Ангал® С (спрей для местного применения, 30 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ангал® C
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жергілікті қолдануға арналған спрей
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: 1.064 г хлоргексидин диглюконаты 20% ерітіндісі
0.050 г лидокаин гидрохлориді бар.
қосымша заттар: 0.030 г лимон қышқылы моногидраты, 20,0 г глицерин, 0.10 г натрий сахарині, 0.60 г левоментол, 0.250 г цинеол, 35.00 г этил спирті 96%, 100 мл ±40.506 г тазартылған су.
Сипаттамасы
Жалбызды-спирт иісі және сергітетін ментол дәмі бар мөлдір түссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйенің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды R02А
Фармакологиялық қасиеттері
Ангал® С препараты жергілікті ауыруды басатын және бактерияға қарсы әсер көрсетеді. Препарат тамақтың өте ауыр бактериялық инфекцияларының даму мүмкіндігін төмендете отырып, жұтқыншақтың қабынуын төмендетеді және тітіркенгенде және жұтқан кездегі ауыруды жеңілдетеді.
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Хлоргексидин ішу арқылы немесе жергілікті қолданғанда нашар сіңеді.
Зақымданбаған теріге жергілікті қолданғаннан кейін хлоргексидин диглюконаты терінің сыртқы қабаттарында сіңеді, бұл микробқа қарсы тұрақты әсерге алып келеді. Фармакокинетикалық зерттеулерде хлоргексидиннің шамамен 30 % шайғаннан кейін ауыз қуысында қалатыны анықталды, осыдан кейін хлоргексидин сілекеймен біртіндеп шығарылады. Пациенттер хлоргексидиннің 4 % жуығын жұтады.
Лидокаиннің жүйелік сіңу жылдамдығы енгізу орны мен жолына қарай ауытқиды. Ол асқазан-ішек жолдарынан, шырышты қабықтан және зақымданған тері арқылы жылдам сіңеді, алайда ол жүйелік қан ағынына ену алдында толық дерлік ыдырайды. Жергілікті қолданғаннан кейін шырышты қабықтан сіңуі перфузияға және жалпы дозасына байланысты. Қолданғаннан соң 30 минуттан кейін дозасының 17 % азы асқазан-ішек жолдарында және 1,5 % азы басқа тіндерде қалпына келеді.
Жергілікті қолданған кезде лидокаиннің жансыздандыратын әсері 2-5 минуттан соң жылдам дамиды және 30-45 минут бойы жалғасады. Анестезия беткейлік болады және шырыш астындағы құрылымдарға таралмайды.
Таралуы
Ішу арқылы қолданғаннан кейін хлоргексидиннің қан ақуыздарымен байланысуы елеусіз.
Лидокаин тіндерде жақсы таралады (бүйрек, өкпе, бауыр, жүрек, май тіндері). Лидокаин гематоэнцефалдық бөгет және плацента арқылы өтеді, әрі адамның емшек сүтіне бөлінеді.
Метаболизмі және шығарылуы
Хлоргексидин организмде жинақталмайды. Ол баяу метаболизденеді, сіңген белсенді заттың 10 % несеппен және 90 % нәжіспен шығарылады.
Лидокаин бауыр арқылы бірінші өту кезеңінде метаболизденеді. Ол бауырда деалкилденеді. Алғашқы екі метаболит фармакологиялық белсенді болып табылады. Кейбір пациенттерде бұл екі метаболит орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді.
Лидокаин организмнен бүйрек арқылы метаболиттер түрінде шығарылады, 10% организмнен өзгермеген зат түрінде шығарылады. Лидокаиннің биологиялық жартылай шығарылуы ересектерде 1,5 – нан 2 сағатқа дейін жүреді. Лидокаин метаболиттерінің биологиялық жартылай шығарылуы 2-ден 10 сағатқа дейін жүреді.
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде, бауыр ауруларында және миокард инфарктісінде биологиялық жартылай шығарылуы ұзарады.
Фармакодинамикасы
Ангал® препараты жергілікті ауыруды басатын және бактерияға қарсы әсер көрсетеді. Препарат жұтқыншақ қабынуын азайтып, тамақтың ауырлау бактериялық инфекцияларының даму мүмкіндігін төмендетумен, тітіркенген және жұтынған кездегі ауыруды жеңілдетеді.
Лидокаин гидрохлориді шеткері жергілікті әсер ететін амид типті анестетик түрінде болады. Ол қолданылған жердегі жүйке импульсінің өтуін бөгемей, беткейлік ауыруды басатын әсер көрсетеді.
Жергілікті анестетик ретінде, лидокаин осы топтың басқа да препараттары сияқты әсер ету механизміне ие болады; ол сезімтал, қозғалтқыш және вегетативтік жүйке талшықтарында генерацияны және жүйке импульстерінің өтуін бөгейді. Ол жасушалар жарғақшаларына тікелей ықпалын тигізіп, натрий иондарының жарғақша арқылы жүйке талшықтарына түсуін тежейді. Жансыздандырғыш әсерінің үдемелі таралуына орай, шеткері жүйкелерде электрлі қозу шегі артады, жүйке импульсінің өтуі баяулайды, ал әсер ету қуатының жаңғыруы әлсірейді, бұл түпкілікті нәтижеде жүйке импульсінің толық бөгелуіне әкеп соғады. Жалпы алғанда, жергілікті анестетиктер вегетативтік жүйкелерді, миелинизацияға ұшырамаған (ауыру сезімі) ұсақ және миелинизацияға ұшыраған (ауыру, температура сезімі) ұсақ талшықтарды, миелинизацияға ұшыраған ірі талшықтарға (жанасу, қысылу сезімі) қарағанда, тезірек бөгейді.
Молекулалық деңгейде лидокаин белсенді емес жағдайдағы натрий ион өзектерін спецификалық бөгейді, бұл әсер ету қуатының генерациясын кедергілеп, лидокаинді жүйкеге жақын жергілікті пайдаланғанда жүйке импульсінің өтуін болдырмайды.
Хлоргексидин бактерияларға, грамоң (мысалы, Micrococcus sp., Staphylococcus sp., Bacillus sp., Clostridium sp., Corinebacterium sp.) және аз дәрежеде грамтеріс микроорганизмдерге, көбіне вегетативті түрлеріне (ол бактериялық спораларға қатысты бөлме температурасында тиімсіз) қарсы әсер ететін бис-бигуанидті антисептик болып табылады. Ол сондай-ақ дерматофиттер мен зеңдерге қатысты микозға қарсы әсерге ие. Ол кейбір липофильді вирустардың (мысалы тұмаудың вирусы, герпес вирусы, АИТВ) инфекциялық белсенділігін жылдам бөгейді.
Препарат бактериостатик ретінде төмен концентрацияларда әрекет етеді, ал жоғары концентрацияларда бактерицидтік әсер көрсетеді.
Хлоргексидинде оң заряд болады, осылайша, ол бактериялық жасуша қабырғасының теріс зарядталған бөліктерінде және жасушадан тыс құрылымдарда сіңіріледі. Сіңірілуі спецификалық және құрамында фосфаттары бар бактериялық жасуша қабырғасының тиісті бөліктерінде шоғырланады.
Хлоргексидин бактерияның цитоплазмалық жарғақшасымен байланысады. Ол тістердің теріс зарядталған беткейінде, тіс өңезінде немесе ауыздың шырышты қабығында сіңіріледі, оның ауыз қуысында ұзақ болуы осылайша шартталған.
Қолданылуы
Ангал® С спрей:
• ауыздың (стоматит, гингивит) және жұтқыншақтың (фарингит) шырышты қабығының инфекцияларын емдеу үшін;
• тамақтың қабынуында ауырғанын жергілікті басу үшін;
• баспа симптомдарын және жұтқыншақтың тітіркенуін (жұтыну кезіндегі ауыру, тітіркену) жеңілдету үшін пайдаланылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті қолдануға арналған.
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: бүріккіштің басу тетігіне 3-тен 5-ке дейінгі бірізді басу арқылы; емшараны күніне 6-дан 10 ретке дейін қайталау керек.
5 жастан асқан балаларға: бүріккіштің басу тетігіне 2-ден 3-ке дейінгі бірізді басу арқылы. Күніне 3-тен 5 ретке дейін.
Бұл препарат симптоматикалық емдеуге арналған және ұзақ мерзімдік емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс. Егер пациенттің жай-күйі 3-4 күн ішінде жақсармаса, дәрігермен кеңесу қажет.
Препарат тек жеке пайдалануға арналған. Біреуден көп адамның қолдануы инфекцияның таралуына әкелуі мүмкін.