Аммиак (10%)

МНН: Аммиак
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дыхательные стимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016190
Информация о регистрации в РК: 03.04.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Аммиак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Ерітінді, 10 %

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Тыныс алу орталығының стимуляторлары.

ATХ коды R07AB

Қолдану көрсетімдері

тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін

жәндіктер шаққанда

хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкий және И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейін қажет болатын мәліметтер тізбесі:

Қарсы көрсетілімдер

препаратқа жоғары сезімталдық

жергілікті қолданғанда: дерматиттер, дерматоздар

тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы

3 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Көзге түсуден аулақ болыңыз. Көздің шырышты қабығы кездейсоқ зақымданған жағдайда - көзді бірнеше рет сумен (10 мин үзіліспен 15 мин ішінде) немесе бор қышқылының 3% ерітіндісімен жуу қажет. Майлар мен жақпамайлар қолданылмайды. Мұрын мен жұтқыншақтың зақымдалуымен 0,5% лимон қышқылының ерітіндісі немесе табиғи шырындар қолданылады. Ішке қабылдаған жағдайда - су, жеміс шырынын, сүт, 0,5% лимон қышқылының ерітіндісін немесе 1% сірке қышқылының ерітіндісін асқазанның ішіндегісі толық бейтараптандырылғанға дейін ішу керек.

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері

Анықталмаған.

Тағаммен және сусындармен өзара әрекеттесу түрлері

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Балаларға сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек.

Көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

Дозалану режимі

Дерек жоқ

Енгізу әдісі және жолы

Тыныс алуды қоздыру үшін: мақта немесе дәке тампонды препаратқа малып, мұрын қуысына 0,5 - 1 сек абайлап жақындатады. Хирургиялық практикада қолды жууға арналған ерітінді дайындау үшін 25 мл препаратты 5 литр қайнаған жылы суда сұйылтады. Жәндіктер шаққан кезде – дымқыл дәке басу түрінде.

Емдеу ұзақтығы

Анықталмаған.

Шамадан тыс дозалану жағдайында қабылдауға қажетті шаралар

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі

Емі: тыныс алу тоқтап қалған кезде тыныс алу аналептиктерін (кофеин, кордиамин) енгізу, жасанды тыныс алдыруды жүргізу керек. Симптоматикалық ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану алдында дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алыңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау қажет шаралар

қышыну, гиперемия

аммиак буының үлкен концентрациясымен дем алған кезде шектен тыс тежелу және тыныс алудың рефлекторлы тоқтап қалуы мүмкін

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер:

Дәрілік препарат құрамы

100 мл препарата

белсенді зат 25% аммиак ерітіндісі 44 мл

қосымша зат тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз, өзіне тән өткір иісі бар ұшқыш сұйықтық

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл, 20 мл, 40 мл, 60 мл және 90 мл-ден тығынмен тығындалып, бұрандалы қақпақпен жабылған мойны бұралатын полимер құтыда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе орама қағаздан жасалған бумаларға қапталады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспастын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекен-жайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Прикрепленные файлы

Аммиак_каз._.docx 0.04 кб
Аммиак_рус._.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники