Анжелик®

Анжелик®

МНН: Дроспиренон, Эстрадиол
Производитель: Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дроспиренон и эстроген
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015823
Информация о регистрации в РК: 12.06.2020 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 7667/06/10/11/12/15/16/19
Информация о регистрации в РБ: 22.04.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Анжелик®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Қабықпен қапталған 1 таблетканың құрамында

белсенді заттар: эстрадиолға шаққанда 1,0 мг эстрадиол гемигидраты және 2,0 мг дроспиренон,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, жүгерінің желатинизирленген крахмалы, повидон, магний стеараты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза 5 сР, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде дұрыс алты бұрышта “DL” деген өрнегі бар, қабықпен қапталған орташа қызыл түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Прогестагендер және эстрогендер біріктірімде. Прогестагендер және эстрогендер (бекітілген біріктірілімдер). Дроспиренон және эстроген.

АТХ коды G03FA17

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эстрадиол

Сіңірілуі

Ішке қабылдағаннан кейін эстрадиол жылдам және толық сіңіріледі. Сіңірілу барысында және бауыр арқылы алғаш өткенде эстрадиол елеулі дәрежеде метаболизмге ұшырайды, осылайша эстрадиолдың нақтылы биожетімділігінің шамамен 5%-ға дейін төмендеуі жүреді.

Эстрадиол шамамен 22 пг/мл құрайтын сарысудағы ең жоғарғы концентрациясына, әдетте, ішке бір рет қабылдағаннан кейін 6-8 сағаттан соң жетеді.

Ас ішу эстрадиолдың биожетімділігіне әсер етпейді.

Таралуы

Эстрадиол альбуминмен және жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен (ЖГБГ) байланысады. Эстрадиолдың сарысудағы бос фракциясы шамамен 1-12% құрайды, ал ЖГБГ-мен байланысқан заттардың фракциясы 40-45% шегінде болады.

Көктамыр ішіне бір рет енгізгеннен кейін эстрадиолдың болжамды таралу көлемі 1 л/кг-ге жуық құрайды.

Метаболизмі

Эстрадиол жылдам метаболизденеді, бұл эстронның және эстрон сульфатының, сондай-ақ басқа метаболиттер мен конъюгаттардың үлкен мөлшерінің түзілуімен қатар жүреді.

Эстрон мен эстриол эстрадиолдың фармакологиялық белсенді метаболиттері болып табылатыны белгілі. Бұл орайда, эстрон ғана елеулі концентрацияларда плазмадан табылады. Оның қан сарысуындағы концентрациясы эстрадиол деңгейінен 6 есе асып түседі. Эстрон коньюгаттарының сарысулық деңгейі еркін эстронның тиісті деңгейінен 26 есе асып түседі.

Шығарылуы

Эстрадиолдың сарысудағы клиренсі 30 мл/мин/кг-ге жуық. Жартылай шығарылу кезеңінде шамамен 24 сағатқа тең эстрадиол метаболиттері несеппен және өтпен шығарылады.

Тепе-тең концентрациясы

Тепе-тең концентрациясына Анжелик® препаратын шамамен 5 күн күнделікті қабылдағаннан кейін қол жеткізіледі.

Дроспиренон

Сіңірілуі

Ішу арқылы қабылдағанда дроспиренон жылдам және толық сіңіріледі. Бір рет және көп рет ішке қабылдағаннан кейін дроспиренон сарысудағы шамамен 35,9 нг/мл-ге тең ең жоғарғы концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді. Дроспиренон фармакокинетикасы дозаға пропорционал. Биожетімділігі 76-дан 85%-ға дейін ауытқиды. Ас ішу дроспиренонның биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.

Таралуы

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін сарысудағы дроспиренонның шамамен 35-39 сағатқа жуық жартылай шығарылу кезеңімен екі фазалық төмендеуі байқалады. Дроспиренон сарысулық альбуминмен байланысады және жыныс стероидтарын байланыстыратын глобулиндермен (ЖСБГ) немесе кортикостероидпен байланысатын глобулинмен (КБГ) байланыспайды. Сарысудағы заттың жалпы концентрациясының 3-5%-ға жуығы ғана еркін стероид ретінде болады. Орташа болжамды таралу көлемі 3,7-4,2 л/кг құрайды.

Метаболизмі

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін дроспиренон экстенсивті метаболизденеді. Плазмадағы негізгі метаболиттері лактондық сақина ашылған кезде түзілетін дроспиренонның қышқылды түрі мен 4,5-дигидро-дроспиренон-3-сульфат болып табылады. Екі метаболит те Р450 цитохромы жүйесінің қатысуынсыз түзіледі. Дроспиренон Р450 цитохромы жүйесінің 3А4 ферментінің көмегімен мардымсыз дәрежеде метаболизденеді.

Шығарылуы

Дроспиренонның сарысудағы метаболизмдік клиренсінің жылдамдығы 1,2-1,5 мл/мин/кг құрайды. Өзгермеген күйдегі дроспиренон тек іздік мөлшерлерде шығарылады. Дроспиренон метаболиттері нәжіспен және несеппен шамамен 1,2:1,4 арақатынасында шығарылады. Метаболиттердің несеппен және нәжіспен бөлінген кездегі жартылай шығарылу кезеңі шамамен 40 сағатты құрайды.

Тепе-тең концентрациясы

Тепе-тең концентрациясына Анжелик® препаратын шамамен 10 күн күнделікті қабылдағаннан кейін қол жеткізіледі. Дроспиренонның сарысудағы концентрациясының шамамен 2-3 есе (жинақталу есебінен) артқаны байқалды, бұл терминалдық фазадағы жартылай шығарылу кезеңі мен дозалау аралығының арақатынасымен шартталады.

Фармакодинамикасы

Анжелик® препаратының құрамында химиялық және биологиялық жағынан адам эстрадиолына сәйкес 17b-эстрадиол, сондай-ақ синтетикалық прогестаген, дроспиренон бар. 17b-эстрадиол климактерийлік кезең басталған кезде және одан кейін әйел организмдегі эстрогендер тапшылығын толықтырады. Дроспиренонның қосылуы қан кетудің бақылануына және эстрогендер туғызатын эндометрий гиперплазиясы дамуының алдын алуға ықпал етеді.

Эстрадиол әсерлері

Эстрогендер мен прогестерондар өнімдерінің әлсізденуімен қатар жүретін аналық бездер функциясының төмендеуі вазомоторлық және органикалық симптомдармен сипатталатын менопаузалық синдромның дамуына әкеледі. Гормонмен ауыстырылатын ем жүргізу бұл шағымдардың жойылуына ықпал етеді.

Барлық физиологиялық эстрогендерден ең белсендісі эстрогендер рецепторларына туыстық дәрежесі жоғары эстрадиол болып саналады. Эстрогендердің әйелдегі нысана-мүшелері, соның ішінде жатыр, гипоталамус, гипофиз, қынап, сүт бездері және сүйектер (остеокластар) болып табылады.

Эстрогеннің басқа әсерлерінің арасында қандағы инсулин мен глюкоза концентрацияларының төмендеуін, рецепторлармен жанамаланған жергілікті вазобелсенді әсерлерді, сондай-ақ рецепторларға тәуелсіз тамыр бұлшықеттеріне ықпал етуін атап өту керек. Эстрогендердің рецепторлары жүректе және коронарлық артерияларда анықталды.

Табиғи эстрогендерді ішу арқылы қабылдау гиперхолестеринемияның кейбір жағдайларында оң әсер етіп, бауырдың липидтерге ең жоғарғы метаболизмдік ықпалын қамтамасыз етеді.

Анжелик® препаратымен емделген бір жылдан соң ТЖЛП холестерині концентрациясы өзгерістерінің орташа көрсеткіштері 1,6%-ға аздап болымсыз төмендеді. Сарысудағы ТТЛП холестеринінің концентрациясы, 1 мг эстрадиол монотерапиясының бір жылынан кейін 9%-ға кемуімен салыстырғанда, орташа 14%-ға төмендеді.

Дроспиренонмен біріктірілген препараттар 1 мг эстрадиол монотерапиясымен шартталған триглицеридтер деңгейлерінің өсуін әлсіретуі ықтимал. 1 мг эстрадиолмен емделген бір жылдан кейін емделуші әйелдердегі триглицеридтер концентрациялары, 1 мг эстрадиолды 2 мг дроспиренонмен біріктірген кездегі 5%-бен салыстырғанда, орташа алғанда, бастапқы деңгейден шамамен 18%-ға асып түсті.

Анжелик® препаратымен 2 жыл бойы емдеу, бүкіл денедегі сүйек тінінің минералды тығыздығының, плацебо тобындағы 0,5%-ға азаюмен салыстырғанда, омыртқаның бел бөлігі мен жамбас астауы сүйектерінде шамамен 3-5%-ға өсуіне әкеледі.

Остеопорозы жоқ әйелдерде ұзаққа созылатын ГАЕ менопаузадан кейінгі кезеңде шеткергі сүйектердің сыну қаупін төмендетеді.

ГАЕ, сондай-ақ, терідегі коллагеннің құрамына, оның тығыздығына әсер еткенмен бірдей жайлы әсерін тигізеді, әрі әжімдердің түзілу үдерісін де баяулата алады.

Дроспиренон әсерлері

Дроспиренонның фармакодинамикалық қасиеттері табиғи прогестеронның әсеріне ұқсас.

Прогестагендік әсері

Дроспиренон  - гипоталамус-гипофиз-жыныс бездері жүйесіне орталық тежеу әсерін жүзеге асыратын күшті прогестаген. Бала туу жасындағы әйелдерде дроспиренон контрацептивтік тиімділік қамтамасыз етеді; дроспиренон монотерапиясы кезінде овуляция үдерісінің тежелуі жүреді. Овуляцияның тежелуі үшін қажетті ең аз дроспиренон дозасы тәулігіне 2 мг құрайды. Эндометрийдің эстроген ықпалымен толық өзгеруіне 10 күнге созылатын тәуліктік 4-6 мг дозада (циклға 40-60 мг) қол жеткізіледі.

Анжелик® циклдық немесе фазалық ГАЕ кезінде байқалатын тұрақты тоқтату қан кетулерін болдырмауға мүмкіндік беретін үзіліссіз гормонмен ауыстырылатын емге (ГАЕ) арналған біріктірілген препарат болып табылады. Емдеудің алғашқы айларындағы қан кетулер және «жағынды» қанды бөліністер барынша жиі, бірақ уақыт өте олардың саны азайып отырады. Анжеликті® қабылдау кезінде аменорея жағдайларының пайызы 6-шы циклда 81%-ға дейін, 12-ші циклда 86%-ға дейін,  24-ші циклда 91%-ға дейін артады.

Анжелик® құрамына кіретін дроспиренон эндометрий гиперплазиясының эстрогендері туғызған дамуды тиімді кедергілейді. Анжелик® препаратымен емделген 12 айдан кейін әйелдердің 71-77%-ында атрофиялық/белсенді емес эндометрий байқалды.

Антиминералды кортикоидтық белсенділігі

Дроспиренон альдостеронға қатысты бәсекелес антагонистік әсер иеленген. Дроспиренонның гипертензияға қарсы әсері гипертензиясы бар әйелдерде көбірек көрініс береді. Артериялық қысымы жоғары әйелдерде Анжеликпен® 8 апта бойы емделгенде АҚ орташа көрсеткіштері төмендеген (бастапқы деңгеймен салыстырғанда кеңселік өлшегенде -12/-9 мм сын. бағ.-ға, -3/-4 мм сын. бағ. плацебомен салыстырғанда, 24-сағаттық амбулаторлық өлшегенде, -3/-2 мм сын. бағ. плацебомен салыстырғанда -5/-3 мм сын. бағ.-ға). Гипертензияға қарсы әсері, әдеттегінше, препаратты қабылдаған 2 аптадан соң байқалатын болады, ең жоғарғы әсеріне ем бастағаннан кейін 6 аптадан соң қол жеткізіледі.

АҚ қалыпты әйелдерде препаратпен емделген кезде артериялық қысымның түсіп кетуі болмайды.

Анжелик® препаратын қолданғанда орташа дене салмағы өзгермеген күйде қалды немесе 12 ай емделгеннен кейін 1,1–1,2 кг-ге азайды, дәл осы кезде эстрадиол монотерапиясын алатын емделуші әйелдерде дене салмағының 0,5 кг-ге көбейгені байқалды.

Клиникалық зерттеулер кезінде дроспиренонды эстрадиолмен бірге алатын әйелдерде, эстрадиол монотерапиясын алатын емделуші әйелдермен салыстырғанда, шеткергі ісінулердің төмен жиілікте пайда болуы анықталды.

Стенокардиясы бар әйелдерде Анжеликпен® 6 апта бойы емделгенде коронарлық қан ағымы қорының ұлғаюы және стресске дағдылануы байқалды (плацебо тобындағы -15%-бен салыстырғанда, +14% салыстырмалы өзгеруі).

Андрогенге қарсы белсенділігі

Табиғи прогестерон сияқты, дроспиренон андрогенге қарсы қасиеттер иеленген.

Көмірсу алмасуына ықпалы

Дроспиренонның глюкокортикоидтық және антиглюкокортикоидтық белсенділігі жоқ және глюкозаға төзімділікке әрі инсулинге төзімділікке ықпал етпейді. Анжеликті® пайдаланғанда глюкозаға төзімділік өзгермейді.

Басқа қасиеттері

Анжелик® денсаулық жағдайына және өмір сапасына оң әсер етеді. Сауалнама деректері бойынша, Анжелик® препаратының жағымды әсер етуі, эстрадиол монотерапиясымен салыстырғанда, тиімділікті елеулі арттырды. Бұл жоғары көрсеткіш, негізінен, соматикалық симптомдарға қатысты жақсарумен, мазасыз/қорқыныш сезімдері, сондай-ақ когнитивтік бұзылулар көрінісінің кемуімен түсіндіріледі.

Бақыланған зерттеулер және Әйелдер Денсаулығы Бастамасының (WHI) зерттеуі менопаузадан кейінгі әйелдерде конъюгацияланған жылқы эстрогендерін (КЖЭ) медроксипрогестерон ацетатымен үйлесімде пайдаланған кезде тоқ ішек обыры ауруының көрсеткіші төмендейді деп жорамалдауға негіздер береді. Конъюгацияланған жылқы эстрогендерін (КЖЭ) ғана пайдаланғанда қауіптің кемуі байқалмады. Алайда, бұл деректер ГАЕ-ге арналған басқа препараттарға тарала ма, ол жағы белгісіз.

Қолданылуы

- менопауза басталғанынан 1 жылдан астам уақыт өткен эстроген жеткіліксіздік белгілері бар постменопаузадағы әйелдерде гормонмен ауыстырылатын ем

- остеопорозды алдын алуға арналған басқа дәрілік заттар әсерсіз немесе қолдануға болмайтын жағдайда жоғары сыну қаупі бар әйелдердегі менопаузадан кейінгі остеопороздың алдын алу

65 жастан асқан әйелдерде осы дәрілік затты қолданудың шектеулі тәжірибесі бар.

Қолдану тәсілі және дозалары

Егер әйел эстрогендерді қабылдамаса немесе үзіліссіз қабылданатын басқа біріктірілген препараттардан Анжеликке® көшсе, онда емдеуді кез келген уақытта бастауға болады.

Егер әйел бірізді немесе циклдық ГАЕ үшін біріктірілген препараттан Анжеликке® көшсе, емдеуді ағымдағы циклдық ем аяқталғаннан кейін бастағаны дұрыс.

Әрбір қаптама 28-күндік қабылдауға есептелген.

Күн сайын бір таблеткадан қабылданады.

Емдеу үздіксіз жүргізіледі, яғни ағымдағы қаптамадан 28 таблетканы қабылдап біткеннен кейін, таблеткалар қабылдаудағы үзіліссіз, препараттың келесі қаптамасын қабылдауды бірден бастайды.

Таблетканы аздаған сұйықтық мөлшерімен ішіп, тұтасымен жұтып жібереді.

Таблетканы тәуліктің белгілі бір уақытында қабылдаған дұрыс. Ұмыт қалған таблетканы мүмкіндігінше тезірек ішу қажет.

Егер әдеттегі қабылдаудан кейін 24 сағаттан артық уақыт өтіп кетсе, онда қосымша таблетканы қабылдамаған жөн. Бірнеше таблетканы өткізіп алса, қан кетудің дамуы мүмкін.

Емделушілердің ерекше санаттарына арналған қосымша ақпарат

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделуші әйелдерде дозаны реттеудің қажеті жоқ.

65 жастағы және одан асқан әйелдер үшін «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.

Бауыр тарапынан бұзылулары бар емделушілер

Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар әйелдер дроспиренонды жақсы көтере алады («Фармакокинетикалық қасиеттері» бөлімін қараңыз). Анжелик® бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар әйелдер үшін қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Бүйрек тарапынан бұзылулары бар емделушілер

Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар науқастарда дроспиренон экспозициясының болымсыз ұлғаюы байқалды, дегенмен ол клиникалық елеулі деңгейге дейін күтілмейді («Фармакокинетика» бөлімін қараңыз). Анжелик® бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар әйелдер үшін қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Жағымсыз әсерлері

Анжеликпен® емдеу үдерісінде жиі болатын ең жағымсыз әсерлер: сүт бездерінің ауырулары (>10%), жыныс жолдарынан қан кетулер және қан жұғыстары (>10%).

Жүйесіз қан кетулер әдетте ұзақ емдеген кезде жоғалады. Қан кетулер жиілігі емдеу ұзақтығының артуымен төмендейді.

Жиілік көрсеткіштері препараттың клиникалық зерттеулеріне негізделген. Әр жиілік тобындағы жағымсыз әсерлер күрделілігінің кему тәртібімен берілген.

Төменде MedDRA – Реттеу қызметіне арналған медициналық сөздікке сәйкес мүшелердің жүйелік кластары бойынша топталған жағымсыз дәрілік реакциялар келтіріледі.

Өте жиі (≥/10)

- сүт безінің ауырулары (жайсыздықты қоса), жыныс жолдарынан қан кетулер

Жиі (≥1/100, <1/10)

- депрессия, эмоциялық тұрақсыздану, күйгелектік

- бас ауыруы

- абдоминальді ауырулар, жүрек айну, іштің кебуі

- сүт бездерінің қатерсіз неоплазиясы, сүт бездері көлемінің ұлғаюы, жатыр миомасы көлемінің ұлғаюы, жатыр мойынының қатерсіз неоплазиясы, етеккірдің бұзылуы, қынаптық бөліністер

- астения, оқшауланған ісіктер

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- дене салмағының жоғарлауы немесе азаюы, анорексия, тәбеттің жоғарлауы, гиперлипидемия

- ұйқының бұзылуы, мазасыздану, либидоның төмендеуі

- парестезиялар, назар шоғырлану қабілетінің төмендеуі, бас айналу

- көз тарапынан бұзылулар, көру бузылулары

- жүректің дүрсілдеуі

- эмболиялар, көктамырлық тромбоздар, гипертензия, бас сақинасы, тромбофлебиттер, көктамырдың варикозды кеңеюі

- ентігу

- асқазан-ішек бұзылулары, дәмнің бұзылуы, ауыз құрғауы, құсу, диарея, іш қату, метеоризм

- бауыр функциясының патологиялық көрсеткіштері

- тері бұзылулары, акне, алопеция, қышыну, бөртпе, гирсутизм, шаш жағынан бұзылулар

- аяқ-қол ауыруы, арқаның ауыруы, артралгиялар, бұлшықет құрысулары

- несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар, несеп шығару жолдарының инфекциясы

- сүт безінің обыры, эндометрияның гиперплазиясы, жатырдың қатерсіз неоплазиясы, фиброздық-кистоздық мастопатия, жатыр, аналық без, жатыр мойнының бұзылулары, жамбас аймағының ауыруы, вульвоқынаптық бұзылулар, қынаптық кандидоз, вагинит, қынаптың құрғақтығы

- жайылған ісіктер, кеудедегі ауыру, дімкәстік, қатты терлеу

Сирек (<1/1000)

- анемия

- вестибулярлық бас айналу

- құлақтағы шуыл

- өт-тас ауруы

- бұлшықет ауыруы

- сальпингит, галакторея

- қалтырау

Ерекше санаттағы емделушілерге арналған қосымша ақпарат

Келесі жағымсыз әсерлер екі клиникалық зерттеулерге қатысқан артериялық гипертензиясы бар әйелдерде тіркелген, олар зертеушілермен Анжелик® препаратын қабылдаумен байланысы «болуы мүмкін» деп жіктелді.

Зат алмасу мен тамақтану тарапынан бұзылыстар

- гиперкалиемия

Жүрек тарапынан бұзылыстар

- жүрек жеткіліксіздігі, жүрекше дірілдеуі, QT аралығының ұзаруы, кардиомегалия

Зертханалық және құралдық мәліметтер

- қандағы альдостерон деңгейінің көбеюі.

ГАЕ/эстрогендер/прогестагендер препрататарын қолдануымен байланысты келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарланған:

- түйінді эритема, мультиформалы эритема, бет терісінің қалыптан тыс пигменттелуі және геморрагиялық дерматит, тамырлық пурпура.

- өт қабының ауруы

- 65-тен асқан жаста болуы мүмкін ақыл кемістігі «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.

Сүт бездері обырының қауіпі

5 жылдан астам эстроген-прогестоген біріктірілген еміндегі әйелдерде сүт безі обырының пайда болу қаупі 2 есе жоғарлайтыны туралы хабарланган. Әрбір қауіптің жоғарлауы эстрогендерді монотерапияда қабылдаған әйелдерде эстрогендерді гестагендермен біріктіріп қабылдаған әйелдерге қарағанда едәуір төмен. Қауіп деңгейі препаратты қабылдау ұзақтығына байланысты.

Эндометрий обырының қаупі

Менопаузадан кейінгі кезеңдегі жатыры алынбаған әйелдер

ГАЕ қабылдамайтын жатыры алынбаған 1000 әйелдің әрбір 5-і эндеметрий обырының пайда болу қаупіне шалдығады. Жатыры алынбаған әйелдерге эстрогенмен монотерапия ұсынылмайды, өйткені ол эндометрий обырының пайда болу қаупін жоғарлатады. Эстроген терапиясының ұзақтығы мен дозасына байланысты эпидемиологиялық зерттеулерде 50-ден 65-ке дейінгі жастағы 1000 әйелдерде эндометрий обыры қаупінің 5-тен 55-ке дейін қосымша жағдайлары ауытқиды. Эстроген еміне прогестагенді кем дегенде 12 күндік циклді қосуы жоғары қауіптен құтылуға мүмкіндік береді.

Million Women Study зерттеуінде біріктірілген (циклдік немесе үзіліссіз) ГАЕ-ні 5 жыл бойы қолдану эндеметрий обырының қаупін жоғарлатқан жоқ (ОР 1,0 (0,8-1,2)).

Аналық безінің обыры

Эстроген және біріктірілеген эстроген-прогестаген ГАЕ емін ұзақ уақыт қолдануы аналық без обырының біршама жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін. Million Women Study зерттеуінде 5 жылға созылған ГАЕ 2500 емделушіге 1 аналық без обырының қосымша жағдайын шақыртты.

Көктамыр тромбоэмболиясының қаупі

ГАЕ көктамырлық тромбоэмболияның (КТЭ), яғни, терең көктамырлар тромбозы немесе өкпе эмболиясының 1,3 - 3 есе жоғарғы салыстырмалы даму қаупімен байланысты болуы мүмкін. ГАЕ-нің бірінші жылында осындай жай-күйлердің пайда болуы әбден мүмкін.

Жүрек ишемиясы ауруының қаупі

Жүрек ишемиясы ауруының қаупі эстроген-прогестаген біріктірілген ГАЕ-ні қабылдайтын 60 жастан асқан әйелдерде біршама үлкен.

Ишемиялық инсульт қаупі

Эстрогендік монотерапияны және эстроген-прогестаген емін қолдануы ишемиялық инсульттің 1,5 есе жоғарғы салыстырмалы қаупімен қатар жүреді. Осындай салыстырмалы қауіп емделушінің жасы немесе емнің ұзақтығымен байланысты емес. Алайда, бастапқы қауіп жаспен тығыз байланысты болғандықтан, жалпы қауіп әйелдерде ГАЕ-нің аясында жасы ұлғайған сайын өседі, «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Төменде тізбеленген жай-күйлердің кез келгені болғанда гормонмен ауыстырып емдеуді (ГАЕ) бастау ұсынылмайды. Егер ГАЕ кезінде осы ахуалдардың қандай да бірі пайда болса, онда препаратты қолдануды дереу тоқтату керек.

- препараттың белсенді немесе кез келген құрамдас бөліктеріне аса жоғары сезімталдықта

- жүктілік және лактацияда

- шығу тегі белгісіз жыныс жолдарынан қан кетулерде

- сүт безі обырының расталған, жорамалданған немесе сыртартқысындағы диагнозында

- эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктердің расталған немесе жорамалданған диагнозында (мысалы, эндометрий обыры)

- емделмеген эндометрий гиперплазиясы

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы көктамыр тромбоэмболиясында (терең көктамырлар тромбозы немесе өкпе тамырларының тромбоэмболиясы)

- жедел немесе жақында болған артериялық тромбоэмболияда (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі)

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы бауыр ісіктерінде (қатерсіз немесе қатерлі)

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы бауыр функциясының көрсеткіштері қалыптанғанша бауыр ауруларында

- тромбофилиялық бұзылулар, мысалы, С протеині, S протеині немесе антитромбин тапшылығы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- ауыр сипаттағы бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- айқын гипертриглицеридемияда

- порфирияда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттардың Анжелик® препаратына әсері

Бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен емдеу жыныс гормондары клиренсін арттыра алады, бұл қан плазмасында эстроген, прогестаген немесе бір мезгілде екеуінің де концентрациясын төмендетеді, және де препараттың клиникалық тиімділігін төмендетеді, ал бұл аяғында жүйесіз қан кетулердің себебі бола алады. Ферменттердің ең жоғары индукциясы, әдетте, 2-3 аптадан ерте байқалмайды, бірақ сосын ол препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін, ең кем дегенде, 4 апта бойы сақталады.

ГАЕ-ге арналған препараттардың клиренсін арттыратын препараттар (ферменттердің индукциясымен ГАЕ-ге арналған препараттардың әсерін төмендететін):

фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин, рифампицин және де, мүмкін тағы окскарбазепин, топирамат, фелбамат, гризеофульвин және құрамында тесік шайқурайы бар препараттар.

ГАЕ-ге арналған препараттардың клиренсіне ауытқымалы әсері бар препараттар:

ГАЕ-ге арналған препараттармен бір мезгілде тағайындау кері транскриптазаның нуклиозидті емес көптеген тежегіштері (АИВ/ вирусты С гепатиті) плазмада эстрогеннің, прогестагеннің немесе екі белсенді компоненттердің концентрацияларын көбейте де, азайта да алады. Бұл өзгерістер кейбір жағдайларда клиникалық тұрғыдан маңызды бола алады.

ГАЕ-ге арналған препараттардың клиренсін төмендететін препараттар (ферметтер тежегіштері):

Айқын және орта күші бар азольдік зеңге қарсы препараттар сияқты CYP3A4 тежегіштері (мысалы, итраконазол, вориконазол, флуконазол), верапамил, макролидтер (мысалы, кларитромицин, эритромицин) дилтиазем, грейпфрут шырыны плазмада прогестин, эстроген немесе екі белсенді компоненттерінің концентрациясын көбейте алады.

ГАЕ-ге арналған препараттарды қолдану кезінде алкогольді артық мөлшерде тұтыну айналымдағы эстрадиол концентрациясының ұлғаюына әкеледі.

Анжелик® препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Маркерлер ретінде омепразолды, симвастатинді немесе мидазоламды қабылдайтын ерікті қатысушы әйелдер арасында жүргізген in vivo өзара әрекеттесу зерттеулерінің нәтижелеріне сүйенгенде, 3 мг дозада қабылданған дроспиренонның басқа дәрілермен Р 450 цитохром жүйесі арқылы метаболизденетін клиникалық елеулі әсерінің ықтималдығы аз.

Гипертензияға қарсы және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі

Анжелик® препаратын қабылдау аясында гипертензияға қарсы ем алатын (мысалы, АӨФ тежегіштері, ІІ ангиотензин рецепторларының антагонистері, гидрохлоротиазид) әйелдерде гипертензияға қарсы әсерін біршама көтеруі мүмкін.

Анжелик® пен қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) немесе гипертензияға қарсы препараттарды біріктіріп қолданғанда сарысу калий концентрациясының жоғарылау ықтималдығы аз. Препараттардың жоғарыда көрсетілген үш түрлерін қосып қолдану сарысу калий концентрациясының болымсыз артуына, қант диабетінен зардап шегетін әйелдерде айқынырақ көріністеледі.

Айрықша нұсқаулар

Анжелик® контрацептивтік дәрі ретінде пайдаланылмайды.

ГАЕ-дің менопаузадан кейінгі симптомдарды емдеуді тұрмыс сапасына жағымсыз әсерін тигізетін симптомдар болған жағдайда ғана бастаған жөн.

Емдеуді бастар алдында препаратпен емдеудің жекеше қаупі мен пайдасы арақатынасын бағалаған кезде төменде көрсетілген барлық жағдайлар мен қауіпті факторлар қарастырылады. Барлық жағдайларда қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалау керек, кем дегенде жыл сайын, және ГАЕ қабылдауды пайда қауіптен жоғары балғанда ғана жалғастыру керек.

Мерзімінен бұрынғы менопаузаны емдеудегі ГАЕ-мен байланысты қауіптер мәліметтері шектеулі. Алайда, жасырақ әйелдердегі абсолюттік қауіптің едәуір төмен деңгейін ескере отырып, жасы ұлғайған әйердерге қарағанда қауіп және пайда арақатынасы жақсырақ болуы мүмкін.

Медициналық тексерілу және кеңес беру

ГАЕ бастау немесе қайта бастау алдында әйелге мұқият жалпы медициналық тексерілуден өту (жеке және отбасылық сыртартқысын зерттеуді қоса) ұсынылады. Физикальді тексерілу (жамбас мүшелерін және сүт бездерін) осы мәліметтерді, қарсы көрсетілімдерді және ерекше нұсқауларды ескере отырып жүргізілуі тиіс. Емдеу үдерісінде мезгіл-мезгіл бақылау зерттеулерін өткізіп отыру керек, олардың жиілігі жеке түрде белгіленеді.

Сүт бездеріндегі кез-келген өзгерістер туралы дәрігерге айтылу тиістігін әйелге хабарлау керек. Сүт бездерін тексеруді, соның ішінде маммографияны белгіленген жеке скрининг кестесіне сәйкес және жеке клиникалық қажеттілігіне қарай өткізу керек.

Бақылауды қажет ететін жағдайлар

Келесі жай-күйлердің кез келгені бұрын, қазіргі уақытта байқалса және/немесе жүктілік немесе бұрын жүргізген гормонемі кезінде асқынса емделушіні мұқият тексеру қажет.

Анжелик® препаратымен ем жүргізген кезде көрсетілген жай-күйлердің қайта пайда болуы және/немесе асқынуы мүмкін болуына назар аудару керек:

- лейомиома (фибромиома) немесе эндометриоз

- қауіп факторлары, оның ішінде сыртартқысында тромбоэмболиялық бұзылулар

- эстрогентәуелді ісіктердің пайда болу қауіп факторлары (мысалы, 1 дәрежедегі туыстардағы сүт безі обырының болуы)

- артериалық гипертензия

- бауыр аурулары (мысалы, бауыр аденомасы)

- тамыр бұзылулары бар немесе жоқ қант диабеті

- өт-тас ауруы

- бас сақинасы немесе бастың әдеттен тыс қатты ауыруы

- жүйелік қызыл жегі

- сыртартқысында эндометрий гиперплазиясы

- эпилепсия

- бронх демікпесі

- отосклероз

Қарсы көрсетілімдер пайда болғанда, сондай-ақ келесі бұзылуларда ГАЕ қабылдауды дереу тоқтату қажет:

- алғаш білінген бас сақинасының немесе бастың әдеттен тыс қатты ауыруларының, сондай-ақ цереброваскулярлық окклюзиялар хабаршылары болуы мүмкін басқа симптомдардың ұстамалары

- жүктілік кезінде немесе осының алдында жыныстық стероид гормондарымен емделгенде алғаш байқалған холестатикалық сарғаю мен холестатикалық қышу қайталанғанда

- тромботикалық бұзылулар симптомдары немесе олардың пайда болуынан күдіктенгенде

- артериалық қысымның айтарлықтау жоғарлауы

- жүктілік

Жаңа бұзылулар пайда болғанда немесе тізбеленген жай-күйлер әлде қауіп факторлары нашарлағанда, емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін екенін назарға ала отырып, емделуші үшін қауіп/пайда арақатынасын жекеше бағалауды қайталап жүргізу қажет.

Бірнеше қауіп факторларының қосылуы немесе қауіп факторларының бірінің айқындылығы көбірек жоғары әйелдерде тромбоздың синергиялық жоғары қаупінің ықтималдығын ескерген жөн. Мұндай жағдайларда жоғары қауіп, барлық факторлар есепке алынатын жай ғана жинақталған қатерден гөрі, жоғары болуы мүмкін. Қатер/артықшылық арқатынасы теріс бағаланған жағдайда ГАЕ тағайындалмайды.

Көктамырлық тромбоэмболия

ГАЕ көктамырлық тромбоэмболияның (КТЭ), яғни, терең көктамырлар тромбозы немесе өкпе эмболиясының 1,3 - 3 есе жоғарғы салыстырмалы даму қаупімен байланысты болуы мүмкін. ГАЕ-нің бірінші жылында осындай жай-күйлердің пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан КТЭ қаупінің факторлары бар әйелдерге ГАЕ тағайындалғанда емдеудің қауіп/пайда арақатынасы мұқият саралануы және емделуші әйелмен талқылануы тиіс.

КТЭ даму қаупінің жалпыға мәлім факторларына эстрогенді қолдану, үлкен жас, ауқымды хирургиялық араласымдар, әркімнің жеке және отбасылық сыртартқысы (жақын туыстарының салыстырмалы жас кездерінде КТЭ болуы генетикалық бейімділікті көрсетуі мүмкін), қатты семіру (дене салмағының индексі 30 кг/м2 асады), жүктілік/туғаннан кейінгі кезең, жүйелің қызыл жегі (ЖҚЖ) және қатерлі ісік жатады. Көктамырлардың варикозды кеңеюінің КТЭ дамуындағы болжамды рөлі жөніндегі мәселе таласты күйде қалды.

Сыртартқысында КТЭ-сі бар немесе қазіргі кезде тромбоэмболиялық жай-күйлері бар емделушілерде КТЭ дамуының жоғарғы қаупі бар. ГАЕ бұл қауіпті жоғарлата алады. Осындай емделушілерге ГАЕ тағайындауға болмайды.

Ұзақ иммоблизацияда, әдетте ауқымды операциялардан кейін болатын, оны жасар алдында 4-6 апта бұрын ГАЕ-ні уақытша тоқтату ұсынылады. Иммобилизация аяқталғанша қолдануды жандандыру ұсынылмайды.

Жеке сыртартқысында КТЭ-сі жоқ, бірақ салыстырмалы жас кездегі болған тромбозымен жақын туыстары бар әйелдерге егжей-тегжейлі кеңес беруден кейін, оның шектеулі мүмкіндігіне байланысты скрининг ұсынылады (тромбофлебиясы бар емделушілерді түгел дерлік скрининг арқылы айқындау мүмкін емес).

Егер отбасы мүшелерінде тромбозбен байланысты тромбофилиялық ақау айқындалса, немесе бұл «ауыр» ақау болса (мысалы, антитромбиннің, S протеинінің немесе С протеинінің тапшылығы, немесе ақаулар біріктірілімі), бұндай жағдайларда ГАЕ қарсы көрсетілген.

Емдеудегі қауіп пен пайданың арақатынасы антикоагулянттық ем қабылдайтын әйелмен мұқият саралануы және талқылануы тиіс.

ГАЕ-ні қабылдау аясында КТЭ пайда болған жағдайда емді дереу тоқтату керек. Тромбоздың мүмкін болатын симптомдары (мысалы, аяқтың ауыруы және/немесе аяқта ісік пайда болуы; кенеттен болған кеудедегі ауыру және демікпе) пайда болған жағдайда әйелге дәрігерге дереу жолығу керек.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)

Рандомизирленген клиникалық зерттеулерде ГАЕ-ні эстрогенмен немесе эстроген және прогестагеннің біріктірілімімен қабылдаған ЖИА-сы бар немесе жоқ әйелдерде миокард инфарктісінен қорғау жайлы мәліметтер алынған жоқ. Эстроген-прогестаген біріктірілген ГАЕ-ні қолдануда ЖИА-ның салыстырмалы қаупі болар болмас жоғары. Бастапқы абсолюттік ЖИА қаупі жаспен тура байланысқандықтан, ЖИА қосымша жағдайлары эстроген-прогестаген препараттарын қабылдаған менопаузаға жақын әйелдерде көп емес, бірақ жас ұлғайғанда көбеюі мүмкін.

Артериялық тромбоэмболия

Біріктірілен конъюгацияланған жылқы эстрогендері (КЖЭ) мен медроксипрогестерон ацетатын ұзақ уақыт қолданған екі клиникалық зерттеулер барысында алғашқы жылы қолданғанда коронарлық ауру (КА) қаупінің болжамды артқаны, әріқарай оң әсерінің болмағаны анықталды.

КЖЭ ғана пайдаланылған бір ірі клиникалық зерттеуде зерттеудің жиынтық популяциясы арасында жалпы оң әсер болмағанда 50-59 жастағы әйелдер арасында КБ жағдайлары жиілігінің потенциальді азайғаны білінді. Монотерапия түріндегі немесе МПА-мен қосылған КЖЭ пайдаланылған екі ірі кең ауқымды клиникалық зерттеулерде салдарлы нәтиже ретінде инсульттің даму қаупінің 30-40%-ға арта түскені анықталды. Алайда, ГАЕ-ге арналған құрамында эстрогендер мен прогестагендердің басқа түрлері бар немесе ішу арқылы қолданылмайтын тәсілдерге осы жоғары қауіп тарала ма, ол жағы белгісіз.

Ишемиялық инсульт

Эстроген-прогестаген біріктірілген препараттармен немесе эстроген монотерапия ГАЕ-де ишемиялық инсульттің қаупі 1,5 есе жоғарлайды. Салыстырмалы қауіп жасқа немесе менопаузаның ұзақтығына байланысты өзгермейді. Алайда, бастапқы ишемиялық қауіп жаспен тығыз байланысты болғандықтан, жалпы инсульт қауіпі әйелдерде ГАЕ-нің аясында жасы ұлғайған сайын өседі.

Өт қабының аурулары

Эстрогендердің өттің литогендігін арттыратыны мәлім. Кейбір әйелдер эстрогендерді пайдаланумен емделгенде өт-тас ауруының дамуына бейім болады.

Деменция

ГАЕ когнитивті функцияны жақсартпайды.

Құрамында конъюгацияланған жылқы эстрогендері (КЖЭ) бар препараттардың клиникалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша, егер гормональді ем 65 жастағы немесе одан асқан әйелдерге алғаш тағайындалса, деменцияның ықтималды даму қаупін арттыруы мүмкін екенін көрсететін шектеулі мәліметтер бар. Егер емдеу ерте менопаузада басталса, басқа зерттеулерде байқалған кездегідей, деменцияның даму қаупі төмендеуі мүмкін. Бұл фактілердің ГАЕ-ге арналған басқа препараттарға қатысының бар-жоғы белгісіз.

Ісіктер

Сүт безінің обыры

Бар деректер бойынша эстроген-прогестаген препараттармен және эстроген препараттарымен де ГАЕ-ні пайдаланған әйелдерде сүт безі обырының жоғары қаупі бар, ол ГАЕ-ні қолдану ұзақтығына байланысты.

Сүт безі обырының даму қаупінің артуына қатысты жорамалдаулар 50-ден астам эпидемиологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде жасалды (қауіп 1-ден 2-ге дейін ауытқиды). Салыстырмалы қауіп тек эстрогендермен ғана ұзаққа созылатын емде арта түседі, бірақ жоқ болуы немесе төмендеуі де мүмкін.

Рандомизирленген плацебо-бақыланатын зерттеуде Әйел Денсаулығының Бастамасы (WHI) және эпидемиологиялық зерттеулерде 3 жыл бойы ГАЕ-ге эстроген-прогестаген біріктірілген препараттарын қабылдаған әйелдерде сүт безі обырының пайда болу қаупі жоғары болғанын көрсетті. Жоғары қауіп бірнеше жыл бойы қабылдаған кезде болуы мүмкін, және де бастапқы емді тоқтатканнан бірнеше (әдетте, бес) жылдан кейін оралуы мүмкін.

КЖЭ-мен жеке немесе МПА-мен тұрақты қосылымда жүргізілген екі кең ауқымды рандомизирленген зерттеулерде ГАЕ-ні шамамен 6 жыл қолданғаннан кейін 0,77 (95% сенімді аралық: 0,59 – 1,01) немесе 1,24 (95% сенімді аралық: 1,01 – 1,54) тең есептік қауіп көрсеткіштері алынды. Осы жоғары қауіп ГАЕ-ге арналған басқа өнімдерге де тарала ма, ол жағы белгісіз.

ГАЕ сүт бездерінің маммографиялық тығыздығын арттырады, ол кейбір жағдайларда сүт безі обырының рентгендік анықталуына теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Эндометрий гиперплазиясы және обыры

Жатыры алынбаған әйелдерде эстрогендердің ұзаққа созылған монотерапиясы кезінде гиперплазияның немесе эндометрий карциномасының даму қаупі артады.

Эстрогеннің дозасы мен емдеудің ұзақтығына байланысты тек эстрогенді қабылдаған әйелдерде эндометрий обырының даму қаупі эстрогенді қабылдамайтын әйелдермен салыстырғанда 2-ден 12-ге дейін жоғары. Емдеуді тоқтатқаннан кейін қауіп шамамен 10 жыл ішінде жоғары болып сақталады.

Жатыры алынбаған әйелдерде прогестагенді циклдік тізбеге кем дегенде 12 күнді 28-күндік цикл бойы қосуы немесе біріктірілген эстроген-прогестаген препараттарымен үзіліссіз ем жүргізу тек эстрогеннен тұратын ГАЕ-мен байланысты жоғары қауіптің алдын алады.

Емнің бірінші бірнеше айлар ішінде жатырдан лақылдаған қан кетулер және жұғынды бөліністер сирек жағдайда болуы мүмкін. Егер жатырдан лақылдаған қан кетулер және жұғынды бөліністер бірнеше емдеу циклынан кейін пайда болса, немесе емді тоқтатқаннан кейін жалғасса, эндометрийдегі қатерлі үдерісті жоққа шығару мақсатында оның себебін зерттеу керек, ол эндометрий биопсиясын қосуы мүмкін.

Аналық безінің обыры

Аналық безінің обыры сүт безінің обырына қарағанда едәуір сирек кездеседі.

Тек эстрогені бар препараттармен ГАЕ-ні ұзақ уақыт қолдану (кем дегенде 10 жыл) аналық безінің обыры қаупінің жоғарлауымен аз мөлшерде байланыстырылған.

WHI-ді қоса кейбір зерттеулерге сүйене отырып біріктірілген ГАЕ-ні ұзақ уақыт қолдану ұқсас немесе бірқатар төмен қауіпті тудыратын жайлы жорамалданды.

Бауыр ісіктері

Гормонды заттарды, соның ішінде ГАЕ-ге арналған препараттар құрамына кіретін гормонды заттарды қолдану аясындағы сирек жағдайларда бауырдың қатерсіз ісіктері және одан да сирек жағдайларда қатерлі ісіктері байқалды. Жекелеген жағдайларда бұл ісіктер өмір үшін қауіпті құрсақішілік қан кетулерге әкеп соқтырды.

Іштің жоғарғы бөлігінде ауырулар білінген, бауыр ұлғайған немесе құрсақішілік қан кету нышандары жағдайында дифференциялық диагноз қойылған кезде бауыр ісігін ескерген жөн.

Басқа жай-күйлер

Эстрогендер организмде сұйықтықты кідірте алады, сондықтан жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер жиі тексеріліп тұрулары қажет.

Эстроген алмастыру емі немесе ГАЕ кезінде триглицеридтер деңгейі жоғары әйелдерді мұқият бақылау керек, өйткені сирек жағдайларда қандағы триглицеридтер деңгейі әрі қарай жоғарлағаны туралы мәлемделген, ал бұл гиперглицеридемиямен эстроген қабылдау аясында панкреатиттің пайда болуына әкеледі.

Эстрогендер тиреоид-байланыстыратын глобулиннің (ТБГ) деңгейін жоғарлатады, ал бұл айналымдағы тиреоид гормонының, оның құрамындағы ақуызбен байланыстағы йод (БИА), Т4 деңгейімен (колонка көмегімен немесе радиоиммунды анализбен) немесе Т3 деңгейімен (радиоиммунды анализбен) анықталатын жалпы деңгейін жоғарлатады. Бос Т4 немесе T3 деңгейлері өзгермейді.

Қан сарысуында басқа байланыстыратын протеиндердің деңгейі жоғарлауы мүмкін, мысалы, кортикоид-байланыстыратын глобулин (КБГ), жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин (ЖГБГ), бұл сәйкесінше айналымдағы кортикостероидтар және жыныс гормондарының деңгейлерінің жоғарлауына әкеледі. Бос және биологиялық белсенді гормондар концентрациялары өзгермейді. Бұдан басқа плазмада басқа протеиндердің деңгейлері жоғарлауы мүмкін (ангиотензин/ренин субстраты, α-1-антитрипсин, церулоплазмин).

ГАЕ мен клиникалық айқын артериялық гипертензия арасындағы өзара байланыс анықталған жоқ. ГАЕ қабылдап жүрген әйелдерде артериялық қысымның аздап жоғарылауы сипатталған, клиникалық маңызды жоғарылауы сирек байқалады. Алайда, жекелеген жағдайларда, ГАЕ қабылдау аясында тұрақты, клиникалық елеулі артериялық гипертензия дамығанда ГАЕ-ні тоқтатуды қарастыруға болады.

Анжелик® АҚ деңгейі жоғары әйелдерде дроспиренонның антиальдостерон белсенділігімен артериялық қысымның (АҚ) төмендеуіне ықпал етеді. АҚ-ның қалыпты деңгейінде төмендеу күтілмейді. Анжеликті® артериялық гипертензияны емдеуге қолдануға ұсынылмайды. Артериялық гипертензиясы (АГ) бар әйелдерді АГ-ны жалпы емдеу ережелеріне сәйкес емдеу керек.

Анжелик® препаратының прогестаген компоненті антиальдостерон белсенділігі есебінен калий-жинақтағыш әсеріне ие болды. Әйелдердің көбінде препаратты қабылдау аясында сарысу калий деңгейлері өзгермейді. Алайда клиникалық зерттеулерде жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар кейбір емделушілерде калий- жинақтағыш дәрілермен (АӨФ тежегіштері, ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистері немесе СҚҚД сияқты) бір мезгілде қабылданса, сарысу калий деңгейлері дроспиренон қабылдау аясында аздап жоғарлауы мүмкін. Осыған байланысты Анжелик® препаратын қабылдаудың бірінші айында емделуге дейін калийдің сарысудағы концентрациясы жоғары қалып шегінде анықталған және калий жинақтағыш препараттарды қосымша қабылдайтын емделуші әйелдерде сарысу калий деңгейлерін бақылау ұсынылады.

Бауыр функциясының ауыр емес бұзылуларында, соның ішінде гипербилирубинемияның, мысалы Дубин-Джонсон синдромы немесе Ротор синдромы сияқты алуан түрлерінде дәрігердің мұқият бақылауы, сондай-ақ бауыр функциясын мезгіл-мезгіл зерттеу қажет. Бауыр функциясының көрсеткіштері нашарлаған кезде ГАЕ тоқтатылады.

ГАЕ-нің шеткергі инсулинге төзімділікке және глюкозаға төзімділікке ықпал етуі мүмкін болса да, ГАЕ жүргізілгенде қант диабетімен науқастарды емдеу сызбасын өзгерту қажеттілігі, әдетте, туындамайды. Сонда да, қант диабетінен зардап шегетін әйелдер ГАЕ жүргізілгенде мұқият қадағалауда болуға тиіс.

Кейбір емделуші әйелдерде ГАЕ-нің әсер етуімен эстрогендермен ынталанудың ұнамсыз көріністері, мысалы жатырдан патологиялық қан кетудің дамуы мүмкін. Емделу аясындағы жиі немесе персистерлеуші патологиялық жатырлық қан кету эндометрийді зерттеу үшін көрсетілім болып табылады.

Эстрогендердің әсер етуімен жатыр миомасы көлемдерінің ұлғаюы байқалады. Бұл жағдайда емдеу тоқтатылуға тиіс.

ГАЕ аясында эндометриоздың қайталануы дамыған кезде емдеуді тоқтату ұсынылады.

Пролактиномадан зардап шегетін емделуші әйелдерде қандағы пролактин деңгейін мезгіл-мезгіл өлшеу қамтылатын тиянақты медициналық тексеруден өту қажет.

Кейбір жағдайларда, әсіресе сыртартқысында жүктілердің хлоазмасы болған әйелдерде хлоазма байқалуы мүмкін. ГАЕ жүргізу кезінде хлоазманың пайда болуына бейім әйелдер күннің әсеріне және ультракүлгінді сәулеленуге ұшырамауға тиіс.

Келесі жай-күйлер ГАЕ аясында пайда болуы немесе өршуі мүмкін. Олардың ГАЕ-мен өзара байланысы айғақталмаса да, осындай ахуалдағы әйелдер ГАЕ жүргізілгенде дәрігердің мұқият қадағалауында болуға тиіс:

  • жатыр фибромиомасы немесе эндометриоз

  • тромбоэмболиялық бұзылуларының қауіп факторлары

  • эстрогентәуелді ісіктердің қауіп факторлары, мысалы 1 туыстық деңгейдегі туыстардағы сүт бездерінің обыры

  • артериялық гипертензия

  • бауыр функциясының бұзылулары (мысалы, бауырдың қатерсіз ісігі)

  • ангиопатиясы бар немесе жоқ қант диабеті

  • өт-тас ауруы

  • бас сақинасы немесе (ауыр) бас ауыруы

  • жүйелі қызыл жегі

  • сыртартқыдағы эндометрий гиперплазиясы

  • эпилепсия

  • сүт безінің қатерсіз аурулары

  • бронх демікпесі

  • порфирия

  • отосклероз

  • кіші хорея.

Тұқым қуалаған ангионевротикалық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер осы аурудың симптомдарына түрткі болуы немесе оларды асқындыруы мүмкін.

Лактоза

Анжелик® препаратының әр таблеткасында 46 мг лактоза бар.

Сирек тұқым қуалайтын бұзылулар, мысалы, галактозаның жақпаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы бар, лактозасыз диетада жүрген емделушілер Анжелик® препаратындағы лактоза мөлшерін ескергені жөн.

Зертханалық көрсеткіштер нәтижелеріне ықпалы

Жыныс стероидтарын қабылдау бауыр, қалқанша без, бүйрек үсті бездері және бүйрек функцияларының биохимиялық көрсеткіштеріне, мысалы, жыныс гормондарын байланыстырушы глобулин сияқты тасымалдаушы ақуыздардың плазмадағы құрамына, липидтік/липопротеиндік фракцияларға, коагуляция және фибринолиз көрсеткіштеріне ықпал етуі мүмкін. Өзгерістер, әдетте, қалыпты шамалар шекарасынан шықпайды.

Анжелик® глюкозаға төзімділікке теріс әсерін тигізбейді.

Жүктілік және лактация

Анжелик® жүктілік немесе лактация кезінде тағайындалмауға тиіс.

Егер Анжеликпен® емделу кезінде жүкті болғаны анықталса, емдеуді дереу тоқтатқан дұрыс.

Дроспиренонның аздаған мөлшері ана сүтімен бірге бөлініп шығады.

Педиатрияда қолданылуы

Анжелик® препараты балалар мен жасөспірімдер үшін қолданылмайды.

Қауіпсіздігі жөніндегі клиникаға дейінгі деректерДозаларды қайталап енгізген кезде уыттанудың стандарттық зерттеулері барысында алынған гендік уыттану, бала көтеру жүйесі үшін канцерогендік қуаты және уыттылығы жөніндегі клиникаға дейінгі деректерде адамдарға төнетін айрықша қауіп анықталған жоқ. Дегенмен, жыныс стероидтарының кейбір гормонға тәуелді ісіктер мен тіндердің өсуін көтермелейтіні ескеру қажет.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсерлері байқалған жоқ.

Артық дозалануы

Жедел уыттану зерттеулерінде препаратты тәуліктік емдік дозадан көп рет асып кететін мөлшерде кездейсоқ қабылдаған кездегі жедел жағымсыз әсерлер қаупі анықталған жоқ. 100 мг дозадағы дроспиренон және құрамында 4 мг эстрадиолы бар эстроген/прогестаген біріктірілімі жақсы көтерімді.

Симптомдары: жүрек айнуы мен құсуды, сондай-ақ тоқтату қан кетуін туғызуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық, у қайтарғысы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

28 таблеткадан ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан картон пакетпен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Байер Веймар ГмбХ және Ко. КГ, 99427 Веймар, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Фарма АГ, Берлин, Германия

Қаптаушы

Байер Фарма АГ, Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның атауы және мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев көшесі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы

тел. +7 727 258 80 40

факс: +7 727 258 80 39

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

 

Прикрепленные файлы

102764841477976435_ru.doc 136 кб
550674431477977707_kz.doc 219 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники