесе күйдіруді сезіну, абдоминальді ауыру

- миокард өткізгіштігінің бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, атриовентрикулярлық блокада

- гиперкалиемия, гипермагниемия

Өте сирек

- гипорефлексия, парестезия, құрысулар

- жүйке-бұлшықет блокадасы, тыныстың тарылуы

- ас қорыту жолы шырышты қабығының ойық жарасы, ас қорыту ағзаларынан қан кету

- аллергиялық реакциялар (жоғары сезімталдығы бар адамдарда – қышыну, терінің қызаруы, бөрту)

- тершеңдік

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • гиперкалиемия

  • гипермагниемия

  • миастения

  • бүйрек қызметінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі, бүйрек үсті безі қабығының жеткіліксіздігі

  • ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

  • айқын артериялық гипотензия, кардиогендік шок (90 мм с.б. қарағанда төмен систолалық артериялық қысым)

  • Аддисон ауруында

  • гемолиз

  • анурия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтерінің жағымдылығын жақсартады және олардың кардиоуытты әсерін азайтады.

Калий жинақтаушы диуретиктермен және ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда гиперкалиемияның даму қаупі артады, осыған байланысты қан плазмасындағы калий деңгейін бақылап отыру қажет.

Тетрациклин, темір тұздары және натрий фториді ішілетін түрлерінің сіңуін тежейді (қабылдау арасында үш сағаттық аралықты ұстану қажет).

Ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен, бета-адреноблокаторлармен, циклоспоринмен, калий жинақтаушы диуретиктермен, гепаринмен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданғанда ішек перистальтикасын бәсеңдету әсері күшейеді.

Антидеполяризациялаушы миорелаксанттармен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді, наркозға арналған дәрілермен – орталық жүйке жүйесін бәсеңдетеді.

Препарат жүрек гликозидтері, неомицин, полимиксин В, тетрациклин және стрептомициннің тиімділігін азайтады.

Кальций препараттары Аспаркам-Здоровье тиімділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт қолданған кезде қандағы калий мен магний деңгейін, ЭКГ көрсеткіштерін бақылап отыру керек. Калий препараттарының ішке қабылданғанда асқазан-ішек жолы шырышты қабығын тітіркендіру мүмкіндігін ескере отырып, препаратты ашқарынға қабылдауға болмайды. Бүйрек үсті безі қабатының жеткіліксіздігі бар емделушілерде гиперкалиемияның даму қаупі артады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қолданудың пайдасы ұрық/нәрестеге төнетін ықтимал қауіптен басым түсетін жағдайда және дәрігердің бақылауымен тағайындайды.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларды емдеу үшін қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.

Көлік құралдарын және механизмдерді басқару мүмкіндігіне әсер етуі

Препарат автокөлікті басқару кезінде немесе күрделі механизмдермен жұмыста реакция жылдамдығына әсер етпейді.

Артық дозалануы

Гиперкалиемия және гипермагниемия симптомдары: брадикардия, аритмия, тыныстың тарылуы, гипорефлексия, бағдарсыздық, беттің қызаруы, шөлдеу, артериялық қысымның төмендеуі, іштің ауыруы, бұлшықеттің салдануы, ауыздың темір татуы, аяқ-қол басының қарысуы және парестезия, электрокардиограммада Т тісшесі амплитудасының жоғарылауы, Р тісшесі амплитудасының төмендеуі, QRS кешенінің кеңеюі тіркеледі.

Емі: асқазанды шаю және кальций препараттарын парентеральді енгізу, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 немесе 50 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

10 таблеткадан 5 пішінді ұяшықты қаптама немесе 50 таблеткадан 1 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Қорапқа салынбаған 50 таблеткадан 140 пішінді ұяшықты қаптаманы медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге гофрланған картон жәшікке салуға болады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 15оС-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Здоровье» фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ, Украина

Тіркеу куәлігінің иесі

«Здоровье» фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: Фарм-Евро ЖШС, 050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Телефон: +7(727) 271-10-17

Факс: +7(727) 271-84-97

Эл. поштасы: farmevro@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

115139841477976756_ru.doc 51.5 кб
600554361477977924_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники