Ардуан® (4 мг) (Pipecuronium bromide)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ардуан®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пипекуроний бромиді
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 4 мг, еріткішпен жиынтықта (0,9 натрий хлоридінің ерітіндісі).
Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат – 4 мг пипекуроний бромиді,
қосымша зат – маннитол,
еріткіш: натрий хлориді, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті лиофилизацияланған ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Шеткері әсер ететін миорелаксанттар. Басқа да төрттік аммонийдің қосылыстары. Пипекуроний бромиді.
АТХ коды M03A C06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Пипекуроний бромидін көктамыр ішіне енгізген кезде бастапқы таралу көлемі (Vdc): дене салмағының әр кг шаққанда 110 мл, қанығу кезеңіндегі таралу көлемі (Vdss): дене салмағының әр кг шаққанда 300 78 мл, плазмалық клиренсі (Сl): дене салмағының әр кг шаққанда минутына 2,4 0,5 мл, орташа жартылай шығарылу кезеңі (t1/2) 121 45 минут, болу уақыты орта есеппен алғанда (МRТ): 140 минут.
Демеуші дозаны қайталап енгізген кезде жиналып қалатын әсері жоқ, егер бастапқы контрактильділік 25 қалпына келген сәтте дене салмағының әр кг шаққанда 0,01-0,02 мг доза қолданылса.
Үштен бір бөлігі өзгермеген түрде, ал қалған мөлшері 3-дезацетил-пипекуроний түрінде шығарылады.
Клиникаға дейінгі зерттеу деректері бойынша, бауыр да пипекуронийдің элиминациясына қатысады.
Фармакодинамикасы
Ардуан® (пипекуроний бромиді) ұзақ уақыт әсер ететін деполяризацияланбаған жүйке-бұлшықет блокаторы болып табылады. Көлденең-жолақты бұлшық ет талшықтарының моторлы ұштарында орналасқан ацетилхолиннің никотин-сезімтал рецепторларымен компетитивті байланысу есебінен сигналдың жүйке ұштарынан бұлшық ет талшықтарға берілуін бөгейді. Оның антидоттары ацетилхолинэстераза тежегіштері (мысалы, неостигмин, пиридостигмин, эдрофоний) болып табылады. Деполяризацияланатын миорелаксанттардан (мысалы, сукцинилхолин) айырмашылығы Ардуан® бұлшықет фасцикуляциясын тудырмайды. Ардуан® гормональді әсер бермейді.
Бұлшық еттің құрысуын (ЕD90) 90 -ға төмендету үшін оның қажетті тиімді дозасынан бірнеше есе асып түсетін дозалардың өзінде ганглиобөгегіш, ваголитикалық және симпатомиметикалық белсенділік танытпайды.
Зерттеу деректері бойынша теңдестірілген анестезияда пипекуроний бромидінің ED50 және ЕD90 дозалары дене салмағының әр кг шаққанда, сәйкесінше, 0,03 және 0,05 мг құрайды. Дене салмағының әр кг шаққанда 0,05 мг-ге тең доза әртүрлі операция кезінде 40-50 минуттық бұлшық ет релаксациясын қамтамасыз етеді.
Пипекуронийдің ең жоғары әсері дозаға байланысты болады және 1,5-5 минуттан кейін басталады. Әсері дене салмағының әр кг шаққанда 0,07-0,08 мг дозада бәрінен тезірек дамиды. Дозаны одан әрі қарай арттыру әсер етудің дамуы үшін қажетті уақытты қысқартады және препараттың әсерін едәуір арттырады.
Қолданылуы
- 20-30 минуттан астам миорелаксацияны қажет ететін әртүрлі хирургиялық операциялар барысында жалпы анестезия кезіндегі қаңқа бұлшық етінің релаксациясында және эндотрахеальді интубацияда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ардуан® дозасын анестезияның түрін, хирургиялық араласымның болжамды ұзақтығын, анестезияға дейін және анестезия кезінде қолданылатын басқа дәрілік заттармен мүмкін болатын өзара әрекеттесуін және қатар жүретін аурулары мен науқастың жалпы жағдайын есепке ала отырып, әрбір науқас үшін жекелей таңдап алынады. Жүйке-бұлшық ет бөгелісін бақылауды қамтамасыз ету үшін шеткергі нейростимуляторды қолдану ұсынылады. Көктамыр ішіне қолдану керек.
Ересектер үшін ұсынылатын дозасы:
- интубацияға және әрі қарай жасалатын хирургиялық араласымдағы бастапқы дозасы: дене салмағының әр кг шаққанда 0,06-0,08 мг 150-180 секунд бойы интубация үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді, мұндайда бұлшық ет релаксациясы 60-90 минут
- сукцинилхолинді қолдана отырып, жасалатын интубацияда миорелаксация үшін бастапқы дозасы: 0,05 мг/кг, 30-60 минуттық миорелаксацияны қамтамасыз етеді
- демеуші дозасы: 0,01-0,02 мг/кг, хирургиялық операция кезінде 30-60 минуттық миорелаксацияны қамтамасыз етеді
- бүйрек функциясы жеткіліксіз болғанда дене салмағының әр кг шаққанда 0,04 мкг-ден асатын дозаны қолдану ұсынылмайды
Келесі жағдайларда әсері ұзартылуы мүмкін:
- шамадан тыс дене салмағында, семіздікте (дозаны таңдаған кезде дененің өз салмағынан шығарған жөн)
- ингаляциялық анестетиктерді бір мезгілде қолданғанда (Ардуан® препаратының дозасын азайтуға болады)
- сукцинилхолинмен интубация кезінде (Ардуан® препаратын сукцинилхолин әсерінің клиникалық белгілері жоғалғаннан кейін енгізеді. Деполяризацияланбаған басқа миорелаксанттармен енгізген жағдайдағы сияқты, Ардуан® препаратын деполяризацияланған миорелаксанттардан кейін енгізу миорелаксацияның басталуы үшін қажетті уақытты қысқартуы және ең жоғары әсердің ұзақтығын арттыруы мүмкін).
Әсерін тоқтату: Шеткергі жүйке талшықтарының стимуляторларымен өлшенетін 80-85% бөгеліс кезінде, немесе клиникалық белгілері бойынша анықталатын ішінара бөгеліс кезінде, атропинді (0,5-1,25 мг) неостигминмен (1-3 мг) немесе галантаминмен (10-30 мг) біріктіріп қолдану Ардуан® препаратының миорелаксациялаушы әсерін тоқтатады.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек (<1/10000)
- анафилактикалық реакция*
- тетания, ұйқышылдық, салдану
- блефарит, блефароптоз
- аритмия, брадикардия, жүрек жұмысының бәсеңдеуі (басылуы), тахикардия және жүрекшелердің фибрилляциясы**, гипотония, вазодилатация, жүректің жиырылу жиілігінің азаюы
- апноэ, ентігу, өкпенің гиповентиляциясы, бронхтың түйілуі, жөтел
- бұлшықет әлсіздігі
- қан плазмасында K, Mg, Ca деңгейлерінің елеусіз төмендеуі
- глюкоза деңгейінің артуы
- қанда мочевина концентрациясының артуы
*Анафилактикалық реакциялар кейде деполяризацияланбайтын миорелаксанттарды қолданған кезде кездесуі мүмкін. Ардуан® препаратының инъекция түрінде қолданылғанына қарамастан, тек бір жағдайда ғана (анық дәлелденбеген) анафилактикалық реакция (жөтел, бронхтың түйілуі, беттің ісінуі, көздің қызаруы мен ісінуі) болғаны сипатталған, препаратты қолдану кезінде анафилактикалық реакцияны басуға арналған препараттар мен аппаратураны дайындау керек. Препаратты сыртартқысында басқа миорелаксанттарға аллергиялық реакциясы бар болғанда аса сақтықпен қолдану қажет, өйткені деполяризацияланбайтын миорелаксанттар арасында айқаспалы аллергия түзілуі мүмкін.
Гистаминнің босап шығуы және гистаминге ұқсас реакциялар: Ардуан® препаратының гистаминді босатып шығару әсері жоқ.
** Ардуан® препаратының жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етуі айқын білінбейді, пипекуронийдің айқындылығы аз, кардиоселективті, ваголитикалық қасиеттерімен байланысты. Дене салмағының әр кг шаққанда 0,10 мг дозаға дейін ганглиобөгегіш немесе ваголитикалық әсері білінген жоқ, тек аз білінетін жүрек-қантамыраралық жағымсыз әсерлер (артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия), әсіресе наркозды енгізгенде фторотанды немесе фентанилді бір мезгілде қолданған кезде.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген қосымша затына сезімталдықтың жоғарылауы
- ауыр миастения немесе Итон-Ламберт синдромы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Төменде келтірілген дәрілік препараттар Ардуан® препаратының әсеріне ықпал етуге қабілетті:
1.Әсер етуін күшейтеді немесе ұзартады:
- ингаляциялық анестетиктер (галотан, метоксифлуран, эфир, энфлуран, изофлуран, циклопропан)
- көктамыр ішіне енгізуге арналған анестетиктер (кетамин, фентанил, пропанидид, барбитураттар, этомидат, -гидроксимай қышқылы)
- деполяризацияланбайтын басқа миорелаксанттар, сукцинилхолинді алдын ала қолдану
- кейбір антибиотиктер және химиотерапиялық препараттар (аминогликозидтер, пептидтер, имидазолдар, метронидазол т.б.)
- диуретиктер, - және -блокаторлар, тиамин, МАО тежегіштері, гуанадин, протамин, фенитоин, кальций өзекшелерінің антагонистері, магний тұздары, көктамыр ішіне енгізуге арналған лидокаин
2. Әсер етуін бәсеңдетеді:
- глюкокортикостероидтарды, неостигминді, эдрофонийді, пиридостигминді, норадреналинді, азатиопринді, теофиллинді, КСl, NaCl, СаСl2-ді алдын ала ұзақ уақыт қолдану.
3. Әсер етуін күшейтеді немесе бәсеңдетеді:
- деполяризацияланған миорелаксанттарды алдын ала қолдану (доза, қолдану уақыты және жекелей сезімталдығы маңызды рөл атқарады).
Айрықша нұсқаулар
Жасанды тыныс алуға мүмкіндік беретін аурухана жағдайында және препараттың тыныс алу бұлшық еттеріне әсер етуін ескере отырып, жасанды тыныс алуды дәрігер-маманның қатысуымен ғана қолдану керек.
Медициналық әдебиеттерде миорелаксанттарды қолданған кезде анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялар жағдайлары сипатталған. Ардуан® препаратының осыған ұқсас әсері жөнінде мәлімдемелердің жоқтығына қарамастан, препаратты осындай жағдайды емдеуге кірісуге мүмкіндік беретін жағдайларда ғана қолдануға болады.
Миорелаксацияны тудыратын Ардуан® дозасының айтарлықтай кардиоваскулярлы әсері жоқ және, кейбір анестетиктерден айырмашылығы, іс жүзінде вагусты рефлекстен болатын брадикардияны тудырмайды. Жоғарыдағыны ескере отырып, ваголитикалық препараттарды премедикация мақсатында қолдануға және дозалауға алдын ала мұқият баға берілуі тиіс; сондай-ақ бір мезгілде пайдаланылатын басқа дәрілік препараттардың және операция түрінің вагусқа стимуляциялайтын әсер беретінін ескерген де жөн.
Препараттың салыстырмалы артық дозалануын болдырмау және бұлшық ет белсенділігінің қалпына келуіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін шеткергі жүйке стимуляторын қолдану ұсынылады.
Фармакокинетикасына және/немесе Ардуан® препаратының миорелаксациялаушы әсеріне келесі факторлар әсер етуі мүмкін:
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі әсер етуін және науқастың «оралуы» деп аталатын уақытты ұзартады.
Жүйке-бұлшық ет аурулары: Ардуан® препаратын мұндай жағдайларда препараттың әсері күшейетін, сонымен қатар бәсеңдейтін болғандықтан, сақтықпен тағайындайды. Ардуан® препаратының аздаған дозалары ауыр миастенияда немесе Итон-Ламберт синдромында күшті айқын әсер беруі мүмкін. Мұндай науқастарға препаратты мүмкін болатын зиянына мұқият баға бергеннен кейін өте төмен дозаларда тағайындайды.
Бауыр аурулары: Ардуан® препараты күтілетін пайдасы ықтимал зиянынан басым болған жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Қатерлі гипертермия: Ардуан® препаратын зерттеу барысында да, сонымен қатар клиникалық тәжірибеде де қатерлі гипертермия байқалған жоқ. Миорелаксанттың басқа дәрілік заттарсыз қолданылмауына байланысты, сондай-ақ бұл синдром түрткі болатын белгілі факторлар жоқ болған кезде де дамитын болғандықтан, дәрігер синдромның ерте белгілерімен, оның диагностикасы әдістерімен және емдеумен таныс болуға тиіс.
Тағы басқалар: басқа миорелаксанттардағы сияқты жағдайда электролиттік тепе-теңдікті және қышқыл-негіз жағдайын қалыпқа келтірген жөн.
Гипотермия Ардуан® препаратының әсерін ұзартуы мүмкін.
Гипокалиемия, дигитализация, диуретиктер қабылдау, гипермагниемия, гипокальциемия (трансфузия), дегидратация, ацидоз, гипопротеинемия, гиперкапния, кахексия Ардуан® препаратының әсерін күшейтуге және ұзартуға мүмкіндік бере алады.
Басқа миорелаксанттарға ұқсас Ардуан® парциальді тромбопластинді және протромбин уақытын төмендетуі мүмкін.
Тек жаңа дайындалған ерітіндіні ғана қолданған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Ардуан® препаратының жүкті әйелдерге және ұрыққа зиянсыздығын айғақтайтын жеткілікті тәжірибе жоқ.
Жүктілік кезінде Ардуан® препараты күтілетін жағымды әсері қауіптен жоғары болған жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Магний тұздары жүктіліктегі токсикозды емдеу үшін осындай препараттарды қабылдап жүрген әйелдерде жүйке-бұлшықет бөгелісін күшейтеді, миорелаксиялайтын әсерін дәрілік жолмен тоқтату жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда міндетті түрде шеткергі нейростимуляторды қолданады.
Кесарь тілігі
Жалпы анестезия үшін Ардуан® препаратын қолдана отырып жүргізілген клиникалық зерттеулердің деректері бойынша, ол Апгар көрсеткішін, бұлшық ет тонусын және жаңа туған нәрестелердің кардиоваскулярлы бейімділігін өзгертпейді.
Фармакокинетикалық зерттеулерде пипекуроний бромиді плацента арқылы өте аз концентрацияда өтетіндігі және кіндік қанынан табылатыны анықталды.
Ардуан® препаратын лактация кезеңінде пайдалану жөнінде клиникалық деректер жоқ.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Ардуан® препаратының миорелаксиялаушы әсерін тоқтатқаннан кейін алғашқы 24 сағатта автомобильді және жұмыс жасаған кезде жарақаттану қаупі жоғары болатын басқа машиналарды басқаруға болмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: Артық дозаланған жағдайда немесе жүйке-бұлшықет бөгелісі созылған жағдайда өкпені жасанды желдетуді өздігінен тыныс алу қалпына келгенге дейін жалғастырады.
Емі: тыныс алудың өздігінен қалпына келуінің бас кезінде у қайтарғы ретінде ацетилхолинэстераза тежегішін (мысалы, неостигмин, пиридостигмин, эдрофоний) тиісті дозада енгізеді. Өздігінен қанағаттанарлық тыныс алу қалпына келгеннен кейін тыныс алу функциясына мұқият бақылау жүргізген жөн.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат біріктірілген flip-off қалпақшамен бекітілген, түссіз шыны құтыларға салынған.
Сындыруға арналған белгісі бар түссіз шыны ампулада еріткіш 2 мл-ден. Пішінді ұяшықты қаптамаға ішінде препараты бар 5 құтыдан және еріткіші бар 5 ампуладан салынған. Пішінді ұяшықты 5 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2oС-ден 8оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
Препарат - 3 жыл
Еріткіш – 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші-ұйымның атауы және мекен-жайы
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21 Венгрия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Гедеон Рихтер» ААҚ Қазақстандағы өкілдігі
E-mail: info@richter.kz
Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23