Азитро® (250 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Азитро®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Азитромицин
Дәрілік түрі
250 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 250.0 мг азитромицин дигидраты
(азитромицинге шаққанда),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, полисорбат-80, кальций стеараты,
желатин капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат.
Сипаттамасы
Ақ түсті қатты желатин капсулалар. Капсуланың өлшемі № 1. Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе дерлік ақ түсті түйіршіктер.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелік пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Азитромицин.
АТХ коды J01FA10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдаған кезде азитромицин асқазан-ішек жолынан тез сіңеді, бұл оның қышқыл ортада тұрақтылығымен және липофильділігімен әрі организмнің барлық жеріне таралуымен жүзеге асады. Ас қабылдау азитромициннің сіңуін төмендетеді. Плазмада ең жоғары концентрацияға 2-3 сағаттан кейін жетеді. Азитромицин тыныс жолдарына, ағзаларға және урогенитальді жолдағы тіндерге, қуық асты безіне, теріге және жұмсақ тіндерге жақсы өтеді. Тіндердегі жоғары концентрациясы (плазмадағы концентрациядан 50 есе жоғары) және жартылай ыдырауы кезеңінің ұзақ болуы азитромициннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуының төмендігімен, сондай-ақ оның эукариоттық жасушаларға ену және лизосомдарды қоршаған рН төмен ортада шоғырлану қабілетімен байланысты. Азитромициннің лизосомдарда жиналу қабілеті әсіресе жасушаішілік қоздырғыштардың шығарылуы үшін өте маңызды. Фагоциттер азитромицинді инфекцияның орныққан жеріне жеткізеді, онда олар фагоцитоз үдерісінде босап шығады. Бірақ фагоциттердегі концентрациясының жоғары болуына қарамастан, азитромицин олардың функциясына ықпалын тигізбейді. Соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 5-7 күн ішінде азитромицин қабыну ошағында бактерицидтік концентрацияларда сақталады, бұл емдеу курсын қысқартуға (3 күндік және 5 күндік) мүмкіндік береді. Азитромициннің қан плазмасынан шығарылуы 2 кезеңмен жүреді: жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) препаратты қабылдағаннан кейін 8 сағаттан 24 сағатқа дейінгі аралықта 14-20 сағатты және 24 сағаттан 72 сағатқа дейінгі аралықта 41 сағатты құрайды, бұл препаратты тәулігіне 1 рет қолдануға мүмкіндік береді. Шамамен 50% өзгермеген күйінде, басқа 50% белсенді емес 10 метаболит түрінде шығарылады. Препарат негізінен өтпен бірге өзгермеген күйінде бөлініп шығады, аздаған бөлігі (шамамен 6%-ы) бүйрек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Азитро® әсер ету ауқымы кең, макролидтік антибиотиктердің жаңа қосалқы тобының – азалидтердің алғашқы өкілі болып табылады. Бактериостатикалық әсері бар, бірақ қабыну ошағында жоғары концентрациялар жасалған кезде бактерицидтік әсер тудырады. 50S рибосомальді суббірлікпен байланыса отырып, азитро сезімтал микроорганизмдерде ақуыздардың синтезін басады.
Аэробты грамоң бактерияларға қатысты белсенді: Streptococcus pneumoniae, S. pyogenes, S. agalactiae, S. viridans, C, F және G топтарының стрептококтары, Staphylococcus aureus, S. еpidermidis. Аэробты грамтеріс бактерияларға қатысты тиімді: Haemophilus influenzae, H. Рarainfluenzae және H. ducreyi, Moraxella catarrhalis, Bordetella pertussis, B. parapertussis, Neisseria gonorrhoeae және N. meningitidis, Helicobacter pylori, Legionella pneumophila, Campylobacter jejuni, Gardnerella vaginalis. Кейбір анаэробты микроорганизмдерге қатысты белсенді: Bacteroides bivius, Clostridium perfringens, Peptostreptococcus spp. Бұдан басқа, Chlamydia trachomatis, C. pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae, Ureaplasma urealyticum, Listeria monocytogenes, Treponema pallidum, Borrelia burgdorferi-ге қатысты тиімді. Эритромицинге резистентті грамоң бактериялар препаратқа төзімді.
Қолданылуы
- фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, жоғарғы тыныс жолдары мен ЛОР-мүшелердің инфекцияларында
- созылмалы бронхиттің жедел асқынуы, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында
- тері мен жұмсақ тіндер инфекцияларында: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, екінші қайталанған пиодерматоздар
- Helicobacter pylori туындатқан асқазан мен он екі елі ішек инфекцияларында
- уретрит, цервицит, генитальді және экстрагенитальді хламидиозды қоса, несеп-жыныс жолдарының инфекцияларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Азитро® препаратын міндетті түрде тамақтанудан бір сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Препаратты тәулігіне 1 рет қабылдайды.
Ересектерге және 12 жастан асқан немесе дене салмағы >45 кг балаларға жоғарғы және төменгі тыныс жолдары бөліктерінің инфекциялары, тері мен жұмсақ тіндер инфекциялары кезінде 1-ші күні 500 мг, содан соң 2-шіден 5 күніне дейін 250 мг немесе 3 күн бойы тәулігіне 500 мг (курстық дозасы – 1,5 г).
Урогенитальді жолдың жедел инфекцияларында 1 г бір рет.
Лайм ауруында (боррелиоз) алғашы сатысын емдеу үшін (erythema migrans) 1-ші күні 1 г (250 мг-ден 4 капсула) және 2-шіден 5 күніне дейін 500 мг-ден (курстық дозасы – 3 г) күн сайын тағайындайды.
Helicobacter pylori астасқан асқазан мен он екі елі ішек ауруларында тәулігіне 1 г (250 мг-ден 4 капсула) 3 күн бойы кешенді ем құрамында тағайындайды.
Препараттың бір дозасын өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозаны, мүмкіндігінше ертерек, ал одан кейінгілерді – 24 сағаттық үзіліспен қабылдау керек. Егде адамдар мен бүйрек функциясы бұзылған науқастарда дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Балаларға препаратты дене салмағын ескере отырып, тағайындайды.
Егде адамадарда дозаны өзгертудің қажеті жоқ. .
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- бас ауыруы
- жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, метеоризм, диспепсия
- лейкоциттер санының азаюы, эозинофилдер санының артуы, қан бикарбонатының төмендеуі, базофилдер санының артуы, моноциттер санының артуы, нейтрофилдер санының артуы
Жиі емес
- іш қату, гастрит
- бас айналу, ұйқышылдық, дәмнің бұрмалануы, парестезия
- естудің бұзылуы
- жүректің қағуы
- көрудің бұзылуы
- кереңдікке дейін естудің бұзылуы және/немесе құлақтың шуылдауы
- анорексия
- күйгелектік, ұйқысыздық
- лейкопения, нейтропения, эозинофилия
- кандидоз, қынаптық инфекциялар
- бөртпе, қышыну, есекжем
- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық
- ісіну, астения, дімкәстік, шаршау, кеуденің ауыруы
- аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аминотрансфераза аланині деңгейінің жоғарылауы, қанда билирубиннің жоғарылауы, қанда мочевинаның жоғарылауы, қанда креатининнің жоғарылауы, қандағы калийдің аномальді деңгейі, қанда сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, хлорид деңгейінің жоғарылауы, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы, гематокриттің азаюы, бикарбонаттың артуы, натрийдің аномальді деңгейі
Сирек
- ажитация
- қалыпты емес бауыр функциясы, холестаздық сарғаю, гепатит
- фотосезімталдық реакциясы
Белгісіз
- жалған жарғақшалы колит
- тромбоцитопения, гемолиздік анемия
- анафилаксиялық реакция
- озбырлық, үрей
- естен тану, конвульсия, психомоторлық аса жоғары сезімталдық, аносмия, агевзия, паросомия, миастения
- екі бағыттағы тахикардия және қарыншалық тахикардияны қоса, аритмия, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы
- гипотензия
- панкреатит, тілдің түссізденуі
- бауыр жеткіліксіздігі (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын) шұғыл дамитын гепатит, бауыр некрозы
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема
- артралгия
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- азитромицинге және макролидтер тобының антибиотиктеріне жоғары сезімталдық
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 45 кг аспайтын балалар)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Антацидтер: Антацидтерді бір мезгілде қолданудың азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерттегенде биожетімділіктің өзгеруі байқалмаған, дегенмен қан плазмасында азитромициннің ең жоғары концентрациясы 25 %-ға төмендеген. Пациенттер азитромицин мен антацидті бір мезгілде қолданбағандары жөн.
Цетиризин: Дені сау еріктілерде азитромициннің 5 күндік курсын 20 мг цетиризинмен бірге қабылдау тепе-тең күйде фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығының елеулі өзгеруіне әкелмеген.
Диданозин (дидезоксиинозин): Тәулігіне 1200 мг азитромицинді тәулігіне 400 мг диданозинмен АИТВ-оң 6 науқаста бірге қабылдау плацебомен салыстырғанда диданозин фармакокинетикасының тепе-теңдік жағдайына әсер етпейді.
Дигоксин (P-gp субстраттары): макролидтік антибиотиктерді, оның ішінде азитромицинді, дигоксин сияқты P-гликопротеин субстраттарымен бір мезгілде қолдану P-гликопротеин субстраттарының сарысулық деңгейлерінің артуына әкеледі. Сондықтан азитромицин және дигоксин сияқты P-гликопротеин субстраттарын бір мезгілде қолданғанда сарысуда P-гликопротеин субстраттары концентрацияларының жоғарылау мүмкіндігі туралы есте сақтаған жөн.
Зидовудин: бір рет 1000 мг қолданғанда және 1200 мг немесе 600 мг азитромицинді көп рет қолданғанда плазмалық фармакокинетикасына елеусіз әсері немесе зидовудин немесе оның глюкуронидты метаболиттерінің несеппен шығарылуы анықталған. Алайда азитромицинді қолдану фосфорланған зидовудиннің (клиникалық белсенді метаболиттің) концентрациясын шеткері қандағы мононуклеарларда жоғарылатқан. Бұл көрсеткіштердің клиникалық мәнділігі белгісіз боп қалып отыр, бірақ олардың пациенттер қажетіне жарауы мүмкін.
Азитромицин бауырдың Р450 цитохром жүйесімен өзара әрекеттеспейді. Ол эритромицин және басқа макролидтер сияқты фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесулерге қатыспайды.
Азитромицин P450 цитохромын индукцияламайды немесе цитохром-метаболит кешенінің көмегімен белсенділігін жояды.
Эрготамин туындылары: Эрготизм дамуының теориялық мүмкіндігінен, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.
Фармакокинетикалық зерттеулер азитромицин және цитохром Р450 арқылы жүретін метаболизммен белгілі препараттармен жүргізілген.
Аторвастатин: Аторвастатинді (10 мг күнделікті) және азитромицинді (500 мг күнделікті) бірге енгізу қан плазмасында аторвастатин концентрациясын (HMG CoA-редуктаза талдауы негізінде) өзгертпеген. Дегенмен, азитромицинді статиндермен қабылдайтын пациенттерде рабдомиолиздің маркетингтен кейінгі жағдайлары тіркелген.
Карбамазепин: Дені сау еріктілерде азитромициннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеуде препарат қан плазмасында карбамазепин деңгейіне немесе оның белсенді метаболиттеріне елеулі әсер етпеген.
Циметидин: Азитромицин фармакокинетикасының өзгеруі азитромицинге дейін 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасының азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерттейтін фармакокинетикалық зерттеуде байқалмаған.
Кумаринді пероральді антикоагулянттар: Өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық зерттеулерінде, азитромицин сау еріктілерге енгізген 15 мг варфариннің бір реттік дозасының антикоагулянттық әсерін өзгертпейді. Маркетингтен кейінгі кезеңде азитромицин мен пероральді кумаринді антикоагулянттарды бірге қабылдаудан кейін антикоагуляцияның күшейгені туралы хабарлар алынған. Себеп-салдарлы байланысы анықталмағанмен, кумарин типті пероральді антикоагулянттар қабылдайтын науқастарға азитромицинді тағайындағанда протромбиндік уақыттың жиі мониторингін ескерген жөн.
Циклоспорин: Фармакокинетикалық зерттеулерде 3 күн бойы күніне 500 мг азитромицинді пероральді, содан соң 10 мг/кг циклоспоринді бір рет пероральді қабылдайтын дені сау еріктілерде циклоспориннің Cmax және AUC0-5 едәуір жоғары болған. Демек, бұл препараттарды бір мезгілде енгізуді қарастырудан бұрын сақтық танытқан жөн. Егер бұл препараттарды бір мезгілде енгізу қажет болса, циклоспорин деңгейін бақылап, тиісінше дозаны түзету керек.
Эфавиренц: Азитромициннің 600 мг бір реттік дозасы мен күніне 400 мг эфавирензді 7 күн бойы бірге қабылдау клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге әкелмейді.
Флуконазол: Азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бірге қабылдау флуконазолдың 800 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Азитромициннің жалпы әсер етуі мен жартылай шығару кезеңі флуконазолмен бірге енгізгенде өзгермеген, алайда азитромициннің Cmax (18%) клиникалық елеусіз төмендеуі байқалған.
Индинавир: Азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бірге қабылдау 5 күн бойы күніне үш рет 800 мг дозада енгізілген индинавир фармакокинетикасына статистикалық мәнді әсер етпеген.
Метилпреднизолон: Фармакокинетикалық өзар әрекеттесуін зерттеуде дені сау волонтерлерде азитромицин метилпреднизолон фармакокинетикасына айтарлықтай әсерін көрсетпеген.
Мидазолам: дені сау еріктілерде тәулігіне 500 мг азитромицинмен бірге 3 күн бойы енгізу фармакокинетикасында және 15 мг мидазоламның бір реттік дозасының фармакодинамикасында клиникалық мәнді өзгерістер туындатпайды.
Нельфинавир: тепе-теңдік жағдайда азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді (750 мг күніне үш рет) бірге енгізу азитромицин концентрациясының артуына әкелген. Клиникалық мәнді жағымсыз әсерлері байқалмаған және дозаны түзету қажет етілмейді.
Рифабутин: Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қабылдау қан плазмасында бұл препараттардың концентрациясына әсер етпеген.
Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолданғанда нейтропения айқындалған. Нейтропения рифабутин қолданумен байланысты болғанымен, азитромицинді бір мезгілде қолданумен себептік байланысы анықталмаған.
Силденафил: Қалыпты дені сау ерікті еркектерде азитромициннің (3 күн бойы күн сайын 500 мг) силденафил немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің AUC және Cmax әсер етуіне дәлелдер алынған жоқ.
Терфенадин: Фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин және терфенадин арасындағы өзара әрекетесулер туралы хабарланбаған. Кейбір жағдайларда өзара әрекетесу ықтималдығын жоққа шығару мүмкін емес. Дегенмен, мұндай өзара әрекеттесу орын алғанына нақты дәлелдер болған жоқ.
Теофиллин: Азитромицин және теофиллин арасындағы клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің дәлелдері оларды дені сау волонтерлар бір мезгілде қолданғанда алынбаған.
Триазолам: 14 дені сау еріктілерде 1 күні 500 мг және 2 күні 250 мг азитромицинді 0,125 мг триазоламмен 2 күні бірге енгізу триазолам үшін фармакокинетикалық тұрақсыз шаманың кез келгеніне триазолам және плацебоны бірге енгізумен салыстырғанда елеулі әсер етпеген.
Триметоприм/сульфаметоксазол: Триметоприм / сульфаметоксазол DS (160 мг / 800 мг) 7 күн бойы 1200 мг азитромицинмен бірге енгізу 7 күні ең жоғары концентрациясына, жалпы әсер етуіне немесе триметоприм немесе сульфаметоксазолдың шығарылуына елеулі әсер етпеген. Сарысудағы азитромициннің концентрациясы басқа зерттеулердегі осындай байқалатындарға ұқсас болған.
Айрықша нұсқаулар
Эритромицинмен және басқа да макролидтермен жағдайдағы секілді, сирек күрделі аллергиялық реакциялар, оның ішінде Квинке ісінуі мен анафилаксия (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын) туралы хабарланған.
Азитромицинге осы реакциялардың кейбіреуі қайталанатын симптомдардың дамуына әкеледі және байқап-тексеру мен емдеудің ұзақ кезеңін қажет етеді. Бауыр азитромицинді шығару үшін негізгі ағза болып табылады, сондықтан азитромицинді айқын бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне әкелу ықтималдығы бар шұғыл дамитын гепатит жағдайлары хабарланған. Кейбір пациенттерде бұрыннан бауыр ауруларының болуы немесе олар басқа гепатоуытты дәрілік заттарды қабылдауы мүмкін.
Сарғаюмен байланысты жылдам дамитын астения, несептің күңгірттенуі, қан кетуге немесе бауыр энцефалопатиясына бейімділік сияқты бауыр дисфункциясы белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда, дереу бауырдың функциялық сынамасы/талдауын жүргізу керек. Бауыр дисфункциясы дамуында азитромицинді тоқтату керек.
Эрготамин туындыларын қабылдайтын пациенттерде эрготизмнің пайда болуына кейбір макролидтік антибиотиктерді бір мезгілде қабылдау түрткі болады. Қастауыш және азитромицин арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігіне қатысты деректер жоқ. Дегенмен, эрготизм дамуының теоретиялық мүмкіндігіне байланысты азитромицин және қастауыш туындылары бөлек қабылданады.
Жүрек аритмиясы және екі бағыттағы тахикардияның даму қаупіне әкелетін ұзарған жүрек реполяризациясы мен QT аралығының ұзаруы азитромицинді қоса, басқа макролидтермен емдеу кезінде байқалған. Мынадай жағдайлар қарыншалық аритмияның (оның ішінде екі бағыттағы тахикардия) даму қаупін артырады, олар жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін, сондықтан азитромицинді ағымдағы проаритмогендік жағдаймен (әсіресе әйелдер мен егде пациенттер) пациенттерде сақтықпен қолданған жөн, мысалы:
• туа біткен немесе құжатпен деректі расталған QT аралығының ұзаруы бар
• қазіргі кезде QT аралығын ұзартушы ретінде белгілі басқа белсенді заттармен емделіп жүрген, мысалы аритмияға қарсы IA класс (хинидин және прокаинамид) және III класс (дофетилид, амиодарон және соталол) дәрілері, цизаприд және терфенадин; пимозид сияқты психозға қарсы дәрілер; циталопрам сияқты антидепрессанттар; моксифлоксацин және левофлоксацин сияқты фторхинолондар
• әсіресе гипокалиемия және гипомагниемия жағдайларындағы электролиттік теңгерімнің бұзылуы бар брадикардиямен, жүрек аритмиясы және ауыр жүрек жеткіліксіздігімен.
Кез келген антибиотиктерді қабылдаған кездегі сияқты, зеңдерді қоса, төзімді микроорганизмдер туындатқан суперинфекция белгілерін бақылау ұсынылады.
Clostridium difficile туындатқан диарея азитромицинді қоса, бактерияға қарсы агенттерді пайдаланудың барлық жағдайларында хабарланған және ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл диареядан бастап өлімге соқтыратын колитке дейін ауытқып тұруы мүмкін. Бактериялық дәрілермен емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл шамадан тыс C. difficile өсуіне әкеледі.
C. difficile CDAD дамуына ықпал ететін A және B токсиндерін өндіреді.
C. difficile гипертоксиндерін өндіретін штамм аурушаңдық пен өлімнің жоғарылауына әкеп соқтырады, өйткені бұл инфекциялар микробқа қарсы емге төзімді болуы және колэктомия жүргізуді қажет етуі мүмкін. Антибиотиктер пайдаланғаннан кейін диареяға шағымданған науқастардың барлығында CDAD ескерілуі тиіс. CDAD бактерияға қарсы агенттер енгізгеннен кейін екі айдан соң дамуы мүмкін болғандықтан, мұқият анамнез қажет.
Пенициллин, әдетте Streptococcus pyogenes туындатқан ларингит /тонзиллитті емдеуде таңдалатын препарат болып табылады жедел ревматизм қызбасында профилактикасы үшін пайдаланылады.
Азитромицин, әдетте стрептококкты фарингитке қарсы тиімді, бірақ оның жедел ревматизм қызбасын болдырмауға тиімділігіне қатысты ақпарат жоқ. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <10 мл / мин) пациенттерде азитромициннің жүйелік әсерінің 33% ұлғаюы байқалған.
Миастения симптомдарының өршуі және миастения синдромының жаңадан басталуы азитромицин қабылдайтын пациенттерде тіркелген.
Препаратты қолдану ұзақтығы нұсқаулықта көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне Азитро® препаратының әсері жөнінде деректер жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: уақытша естімей қалу, жүрек айнуы, құсу және диарея.
Емі - симптомдық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
6 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электрондық пошта infomed@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электрондық пошта infomed@santo.kz