Амоксициллин (капсулы, 500 мг, Медофарм Пвт. Лтд.)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Амоксициллин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Амоксициллин
Дәрілік түрі
250 мг және 500мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 250мг және 500мг амоксициллин
(амоксициллин тригидраты түрінде 287мг және 574 мг),
қосымша заттар: магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, натрий крахмалы гликоляты,
желатинді капсула: тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, повидон, бронопол, желатин,
капсула қақпағы (қызыл-қоңыр): жылтыр көк FCF (Е133), понсо 4 R (Е124), титанның қостотығы (Е171),
капсула корпусы (сары): титанның қостотығы (Е171), сары хинолин (E104), понсо 4 R (Е124),
фармацевтикалық сия: Shellac-NF, абсолютті спирт, изопропил спирті, бутанол, пропиленгликоль, темірдің қара тотығы (Е-172).
Сипаттамасы
Сары түсті мөлдір емес корпусымен және қызыл қоңыр түсті қақпағымен қатты желатинді капсулалар өлшемі № 1. Капсуланың бір жағында қара сиямен «AMOXI 250» таңбаланған, екінші жағында бүркіттің басын және «Troge» логосын қоса компания логотипі «Троге Медикал ГмбХ» таңбаланған (250 мг капсулалар үшін)
Сары түсті мөлдір емес корпусымен және қызыл қоңыр түсті қақпағымен қатты желатинді капсулалар өлшемі № 0. Капсуланың бір жағында қара сиямен «AMOXI 500» таңбаланған, екінші жағында бүркіттің басын және «Troge» логосын қоса компания логотипі «Троге Медикал ГмбХ» таңбаланған (500 мг капсулалар үшін)
Капсула ішінде –ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктелген ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Бета-лактамды бактерияға қарсы препараттар – пенициллиндер.
Кең ауқымда әсер ететін пенициллиндер.
Амоксициллин
АТХ коды J01CA04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Амоксициллин ішке қабылдағаннан кейін тез сіңеді. Амоксициллиннің таблеткадан және суспензиядан сіңуіне тағамның әсері ішінара зерттелген. Амоксициллин ми қабығы қабынған жағдайлардан басқа, ми мен жұлынми сұйықтығын қоспағанда, организмнің көптеген тіндері мен сұйықтығына жеңіл өтеді. Амоксициллиннің организмнен жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатты құрайды. Амоксициллиннің көп бөлігі шамамен 20%-ға қан плазмасы ақуыздарымен байланысып, несеппен өзгермеген түрінде шығарылады.
Ішке қабылдағаннан кейін 250 мг және 500 мг Амоксициллинің қандағы ең жоғары концентрациясы 1-2 сағаттан кейін байқалады және сәйкесінше шамамен 3.5мкг/мл-5мкг/мл және 5.5мкг/мл-7.5мкг/мл құрайды. Ішке қабылдағаннан кейін 60% жуық Амоксициллин 6-8 сағат ішінде бүйректермен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Амоксициллин жартылай синтетикалық пенициллиндер тобынан кең ауқымды әсері бар бактерацидті дәрі. Бөліну мен өсу кезеңінде пептидогликан синтезін бұзады, бактериялардың лизисін туындатады.
Амоксициллин келесі микроорганизмдерге қатысты белсенді:
Грамоң аэробтар: Streptococcus faecalis, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus viridans, Staphylococcus aureus, Corynebacterium spp., Bacillus anthracis, Listeria monocytogenes.
Грамтеріс аэробтар: Haemophilus influenzae, E. coli, Proteus mirabilis, Salmonella spp., Shigella spp., Bordetella pertussis, Brucella spp., Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Vibrio cholerae, Pasteurella septic.
Анаэробтар: Clostridium spp.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдермен туындаған жұқпалы- қабыну ауруларылда:
- ЛОР жұқпалары
- несепжыныс жүйесінің жұқпалары
- тері және жұмсақ тіндер жұқпалары
- тыныс алу ағзалары жұқпалары
- соз және несеп шығару жолдарының жұқпалары
Қатаң дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек!
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Амоксициллин капсулаларын ас қабылдау арасында, стакан сумен іше отырып қабылдайды. Дозалау режімі ауруды емдеу ауырлығын, емделушінің жасын, емдеу курсын ескере отырып жекелей тағайындалады.
Амоксициллиннің ересектерге арналған әдеттегі дозасы 250 мг-500мг күніне 3 рет, жұқпаның ауыр ағымында 750мг - 1,0 г күніне 3 рет.
Емдеу курсы 5–7 күн, стрептококктық жұқпада — 10 күннен аспайды.
Асқынбаған созды емдеу үшін препараттың 3,0 г бір рет тағайындайды (пробенецидпен біріктірілімде)
Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілер
Шумақтық сүзілу деңгейі, мл/минутына |
Ең жоғары доза |
> 30 |
Дозаны түзетудің қажеті жоқ |
10–30 |
500 мг- ден тәулігіне 2 рет |
< 10 |
Тәулігіне 500 мг - ден |
Жағымсыз әсерлер
Жиі
- дисбактериоз, құсу, дәм сезудің бұзылуы
сирек
- қызба, буындардың ауыруы
-эксфолиативті дерматит, полиформалы экссудативті эритема, тромбоцитопениялық пурпура, Стивенс – Джонсон синдромы, сарысу құюдан болған ауруларға ұқсас реакциялар
- жүрек айнуы, диарея, стоматит, глоссит, жалғанжарғақшалы энтероколит
- бауыр қызметінің бұзылуы, "бауыр" трансаминазалары белсенділігінің орташа жоғарылауы
- қозу, үрейлену, ұйқысыздық, атаксия, сананың шатасуы, мінез құлықтың өзгеруі, депрессия, шеткергі нейропатия, бас ауыруы, бас айналуы
- лейкопения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения
- тыныс алудың қиындауы, тахикардия, интерстициальді нефрит, кандидоз, суперинфекция (әсіресе созылмалы аурулармен емделушілерде немесе организмнің төзімділігі төмендегенде).
өте сирек
- құрысу реакциялары
- эозинофилия
сирек жағдайларда
- анафилактикалық шок
- есекжем, тері гиперемиясы, эритема, ангионевротикалық ісіну, ринит, конъюнктивит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сыртартқысындағы асқазан-ішек жолдарының ауруларында (әсіресе антибиотиктер қабылдауға байланысты колит)
- лимфолейкоз
- препарат компоненттеріне (оның ішінде басқа пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдерге) жоғары сезімталдық
- жұқпалы мононуклеоз
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Амоксициллин асқазанның қышқыл ортасында бұзылмайды, ас қабылдау оның сіңуіне әсер етпейді.
Антацидтер, глюкозаминдер, іш жүргізетін дәрілік заттар, аминогликозидтер Амоксициллиннің сіңуін баяулатады және төмендетеді, аскорбин қышқылы оны жоғарылатады.
Бактерицидті антибиотиктер (оның ішінде аминогликозидтер, цефалоспориндер, ванкомицин, рифампицин) синергидтік; бактериостатикалық препараттар (макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер, тетрациклиндер, сульфаниламидтер) – антагонистік әсер етеді .
Тікелей емес антикоагулянттардың (ішек микрофлорасын баса отырып, К витамині синтезін және протромбинді индексті төмендетеді) тиімділігін жоғарылатады; құрамында эстроген бар пероральді контрацептивтердің тиімділігін азайтады.
Амоксициллин метотрексаттың клиренсін азайтады және уыттылығын арттырады, дигоксиннің сіңуін күшейтеді.
Диуретиктер, аллопуринол, оксифенбутазон, фенилбутазон, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар; өзекшелік сөліністі бөгейтін препараттар, амоксициллиннің қандағы концентрациясын жоғарылатады.
Аллопуринол тері бөртпесінің даму қаупін жоғарылатады.
Айрықша нұсқаулар
Аллергиялық аурулар болғанда, пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбопенемдерге жоғары сезімталдықта, бүйрек жеткіліксіздігінде, сыртартқысында қан кетулерде сақтықпен тағайындалады.
Ұзақ уақыт емделгенде бүйрек, бауыр қызметіне, қан талдауларына ұдайы бақылау жүргізу керек. Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде және егде жастағы емделушілерде амоксициллиннің шығарылуы баяулауы мүмкін, препаратты осы топтағы емделушілерге тағайындағанда сақтық шараларын сақтау керек. Диурезі төмен науқастарда кристаллурия дамуы мүмкін болғандықтан, препаратты қабылдау кезінде сұйықтың жеткілікті мөлшерін қабылдау керек.
Препаратпен емделу кезінде микотикалық және бактериялық патогендермен суперинфекция мүмкіндігін ескеру керек. Суперинфекция жағдайында (әдетте EnteroBacter, Pseudomonas және Candida-мен туындаған), препаратты қабылдауды тоқтату керек және/немесе сәйкес ем тағайындау керек.
Емдеу кезінде несепте глюкозаны химиялық анықтау әдісін қолданғанда жалған-оң нәтижелер болуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты осы топтарда қолдану туралы баламалы зерттеулер жүргізілмегендіктен жүктілік және лактация кезеңінде тағайындалмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық жасау керек.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, су-электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы (құсу мен диареяның салдарынан).
Емдеу: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді тағайындау, су-электролиттік тепе-теңдікті түзету, гемодиализ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынған.
10 пішінді қаптамададан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3.5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Медофарм Пвт. ЛТД
No. 50, Каярамбеду ауылы, Гудуванчери– 603 203. Тамил Наду, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Трогe Медикал ГмбХ
19 Милхштрассе, 20148-Гамбург, Германия
e-mail: info@trogemedical.de
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Алматы қ-сы
Желтоқсан к-сі, 37а 208 кеңсе
Тел/факс +7-727-2792516
e-mail: info@trogemedical.de