Амброксол 15

МНН: амброксола гидрохлорид
Производитель: Публичное акционерное общество "Научно-производственный центр "Борщаговский химико-фармацевтический завод"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023437
Информация о регистрации в РК: 22.12.2017 - 22.12.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Амброксол 15

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

15 мг/5 мл шәрбат

Құрамы

1 мл шәрбат құрамында

белсенді зат - амброксол гидрохлориді (100% құрғақ затқа шаққанда) 3 мг,

қосымша заттар: натрий бензоаты (Е 211), пропиленгликоль, глицерин, натрий сахарині, сорбит (Е 420), гидроксиэтилцеллюлоза, лимон қышқылы моногидраты, өрік хош иістендіргіші, апельсин хош иістендіргіші, ментол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар түссіз немесе сәл сарғыш мөлдір тұтқыр сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтел және суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол.

АТХ коды R05CB06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қолданудан кейін препарат сіңірілуі жылдам және барынша толық. Препарат әсері ішу арқылы қолданудан кейін 30 минуттан соң басталып, әркімде жеке дозасына қарай шамамен 10 сағатқа созылады.

Қан плазмасында ең жоғары деңгейлеріне 1-2,5 сағат өткенде жетеді. Амброксолдың қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі 80-90% құрайды.

Белсенді заттың өкпедегі жоғары концентрациясымен амброксолдың қаннан тіндерге таралуы жылдам. Препарат гематоэнцефалдық және плаценталық бөгет арқылы емшек сүтіне өтеді.

Амброксол бауырда конъюгация арқылы метаболизденеді. Түзілетін метаболиттері (дибромантранил қышқылы, глюкуронидтер) несеппен экскрецияланады. Суда еритін метаболиттер түрінде 83% жуығы несеппен, 5% өзгеріссіз күйде шығарылады. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 10 сағатқа созылады; жинақталуы анықталмаған. Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде жартылай шығарылу кезеңі ұзарады.

Амброксол клиренсі бауырдың ауыр зақымдану жағдайында 20-40% төмендейді. Бауырының ауыр зақымдануы бар пациенттерде амброксол метаболиттерінің жинақталуын күту керек.

Жыныс және жас ерекшелігі амброксол фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсер етпейді және дозаны түзетуді талап етпейді.

Ас ішу амброксол гидрохлоридінің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.

Фармакодинамикасы

Амброксол тыныс жолдары бездерінің секрециясын арттырады, бронх шырышы тұтқырлығын төмендетеді, тыныс жолдары қатпарларының белсенділігін көтермелейді, өкпеде сурфактант түзілуін күшейтеді. Бұл әсерлер қақырық шығарылуының күшеюіне (мукоцилиарлы клиренс) әкеледі. Сұйықтық секрециясының белсенділенуі және мукоцилиарлы клиренстің артуы шырыш шығарылуын жеңілдетеді және жөтелуді азайтады.

Амброксолдың жергілікті жансыздандыратын әсері нейрондардың натрий өзекшелерінің дозаға тәуелді қайтымды бөгелісі себебінен болады. Амброксол гидрохлоридінің әсерінен цитокиндердің қаннан, сондай-ақ тіндік мононуклеарлардан және полиморфнуклеарлы жасушалардан босап шығуы едәуір төмендейді.

Қолданылуы

Секреция бұзылуларымен және қақырық түсуінің қиындауымен байланысты жедел және созылмалы бронх-өкпе аурулары кезіндегі секретолитикалық ем.

Қолдану тәсілі және дозалары

Егер басқаша тағайындалмаған болса, ұсынылады:

Балалар:

2 жасқа дейін: тәулігіне 2 рет 2,5 мл (1/2 дозалау қасығы), бұл тәулігіне 15 мг амброксолға баламалы;

2-ден 6 жасқа дейін: тәулігіне 3 рет 2,5 мл (1/2 дозалау қасығы), бұл тәулігіне 22,5 мг амброксолға баламалы;

6-дан 12 жасқа дейін: тәулігіне 2-3 рет 5 мл (1 дозалау қасығы), бұл тәулігіне 30-45 мг амброксолға баламалы.

Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: тәулігіне 3 рет 10 мл (2 дозалау қасығы), бұл тәулігіне 90 мг амброксолға баламалы.

Препаратты ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Ас ішу препарат тиімділігіне ықпал етпейді.

Жедел ауруларда, егер препарат қабылдауға қарамастан симптомдар басылмаса және/немесе күшейсе, дәрігермен кеңесу керек.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Препаратты 2  жасқа дейінг балаларға қолданар алдында дәрігер кеңесі қажет.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- дисгевзия (дәм сезу түйсіктерінің бұзылысы), ауыз және/немесе жұтқыншақ шырышты қабығының гипестезиясы

- диспепсия, қыжыл, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту, іш қату

- гиперсаливация, ауыздың кеберсуі

- ринорея, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабық құрғауы,

- шырышты қабықтар тарапынан болатын реакциялар, ентігу

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде қышыну, тері бөртпесі, есекжем, басқа аллергиялық реакциялар

Өте сирек

- эритема, терінің ауыр зақымданулары, Стивенс-Джонсон синдромы және Лайелл синдромы сияқты

Жиілігі белгісіз

- ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясы симптомы)

- дизурия

- ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шокты қоса

дәрі-дәрмектен болатын қызба, қалтырау.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • амброксолға, препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

  • жүктілік (І триместр) және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амброксолды антибиотиктермен (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин, доксициклинмен) бірге қолдану өкпе тіндерінде антибиотиктер концентрациясының жоғарылауына ықпал етеді.

Амброксол гидрохлоридін жөтелге қарсы препараттармен қолдану қақырық түсуінің бәсеңдеуіне және жөтел азайғанда шырыштың шектен тыс жиналуына әкеледі. Сондықтан осындай біріктірілімді дәрігердің қолданудан күтілетін пайда мен болуы мүмкін қауіп қатынасын мұқият бағалауынан кейін ғана қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Амброксол гидрохлориді сияқты муколитиктік дәрілер қолдану кезінде ауыр тері зақымдануларының Стивенс-Джонсон синдромы және Лайелл синдромы (уытты эпидермалық некролиз) сияқты бірлі-жарым жағдайлары хабарланған. Негізінен оларға негізгі аурудың ауырлығымен және/немесе қатар жүргізілген еммен түсіндіруге болады. Бұдан бөлек, пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы мен Лайелл синдромының бастапқы сатысында қызба, дененің ауыруы (сырқырау), ринит, жөтел және тамақтың ауыруы сияқты тұмау тәрізді спецификалық емес продромальді симптомдарды байқауға болады. Олардың қате бағалануы нәтижесінде пациенттер жөтел мен суық тиюді симптоматикалық емдеуге арналған препараттарды қабылдауы мүмкін. Сол себепті Амброксол 15 қолдану кезінде терінің және/немесе шырышты қабықтардың зақымданулары білінгенде препарат қабылдауды дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну керек.

Препарат асқазанның және/немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы бар пациенттерге сақтықпен қолданылу керек. Бүйрек функциясының бұзылуы немесе бауырдың ауыр аурулары жағдайында Амброксол 15 дәрігер кеңесінен кейін ғана қолданылу керек, препаратты қабылдаулар арасындағы үзілістерді ұзартуға немесе дозаны азайтуға болады. Амброксол гидрохлориді бауырда метаболизденеді және организмнен бүйрекпен шығарылады, сондықтан ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде бауырда амброксол және/немесе оның метаболиттерінің жинақталуы мүмкін.

Емделу кезінде препараттың муколитиктік әсерін күшейту үшін жеткілікті сұйықтық (шырындар, шай, су) ішу қажет.

Препарат құрамында сорбит бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылық кінәраттары бар пациенттерге осы препаратты қабылдауға болмайды. Сорбит сәл іш жүргізетін әсер туғызуы да мүмкін.

Амброксол 15 құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабетімен науқастарға қолдануға болады.

Құрамында алкоголь жоқ.

Амброксол 15 жөтелге қарсы препараттармен жөтел азайғанда қақырық түсуінің қиындауына әкеледі.

Шырыш секрециясы күшеюінде, бронхомоторлық функциялар бұзылуында ысалы, бастапқы цилиарлы дискинезия сияқты генетикалық тұрғыда сирек детерминацияланған ауру кезінде), көп мөлшерде шырыш жиналып қалуы мүмкін қауіпке орай, муколитиктік дәрілерді (соның ішінде амброксол) абайлап қолдану керек.

Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға қолданар алдында дәрігер кеңесі қажет.

Жүктілік

Препарат жүктіліктің I триместрінде қолдануға ұсынылмайды, жүктіліктің IІ және ІІІ триместрлерінде препаратты ана үшін пайдасы мен шаранаға төнуі мүмкін қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін қолдануға болады.

Амброксол емшек сүтіне өтеді, сондықтан препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат балаларға қолдануға арналмаған.

Автокөлік басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі реакция шапшаңдығына әсеріне қатысты деректер жоқ.

Артық дозалануы

Қазіргі уақытта амброксолдың спецификалық артық дозалану симтомдары белгісіз. Кездейсоқ артық дозалану және/немесе қате қолдану кезінде амброксол гидрохлоридінің жағымсыз әсерлеріне сәйкес симптомдарды байқауға болады.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын қақпағы бар жиынтықтағы полимер құтыда немесе полимер банкіде 100 мл препараттан. Банкіге немесе құтыға полиграфиялық баспа тәсілімен дайындалған заттаңба жапсырылады. Банкі немесе құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және дозалау қасығымен бірге картон қорапшаға салынады.

Алғашқы ашылуы бақыланатын қақпағы бар шыны құтыда 100 мл препараттан. Құтыға полиграфиялық баспа тәсілімен дайындалған заттаңба жапсырылады. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және дозалау қасығымен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жылҚұтыны ашқаннан кейін препараттың сақтау мерзімі 25 оС-ден аспайтын температурада 28 тәулік.Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борщагов химия-фармацевтикалық зауыты» ғылыми-өндірістік орталығы» жариялы акционерлік қоғамы.

03134, Украина, Киев қ., Мир к-сі 17.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борщагов химия-фармацевтикалық зауыты» ғылыми-өндірістік орталығы» жариялы акционерлік қоғамы, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Борщагов химия-фармацевтикалық зауыты» ғылыми-өндірістік орталығы» жариялы акционерлік қоғамының өкілдігі.

050063, Алматы қ., Әуезов ауданы, «Жетісу-3» ы/а, 25 үй, 27 кеңсе

Факс: +7(272) 313-23-34;

E-mail: vadimt58@list.ru

Прикрепленные файлы

АМБРОКСОЛ_15,_каз.doc 0.09 кб
Амброксол_15,_рус.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту