Аквапен-I

МНН: Имипенем, Циластатин
Производитель: ВМЖ Фармасьютикал Пвт Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Imipenem в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023790
Информация о регистрации в РК: 13.08.2018 - 13.08.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Аквапен-I

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг/500 мг

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді заттар: 500.0 мг стерильді имипенем (сусыз имипенемге баламалы), 500.0 мг стерильді натрий циластатині (циластатинге баламалы)

Сипаттамасы

Ақтан бозғылт-сары түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамды препараттар. Карбапенемдер.

Имипенем және дегидропептидаза тежегіші.

АТХ коды J01DH51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Имипенем

Таралуы. Дені сау еріктілерде препараттың 20 минут ішіндегі венаішілік (в/і) инфузиясы имипенемнің 250 мг дозасы кезіндегі 12–20 мкг/мл, 500 мг дозасы кезіндегі 21–58 мкг/мл және 1000 мг дозасы кезіндегі 41–83 мкг/мл ауқымында, қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрацияларына жетуімен қатар жүрген. 250, 500 және 1 000 мг дозаларда в/і енгізілгеннен кейін имипенемнің қан плазмасындағы орташа ең жоғарғы концентрациялары сәйкесінше 17, 39 және 66 мкг/мл құрады. Аталған дозалары кезінде имипенемнің қан плазмасындағы концентрациясы 4-6 сағаттан соң 1 мкг/мл және одан төмен мәнге дейін азайған.

Препаратты 1 г дозада в/і енгізгеннен кейін, имипенем концентрациясының адам организмінің келесі тіндері мен сұйықтықтарындағы келесі орташа мәндері анықталды (өлшеулер енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң жүргізілген):

Тін немесе сұйықтық

Имипенемнің орташа концентрациялары, мкг/мл немесе мкг/г

Ауқымдары

Көз алмасының шыны тәрізді денесі

3.4 (енгізгеннен кейінгі 3.5 сағатта)

2.88-3.6

Көзішілік сұйықтық

2.99 (енгізгеннен кейінгі 2 сағат)

2.4-3.9

Өкпе тіні

5.6 (орташа мәні)

3.5-15.5

Қақырық

2.1

-

Плевра сұйықтығы

22.0

-

Перитонеальді сұйықтық

23.9±5.3 (енгізгеннен кейінгі 2 сағат)

-

Өт

5.3 (енгізгеннен кейінгі 2.25 сағат)

4.6-6.0

Ликвор (қабынбаған)

1.0 (енгізгеннен кейінгі 4 сағат)

0.26-2.0

Ликвор (қабыну кезіндегі)

2.6 (енгізгеннен кейінгі 2 сағат)

0.5-5.5

Фаллопий түтіктері

13.6

-

Эндометрий

11.1

-

Миометрий

5.0

-

Сүйек тіні

2.6

0.4-5.4

Интерстициальді сұйықтық

16.4

10.0-22.6

Тері

4.4

анықталмаған

Дәнекер тіндер

4.4

анықталмаған

Имипенемнің адам қаны сарысуының протеиндерімен байланысуы 20%-ға жуықты құрайды.

Метаболизмі мен шығаорылуы. Циластатинсіз қолданылған кезде имипенем бүйректе дегидропептидаза-1 көмегімен метаболизденеді. Бірнеше зерттеулердің мәліметтеріне сәйкес, несеппен жеке-дара шығарылуы, 15 – 20% орташа шығарылу көрсеткішімен 5 - 40% құрайды. Циластатин имипенем метаболизмін тиімді тежейтін дегидропептидаза-1 ферментінің спецификалық тежегіші болып табылады, сондықтан, имипенем мен циластатинді бір мезгілде қолданғанда, имипенем бактерияға қарсы емдік деңгейлеріне несепте де, қан плазмасында да жетеді.

Имипенемнің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатты құрайды. Енгізілген препараттың шамамен 70%-ы 10 сағат ішінде өзгеріссіз күйінде несеппен шығарылады, содан кейін имипенемнің ары қарай несеппен шығарылуы байқалмайды. Имипенемнің несептегі ˃ 10 мкг/мл концентрациясы Аквапен-I 500 мг дозада қолданғаннан кейін 8 сағат бойы сақталады. Енгізілген дозасының қалған бөлігі несеппен белсенді емес метаболиттері түрінде шығарылады. Имипенем нәжіспен мүлдем шығарылмайды деуге болады. Препаратты әр 6 сағат сайынғы кестемен қолданғанда, имипенемнің бүйрек функциясы қалыпты пациенттердің қан плазмасында немесе несебінде жинақталуы анықталмаған.

Циластатин

Препаратты в/і енгізгеннен кейін 20 минуттан соң циластатиннің плазмадағы ең жоғарғы деңгейлері 250 мг/250 мг дозасы үшін 21-26 мкг/мл, 500 мг/500 мг дозасы үшін 21-55 мкг/мл және 1 000 мг/1 000 мг дозасы үшін 56-88 мкг/мл ауқымында болды. 250 мг/250 мг, 500 мг/500 мг және 1 000 мг/1 000 мг дозаларын енгізгеннен кейінгі циластатиннің ең жоғарғы деңгейлерінің орташа мәні сәйкесінше 22, 42 және 72 мкг/мл құрады.

Метаболизмі мен шығарылуы. Циластатиннің плазмадағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 1 сағатты құрайды. Циластатиннің дозасының 70-80%препаратты енгізгеннен кейінгі 10 сағаттан соң несеппен өзгеріссіз күйінде шығарылады. Дозасының 10%-ға жуығы дегидропептидазаны тежейтін N-ацетилметаболитіне айналады. Дегидропептидаза-1 бүйректегі белсенділігі циластатиннің қан ағымынан шығарылуынан кейінгі қысқа мерзім ішінде қалыпты деңгейлеріне қайтып келеді.

Фармакокинетикасының ерекшеліктері

Бүйрек жеткіліксіздігі. Аквапен-I 250 мг/250 мг дозада в/і бір рет енгізгеннен кейін бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл дәрежедегі (креатинин клиренсі (КК) <50–80 мл/мин/1.73 м2), ауырлығы орташа дәрежедегі (КК <30–50 мл/мин/1.73 м2) және ауыр дәрежедегі (КК <30 мл/мин/1.73 м2) бұзылулары бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты (КК >80 мл/мин/1.73 м2) пациенттермен салыстырғанда, имипенемнің қисық астынлағы ауданының (AUC) көрсеткіші сәйкесінше 1.1, 1.9 және 2.7 есе жоғарылады, ал аталған пациенттердегі циластатиннің AUC көрсеткіші сәйкесінше 1.6, 2.0 және 6.2 есе жоғарылады. Препараттың 250 мг/250 мг дозасын гемодиализ жүргізілгеннен кейін 24 сағаттан соң в/і енгізгеннен кейін, имипенем мен циластатиннің AUC көрсеткіштері, бүйрек функциясы қалыпта адамдардағы осындаймен салыстырғанда, сәйкесінше 3.7 және 16.4 есе артты. Бүйрек функциясының бұзылулары кезінде имипенем мен циластатин үшін бүйрекпен шығарылуы мен плазма клиренсі төмендейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасын түзет қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде имипенемнің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес, өйткені, имипенемнің бауырдағы метаболизмі шектеулі. Сондықтан, бауыр жеткіліксіздігінің болуы имипинем фармакокинетикасына әсер етпейді.

Педиатриялық пациенттер. Педиатриялық пациентерде (3 айдан 14 жасқа дейінгі) имипенемнің шығарылуының орташа деңгейі (CL) мен таралу көлемі (Vdss) ересек пациенттердегі көрсеткіштерімен салыстырғанда, 45%-ға жоғары болды. Балаларға Аквапен-I дене салмағына 15/15 мг/кг есебінен енгізгеннен кейінгі имипенемнің AUC көрсеткіші, препаратты 500 мг/500 мг дозада қабылдаған ересектерге қарағанда, шамамен 30-ға жоғары болған. Аквапен-I 25/25 мг/кг дозада қолданғанда препараттың балалардағы экспозициясы, препаратты 1 000 мг/1 000 мг дозада қабылдаған ересектерге қарағанда 9%-ға жоғары болған.

Егде жастағы пациенттер. 65-75 жас шамасындағы, бүйрек функциясы қалыпты дені сау еріктілерде, в/і енгізілген препараттың 500 мг/500 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасы, 20 минуттан соң бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесіне тән көрсеткіштерімен салыстырымды болды; бұл жағдайда дозасын түзету қажет емес. Имипенем мен циластатиннің плазмадағы орташа кезеңі сәйкесінше 91±7 минут және 69±15 минутты құрады. Бірнеше рет дозалануы имипенем мен циластатиннің фармакокинетикасына әсер етпеген; сонымен қатар, жинақталу әсері байқалмаған.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Аквапен-I екі компоненттен: 1:1 арақатынастағы имипенем мен циластатиннен тұрады.

Имипенем - бета-лактамды антибиотиктердің жаңа класының өкілі, бактериялардың жасуша қабырғасы синтезінің тиімділігі жоғары тежегіші болып табылады. Пенициллин байланыстырушы ақуыздарды (ПБА) байланыстыру арқылы әсер ете отырып, аэробты және анаэробты патогендік грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты бактерицидтік әсерге ие.

Имипенем өндіргіштерінің бірі Streptomyces cattleya филаменттік бактериялары болып табылатын карбапенемдердің жартылай синтетикалық туындысы болып табылады.

Циластатин натрий дегидропептидаза-1 (имипенемді метаболиздейтін және белсенділігін жоятын бүйректік фермент) бәсекелес, қайтымды және спецификалық тежегіші болып табылады. Оның өзінің бактерияға қарсы белсенділігі жоқ және имипенемнің бактерияға қарсы белсенділігіне әсер етпейді.

Имипенемге резистенттіліктің дамуы келесі механизмдерге негізделуі мүмкін:

грамтеріс бактериялардың сыртқы жарғақшасы өткізгіштігінің төмендеуі (пориндер өндірілуінің төмендеуі себепті)

имипенем белсенді тасымал арқылы жасушадан белсенді түрде шығарылуы мүмкін

пенициллин байланыстырғыш ақуыздардың (ПБА) имипенемге тектестігінің әлсіреуі

имипенем карбапенемдерді гидролиздейтін сирек бета-лактамазаларға қатысты жағдайларды қоспағанда, грамоң және грамтеріс бактериялардан өндірілетін пенициллиназа мен цефалоспориназаны қоса, бета-лактамазалардың көпшілігінің гидролизіне төзімді. Басқа карбапенемдерге резистентті штамдар, әдетте, имипенемге де резистенті болып келеді. Имипенем мен хинолондар класының препараттары, аминогликозидтер, макролидтер және тетрациклиндер арасындағы нысанаға байланысты, айқаспалы резистенттіліктің дамығаны байқалмаған.

Сезімталдығы

Жекелеген бактериялар штамдарының жүре пайда болған резистенттілігінің таралуы түрлі географиялық аймақтарда ауытқып отыруы мүмкін.

Имипенемге сезімтал микроорганизмдер:

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus (метициллин-сезімтал)*, Staphylococcus coagulasenegative (метициллин-сезімтал)*, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus viridans group

Грамтеріс аэробтар: Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Serratia marcescens

Грамоң анаэробтар: Clostridium perfringens, Peptostreptococcus spp.

Грамтеріс анаэробтар: Bacteroides fragilis, Bacteroides fragilis group, Fusobacterium spp., Porphyromonas asaccharolytica, Prevotella spp., Veillonella spp.

Имипенемге резистентті болуы мүмкін микроорганизмдер:

Грамтеріс аэробтар: Acinetobacter baumannii, Pseudomonas aeruginosa

Резистентті, имипенемнің әсеріне резистентті микроорганизмдер:

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecium

Грамтеріс аэробтар: Burkholderia cepacia кейбір штамдары (бұрынғы атауы - Pseudomonas cepacia), Legionella spp., Stenotrophomonas maltophilia (бұрынғы атаулары - Xanthomonas maltophilia, Pseudomonas maltophilia)

Басқа да: Chlamydiaspp., Chlamydophilaspp., Mycoplasmaspp., Ureoplasmaurealyticum

* Метициллинге төзімді барлық штамдар имипенемдерге сезімтал емес

Қолданылуы

Ересектер мен 3 айдан бастап балалардағы аралас аэробтық/анаэробтық инфекцияар кезіндегі инфекциялық ауруларды емдеуде, сондай-ақ, қоздырғыш микроорганизм анықталғанға дейінгі бастапқы емі үшін:

  • құрсақ қуысының асқынған инфекцияларында

  • нозокомиальді және өкпені жасанды желдетумен байланысты түрлерін қоса, пневмонияның ауыр түрлерінде

  • интранатальді және постнатальді инфекцияларда

  • гинекологиялық инфекцияларда

  • несеп жолдарының асқынған инфекцияларында

  • сүйектер мен буындардың инфекцияларында

  • септицемияда

  • тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында

  • эндокардитте

Инфекция жұғу қаупі жоғары хирургиялық араласымдар кезінде операциядан кейінгі асқынулардың профилактикасы үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Аквапен-I жалпы тәуліктік дозасын есептеу инфекцияның типі мен ауырлық дәрежесін, бір немесе бірнеше патогендік микроорганизмнің сезімталдық дәрежесін, пациенттің бүйрек функциясы мен дене салмағын ескере отырып жүргізілуі тиіс.

Ересектер мен жасөспірімдер

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттер үшін (креатинин клиренсі˃ 70 мл/мин/1.73 м2) ұсынылатын дозалау режимдері: әр 6 сағат сайын 500 мг/500 мг немесе әр 8 сағат немесе 6 сағат сайын 1 000 мг/1 000 мг құрайды.

Сезімталдығы аз бактериялар штамдарынан (мысалы, Pseudomonas aeruginosa) туындаған инфекциялар анықталған немесе болуына күдіктенген, сондай-ақ, аса ауыр инфекциялар (мысалы, қызбамен жүретін нейтропениясы бар науқастарда) жағдайларында, ұсынылған дозалау режимі әр 6 сағат сайын 1 000 мг/1 000 мг құрайды.

Дозасын төмендету келесі жағдайларда көрсетілген:

  • креатинин клиренсі70 мл/мин/1.73 м2 (1 кестені қараңыз) немесе

  • пациенттің дене салмағы<70 кг.

Дене салмағы <70 кг пациенттер үшін пропорционал дозасы мына формула бойынша есептеп шығарылады:

Ең жоғарғы жалпы тәуліктік дозасы тәулігіне 4 000 мг/4 000 мг аспауы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасын есептеп шығару үшін қажеттілер:

1. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге арналған тәуліктік дозаны анықтап алу (мысалы, 1 000/1 000, 2 000/2 000, 3 000/3 000 немесе 4 000/4 000 мг).

2. 1 кестеге сәйкес, пациенттің креатинин клиренсін ескере отырып, дозасының келесі азайтылуын таңдау керек. Препаратты енгізу жиілігі жөніндегі ұсынымдарды білу үшін «Қолдану тәсілі» бөлімін қараңыз.

1 кесте: Бүйрек жеткіліксіздігі бар және дене салмағы ≥70 кг ересектерде дозасының азайтылуы*

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге арналған жалпы тәуліктік дозасы (мг/күніне)

Креатинин клиренсі (мл/мин/1.73 м2)

41-70

21-40

6-20

Имипенемнің/циластатиннің мг дозасы(аралығы сағат)

2 000/2 000

500/500 (8)

250/250 (6)

250/250 (12)

3 000/3 000

500/500 (6)

500/500 (8)

500/500 (12)**

4 000/4 000

750/750 (8)

500/500 (6)

500/500 (12)**

* Дозасын қосымша азайту дене салмағы<70 кг пациенттер үшін қажет. Дене салмағы<70 кг пациенттерге арналған пропорционал дозасын мына формула бойынша анықтау керек: пациенттің 70 (кг) бөлінген және 1 кестеде көрсетілген сәйкесінше ұсынылған дозасына көбейтілген нақты дене салмағы (кг).

** 500 мг/500 мг дозасын креатинин клиренсі 6-дан 20 мл/минутқа дейінгі/1.73 м2 пациенттерге тағайындағанда, құрысулар дамуының жоғарылау қаупі бар.

Креатинин клиренсі ≤5мл/мин/1.73 м2пациенттер Инфузиядан кейін 48 сағаттан кешіктірілмей гемодиализ жүргізілетін жағдайларда болмаса, Аквапен-I препаратын креатинин клиренсі ≤5 мл/мин/1.73 м2пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Гемодиализдегі пациенттер Креатинин клиренсі≤5 мл/мин/1.73 м2, гемодиализдегі пациенттерді емдеуде, креатинин клиренсі 6-дан 20 мл/минут /1.73 м2 дейінгі пациенттер үшін ұсынылған дозасын тағайындау керек (1 кестені қараңыз).

Айрықша нұсқаулар

Қазіргі кезде, Аквапен-I препаратын перитонеальді диализдегі пациенттерге қолданылуы жөнінде бекітілген ұсынымдар жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Егде жас. Бүйрек функциясы қалыпты, егде жастағы пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Қолдану тәсілі

ТЕК ВЕНА ІШІНЕ ЕНГІЗУГЕ АРНАЛҒАН!

Аквапен-I препаратын қолданар алдында қалпына келтіру және содан соң сұйылту керек.

≤500 мг/500 мг дозасын 20 – 30 минут бойы в/і инфузиясы түрінде енгізу керек. >500 мг/500 мг дозасын 40–60 минут бойы в/і инфузиясы түрінде енгізу керек. Инфузия жүргізу кезінде жүрек айнуы туындаған пациенттерге, инфузия жылдамдығын азайту керек.

Операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы: ересек пациенттерге арналған дозалау режимі. Ересектер үшін Аквапен-I препаратын бастапқы анестезия кезінде 1 000/1 000мг дозада, және содан кейін 3 сағаттан соң 1 000/1 000мг дозада енгізу керек. Қауіп дәрежесі жоғары хирургиялық араласым жағдайында (мысалы, жуан және тік ішекке жүргізілетін операциялар кезінде) бастапқы наркоздан кейін 8 және 16 сағаттан соң 500 мг-ден қосымша 2 дозасын енгізу керек.

3 айлығынан бастап балалар үшін дозалау кестесі

Балалар үшін келесі дозалау кестесі ұсынылады:

3 айлығынан бастап және одан үлкен балаларға дене салмағы 40 кг аз болса, ұсынылатын дозасы–6 сағаттық аралықтармен 15 мг/кг. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 2 г аспауы тиіс. Дене салмағы 40 кг балалар ересек пациенттерге арналғанындай дозаларын қабылдауы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар педиатриялық пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар (сарысу креатинині> 2 мг/дл) педиатриялық пациенттерге арналған дозасын ұсыну үшін клиникалық мәліметтер жеткіліксіз.

Аквапен-I препаратын менингитті емдеу үшін тағайындау ұсынылмайды. Менингит анықталған жағдайда, қолайлы антибиотиктермен емді таңдау керек. Менингитке күдік болмаған жағдайда, Аквапен-I препаратын балаларға қолдануға болады.

Венаішілік инфузияларға арналған ерітіндіні дайындау

Венаішілік инфузияларға арналған Аквапен-I басқа антибиотиктерге араластыруға немесе қосуға болмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аквапен-I венаішілік инфузияларға арналған дәрілік түрі химиялық тұрғыдан сүт қышқылымен (лактатпен) үйлесімсіз, және құрамында лактат бар еріткіштердің негізінде дайындалмауы тиіс. Алайда, Аквапен-I, құрамында лактат бар ерітінді енгізілген инфузиялық жүйеге вена ішіне енгізуге болады.

0.9% натрий хлориді ерітіндісін еріткіш ретінде пайдалану ұсынылады. 0.9% натрий хлориді ерітіндісін клиникалық себептерге байланысты пайдалануға болмайтын жағдайларда, 5% глюкоза ерітіндісі немесе құрамында лактат жоқ басқа еріткіштерді пайдалануға болады.

В/і инфузияларға арналған Аквапен-I ерітіндісі 2 кестеде келтірілген нұсқауларға сәйкес дайындалады.

2 кесте. В/і инфузияға арналған Аквапен-I ерітіндісін дайындау.

В/і инфузияға арналған Аквапен-I препаратының дозасы (мг имипенем)

Қосылатын еріткіштің көлемі (мл)

В/і инфузияға арналған Аквапен-I ерітіндідегі орташа концентрациясы (мг/мл имипенем)

500

100

5

Еріту: 20 мл құтының ішіндегісін алдын-ала, үйлесімді 10 мл еріткіште еріту қажет.

АЛЫНҒАН ЕРІТІНДІНІ ЕНГІЗУ ҮШІН ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ!

Алынған ерітіндіні ұнтақ толық ерігенше және мөлдір сұйықтық түзілгенге дейін сілкіп шайқау қажет. Ерітінді түсінің сарыдан түссізге дейінгі нұсқалары препараттың белсенділігіне әсер етпейді. Содан соң ерітіндіні еріткіштің қалған мөлшері (90 мл) бар құты немесе контейнерге ауыстырып құяды. Еріткіштің жалпы көлемі – 100 мл.

Препаратты 20 мл құтыға толықтай ауыстырып құю үшін, осының алдында алынған 10 мл ерітіндіні қайтадан қосып, тағы бір рет мықтап сілкиді, және содан соң, алынған ерітіндінің екеуін де инфузияға арналған пакет немесе құтыға ауыстырып құяды.

Ерітіндінің жалпы көлемі – 100 мл.

Қалпына келтірілген ерітіндінің тұрақтылығы

3 кесте. В/і инфузияларға арналған қалпына келтірілген Аквапен-I препаратының тұрақтылығы

Еріткіш

Тұрақтылық мерзімі

Бөлме температурасы (25°С)

Тоңазытқыш

(4 °С)

0.9% NaCl ерітіндісі

4 сағат

24 сағат

декстрозаның 5% сулы ерітіндісі

4 сағат

24 сағат

декстрозаның 10% сулы ерітіндісі

4 сағат

24 сағат

5% декстроза және 0.9% NaCl

4 сағат

24 сағат

5% декстроза және 0.45% NaCl

4 сағат

24 сағат

5% декстроза және 0.225% NaCl

4 сағат

24 сағат

5% декстроза және 0.15% KCl

4 сағат

24 сағат

Маннитол 5% және 10%

4 сағат

24 сағат

Жағымсыз әсерлері

Төменде клиникалық зерттеулер мен маркетингтен кейінгі қадағалау барысында анықталған жағымсыз әсерлері келтірілген.

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • эозинофилия, экзантематозды бөртпе

  • тромбофлебит

  • диарея, құсу, жүрек айнуы (медициналық өніммен байланысты жүрек айнуы және/немесе құсу, гранулоцитопениясыз пациенттерге қарағанда гранулоцитопениясы бар пациенттерде жиірек туындаған)

  • қан сарысуындағы трансаминазалар, сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

  • панцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, тромбоцитоз

  • елестеулер мен сананың шатасуын қоса, психикалық бұзылыстар

  • құрысулар, миоклонустық құрысулар, бас айналуы, ұйқышылдық

  • гипотония

  • есекжем, қышыну

  • қызба, ауыру, инфильтрат, инъекция орнындағы эритема

  • Кумбс оң реакциясы, протромбин уақытының ұзаруы, гемоглобин азаюы, қан сарысуындағы билирубин, креатинин деңгейлерінің артуы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы

Сирек (≥1/10 000, <1/1 000)

  • жалғанжарғақшалы колит, кандидоз

  • агранулоцитоз

  • анафилаксиялық реакциялар

  • энцефалопатия, парестезия, ажитация, дискинезия, фокальді тремор, дәм сезудің бұрмалануы

  • естімей қалу

  • тістегі және/немесе тілдегі дақтар

  • уытты эпидермалық некролиз, ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы, көпформалы эритема, эксфолиативті дерматит

  • бауыр жеткіліксіздігі, гепатит

  • бүйректің жедел жеткіліксіздігі, олигурия/анурия, полиурия, несеп түсінің өзгеруі (зиянсыз, гематуриямен шатастырмау керек)

Өте сирек (<1/10 000)

  • гастроэнтерит

  • гемолиздік анемия, сүйек кемігінің бәсеңдеуі

  • миастенияның үдеуі, бас ауыруы

  • қатты бас айналуы, құлақтағы шуыл

  • цианоз, тахикардия, жүректің қатты соғуы

  • кенеттен қан тебулер

  • диспноэ, гипервентиляция, жұтқыншақтың ауыруы

  • геморрагиялық колит, абдоминальді ауыру, қыжыл, глоссит, тіл бүршіктерінің гипертрофиясы, гиперсаливация

  • фульминантты гепатит

  • гипергидроз, тері құрылымының өзгеруі

  • полиартралгия, омыртқа бағанының кеуде бөлігіндегі ауыру

  • гениталий қышынуы

  • кеудедегі жайсыздық, астения/әлсіздік

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттарінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • басқа карбапенемдерге жоғары сезімталдық

  • басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, пенициллиндерге немесе цефалоспориндерге) жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксиялық реакциялар, терідегі ауыр реакциялар)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ганцикловир. Аквапен-I ганцикловирмен бірге қолдану жайылған құрысулардың дамуына алып келеді, сондықтан, ганцикловирді Аквапен-I препаратымен бірге тағайындамайды.

Пробенецид. Аквапен-I пробенецидпен бірге қолдануға болмайды, өйткені имипенемнің қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылауына және жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келеді. Несептегі белсенді метаболиттерінің ~ 60%-ға азаюы байқалады. Аквапен-I пробенецидпен бірге қолдану циластатиннің несеппен шығарылуына әсер етпейді.

Аквапен-I басқа антибиотиктермен бір шприцте араластырмау керек, сонымен қатар, басқа антибиотиктермен (аминогликозидтермен) бір мезгілде (бір-бірінен бөлек) енгізуге рұқсат етіледі.

Вальпрой қышқылы. Аквапен-I енгізу құрысу белсенділігінің жоғарылау қаупімен астаса отырып, вальпрой қышқылының сарысудағы концентрациясының төмендеуімен қатар жүреді (клиникалық тәжірибеде тіркелген жағдайлары), сондықтан Аквапен-I емі кезінде вальпрой қышқылының сарысудағы концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Ішу арқылы қолдануға арналған антикоагулянттар.

Антибиотиктер мен варфаринді бір мезгілде қолдану, соңғысының антикоагулянттық қасиеттерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянттарды (варфаринді қоса) ішу арқылы қолданғанда, антибиотиктерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде антикоагулянттық әсерлерінің күшейгені туралы хабарламалар бар. Бұл қауіп қатарлас инфекциялық ауруға, пациенттің жас шамасы мен жалпы жағдайына тәуелді болуы мүмкін, сондықтан, бактерияға қарсы препараттың ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткіші жоғарылауындағы рөлін бағалау қиын. Антибиотиктер мен пероральді антикоагулянттарды бірге қолдану кезінде және қолданғаннан кейін бірден, ХҚҚ көрсеткішін барынша жиірек тексеріп отыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Аквапен-I емін инфекцияның ауырлық дәрежесі, бактерияға қарсы басқа да агенттерге резистенттілік деңгейі және карбапенемдерге төзімді қоздырғыш микроорганизмнің болу қаупі сияқты факторларға сүйене отырып, карбапенемдерді қолданудың талапқа сай болатындығын бағалағаннан кейін бастау керек.

Аса жоғары сезімталдық. Бета-лактамды антибиотиктерді қолданып ем қабылдаған пациенттерде ауыр және кейде өлімге соқтырған аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар) туралы хабарланған. Бұл реакциялардың анамнезінде түрлі аллергендерге сезімталдығы бар пациенттерде туындау ықтималдағы зор. Аквапен-I емін бастар алдында карбапенемдерге, пенициллиндерге, цефалоспориндерге, басқа бета-лактамды антибиотиктерге және басқа аллергендерге бұрын туындаған аса жоғары сезімталдық реакцияларына қатысты анамнез жинақтау керек. Аквапен-I препаратына аллергиялық реакция білінген жағдайда, емдеуді дереу тоқтату керек. Күрделі анафилаксиялық реакциялар шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етеді.

Бауыр функциясы. Гепатоуыттылық реакцияларының (трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігі және фульминантты гепатит сияқты) дамуы қаупіне байланысты, Аквапен-I емі барысында бауыр функциясына мұқият мониторинг жүргізілуі тиіс. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде Аквапен-I емі кезінде бауыр функциясына мұқият мониторинг жүргізу қажет. Дозаларын түзету қажет емес.

Гематология. Аквапен-I препаратымен ем жүргізу кезінде тікелей және тікелей емес Кумбс сынамасына оң реакция дамуы мүмкін.

Бактерияға қарсы әсер ету ауқымы. Аквапен-I бактерияға қарсы әсер ету ауқымына, әсіресе, өмірге қауіп төндіретін жағдайдарда, қандай-да бір эмпирикалық ем жүргізу туралы шешім қабылдар алдында көңіл бөлу керек. Бұдан өзге, мысалы, тері мен жұмсақ тіндердің бактериялық инфекцияларымен астасқан спецификалық патогендердің Аквапен-I препаратына сезіимталдығының шектеулілігіне байланысты, айрықша сақтық шараларын қолдану керек. Патогендерінің препаратқа сезімталдығы дәлелденбеген немесе болжамды инфекцияларды емдеуде Аквапен-I тағайындауға болмайды. Бекітілген көрсетілімдерінің құрамында метициллин-резистентті Staphylococcus aureus (MRSA) стафилококк инфекциясының бар екендігіне күдіктенген немесе дәлелденген жағдайда, метициллин-резистентті стафилококты бәсеңдету үшін үйлесімді антибиотикті бірге қолдану көрсетілген. Бекітілген көрсетілімдерінің құрамында Pseudomonas aeruginosa инфекцияларының бар екендігіне күдіктенген немесе дәлелденген жағдайда, аминогликозидтерді бірге қолдану көрсетілген.

Вальпрой қышқылымен бірге қолдану. Аквапен-I мен вальпрой қышқылы препараттарын бірге қолдану ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Clostridium difficile. Аквапен-I препаратымен де, басқа антибиотиктермен де емдеу кезінде дамыған, жеңілден өмірге қауіп төндіретін ауырлық дәрежесіне дейінгі, антибиотикпен астасқан колит пен жалғанжарғақшалы колит дамығаны туралы хабарламалар бар. Сондықтан, Аквапен-I препаратымен емдеу кезінде немесе емдеуден кейін туындаған диареямен пациенттерде, бұл диагнозға дифференциация жүргізу керек («Жағымсыз әсері» бөлімін қараңыз). Бұл жағдайда Аквапен-I препаратын тоқтату және Clostridium difficile сәйкесінше емін тағайындау мәселесін қарастыру керек. Перистальтиканы тежейтін препараттарды қолдану ұсынылмайды.

Менингит Аквапен-I менингитті емдеу үшін ұсынылмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Аквапен-I бүйрек функциясы нашарлаған пациенттерде жинақталады, сондықтан мұндай пациенттерде (дозасы дұрыс таңдалмаған жағдайда) ОЖЖ тарапынан жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін. «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін және осы бөлімдегі «Орталық жүйке жүйесі» қосалқы бөлімін қараңыз.

Орталық жүйке жүйесі. Миоклонусты белсенділікті, сананың шатасуы мен құрысуларды қоса, әсіресе, бүйрек функциясының жағдайы мен дене салмағына байланысты дозалары ұсынылғанынан арттырылған кезде, ОЖЖ тарапынан болған жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар алынды. Мұндай жағдайлар анамнездегі ОЖЖ бұзылулары (мысалы, мидың зақымдануы немесе анамнездегі құрысулар) және/немесе препараттың белсенді компоненттерінің жинақталуы орын алуы мүмкін бүйрек функциясының бұзылулары кезінде анағұрлым жиі хабарланған. Сондықтан, мұндай пациенттерде ұсынылған дозасын қатаң сақтау қажет. Анамнезінде құрысу синдромы бар пациенттерде құрысуға қарсы ем жүргізу жалғастырылуы тиіс.

Балаларда құрысулар дамуының қауіп факторлары болған, немесе құрысу шегін төмендететін басқа препараттармен қатарлас ем жүргізілген жағдайда, неврологиялық симптомдарға немесе құрысуларға ерекше көңіл бөлу керек.

Фокальді тремор, миоклонус немесе құрысулар туындаған жағдайда, пациенттің неврологиялық статусын анықтау және әлі қолданылмаған болса, құрысуға қарсы ем тағайындау қажет. ОЖЖ тарапынан симптомдар жалғаса берсе, Аквапен-I дозасын азайту немесе препаратпен емдеуді тоқтату көрсетілген.

Креатинин клиренсі≤5 мл/мин/1.73 м2 пациенттерге Аквапен-I препаратын тек, инфузиядан кейінгі 48 сағат ішінде гемодиализ тағайындалуы шартымен ғана тағайындау керек. Гемодиализдегі пациенттер үшін Аквапен-I тек, емдеудің артықшылықтары құрысулардың дамуының ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайларда ғана ұсынылады.

Аквапен-I 500 мг/500 мг препаратының в/і инфузияларға арналған дәрілік түрінің құрамында 37.6 мг натрий (1.6 мЭкв) бар, мұны тұзсыз диета сақтап жүрген пациенттер ескеруі тиіс.

Балаларда қолданылуы. Қазіргі кезде Аквапен-I препаратының 3 айға дейінгі балаларда немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар (сарысу креатинині ˃ 2 мг/дл) балаларда қолданылуы жөніндегі клиникалық мәліметтер жеткіліксіз.

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

Аквапен-I препаратын жүктілік кезінде тек, егер емдеудің пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін болса ғана пайдалану керек.

Аквапен-I ананың емшек сүті арқылы азғантай мөлшерлерде бөлініп шығады. Емшектегі баланың препараттың елеулі дозаларының әсеріне ұшырау ықтималдығы аз. Егер Аквапен-I препаратын қолдану қажет деп есептелсе, емшекпен қоректендірудің артықшылықтары мен бала үшін ықтимал қауіпті салыстыру керек. Егер Аквапен-I қолдану қажет болса, онда баланы емшек сүтімен қоректендіруді тоқтату керек.

Аквапен-I препаратымен емдеудің ерлер мен әйелдердегі фертильділікке әсер ету ықтималдығын зерттеулердің мәліметтері жеткіліксіз.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етуі мәселелеріне зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, Аквапен-I емі аясында жағымсыз әсерлердің (елестеулер, бас айналуы, ұйқышылдық, вертиго сияқты) дамуы мүмкіндігін ескере отырып, автомобиль басқаруда және механизмдермен жұмыс жасағанда айрықша сақтық таныту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық және демеуші ем тағайындау ұсынылады. Препарат гемодиализ жүргізген кезде шығарылады, алайда, препараттың артық дозалануы кезінде бұл емшараның тиімділігі белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 г ұнтақ I типті түссіз шыныдан жасалған, сыйымдылығы 20 мл, резеңке тығынмен тығындалған құтыда. Әр құты пластиктен жасалған «флипп-офф» қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

VMG PHARMACEUTIСALS PVT.LTD., Үндістан

619/19, Чатарпур Мейн Роад, Нью-Дели, 110074, Үндістан

Қаптаушы

VMG PHARMACEUTIСALS PVT.LTD., Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

VMG PHARMACEUTIСALS PVT.LTD., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

Коктем-3 шағын ауданы, 12 үй, 50 пәтер, 050040, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы

Тел: +7 747 289 4920, эл.поштасы: zhanna.al@mail.ru

Прикрепленные файлы

1.3_.3_Проект_инструкции_Аквапен_.doc 0.19 кб
Аквапен_каз_230519.doc 0.21 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту