Аминокапроновая кислота (5%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аминокапрон қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аминокапрон қышқылы
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 5 % ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 50.0 мг аминокапрон қышқылы,
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Гемостатиктер. Амин қышқылдары. Аминокапрон қышқылы.
АТХ коды В02АА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көктамырға енгізгенде, әсері 15-20 минуттан кейін басталады. Препарат қан ақуыздарымен байланыспайды, негізінен бүйрек арқылы өзгермеген күйінде тез шығарылады. Жартылай шығарылуы (Т ½) - 77 мин, 12 сағатта 89% астам шығарылады. Бүйректің шығару функциясы бұзылған кезде, аминокапрон қышқылын шығару кешіктіріледі, нәтижесінде оның қандағы концентрациясы күрт өседі.
Фармакодинамикасы
Плазминогеннің белсендіргіштерін бөгеп және ішінара плазминнің әсерін бәсеңдетіп, фибринолиздің артуымен байланысты қан кетулерде арнайы қан тоқтататын әсері бар. Препарат сондай-ақ биогендік полипептидтерді, кининді тежейді (стрептокиназаның, урокиназаның, тін киназаларының фибринолизге белсендіргіш әсерін тежейді) калликреин, трипсин және гиалуронидазаның әсерлерін бейтараптандырып, қылтамырдың өткізгіштігін азайтады. Аминокапрон қышқылы аллергияға қарсы әсері бар, антиденелердің түзілуін бәсендетеді, бауырдың уытсыздандыру функциясын жақсартады.
Қолданылуы
Қанның фибринолитикалық белсенділігінің артуына негізделген қан кетулер кезінде:
- гипо- және афибриногенемия жағдайларында
- хирургиялық асқынулармен (жүрекке, тамырға, өкпеге, асқазанға, урологиядағы, гинекологиядағы операцияларда) байланысты фибринолитикалық қан кету кезінде
- апластикалық, гипопластикалық анемияда
- жаңа түзілімдер орын алғанда
Үлкен мөлшердегі консервіленген қанды құю кезінде салдарлы гипофибриногенемияның алдын алу үшін қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Аминокапрон қышқылы көктамыр ішіне енгізіледі. Ересектер үшін тәуліктік доза 5-30 г құрайды.
Жедел гипофибриногенемияда көктамыр ішіне тамшылатып 5 % ерітінді түрінде 100 мл дейін минутына 50-60 тамшы (15-30 мин уақыт ішінде) жылдамдықпен енгізеді. Алғашқы сағатта 4-5 г, сосын қажеттілігіне байланысты, сағатына 1 г-ден 8 сағат бойы немесе қан кету толық тоқтағанға дейін енгізеді. Қан кету жағдайы ұзақ жалғасқанда, ерітіндіні әрбір 4 сағат сайын енгізу қажет.
Жағымсыз әсері
- артериялық гипотензия, брадикардия, аритмиялар
- бас айналуы
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- демікпе
- бүйрек жеткіліксіздігі
- естудің төмендеуі, құлақтағы шуыл, мұрынның бітелуі
- тері бөртпелері және басқа да аллергиялық реакциялар
- миоглобинурия
- рабдомиолиз
- бұлшықет әлсіздігі, құрысулар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- диссеминацияланған тамырішілік қан ұю синдромы
- тромбозға және эмболияларға бейімділік
- бүйрек функциясының бұзылуы
- ми қан айналымының бұзылуы
- коронарлы қан айналымның жедел бұзылуы
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ)
- жүктілік, лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аминокапрон қышқылын глюкоза, гидролизаттар, сондай-ақ шоққа қарсы ерітінділерімен біріктіре қолдануға болады. Антикоагулянттармен (тікелей, тікелей емес) бір мезгілде қолданғанда, олар препараттың коагуляциялық әсерін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты тағайындағанда қан құрамындағы фибриноген концентрациясы мен қанның ұю уақытын бақылау арқылы жүргізу керек. Препаратты коагулограмма бақылауымен қолдану ұсынылады.
Жүрек және бүйрек ауруларында сақтықпен қолдану керек (жедел бүйрек жеткіліксіздігі даму қаупіне байланысты). Гломерулярлы қылтамырлық тромбоз түрінде бүйрек ішінде обструкция даму қаупіне байланысты, несеп бөлу жүйесінің жоғары бөліктерінен қан кеткенде қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңінде
Босану кезіндегі көп қан кету профилактикасы мақсатында әйелдерде қолдану мақсатқа сай емес, өйткені босанудан кейінгі кезеңде тромбоэмболиялық асқынулар пайда болуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препарат стационарлық жағдайда қолдануға арналған.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің айқын симптомдары. Ұзақ қолданғанда миалгия, бұлшықет әлсіздігі, рабдомиолиз, миоглобулинурия, бүйректің жедел жеткіліксіздігінің орын алу қаупі бар.
Емі: симптоматикалық ем жүргізу керек. Бұлшықеттердің зақымдалуын болдырмау үшін креатининфосфокиназа деңгейіне бақылау жүргізіп отыру қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препаратты 100 мл-ден бір немесе екі порты бар полипропилен контейнерлерге құяды. Контейнерлерді медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі контейнерлер санына тең мөлшердегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу ауд., Первомайский ш.а., Қапшағай көш., 17 үй.
Тіркеу куәлігінің иесі
«НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу ауд., Первомайский ш.а., Қапшағай көш., 17 үй.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу ауд., Первомайский ш.а., Қапшағай көш., 17 үй, тел/факс: (727) 2603974.