Анти-Бит

МНН: Фенотрин
Производитель: Зентива Саглык Урюнлери Санаи ве Тиджарет А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Phenothrin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020403
Информация о регистрации в РК: 21.02.2019 - 21.02.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Анти-Бит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Емдік сусабын

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат - сумитрин 408.00 мг;

қосымша заттар: натридің лаурил эфир сульфаты, кокос майының диэтанол амиді, сорбин қышқылы, май қышқылының полиол эфирі, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ашық-сары түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қотыр кенесін қоса алғанда). Фенотрин.

АТХ коды P03AC03

Фармакологияық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сумитрин теріге болымсыз мөлшерде сіңеді.

Фармакодинамикасы

Анти-Бит сусабыны бастың шашты бөлігі мен қасаға аумағының педикулезін емдеу және алдын алу үшін пайдаланылатын препарат болып табылады. Оның әсер етуші заты сумитрин, пиретрум гүлінің сығындыларынан алынған пиретриннің синтетикалық туындылырының бірі болып табылады. Ол бастың шашты бөлігінің биттері мен қасаға биттеріне және олардың сіркелеріне (Pediculus humanis var. capitis, Pediculus pubis) педикулоцидті және овоцидті әсер етеді.

Қолданылуы

Бастың шашты бөлігі мен қасаға аумағының педикулезін емдеу және алдын алу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Шашты сулап, Анти-Бит сусабынының жеткілікті мөлшерін шаштың түбіне жағу керек.

Емдік мақсатта сусабынды 24 сағат аралықпен 2 рет пайдалану ұсынылады.

1-ші күні:

• Шашты сулау керек, сусабынның жеткілікті мөлшерін басқа түгелдей жағып, жақсылап көпіртіп, сосын жуып тастау керек.

• Екінші рет жағып, препарат жақсы әсер етуі үшін 5 минут күте тұру керек. Содан кейін жақсылап сумен шаю қажет. Өлген биттерді және сіркелерді алып тастау үшін, шашты сусабынның жиынтық құрамына кіретін ұсақ тарақпен мұқият тарау қажет.

2- ші күні:

• Емдеудің бірінші күні үшін көрсетілген үрдісті қайталаңыз.

Биттер мен сіркелерді жою үшін аталған емдеу үдерісі жеткілікті болуы тиіс. Барлық зиянкестердің жойылғанына сенімді болу үшін емді аптасына 1 немесе 2 рет жүргізу қажет.

Қасаға аумағының педикулезін емдеу бастың шашты бөлігі педикулезінің еміне ұқсас болып келеді. Дәрілік заттың қасаға аумағының түкті беткейіне толықтай, санның ішкі жағына және анус маңы аумағына жағылғанын қадағалау қажет.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар науқастар үшін қолданылуы жөнінде ерекше ұсынымдары жоқ.

Балаларда қолданылуы

2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

2 жастан асқан балалар үшін дозасы өзгермейді.

Егде жастағы емделушілерде

Дозасы өзгермейді.

Жағымсыз әсерлері

Анти-Бит сусабынын пайдаланған емделушілерде сирек жағдайларда қышыну, күйік, ісіну немесе эритрема пайда болуы мүмкін. Алайда, бұл симптомдар дәрілік затты пайдалағаннан гөрі, әдетте педикулезді жұқтырумен байланысты пайда болады.

Анти-Бит сусабыны тері арқылы аздаған мөлшерде сіңетін болғандықтан, ол организмге жүйелі әсер етпейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттерінің біреуіне немесе пиретрум сығындыларына аса жоғары сезімталдығы белгілі адамдарға

Дәрігердің ұсынымынсыз 2 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен белгілі бір өзара әрекеттесуі жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты пайдалану кезінде аса жоғары сезімталдық пайда болса, емдеуді тоқтату керек.

Анти-Бит сусабынын қолданғанда оның көзге және ауызға түсіп кетуін болдырмау қажет. Сусабын ауызға немесе көзге түсіп кеткен жағдайда оны мұқият сумен жуып шаю керек. Препаратты кездейсоқ жұтып қойғанда дәрігерге дереу қаралу қажет.

2 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Препаратты ұзақ пайдаланудан аулақ болған жөн.

Балабақша, балалар мекемелері, мектеп сияқты қоғамдық орындарда жұқтырған жағдайда алдын алу шарасы ретінде препаратты жұқтыру қаупі бар кезеңде аптасына бір рет қолдану ұсынылады. Жалпыға қолданған кезде, егер сусабынмен өңдеуді бір ғана адам жүргізетін болса қолғап кию керек.

Жұқтыру отбасында болған жағдайда, алдын алу үшін отбасы мүшелерінің барлығына препаратпен ем жүргізу ұсынылады.

Кейбір терімен өзар әрекеттесу орынында бұл зат жанаспалы дерматит туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті әйелдер мен емшек емізетін аналарда қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Жүктілік кезеңінде, сонымен қатар бала емізу кезеңінде препаратты аса қажет болмаса қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механиздерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың машина басқару қабілетіне және пайдалануға қандай-да бір әсері жоқ.

Артық дозалануы

Анти-Бит сусабынын жұтып қою жағдайлары тіркелмеген. Препаратты кездейсоқ жұтып қойғанда дереу асқазанды шаю және алдын - ала симптоматикалық шаралар қолдану қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

150 мл препараттан ақ пластмасса қақпақпен тығындалған, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларға құяды. Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құтыны тарақпен және медицинада қолданылуы жөніндегі орыс және мемлекеттік тілдегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Тіркеу куәлігінің иесі

Зентива Саглык Урюнлери Санаи ве Тиджарет АҚ.

Орналасқан мекенжайы: Кючюккарыштыран 39780 Люлебургаз Кырыкларели, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

050016 Алматы қ-сы, Қонаев к-сі, 21Б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-25-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

Прикрепленные файлы

422818541477976769_ru.doc 48.5 кб
783362711477977934_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники