Анузол-Фармаприм (суппозитории ректальные)

МНН: Красавки листьев экстракт сухой, Ксероформ
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Висмута соединения в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024527
Информация о регистрации в РК: 07.04.2020 - 07.04.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Анузол-Фармаприм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторий құрамында

белсендi заттар: ксероформ (висмут трибромфеноляты) 100 мг, итжидек жапырақтарының құрғақ экстрактісі 30 мг, мырыш сульфаты гептагидраты 50 мг;

қосымша заттар: сусыз ланолин, этил спирті 96 %, тазартылған су, қатты май.

Сипаттамасы

Жасыл-сарыдан жасыл түске дейін немесе сарыдан ашық-қоңыр түске дейін, ксероформаның спецификалық иісі бар, жылтыр және/немесе күңгірт беті бар цилиндроконустық пішінді суппозиторийлер. Қара түстердің болуына жол беріледі. Кесіндіде ауа және кеуекті өзек және шұңғыл қуыстардың болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Вазопротекторлар. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілер. Басқа препараттармен біріктірілген висмут тұзы.

АТХ коды C05AX02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гиосциамин асқазан-ішек жолынан оңай сіңеді және барлық ағза мен организмнің жүйелеріне таралады. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы плацента арқылы өтеді және емшек сүтінде анықталады. Бауырда ішінара метаболизденеді және өзгермеген түрде де, метаболиттер түрінде де несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 4 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Геморройға қарсы біріктірілген дәрі. Препараттың спазмолитикалық, ауыруды басатын, жергілікті қабынуға қарсы, антисептикалық, тұтқыр және құрғатқыш әсері бар.

Итжидек экстрактісі құрамында атропин тобынан алкалоидтар (гиосциамин, скополамин, апоатропин) бар. Асқазан-ішек жолы бұлшық еттерінің және несеп шығару жолдарының, өттің және өт шығару жолдарының түйілуін азайтады.

Ксероформ тұтқыр, құрғатқыш және қабынуға қарсы әсері бар. Тік ішектің шырышты бетінде денатурацияланған ақуыздардан қорғаныс үлбірін қалыптастырады, қантамырларын тарылтатын әсері бар, жергілікті қабыну үдерісін азайтады.

Мырыш сульфаты тұтқыр, құрғатқыш және антисептикалық әсерге ие.

Препараттың әсері 15-90 минуттан соң басталады.

Қолданылуы

  • геморройда

  • артқы өтіс сызаттарында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді. Ішекті клизма арқылы тазалағаннан кейін немесе ішектің өздігінен босауынан кейін тәулігіне 1 суппозиторийден 1-3 рет. Препараттың ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 7 суппозиторий. Емдеу курсының ұзақтығы 10-14 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялардың кездесу жиілігі былайша анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1000), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Төменде аталған жағымсыз әсерлердің жиілігі белгісіз:

- аллергиялық реакциялар

- ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, бас ауыруы, құрысулар

- мидриаз, аккомодация парезі

- бас айналуы

- тахикардия, жүрек қағысын сезіну

- ауыздың құрғауы, шөлдеу, іш қатуы, диарея

- несеп шығуының іркілуі

- артқы өтіс аймағында шымылдатып ашытуды сезіну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жабық бұрышты глаукома

- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы

- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі

- тахиаритмия

- миастения

- ішек атониясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Итжидек алкалоидтар м-холиномиметиктердің және антихолинэстеразалық препараттардың, кортикотропиннің, кетоконазолдың, антикоагулянттардың әсерін әлсіретеді, анестетиктердің әсерін азайтады, жүрек гликозидтерінің, барбитураттардың, адреномиметиктердің, транквилизаторлардың әсерін күшейтеді.

Емдеу кезінде алкоголь қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Гипертиреозы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек аурулары, полинейропатиясы бар пациенттерге, егде жастағы адамдарға сақтықпен тағайындалады.

Анузол-Фармаприм құрамында сусыз ланолин бар, ол жергілікті тері реакциясын туғызуы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).

Жүктілік және лактация кезеңі

Анузол-Фармапримді жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде көлікті жүргізу, механизмдерді басқару немесе жоғары назарды, жылдам психомоторлық реакцияларды және жақсы көруді талап ететін басқа да қызмет түрлерін орындау кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ауыздың құрғауы, тахикардия, тахиаритмия, мидриаз, аккомодация парезі, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, несеп шығуының іркілуі, психомоторлы қозу, құрысулар, көз қарығуы, тер бөлінудің төмендеуі, гипертермия, елестеу, тыныс алу орталығының салдануы.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлдірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзiмi

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ФАРМАПРИМ ЖШҚ

Кринилор к-сі, 5, Порумбень ауылы, Криулень ауданы,

Молдова Республикасы, MD-4829

www.farmaprim.md

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы «ФАРМАПРИМ СРЛ» фирмасының өкілдігі, Алматы қ-сы, Гоголь к-сі, 86, 528-кеңсе, тел.: + 7(727) 279-65-18, e-mail: tatiana.abdulkhairova@farmaprim.md

Прикрепленные файлы

1.3_.3_Проект_инстр_Анузол-Фармаприм_031019_.docx 0.03 кб
АНУЗОЛ-Фармаприм_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту