Алоэ экстракт (экстракт жидкий для инъекций)

МНН: Алоэ древовидного листья
Производитель: ООО "ФЗ "БИОФАРМА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019990
Информация о регистрации в РК: 03.09.2018 - 03.09.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Алоэ сығындысы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған сұйық сығынды

Құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат - ағаш тәрізді алоэ жас жапырағының сулы сығындысы 1:4.7

қосымша зат: натрий хлориді.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ашық-сарыдан сары-қоңыр түске дейінгі сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және зат алмасудың бұзылуын емдеуге арналған әртүрлі препараттар.

Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және зат алмасудың бұзылуын емдеуге арналған әртүрлі басқа да препараттар.

АТХ коды А16АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Инъекцияға арналған Алоэ сығындысы зат алмасуды көтермелейтін, регенерация үдерісін жеделдететін, бейімдегіш және жалпы сергітетін әсер беретін дәрілерге жатады. Жасушалық метаболизмді, трофиканы және тіндердің регенерациясын жақсартады, организмнің жалпы спецификалық емес төзімділігін және шырышты қабықтардың зақымдайтын агенттердің әсеріне төзімділігін арттырады. Гранулоциттердің қорғағыш функциясын көтермелейді, тәбетті ашады. Сперматозоидттардағы қуаттық қорды жоғарылатады және олардың қозғалысын күшейтеді.

Қолданылуы

- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында

- блефаритте, конъюнктивитте, кератитте, шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануында, миопиялық хориоретинитте, иритте, алыстан нашар көрудің өрши түсуінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Шөгінді болғанда ампуланы ашар алдында біртекті жүзінді түзілгенше шайқайды.

Ересектерге тері астына күн сайын 1 мл-ден енгізеді (ең жоғары тәуліктік доза - 3 - 4 мл).

Емдеу курсы - 30 – 35 инъекция, 2-3 айдан кейін қайталайды

Жағымсыз әсерлері

байқалуы мүмкін:

- тері бөртпесі, қышыну түріндегі аллергиялық реакциялар

- кіші жамбас ағзаларына қан кернеу сезімдері

- гипертермия

- диспепсия

- етеккірлік қан кетудің күшеюі

- іштің ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- ауыр жүрек-қантамыр аурулары

- артериялық гипертензия

- жедел асқазан-ішек бұзылыстары (оның ішінде диарея)

- ішектің өткізгіштігінің бұзылуы, Крон ауруы

- ойық жара колиті

- соқырішек

- анықталмаған этиологияда іштің ауыруы

- бауыр функциясының бұзылуы

- геморрой

- бүйрек функциясының бұзылуы

- нефроз-нефриттің асқынған түрлері

- диффузиялық гломерулонефрит

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гемопоэзды көтермелейтін дәрілер мен темір препараттарының әсерін күшейтеді. Алоэ сығындысы мен тиазидтік диуретиктерді, ілмектік диуретиктерді, мия препараттарын, кортикостероидтарды бір уақытта қолданған кезде калий тапшылығының даму қаупі артады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты басқа дәрілік заттармен бірге бір еккіште араластыруға болмайды.

Ауырсынуды болдырмас үшін инъекция орнына алдын ала 0.5 мл 2 % новокаин ерітіндісін енгізуге болады. Новокаинді қолданар алдында аллергиялық сынама жасау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Әсер ету механизмі (биогендік стимулятор ретінде) жеткіліксіз зерттелгендіктен препаратты қолданбайды.

Автокөлік құралдарын жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Зерттелмеген.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл препараттан ампулаларда.

Препарат 10 ампуладан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған керамикалық кескіш дискімен бірге аралықтары немесе гофрленген қосымша бетімен немесе ампулаларды орналастыруға және бекітуге арналған поливинилхлоридті үлбірден жасалған полимер қосымша бетпен бірге қораптық (хром-эрзац) картон қорапшаға салынады.

Немесе 1 мл препараттан сындыру сақинасымен 1 мл көлемдегі шыны ампулаларда.

Ампулаларға жабысқақ негізде заттаңба желімделеді.

Препарат 5 ампуладан ПВХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады, ол алюминий фольгамен қапталады. 2 пішінді ұяшықты қаптамаға медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картон (хром-эрзац) қорапшаға салады. Қорапшаларды топтамалық ыдысқа салады және топтық заттаңба желімделеді.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші /Қаптаушы

«БИОФАРМА» ФЗ» ЖШҚ, Украина

09100, Киев облысы, Белая церковь каласы, Киев көшесі, 37,

тел.: +38 (044) 277-36-10

Тіркеу куәлігінің иесі

«БИОФАРМА» ФЗ» ЖШҚ, Украина.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Даулет Агро» ЖШС, 110000 , Костанай қ., Байтурсынова к-сі, 45, 69 кеңсе

KTRahmetova@almsklad.stopharm.kz

Прикрепленные файлы

478803521477976917_ru.doc 46.5 кб
007344601477978091_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники